Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәнімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті 15 жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтайды.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
PISA халықаралық бағдарламасы Математикалық сауаттылық Жаратылыстану сауаттылығы Оқу сауаттылығы PISA үш басты бағыт бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық бағдарлама Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті. Бұл кең ауқымды ұғым үш құрамдас бөліктерден тұрады.
педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары ретінде оқуға үйрету кезінде оқылған мәтінді адамның түсіну қабілеті;
белсенді оқудың басты көрсеткішітерінің бірі ретінде оқығаны туралы ойлану.
пән мұғалімі қызметінің қолданбалы бағыты ретінде қойылған сұраққа толық жауап беру кезінде оқушыны мәтін ақпаратын қолдануға үйрету;
Оқу сауаттылығы дегеніміз не? Мәтіннен нақты ақпаратты,мағыналық бірліктерді тауып, мәтіннің айтар ойын тұжырымдап, түсінгендігін көрсете білуді, оның негізгі элементтерін құрастыруды талап етеді.