Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


Хирургия Асептика және антисептика



бет31/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

Хирургия
Асептика және антисептика
С-4 (Первомур ) ерітіндісімен қолды өңдеу техникасы.
Мақсаты: операция алдында қолды зарарсыздандыру. Ерітінді қолды және операция алаңын өңдеуге қолданылады.
Қоры: 2,4 %-дық первомур ерітіндісі, залалсыздандырылған сүлгі, легендегі фишер
Ескерту: С-4 қоспасы мыналардан тұрады: 33% сутегі асқын тотығы (171 мл),85%- дық құмырсқа қышқылы (81мл) және дистилденген су (10лдейін); 2,4 % Первомур ерітіндісі дайын болу үшін 1,5 сағатқа тоңазытқышқа қойылады. Дайын ерітіндіні 10 л дистилденген суға салады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Ағын судың астында 1 мин бойы қолды ерітіндімен жуыңыз, саусақ ұшынан бастап білектің ортаңғы бөлігіне дейін.
2. Залалсыздандырылған сүлгімен қолды құрғатыңыз.
3.2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолыңызды салыңыз.
4.Ережені сақтай отырып қолыңызды 1 мин. өңдеу: 30 секунд шынтаққа дейін және 30 секунд тек білекті.
5.Ерітіндіден 1 фишерді алып тастау. Сыйымдылығы 5 л шарадағы ерітіндіге 10 адам қол жууға болады.
6.Қолыңызды залалсыздандырылған сүлгімен құрғатыңыз.
7.Ескерту: Зарарсыздандырудан бұрын қолыңызды ереже бойынша мұқият жуыңыз
8.Тырнақтары қысқа алынған болу керек (микробтардың 90 %-ы тырнақ астына жиналады), қолдағы жарық жаралармен қабыршықтар және қабынулар болмау керек.
9.Сақинаны шешу.
10.Шынтақпен ашылып жабылуы ыңғайлы қол жуғышта жуу.
11.Су білектен шынтаққа қарай ағылып жуылуы керек.
12.Оң қолдың саусақтары мен сол қолды, сол қолдың саусақтарымен оң қолдың саусақтар арасын жуу.
13.Алақанмен білектерді ысқылап жуу.
Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті бас қыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.
5.Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.
6.Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.
7.Халаттың артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет