«Химия» пәні бойынша дәріс тақырыбы



бет1/7
Дата15.10.2022
өлшемі6.17 Mb.
#462787
  1   2   3   4   5   6   7
лекция 1 -Хим термодинамика

  • «Химия» пәні бойынша дәріс тақырыбы:
  • х.ғ.к.,доцент Тулегенова Г.У.

Жоспары

  • 1. Химиялық термодинамикадағы негізгі түсініктер мен шамалар. Химиялық реакция кезінде энергияның өзгеруі
  • 2. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Энтальпия.
  • Изобаралық және изохоралық жылу эффектілері
  • 3. Термохимия заңдары
  • 4. Әртүрлі процестердің жылу эффектілері. Энтальпия түрлері
  • 5. Активтендіру энтропиясы
  • Энергияның бір түрден басқа бір түрге айналу заңдылықтарын зерттейтін ғылым термодинамика деп аталады.
  • Термодинамика тәжірибе нәтижесінде тағайындалған заңдарға сүйенеді.
  • Химияда термодинамикалық әдіс қолданылмайтын аймақ жоқ деуге болады. Молекулалық –кинетикалық теория мен термодинамика зерттеу әдістерімен ерекшелене отырып, бірін – бірі өзара толықтырып отырады.

Химиялық термодинамика мынадай негізгі мәселелерді қарастырады:

  • Химиялық термодинамика мынадай негізгі мәселелерді қарастырады:
  • а) әр түрлі химиялық заттардың немесе бір заттың әр түрлі фазаларының тепе-теңдікте болу жағдайлары;
  • ә) белгілі бір жағдайда химиялық реакцияның немесе фазалар түрленуінің өздігінен жүру мүмкіндігі;
  • б) химиялық реакция кезіндегі жылу мен энергияның басқа түрлерінің қарым-қатынастары;
  • в) тепе-теңдік және химиялық реакцияның бағыты туралы мәселелерді сандық түрде көрсететін қасиеттерді өлшеу тәсілдеріне негіз болатын принциптер
  • Термодинамикалық жүйе – өзара әсерлесуші, әрі өзара ғана емес басқа денелермен де (сыртқы ортамен) әсерлесуші және энергия алмасушы макроскопиялық денелердің жиынтығы.
  • Термодинамикалық әдістің негізі – термодинамикалық жүйенің күйін анықтау болып табылады. Жүйенің күйі термодинамикалық параметрлермен (күй параметрлері) беріледі. Термодинамикалық параметрлер (күй параметрлері) деп термодинамикалық жүйенің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалардың жиынтығын айтады. Күй параметрлері ретінде температура, қысым және меншікті көлем қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет