Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет1/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
есеп және шығару жолдары


ХИМИЯДАН «ӘРТҮРЛІ ТИПТЕГІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ» ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

ТҮСІНІК ХАТ
Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсем деуші абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.
Күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз, егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса.Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген.Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады.Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Мақсаты:
· химиялық ғылымның саласындағы білімдерін игеру;
· оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін бекіту;
· оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
· тәжірибелік білімнін тәсілдерін игеру;
· оқушылардың қызығушылығын, парасаттылық және шығармашылық қабілеттерін даму;
· білім алған кезінде оқушылардың шығармашылық қатынастарын тәрбиелеу
Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
· ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
· химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
· оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Оқушылардан күтілетін нәтижелер
· есеп шығаратың дағдыларын бекіту;
· шығармашылық тапсырмаларды орындау;
· құрбылармен қатынасуға, өз пікірін қорғау қабілеттерге үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет