Хзмб және ХӨтб директорларының үндеуі



Дата25.02.2016
өлшемі33.97 Kb.
#19520

ХЗМБ және ХӨТБ директорларының үндеуі






Халықаралық заңды метрология бюросының директоры
С. Паторэй



Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының директоры
М. Милтон

Бүкіләлемдік метрология күні 2013.

Күнделікті өмірдегі өлшеулер

Бір мезетке әдеттегі күнді, мысалы кешегі күнді көз алдыңызға елестетіңіз. Өлшеуді талап ететін қанша істер істедіңіз? Бұл сұрақпен ойлануыңыз екіталай, дегенмен ойланып көріңіз. Сіз сағатыңызға қарайсыз (уақытты өлшейсіз), тамақ немесе азық-түлік сатып аласыз (салмағыңызды өлшейсіз), автокөлігіңізге бензин құясыз (көлемді өлшейсіз), тонометрмен қолданасыз (қысымды өлшейсіз)? Біздің күнделікті өміріміздегі өлшеумен байланысты болған бұл қарапайым заттар үйреншікті жағдайларға айналды.

Бұл өлшемдерді қолданудың түрлі мәнісі бар. Біз бұлардың нәтижесіне негізделген шешімдер қабылдаймыз, мысалы, автокөлікте жылдамдық шектен асып кеткенде тежегіш педалін басқан мезетте, немесе қанымыздағы қан деңгейі аса жоғары болғанда, ас үлесінен тәтті тағамдарды шектейміз. Біздің көп сатып алуларымыздың бағасы өлшеулерден - электр, су, азық түліктер, отыннан есептеледі. Бұл тек есімізге алғаны ғана.

Күнделікті өмірдегі нақты өлшемдердің қаншалықты маңызды екені сізді таң қалдыруы мүмкін. Кейде бұны біз білеміз, бірақ өлшеулер өміріміздің ажырамас бөлігі болғаны соншалықты оларды аңғармай қаламыз. Алайда, біздің өмірімізде қазіргі заманауи технологиялардың алатын ролінің үлкендігі соншалықты, бұл өлшемдердің сенімділігін және нақтылығын үнемі жетілдіруді талап етеді. Бірақ, өлшеудің тікелей қатысушылары ғана біздің қазіргі жоғары технологиялық өміріміз халықаралық жүйеге тірелетінін біледі, бұл өз кезегінде бізге қажетті өлшеулердің сенімділігіне кепілдік береді.

Екі дүниежүзілік метрологиялық ұйымдардың (ХЗМБ және ХӨТБ) басшылары ретінде біздің мақсатымыз бірігу және өміріміздегі метрология ролінің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру үшін сіздермен жұмыс істеу болып табылады. 20 мамырда, 1875 жылы Метрлік Конвенцияға қол қойылған жылдық мерейтойында, дүние жүзілік метрологиялық қоғамдастық Бүкіләлемдік метрология күнін тойлауда. Біз, азаматтардың назарын күнде кездесетін өлшеулерге аудару үшін, 2013 жылғы тақырыпты Күнделікті өмірдегі өлшеулер деп таңдадық. 2013 жылы Бүкіләлемдік метролгия күнін бірге тойлайық.

Метрологиялық қоғамдастықтың мүшелерін осы маңызды күнді бізбен мейрамдауға және жыл бойы жалпы ортақ игілікке жұмыс істейтін үкімет аралық және ұлттық ұйымдардың үлесін айналадағы адамдарға мойындатуда көмектесуге шақырамыз.



20.05.2013 |Бүкіләлемдік метрология күні 2013





Күнделікті өмірдегі өлшеулер

20 мамырда 1875 жылы Метрлік Конвенцияға қол қойылуына арналған Бүкіләлемдік метрология күні тойланады. Бұл келісім бүкіл әлемде өлшемнің келісілген жүйесі үшін негіз болып табылады.

2013 жылға таңдалған тақырып – «Күнделікті өмірдегі өлшеулер». Әдеттегі күн барысында өлшемдердің қолданылуы таңданарлық, (көп мүмкін мысалдардың ішінде) уақытты тексеру, тағам мен тауарларды сатып алу, автокөлікті бензинмен толтыру немесе қан қысымын өлшеу.


Осы және де күнделікті өмірдегі қызметтердің басқа түрлері өлшеуді талап етеді. Алайда, қазіргі уақытта өлшем нақтылығы әдеттегі ұғым ретінде қабылданады. Көп адамдар жүйенің қалыпты жұмыс істеуін бақылайтын метрология, өлшеу ғылымында мамандандырылатын бүкіләлемдік қоғамдастықтың бар екенін білмейтіні таң қалдырмайды. Барлық нәрсе осы қоғамдастықтың жұмысына және қаншалықты жақсы атқаратындығына тәуелді.



Дүние жүзіндегі ұлттық метрологиялық институттар өлшеу ғылымының күрделігіне қарамастан жаңа әдістерді әзірлеу және тексеру жолымен үздіксіз жетілдіреді. Олар сондай-ақ, бүкіл әлемде өлшеу сенімділігін қамтамасыз ету үшін Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросы (ХӨТБ) үйлестіретін салыстыруларға қатысады.

Көп өлшеуіш құралдар заңның бақылауында болады немесе нормативтік реттеу заты болып табылады, мысалы, дүкендегі тауарларды өлшеуге арналған таразылар, қоршаған ортаның ластануын өлшеуге арналған құралдар, немесе энергия есептеуіштері. Халықаралық заңды метрология ұйымы (ХЗМҰ), мақсаты дүние жүзіндегі өлшем құралдардың осы түрлеріне қойылатын талаптарды үйлестіру және келісу болып табылатын Халықаралық нұсқаулықтарды әзірлейді.



Бүкіләлемдік метрология күні жыл бойы үкімет аралық және ұлттық ұйымдарда жалпы игілікке жұмыс істейтін адамдардың үлесін мойындайды және атап өтеді.

ХЗМБ және ХӨТБ директорларының үндеуі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет