I- тарау. Жалпы ережелер 1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы



Дата03.07.2016
өлшемі36.91 Kb.
#175231
«Тура би» шешендік өнер клубы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнің студенттiк ұйымының жарғысы

Тура би студенттiк клубының

Құрылтай жиналысында қабылданған



i- тарау. Жалпы ережелер

1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы

1. «Тура би» - бұл осы жарғыдағы нақтылы мақсаттарға жету үшін,студенттердің өз еркін білдіру арқылы құрылған дербес, студенттік ұйым.

2. Одақ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы заңдарды және осы жарғыны негiзге алады.

2-шi бап. Ұйымның жұмыстарына араласу формалары.

1.Ерікті мүшелiкке негiзделген, ашық ұйым болып табылады. Ұйымның мүшелерінің мiндеттерi мен құқықтары тең .

2. Мүшелікке қабылдану мәселесі осы жарғынының негiзiнде шешіледі.

3-шi бап. Ұйымның құрылысы

Ұйым өз міндеттерін бекітілген құрылым арқылы жүзеге асырады.

Ұйымның құрылымы: төраға, хатшылық, ғылыми мәдениет, ақпараттық , қаржы құрылымдары.

Ii тарау. ұйымдастыру және басқару

4-ші бап.Басқару органының құзыреті

1.Басқару органы:

1) Ұйымының қызметiнің негiзгi бағытын анықтайды;

2 ) ұйымды басқару үшiн ұйым мүшелерін алқалы органға сайлайды;

3 ) ұйымның атқаратын жұмыстардың бағдарламасын жасайды соған сәйкес шешім қабылдайды;

4 ) ұйымның жоспарлы және жоспардан тыс мәжілістерді өткiзеді;

5) ұйымның атқарылатын жұмысын реттейдi;

6) ұйым мүшелелері мiндеттерiн жүйелi түрде орындамағаны үшін оларды ұйымның мүшелігінен шығару туралы шешімді қарастырады

3. Ұйымның басқа органдары Басқару органының алдында жауапты.

5-шi бап. Хатшылықтың құзыреті


  1. Хатшылық ұйымының атқарушы органы болып табылады.

Хатшылыққа басқару органдарының шешiмдерiнiң орындалуы, мәжілістерін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық мәселелерін қамтамасыз ету, сонымен қатар қосымша функциялар тапсырылады.

  1. Ұйымның хатшылығы:

1) Ұйымның өткізілетін жұмыстары,іске асырылатын шаралардың мерзімі,өткізілген шаралар бойынша есеп жүргізеді;

2) Университеттің ғылыми даму бағдарламасындағы маңызды ақпараттардан ұйым мүшелерін хабардар етіп отырады

3) ұйымның мөрi және заңды тұлғаның басқа атрибуттарын сақтайды

3. Хатшылықтың құрылымы, формасы және құрамы басқару органымен анықталады;



6-шы бап. Ғылыми органының құзыреті

Студенттердiң ғылыми жұмысының мақсаты - жүйелi және кең ауқымда ойлауға дағдыландыру, шешендік өнердің ғылыми теориясын меңгеру және оны шығармашылықта пайдалану; ғылыми тәжiрибелердiң нәтижесін талдау; таңдаған мамандық бойынша ғылыми ортада қарым қатынас жасау.

Ғылыми орган:

1 ) дөңгелек үстелдер және ғылыми конференцияларға қатысу әрі ұйымдастыру;

2 ) ғалымдар және шешендік өнерге қатысты тұлғалармен кездесу ұйымдастыру;

3 ) нақтылы мерзiмге клубтың ғылыми жұмысын бағдарламасын анықтайды.



7-шi бап. Ақпараттық органының құзыреті

Ақпарат органы- клубтың бағдарламасы,өткізілетін шаралар жөнінде клуб мүшелерін хабардар ету. Бұл орган барлық салада жұмыс істеу қажет.



8-шi бап. Басқару орган құзыреті

1.Басқару органы ақпарат,хатшылық,мәдени органдарының қызметін үйлестіреді. Басқару органы ұйымның жұмысын ұйымдастыруын және жұмыстың шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылайды.

2. Органның төрағасы:

1 ) жұмысты ұйымдастырады, клубтың басқаруын жүзеге асыру

2 )басқару органының шешiмдерiнiң орындауына жауап беру

3 ) университет әкiмшiлiгiнің алдында клубтың атынан сөз сөйлеу

4) клубтың мәжiлiстерiнде басшылық етедi

3-шi тарау. «тура би» ұйымына мүшелiкке қАБЫЛДАУ

9-шS бап. Студенттерді клубқа қабылдау реті.

1. Кез келген студент ұйымның мүшесі бола алады;

2. Ұйымның мүшесі болу үшін студент сауалнаманы толтыру

3. Ұйымға кіру алдында ұйымның кемiнде үш жиналысына қатысу

4. Әрбiр мүше болған студент ұйымның жиналыстарына үнемi қатысу

5. Ұйымның мүшесi мәжiлiске кешікпей келу .

6. Ұйымның мүшесi жарғының мақсатын, ұйымның басқарушы органдарының шешiмдерін орындау керек

10-шы бап. Студенттерді ұйымдағы мүшеліктің тоқтатылуының себептері.

1. Студенттер өз еркін білдіргенде

2. Студенттің университеттен шығуы

3. Мүшенiң өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамау себебінен басқару органының шешiмiне байланысты.

Халықаралық қатынастар факультетінде бекітілген:

Декан: Шакиров К.Н.



Оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары: Абдыхалықов Қ.С.


Тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары: Ахметалиева Г.У.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет