1 Химиялық технологияның теориялық негіздері
1.1
Негізгі технологиялық түсініктер және анықтамалар
Химиялық өндіріс – арнайы машиналар
мен аппараттарда химиялық
өзгертулерді қолданумен шикізатты қажетті өнімдерге дейін өңдеу
процестерінің жиынтығы.
Химия-технологиялық процесс – бастапқы заттарды өнімдерге дейін
мақсатты өңдеудің химиялық және физика-химиялық процестерінің реті.
Әрбір химиялық өндірістің негізі химиялық технология болып табылады.
Химиялық технология химиялық өндіру кезінде заттарды және олардың
айналу процестерін зерттейтін химиялық ғылымның саласы немесе өңделетін
материалдардың химиялық құрамының өзгеруімен байланысты болатын
табиғи материалдарды (шикізатты) тұтыну
бұйымдарына және өндіріс
құралдарына дейін өңдеу процестерін зерттейтін ғылым.
Химиялық технология жаратылыстану ғылымдарына жатады, яғни
объектілер мен процестерді оқытады.
Химиялық технология объектілері – химиялық өндіріске қатынасатын
заттар.
Процестер – бір заттардың басқа заттарға өзгеруі үшін қажетті болатын
әртүрлі операциялар жиынтығы.
Шикізат – белгілі бір өнімді алуға
қажетті болатын бастапқы
материалдар.
Өңдеу әдісі – шикізаттан дайын өнім алынғанша жүретін барлық
операциялар жиынтығы (технологияда – өндіріс әдісі).
Технологиялық схема – машиналар мен аппараттарда жүретін бірізді
операциялар сипаттамасы. Әрбір аппаратта бір немесе бірнеше процестер
жүруі мүмкін.
Технология механикалық және химиялық болып бөлінеді.
Механикалық технология – материалдың пішінінің, сыртқы түрінің,
физикалық қасиеттерінің өзгеруі.
Химиялық
технология заттың құрамының, қасиеттерінің және
құрылысының өзгеруіне әкелетін химиялық
және физика-химиялық
құбылыстар басым болатын өңдеу процестерін оқытады.
Технологиялық тәртіп – процестің жылдамдығына, өнімнің шығымына
және
сапасына
(температура,
қысым,
катализаторлар,
олардың
белсенділіктері, әрекеттесетін заттардың концентрациясы,
компоненттерді
араластыру тәсілі мен дәрежесі) әсер ететін негізгі факторлардың
(параметрлердің) жиынтығы. Техникалық есептеулер негізіндегі шикізат
шығыны және технологиялық процесте алынатын өнімдер, жартылай өнімдер,
қалдықтар мөлшері (
шығын коэффициенттері)
анықталады.
Бұл
есептеулердің нәтижелері материалдық балансқа жинақталады. Материалдық
баланс 1 тонна дайын өнімге немесе 1 тонна шикізатқа есептеледі.
Материалдық баланс негізінде
шикізатты пайдалану коэффициенті есептеп
шығарылады.
Жылудың келуі және шығуы негізінде жылу баланстары құрастырылады.
Аппараттардың
өнімділігі – уақыт бірлігінде алынатын өнім мөлшері.
Аппараттардың жобаланған (максималды)
өнімділігі қуаттылық деп
аталады.
Технологиялық процестер мерзімді және үздіксіз болып бөлінеді.
Мерзімді процестерде шикізат порциясы аппаратқа енгізіледі және
процестің барлық сатылары аяқталғаннан кейін реакция өнімін түсіріп алады
және сонан соң барлық операциялар қайталанады.
Үздіксіз процестерде шикізатты енгізу және түсіру үздіксіз түрде немесе
жеке порциялар түрінде орындалады. Сонымен, үздіксіз процестерде
шикізаттың
бір бөлігі енгізіледі, бір бөлігі өңдеу сатысында болады, ал бір
бөлігі дайын өнім ретінде түсіріледі. Үздіксіз процестің барлық сатылары бір
мезгілде реакциондық массаның әртүрлі аймақтарында жүреді.
Шихта (шикіқұрам) – қатты материалдардан тұратын шикізаттық қоспа.
Қатты және сұйық компоненттерден тұратын шикізаттық қоспа
пульпа
деп аталады.
Дайын өнім – технологиялық циклдың соңғы сатысында алынатын өнім.
Жартылай өнім – аралық сатыда алынатын өнім.
Жанама өнім – мақсатты міндетке ие болатын параллельді түрде
алынатын өнім, ол осы өндірістің мақсаты болмайды (ілеспе өнім).
Қалдықтар – шикізат
қалдықтары, өз қасиеттерін толық немесе
жартылай жойған өндіріс кезінде түзілетін жартылай өнімдердің қалдықтары.
Егер түзілген қалдықтар басқа өндірістерде шикізат ретінде қолдануға
жарамсыз болса, онда олар
қоқыр деп аталады.
Егер қалдықтар қолданылмай қалған негізгі шикізатты өңдеу үшін
қосымша өңдеуден өткізілетін болса және технологиялық процеске
қайтарылса, онда бұл процесс
регенерациялау деп аталады.
Химиялық өнеркәсіп жоғары материалдық процесс болып табылады: 1
тонна дайын өнім алу үшін бірнеше есе артық байытылған шикізат және басқа
да материалдар қолданылады.
Химиялық өндірістің қалдықтары жиі өте бағалы екіншілік шикізат көзі
болады, сондықтан химик-технологтар үшін
актуалды міндет шикізатты
кешенді өңдеу немесе шикізаттың барлық компоненттерінен құнды өнімдер
алу болып табылады.