Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет1/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы


М.Қ.Құрманәлиев


Химияны оқытудың қазіргі технологиялары
Оқу құралы

Алматы
2009
Баспаға әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультетінің Ғылыми Кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Ә.Асанов
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Б.Бекішев
Құрманәлиев М.Қ.
Химияны оқытудың қазіргі технологиялары:
Оқу құралы.Алматы: 2009 - ... бет.

Оқу құралында химияны оқытудың қазіргі технологиялары туралы түсінік, олардың жіктелуі және химия курсында қолдану мүмкіндіктері жан –жақты көрсетілген.


Педагогикалық технологиялардың ғылыми методологиялық негіздеріне, принциптеріне және оқыту кезеңдеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне ерекше назар аударылған. Химия курсын оқытуда қолдау тапқан 10 педагогикалық технологияларға талдау жасалынған.
Оқу құралы химия мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат, магистратура студенттеріне және мектеп ұстаздарына арналған.

© Құрманәлиев М., 2009


Мазмұны

1.Қазіргі кездегі білім берудегі педагогикалық инновация


1.1 Химиядан білім берудегі өзгерістер
1.2 Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуы
1.3 Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту

2. Педагогикалық технологиялар


2.1 Педагогикалық технологиялар дегеніміз не?
2.2 Педагогикалық технологиялар құрылымы
2.3 Педагогикалық технологиялардың философиялық негізі
2.4 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

3. Химияны оқытуда қазіргі технологияларды қолдану


3.1 Химияны бағдарламалап оқыту технологиясы
3.2 Дамыта оқыту технологиясы
3.3 Дербес (жеке) оқыту технологиясы
3.4 Топтап оқыту технологиясы
3.5 Деңгейлеп оқыту технологиясы
3.6 Жобалап оқыту технологиясы
3.7 Кіріктірілген оқыту технологиясы
3.8 Модульдік оқыту технологиясы
3.9 Дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясы
3.10 Ойын арқылы оқыту технологиясы
4.Педагогикалық технологиялардың кемшіліктері және оларды жою мүмкіндіктері
5. Қорытынды


КІРІСПЕ
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы халыққа жолдауында «Білім беру реформасы−Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деп атап көрсетті. Болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесін құру−дүние жүзінің көп еліне ортақ мәселе.
Дамыған қоғам сияқты біздің елімізде де ұрпаққа білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасалуда. Ең бастысы–әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда да, қандай реформа болсын білім беру, адамның жеке тұлғасын қалыптастыру басты назарда тұрады. Білімге білімділік, дүниетанымдылық және жетілдіру қажеттілігі туындады. Себебі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқуға жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі–оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын кеңірек қолдануы.
Педагогикалық теориямен жан-жақты қаруланған ұстаздың іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Химия пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әр түрлі оқыту технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру сияқты негізгі міндет-мақсаттары болуы шарт.
Осы тұрғыдан ұсынылып отырған жұмыста химия пәнін оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылған. Өйткені мектепте жеткілікті дәрежеде шешімін таба алмай отырған, бірақ одан тыс өмірде талап етілетін мәселелерді талдауға толығырақ тоқталып, яғни жарамсыз қарама-қайшылық туғызатын себептер мен салдарды анықтаймыз.
Әдістемелік әдебиеттердің аздығынан, әдіснамалық жұмыстың ақсауынан, жаңа оқыту технологиялары туралы ақпараттардың қазақ тілінде мүлдем жоқтығынан мұғалімдер көптеген қиындықтарға тап болуда.
Сондықтан әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің «Жалпы химия және химиялық экология» кафедрасында жинақталған тәжірибелерді жария етуді жөн көрдік. Мұнда химия курсында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға жеке-жеке тоқталып, мектеп жағдайында қолдану бағытындағы мүмкіндіктер көрсетілді.
Ұсынылып отырған оқу құралы мұғалімдердің іс-әрекетінің ұшталуына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына, жас ұрпаққа білім беруді дамытуға септігін тигізеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар бұл оқулық педагогикалық мамандықтар студенттеріне де арналады.
Бұл оқу құралын дайындауға және жаңа педагогикалық технологиялардың қырсырын ашуға бағыттаған «Жалпы химия және химиялық экология» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ.Сармұрзинаға алғыс айтуды борышым деп санаймын.
Автор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет