Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет50/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Базистік оқу жоспары - жалпы орта білім білім беру сатыларына сәйкес мазмұн көлемі мен тізімін, оқыту тәртібін реттейтін негізгі құжат.
Бейіндік оқыту - білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы.


Білім мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез-келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларын игерту бағыттарын белгілейді.


Білім беру технологиясы - оқу процесін жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.


Дидактика - педагогиканың негізгі саласы. Дидактика (didariros - оқытушы, didasro - оқушы ) ұғымы, грек тілінен аударғанда оқыту немесе үйрету дегенді білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.


Дидактикалық бірлік - химиялық ақпараттың бөлігі, оны оқушылар белгілі бір уақытта меңгеруі керек.


Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.


Жеке тұлға - қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, өздігінен іздену арқылы білім мен білікті жетілдіріп, ұдайы даму үстінде болатын жан.


Кіріктірілген курс - бір оқу пәнінің аралық тақырыптық блоктарының негізгі мазмұнын немесе бір білім беру саласының түрлі пәндерінің сәйкес келетін тақырыптық блоктарының мазмұнын өзіне біріктіретін пәндік курс.


Құзырет (компетенция) - қайсібір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет