Ұжымдық негізде орындаушының құқықтарын басқару бойынша өкілеттіктерді табыстау туралы № келісімшарт



Дата13.06.2016
өлшемі123.91 Kb.
#131885






Ұжымдық негізде орындаушының құқықтарын басқару бойынша өкілеттіктерді табыстау туралы № ________________ КЕЛІСІМШАРТ



Алматы қаласы

2014 жылғы «____» _________


«Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі бейкоммерциялық ұйымы» жекеше мекемесі, ұжымдық негізде сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүліктік құқықтарын басқарушы ұйым ретінде әрекет етеді (бұдан әрі – "Қоғам"), Жарғының негізінде әрекет ететін Президенті Л.Ю. Балмагамбетова арқылы бір тараптан, және




(Аты-жөні)

шығармашылық псевдоним(дер)і



бұдан әрі «Орындаушы» деп аталады, екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп аталады, төмендегі туралы осы Келісімшартты жасасты:


  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АЙҚЫНДАМАЛАР

    1. Тараптар осы Келісімшарттың мақсаттары үшін төменде көрсетілген терминдер мынадай мәндерге ие болатыны туралы келісті:




      1. Орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән айтатын, оқитын, декламациялайтын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе қандай да бір өзге түрде әдебиет пен өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирктік немесе қуыршақ нөмірін) орындайтын өзге бір тұлға, сондай-ақ спектакльді қоюшы режиссер және дирижер; 

      2. Орындау – туындыны, фонограмманы, орындауды, қойылымды жанды орындалатын ойын, ән айту, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың (терерадиохабарлардың, кабельдік теледидардың және сол іспетті) көмегімен көрсету. Аудиовизуалдық туындыларды олардың кезегімен дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету; 

      3. Фонограмма – тәсілінен тәуелсіз, орындаудың немесе өзге дыбыстардың кез келген тек қана дыбыстық жазбасы;

      4. Каталог – оларды осы Келісімшартпен көзделген тәсілдермен пайдалану үшін сыйақы алу құқығы Орындаушыға тиесілі Орындаулардың жиынтығы;

      5. Аумақ – Қазақстан Республикасының және әлемнің барлық елдерінің аумағы;

      6. Тізілім – құқық иеленушілер, Қоғамға басқаруға табысталған құқықтар туралы, сондай-ақ сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер кіретін Қоғамның деректер қоры;

      7. Пайдаланушы – Орындаушының Орындауларын осы Келісімшартпен көзделген тәсілдермен пайдаланатын кез келген тұлға;

      8. Сыйақы – Қоғам осы Келісімшартқа сәйкес жасалған Сыйақы төлеу туралы келісімшарттардың негізінде Пайдаланушылардан жинайтын сыйақы;

      9. Қоғамның құжаттары – белгіленген тәртіпте бектілген Қоғамның құжаттары, нұсқаулықтары, қаулылары, өкімдері және басқа ішкі актілері, Сыйақы төлеу турлы келісімшарттар жасасу тәртібін, Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу тәртібін, аударымдардың мөлшерін, сондай-ақ Қоғамның қызметінің басқа да мәселелерін айқындайды;

      10. Аударымдар – Қоғам Сыйақыдан, сондай-ақ қайшылықтық және сот істерін жүргізудің, Пайдаланушылардан өндірілетін тұрақсыздық айыптарының және т.т. сомалардан Қоғамның Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша қажетті шығыстарын өтеуге ұстап қалатын сомалар мен Қоғам өзі олардың мүдделерін білдіретін құқық иеленушілердің келісімімен және олардың мүдделерінде құрған арнайы қорларға Қоғамның Жарғысымен және Құжаттарымен көзделген мөлшерлерде және тәртіпте бағытталатын сомалар;

    1. Осы Келісімшартта пайдаланылатын басқа терминдер оларға Қазақстан Республикасының заңнамасынде берілетін мәнге ие болады.




  1. КЕЛІСІМШАРТТЫҢ МӘНІ

    1. Орындаушы Қоғамға «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) туындайтын өзінің мүліктік сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқаруды жүзеге асыруды тапсырады.

2.2. Өзінің мүліктік сабақтас құқықтарын басқаруға құқықтарын Орындаушы Қоғамға Қазақстан Республикасының және әлемнің барлық елдерінің аумағы үшін табыстайды. Қазақстан Республикасының аумағында және оның шектерінен тыс Орындаушының құқықтарын қамтамасыз ету мақсаттарында, Қоғам мүліктік авторлық және/немесе сабақтас құқықтарды басқару жөніндегі тиісті шетелдік ұйымдармен келісімшарттар жасасады және олардан Орындаушының пайдасына оның Орындаулары пайдалану үшін Сыйақы алады.

2.3. Орындаушы Қоғамға Орындауларды пайдалану үшін Сыйақы және/немесе мүліктік сабақтас құқықтардың бұзылғаны үшін өтемақы сомаларын өндіріп алу мақсатында Қоғам оның мүдделерін білдіретін Орындаушының атынан және оның пайдасына кінәрат-талаптар мен сот қуыным-талаптарын мәлімдеуді, сондай-ақ барлық мемлекеттік және өзге ұйымдарда Орындаушының мүдделерін білдіруді, не болмаса Орындаушының мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге шаралар қабылдауды сеніп тапсырады.


3. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Қоғамның міндеттері:

      1. Қоғам белгілеген ережелерге сәйкес Сыйақы жинау, бөлу және Орындаушыға төлеу

- бұрын коммерциялық мақсаттарда жарияланған Орындауларды жария орындау үшін, Орындауларды баршаның назарына, соның ішінде Интернет арқылы жеткізу үшін,

- бұрын коммерциялық мақсаттарда жарияланған Орындауларды эфирге беру және кабель арқылы хабарлау үшін,



- бұрын коммерциялық мақсаттарда жарияланған Орындауларды уақытша пайдалану үшін,

      1. мүліктік құқықтарды жекеше негізде басқару қиынға соғатын жағдайларда, Қоғам белгілеген ережелерге сәйкес Орындауларды пайдаланудың өзге түрлері үшін Сыйақыны жинау, бөлу және Орындаушыға төлеу, сондай-ақ Орындауларды сондай Пайдаланушылардан Сыйақыны жинау және бөлу үшін қажет мәліметтер мен құжаттар тапсыруды талап ету;

      2. Пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу кезінде Орындаушыға тиесіл Сыйақының әділ мөлшеріне жетуге барлық шараларды қабылдау;

      3. Орындаушының атынан Қоғам оларды басқарумен айналысатын құқықтарды қорғау үшін қажет кез келген заңи әрекеттер жасау.

      4. Қоғамның Тізіліміне Орындаушының барлық, соның ішінде ол осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін шығарған Орындаулары туралы мәліметтерді енгізу.

    1. Қоғам Қоғамның Құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1. ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жөніндегі басқа, соның ішінде шетелдік ұйымдармен мүдделерді өзара білдіру туралы келісімшарттар мен келісімдер жасасуға;

      2. осы Келісімшарттың 2.1-ші тармағында көзделген жағдайларда Пайдаланушылармен Орындаушының Орындауларын пайдалану үшін Сыйақы төлеу туралы келісімшарттар жасасуға;

      3. Орындауларды Пайдаланушылардан Сыйақыны жинау және бөлу үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды тапсыруды талап етуге;

      4. Қоғамның Тізілімін қалыптастыру кезінде Орындаушы, оның Орындаулары, ол Қоғамның басқаруына тапсырған құқықтар туралы мәліметтерді пайдалану;

      5. Орындаушының атынан немесе өзінің атынан Орындаушы осы Келісімшарт бойынша Қоғамға тапсырған оның құқықтарын қорғау үшін сотта талаптар мәлімдеуге, сондай-ақ өзге де заңи әрекеттер жасауға құқылы.




  1. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Орындаушы төмендегін міндетіне алады:

      1. жиналған Сыйақыны мезгілінде және дұрыс бөлу мен төлеу мақсаттарында, Қоғамның құжаттарымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте Қоғамға өз оларға сабақтас құқықтарды иеленетін өзіне мәлім барлық Орындаулар мен фонограммаларды, сондай-ақ тиісті құқық иеленушілермен келісімшарттарды, жеке деректерін тапсыру. Әйтпеген жағдайда, Қоғам Сыйақының дұрыс бөлінбегені үшін жауапкершілік көтермейді;

      2. Қоғамның өзінің жарғылық функцияларын орындауына болысу;

      3. Қоғамның Жарғысы мойындау және оның барлық талаптарын орындау;

      4. Қоғамның басшы органдарының шешімдерін орындау;

      5. Пайдаланушылар Қоғам арқылы төлейтін Сыйақы есептеуден бас тартпау және өзіне осы Келісімшарт бойынша тиесілі Сыйақыны тек Қоғам арқылы алу;

      6. қажет болған жағдайда Қоғамға Орындаушының мүліктік құқықтарын қорғау бойынша белгілі бір заңи әрекеттер жасауға сенімхат беру;

      7. Қоғамның іскерлік атағына нұқсан келтірмеу;

      8. Пайдаланушылармен Сыйақы төлеу туралы дербес келісімшарттар жасаспау және Пайдаланушылардан тікелей Сыйақы алмау;

      9. Сыйақының бөлінуін және Тізілімнің қалыптастырылуын қамтамасыз ету мақсаттарында Қоғамға Орындаушының сабақтас құқықтары объектілері туралы мәліметтер тапсырып отыру. Көрсетілген мәліметтер Қоғамның мына электрондық мекенжайына жолдана алады: info@kazamanat.kz. Орындаушы Қоғамда оның Орындаулары туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда, Қоғамның сондай Орындаулар үшін Сыйақыны бөлуді және төлеуді жүзеге асыруға мүмкіндігі болмайтынымен келіседі;

      10. Қоғамға осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет мәліметтерді тапсыру, Қоғамға шығармашылық псевдонимін, өзінің өзге де жеке деректері мен төлем деректемелерін өзгерткені туралы, сондай-ақ өзінде алименттер бойынша міндеттемелердің болуы және/немесе орын алуы туралы мезгілінде хабарлап отыру. Орындаушы Қоғамда орын алған өзгерістер туралы мәліметтердің жоқ болғаны Қоғамды Орындаушыға тиесілі Сыйақыны төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін дәл әрі мерзімінде орындау мүмкіндігінен айыратынымен келіседі;

    1. Орындаушы Қоғамның құжаттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

4.2.1 Қоғам белгіленген мерзімдерде және ережелер бойынша өзіне тиесілі Сыйақыны алып отыруға;

4.2.2 Заңмен көзделген жағдайларда Сыйақының төлеміме қатар оның құқықтарының пайдаланылуы туралы мәліметтер бар есептемелер алып отыруға құқылы;





  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

    1. Тиесілі Сыйақы Орындаушыға Аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген салықтарды шегергенде, Орындаушы тапсырған төлем деректемелері бойынша, Қоғамның құжаттарымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде, бірақ кем дегенде жылына төрт дүркін теңгеде төленіп отырады.

    2. Сыйақының сомалары Орындаушыға 5 000 (бес мың) теңге жинақталғаннан кейін төленіп отырады.

    3. Сыйақы төлеумен қатар Қоғам Орындаушының талап етуі бойынша оған оның құқықтарының пайдаланылуы, жиналған Сыйақының және одан ұстап қалынған Аударымдардың мөлшері туралы есептеме тапсыруды міндетіне алады.




  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

    1. Тараптардың арасында осы Келісімшарт бойынша орын алатын немесе орын алуы мүмкін дауларды, келіспеушіліктер мен өзге де мәселелерді Тараптар келіссөз жүргізу жолымен шешуге ниетті.

    2. Егер Тараптар келіссөз жүргізу жолымен келісімге келмесе, онда орын алған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қарастырылуға тиіс.

    3. Тараптар тиісті түрде орындау дүлей күштің, яғни, төтенше және нақты шарттарда беті қайтарылмайтын мән-жайлардың (форс-мажор) әсерінің салдарынан мүмкін болмай шыққан шартпен, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиіссіз түрде орындағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

    4. Форс-мажор мән-жайлары орын алған кезде, олардың әсеріне ұшыраған Тарап ол туралы екінші Тарапты олар орын алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей құлақтандыруға міндетті.




  1. КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҮЗУ ТӘРТІБІ

    1. Осы Келісімшарт оған Тараптардың екеуі де қол қойған сәттен бастап күшіне кіреді және 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

    2. Егер Тараптардың ешқайсысы Келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғаннан кешіктірмей екінші Тарапты Келісімшарттың мерзімін ұзартудан бас тартатыны туралы жазбаша нысанда құлақтандырмаса, оның қолданылу мерзімі әркез сайын автоматты түрде бір күнтізбелік жылға ұзартылып отырады.

    3. Орындаушы ол туралы Қоғамды жорамалды үзу күніне дейін бір ай қалғаннан кешіктірмей жазбаша құлақтандырып, осы Келісімшартты біржақты тәртіпте үзуге құқылы.

    4. Осы Келісімшарт Тараптар Келісімшартты үзу туралы келісімге қол қойғаннан кейін үзілген болып саналады.




  1. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАР

    1. Қоғам Орындаушының жеке деректері өңдеген кезде олардың құпиясын сақтауды және оларды үшінші тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда табыстауды міндетіне алады.

    2. Орындаушы осы Келісімшартқа қол қойған кезде Қоғамға төмендегілерді (көшірмелерін) тапсыруды міндетіне алады:

    • Азаматтың жеке басының куәлігі;

    • СТН берілгені туралы куәлі;

    • жиналған сомаларды аударуға арналған банктік деректемелер;

    • тұрақты мекені, пошталық мекенжайы, телефондары, электрондық мекенжайлары туралы мәліметтер (байланыс үшін).

    1. Осы Келісімшартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделеді, екі Тараптың да қолы қойылады, Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    2. Осы Келісімшарт бойынша барлық құлақтандырулар, хаттар және өзге корреспонденция жазбаша нысанда жасалуға және Тараптар берген пошталық мекенжайлар бойынша тапсырылғаны туралы құлақтандырумен пошта арқылы жіберілуге тиіс.

    3. Осы Келісімшарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңи күшке ие екі данада жасалды.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы/Продюсер:

Тегі




Аты




Әкесінің аты




Шығармашылық псевдоним(дер)і




Шығармашылық мамандануы




Шығармашылық ұжымдардың тізбесі




Туған жылы

күні




айы




жылы




Азаматтығы




Тұрақты мекені бойынша тіркелген мекенжайы




Нақты тұратын мекенінің мекенжайы




Телефондары

үй:




жұмыс:




ұялы:




Электрондық мекенжайы




www.




Жеке басының куәлігінің деректері

сериясы




нөмірі




кім берген




берілген күні:

күні




айы




жылы




Орындаушының СТН және ЖСН




Банктік деректемелері

Банктің атауы




Бөлімше (егер болса)




Банктің СТН




БСК




Дербес шоттың нөмірі




ЖСК




Қоғам:

Ұйымның атауы

«Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі бейкоммерциялық ұйымы» жекеше мекемесі

Заңды мекенжайы

050013, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 512-ші офис

Пошталық мекенжайы

050013, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 512-ші офис

СТН

600400613418

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі

107683-1910-Мк Алматы қаласының Әділет департаменті 17.01.2011 жылы берген

Банк

«Нұрбанк» АҚ АФ Алматы қаласы







БСН

091240010895

Телефон

(727) 334-03-65, 334-03-61, 334-03-62

Факс

(727) 334-03-65, 334-03-61

Электрондық мекенжайы

info@kazamanat.kz сайт- www. kazamanat.kz

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛТАҢБАЛАРЫ

Орындаушы:



/ /


(қолтаңба)

(аты-жөні)

Қоғам:



/



/


(қолтаңба)

(аты-жөні) М.О.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет