Хviiі ғ. соңы ХІХ ғ. басында аралығында Еуропада Тильзит саяси жүйесінің қалыптасуы. Тильзит бейбіт келісімі



бет1/2
Дата31.10.2022
өлшемі74.34 Kb.
#463689
түріСеминар
  1   2
18 ғ-19ғ халықар.қатынастар


ХVIIІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында аралығында Еуропада
Тильзит саяси жүйесінің қалыптасуы. Тильзит бейбіт келісімі.

1. Наполеон соғысы кезіндегі халықаралық қатынастар. Коалициялармен соғыс


2. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
3.Наполеоннның 1812 жылы Ресей империясына шабуылы. (семинар саб.)

І Наполеон империясы мен консулдығы тұсындағы еуропалық елдердің коалициясына қарсы Франция Наполеон соғыстарын (1799-1815 жж.) жүргізді. Хронологиялық жағынан алғанда бұл соғыстар Ұлы француз төңкерісінің (1789-1799 жж.) соғыстарын жалғастырды және алғашқы кезде оның прогрессивті мәні де болды, өйткені ол феодалдық құрылыстың негіздерін қиратуға, бірқатар Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуына жәрдемдесті. Алайда, Наполеон соғыстарының даму барысы өзінің прогрессивті белгілерін жоғалтып жаулап алушылық сипат алды. Сөзсіз ХVIIІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында Еуропа саясатын анықтаған, өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Луи Бонапарт Наполеонның тұлғасы мен қызметінің маңызын айта кету керек.


Наполеон Банопарттың дипломатиялық қызметін екі негізгі кезеңге: 1799 – 1807 жж. Бонапарттың әскери диктатурасының орнау сәтінен бастап Тильзит бейбіт бітіміне дейінгі кезең, бұл дипломатиялық сәттіліктер мен Наполеонның мәртебесі және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюі кезеңі; 1807-1812 жж., яғни, Тильзит бейбіт бітімінен Наполеон империясының құлдырауы, сонымен бірге Наполеон құрған ұлы Империяның күйреуі кезеңі деп бөлу керек.
Директорияны таратқан және Францияға өзінің диктаторлық билігін орнатқан генерал Бонапарт ірі қаржы буржуазиясының сыртқы саяси талпыныстары мен мақсаттарын қолдады. Наполеон Францияның маңызды бақталасы Англияның теңіз бен отаршылдық қуатын жою идеясын және Рейн мен Альпі жағаларындағы «табиғи шекараларды» жаулап алу, яғни көршілес жатқан мемлекеттер арқылы Францияның территориясының ұлғаюы мен кеңеюінің батыл жақтаушысы болды.
1800 ж. ішкі шиеленістердің тегеуірінімен буржуазиялық Францияға қарсы құрылған Еуропалық феодалдық мемлекеттердің коалициясы іс жүзінде ыдырап кетті. Ресей соғыстан шықты, ал Австрия әскері Маренго (1800 ж. 14 маусым) түбіндегі шайқаста жеңіліп, Италиядан ығыстырылды. 1801 ж. Ресей және Автриямен бейбіт келісім-шарттарға қол қойылады. Келісім-шарт бойынша Автрия Рейннің сол жағалауы мен Бельгияны Франция иеіктері ретінде таныды. Бұдан басқа Австрия мен Ресей Италиядағы Франция үкіметінің жасаған территориялық және саяси өзгерістерін тануға мәжбүр болады (1802 ж. Цизальпин Республикасының орнына Францияға тәуелді Италия Республикасы құрылды). Енді Францияның үстемдігі мен қуаты басқа да территорияларға: бүкіл Италияға дерлік, Герман мемлекеттерінің бір бөлігіне, Бельгияға, Голландияға тарады.
1801 ж. 23 наурызда Петербордағы Сарай төңкерісінің нәтижесінде І Павел өлтірілді. Бұл оқиғаға қатысты сол кездегі замандастарының айтуына қарағанда, Ресейдегі ағылшын елшісі Уитворттың тікелей ұйымдастыруымен болмаса да, оның бұған қатысы бар және Англияның саясаты екендігін көрсетеді. Ресей тағына өлтірілген императордың ұлы І Александр отырды. Ол әкесі сияқты Ресей-Француз одағының жақтаушысы болмады. Дегенменде 1801 ж. 8-10 қазанындағы келіссөздерден кейін олар екі маңызды құжатқа: Франция мен Ресей арасындағы бейбітшілік туралы келісім-шартқа және екі империя арасындағы құпия конвенцияға қол қойылды.
Конвенцияда Францияның тартып алған иеліктері үшін Сардиния Королі мен Германия князьдерін марапаттау мәселесіндегі Ресейдің делдалдық миссиясы, сонымен қатар Ион аралдарында адмирал Ушаковтың құрған «Жеті арал Республикасының» танылуы және Ресей мен Францияның теңіздегі бостандықты қамтамасыз ету миссиясы ескертілді. Англияны Ресей империясы бейнесіндегі құрлықтағы негізгі одасқтасынан айырған Наполеон 1802 ж. 25-27 наурызда Аменьеде бейбіт келісім-шартқа қол қоюға мәжбүр етті. Келісім-шарттың талаптары бойынша Англия Францияға және оның одақтастары Испания мен Батав республикасына Тринидат пен Цейлоннан басқа соғыс жылдары жаулап алынған барлық жерлерді қайтарып беруге міндетті болды. Мальтаны Иониттер орденіне беруге, Түркияға Египетті қайтаруға міндеттенді. Ал Франция өз тарапынан Неаполь, Рим және Эльба аралдарынан әскерлерін шығаруға міндеттенді. Франция мен Англия Еуропадағы қалыптасқан тәртіпті қолдауға міндеттенді. Наполеон Египеттен бас тартты. Жеңісті соғыстардан кейінгі ұзақ күттірген бейбітшілік Наполеон Банопарттың мемлекеттік қайраткер және қолбасшы ретіндегі даңқының өсуіне ықпалдастық етті.
1802 ж. келісім берік болмады. Англия Францияға күшті ағылшын буржуазиясы үшін тиімді "сауда еркіндігі» қағидасына негізделген сауда келісім-шартын ұсынуға тырысты. Наполеон бұған келіспеді. Бұл уақытта Наполеонда Англияның әскери күштерін талқандап қана қоймай, оның отарларын жаулап алу, Еуропа нарығынан ығыстыру және ондағы саяси ықпалынан айыру сияқты жаңа жаулап алулардың кең жоспары қалыптасты. 1803 ж. Англия мен Франция арасындағы әскери іс-қимылдар басталды. Наполеон ағылшын жағалауына десант дайындай бастады.
Наполеонның агрессивті саясаты Ресейді қобалжытпай қоймауы мүмкін емес еді. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі Наполеонның бурбон үйінің ұрпақтарының бірі – Герцог Энгиенскийді жазалауымен тездетілді: 1804 ж. оған Наполеонның өміріне қастандық жасады деген кінә тағылып атып тасталды. І Александр Наполенның бұл іс-әрекетіне қарсылық білдірді, алайда, ол өз әкесі І Павелге қарсы қастандыққа және өліміне қатысы бар деген тұспалданған сөзді жауап ретінде алды. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі наполеондық Францияға қарсы Еуропа державаларының үшінші коалициясының құрылуын жылдамдатты. Ресей мен Англия арасында күрделі қайшылықтар мен келіспеушіліктер аз болмады.
Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады.
2. Тильзит бейбіт келісімі -1807 жылғы 13 (25) маусым мен 25 маусым (7 шілде) аралығында Тильзитте (қазіргі Калининград облысындағы Советск қаласы) Александр I мен Наполеон арасында 1806-1807 жылдардағы төртінші коалиция соғысынан кейін жасалған бейбітшілік шарты.
(15) маусым 1807 жылы Наполеон Орыс армиясын жеңді. Осы хабарды естіген Александр I Лобанов-Ростовскийге бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізу үшін Француз лагеріне баруды бұйырды. Генерал Калькрат Наполеонға Пруссия патшасының (Фридрих Вильгельм III) атынан келді, бірақ Наполеон бейбіт келісімді орыс императорымен ғана шешетінің баса айтты. Бұл кезде Наполеон Неманның жағасында, Тильзит қаласында болды. Орыс әскері мен Пруссия әскерәнің қалдықтары басқа жағалауда тұрды. Князь Лобанов Наполеонға император Александрдың онымен жеке кездесуге деген ықыласын жеткізді.
1807 жылы 13 (25) маусымда екі император өзеннің ортасында кездесіп, бір сағатқа жуық көзбе-көз сөйлесті. Келесі күні олар тағы да кездесті Тильзит қаласында. Александр I Француз гвардиясының байқауына қатысты. Наполеон тек бейбітшілікті ғана емес, сонымен бірге Александрмен одақ құрғысы келді және оған Балқан түбегі мен Финляндияны сыйақы ретінде қарастырды, бірақ ол Ресейге Константинопольді беруге келіспеді. Александр тіпті қиын жағдайда да, өзінің жаңа одақтасы қалағандай ыңғайлы болған жок.
Алайда, Александр I Пруссияның тағдырына қатысты жеңілдіктерге дайын екенін көрсетті: Пруссияның жартысынан көбін Наполеон Фредерик-Вильгельм III-ден алған болатын. Наполеон Эльба өзенінің сол жақ ағасындағы провинцияларды ағасы Жеромаға берді. Польша қалпына келтірілді-бірақ барлық бұрынғы провинциялары емес, Варшава Герцогтігі деп аталатын Пруссияның бір бөлігі ғана. Ресей өтемақы ретіңде Белосток департаментің алды, кейн ол Белосток облысына айналды. Гданьск (Данциг) қаласы еркіндікке ие болды. Наполеон бұрын өзі тағайындаған барлық монархтарды Ресей мен Пруссия мойындады. Орыс императорына деген құрмет белгісі ретінде Наполеон Пруссия короліне ескі Пруссияны, Бранденбургті, Померанияны және Силезияны қалдырды. Тильзит бейбіт келісім жеңілген Пруссияның дағдарыстық жағдайын айқын көрсетті.
Тильзит келісімінің негізгі тармағы сол кезде жарияланған жоқ (құпия келісім):Ресей мен Франция кез-келген шабуыл және қорғаныс соғысында бір-біріне көмектесуге уәде берді, мұндай жағдай қажет болғанда. Бұл тығыз одақ Наполеонның құрлықтағы жалғыз күшті қарсыласын жойды, Англия оқшауланған күйінде қалды, екі держава да Еуропаның қалған бөлігін континенталды жүйені сақтауға мәжбүрлеу үшін барлық шараларды қолдануды уәде етті. 1807 жылы 7 шілдеде келісімге екі император да қол қойды.
Тильзит келісімі Наполеонды биліктің шыңына көтерді, ал император Александрды қиын жағдайға душар етті.
Жалпы, Тильзит келісімінің маңызы өте зор болды. 1807 жылдан бастап Наполеонның Еуропада билігі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда батыл жүре бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет