С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СОБӨЖ
|
I.5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРІККЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СОБӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
КРЕДИТ № 1
№ 1 тақырып. Ғылыми зерттеулердің этикасы. АУРУ АЛДЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. АУРУ АЛДЫН ЖҮКТЕМЕЛІК СЫНАУЛАРМЕН АНЫҚТАУ.
«Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелерін бекіту туралы»
Сабақтың мақсаты:
-
Ғылыми зерттеулер этикасы бойынша білімін қалыптастыру
-
Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикасы бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
-
Ауру алды және оның критерийлері туралы түсінікті зерттеу
Оқыту міндеттері:
-
ғылыми зерттеулердің этикасы бойынша құрылымдық құжаттар: ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидаларымен танысу.
-
жүктемелік сынаулармен жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесін қызметтерін зерттеу әдістерін меңгеру
-
ауру алды жағдайын анықтау бойынша тәжірибе нәтижелерін сараптап, бағалау
Жүргізу түрі: эссе құрастыру және тақырып сұрақтары бойынша пікісайыс, тесттілеу, тәжірибелер орындау, нәтижелерін сараптау
Тақырып бойынша тапсырма:
-
Клиникаға дейінгі зерттеулерді айқындайтын негізгі бұйрықтар бойынша эссе құрастыру
Таратылатын материал:
-
Мультимедиялық көрсетілім, ҚР ДСМ № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.
Әдебиет
-
ҚР ДСМ № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы.
-
Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.
Бақылау – тест тапсырмаларын орындау
-
Клиникаға дейінгі зерттеулер – бұл
-
клиникалық практикаға енгізу алдында жүргізілетін билогиялық, токсикологиялық,
химиялық,физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
-
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері
-
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
-
Медико-биологиялық эксперимент – бұл
-
әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерәнәі тиімділігін тексеру және өңдеу
-
Зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу
-
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
-
Медико-биологиялық эксперименткелесі негізгі міндеттерді атқарады (4)
-
жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет
-
ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады
-
теориялар мен болжамдарды тексеру жолы, олардың шынайылығының нышаны, жаңа болжамдарды қарастыру негізі
-
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстырмалы гарант болып табылады
-
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады
-
Үлгілеуге қойылатын талаптар (4)
-
ауруды тудыратын және оны үлгілеудегі себеп мен жағдайдың бірегейлігі
-
аурудың және оның үлгісінің морфологиялық және функциялық өзгерістерінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық деңгейде ұқсастығы
-
біртектес асқынулар дамуындағы ұқсастығы
-
бірлей әсерлермен емдеудің тиімділігі
-
жануарлардың тек бір түрін қолдану
-
Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық экперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді
-
ресурстар
-
сәйкес басқару (жұмыстың мақсаты мен міндеттерін сипаттайтын хаттама жүргізу, осы мақсаттарға жету үшін қолданылатын материалдар мен әдістер ж.б. )
-
зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау
-
құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі (алғашқы мәліметтері, қорытынды есебі, мұрағаттары бар жұмыс журналдары)
-
эксперимент нәтижелерін негіздеуге және зерттеудің маңыздылығын қамтамасыз ететін сәйкес сапа кепілдік жүйесі
-
Жануарларда клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық экперимент Қазақстан Республикасының .............мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі (атын қойыңыз)
-
Лабораториялық жануарларды ұстайтын және тәжірибе жүргізетін бөлім келесі бөліктерден тұрады
A)… E)…
B)… F)…
C)… G)…
D)… H)….
8. Негізгі жоспар ретінде ресурстарды бөлу және жоспарлауды айтады. Ол мыналардан тұрады (дұрыс жауабын таңдаңыз):
-
зерттеудің барлық хаттамалары
-
күндері және қызметкерлердің жүктемесі көрсетілген жұмысты жүргізу кестесі
-
есептер мен хаттамаларды тексеру енгізілген жұмысты аяқтау мерзімі
-
құрал-жабдықтарды пайдалану жолдары және қалпына келтіру шаралары
-
қызметкерлердің жауапкершілігін бөлу және анық көрсету
-
зерттеу басқарушысының негізгі жоспарға енгізілген барлық құжаттарды бекітуі
9.Валидация – бұл
-
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
-
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері
-
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
-
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
10. Ақпараттық келісім – бұл
-
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
-
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
-
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
11. Калибровка – бұл
-
прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы
-
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
-
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
-
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
12. Қажетті лабораториялық тәжірибе –бұл
-
алынған нәтижелердің парықтығы мен дәлдігінің кепілдігі болып табылатын клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерінің болжамдары және сараптау, құжаттау, жүргізу, мониторинг, аудит, жоспарлау стандарты
-
прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы
-
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
-
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
13. Рандомизация – бұл
-
жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі
-
репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері
-
қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар
-
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
-
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
14. Стандартты операциялық әрекеттер (СОӘ) – бұл:
-
жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі
-
репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері
-
қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар
-
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
-
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
15. Тератогендік – бұл:
-
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
-
зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бір немесе бірнеше мәрте енгізгенде ұрық пен жаңа туылғандарда организміне кері әсері
-
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
16. Жітілеу улылық – бұл
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
17. Созылмалы улылық – бұл
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
18. Фетоулылық (ұрыққа әсер ететін улылық) –бұл
-
зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері
-
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
-
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
-
зерттелетін заттың ұрықтың жүктіліктің соңғы мерзімінде сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігін қамтамасыз ететін қызметтерінің даму және жетілу кезеңінде зақымдаушы әсері
АУРУ АЛДЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. АУРУ АЛДЫН ЖҮКТЕМЕЛІК СЫНАУЛАРМЕН АНЫҚТАУ
Тақырып бойынша тапсырмалар:
№1 тапсырма.
|
Ауру алдын анықтау үшін зерттелушінің жүрек-қантамыр жүйесінің физикалық жүктемеге серпілісін (Мартине сынауы)зерттеу
|
Әдісі: Тәжірибелік жұмысты орындау үшін студенттер бірнеше топқа бөлінеді. әрбір топта кемінде төрт адам болуы тиіс:
1 – зерттелуші (студент - сұранушы)
2 - артериялық қысымды өлшейтін студент
3 - зерттелушінің пульсін санаушы
4 – алынған мәліметтерді дәптерге тіркеуші студент
Зерттелушінің қан қысымын отырғызып өлшейді, екінші қолынан жүрек соғысының 10 секундтағы орташа санын есептейді. Бұл үшін 10 секундтағы жүрек соғу жиілігі 6 рет саналады, алынған нәтижелер қосылады және 6-ға бөлінеді, орташа мәнін алады.
Одан әрі зерттелуші манжетканы шешпей, 30 секунд ішінде 20 рет қатты отырып тұрады. Жүктемеден соң дереу АҚ және ЖСЖ 10 секундта есептеледі. Келесі АҚ мен тамыр соғысын санау әрбір минөт сайын бірнеше рет көрсеткіштердің бастапқы деңгейіне келгенінше жүргізіледі. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады:
Зерттелетін көрсеткіштер
|
Жүктемеге дейін
|
Жүктемеден соң дереу
|
Жүктемеден соң әрбір минөтте
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.Жүректің соғу жиілігі
2.АҚ:
систолалық
диастолалық
пульстік
|
|
|
|
|
|
|
|
Сынауды бағалау критериі:
- жүректің соғу жиілігінің сараптамасы:
1. Жүктемеден соң тамыр соғысының қалпына келу уақыты 3 – 4 минөт.
2. Жүктемеден соң тамыр соғысының жиілігі 50 – 70%-ға өседі, мына формула бойынша есептеледі:
(жүктемеден кейінгі тамыр соғысы – бастапқы тамыр соғысы) х 100
Бастапқы тамыр соғысы
- АҚ өзгерістерінің сараптамасы
1. Физикалық жүктемеден соң систолалық қысым 10 –20 мм с.б. артады, диастолалық қысым 10 – 20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20 –40 мм с.б. артады.
2. АҚ жүктемеден соң 4 – 5 минөттен соң қалпына келеді.
Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.
Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:
1. Гипертониялық әсерленіс.
Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады.
Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының
атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс
Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
3. Астениялық әсерленіс.
ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.
Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
№ 2 тапсырма.
|
Зерттелушінің тыныс алу жүйесінің дене жүктемесіне серпілісін және организмнің бейімделу тетіктерін зерттеу.
|
Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).
Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).
Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.
Зерттелетін
көрсеткіштер
|
Жүктемеге дейін
|
Жүктемеден соң дереу
|
Штанге сынауы
|
|
|
Генче сынауы
|
|
|
Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.
Дені сау шынықпаған адамдарда:
Штанге сынауы -30- 40 сек.
Генче сынауы - 20-30 сек.
Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады.
Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
Таратылатын материал: тонометрлер, фонендоскоптар, секундомерлер
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 14-15.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 24-30.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.
Дополнительная
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 29.
7. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6
№ 2 тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ. ОРГАНИЗМ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ РӨЛІ
Сабақтың мақсаты:
-
Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру
Оқыту міндеттері:
-
реактивтіліктегі жас, жыныс, дене бітімінің рөлін зерттеу
-
тітіркендіргішке организмнің реактивтігіне байланысты жауап қайтару түрін тәжірибеде бағалау
Оқыту әдістері: «мылқау» кестені толтыру, ситуациялық есептерді шешу, тесттілеу.
Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)
№ 1 тапсырма
|
«Мылқау» кестені толтыру
|
Конституция түрлерінің жіктелуі.
Сиго бойынша
|
1….2….3….4….
|
Кречмер бойынша
|
1…2…3….;1…2….3….
|
И.П. Павлов бойынша
|
1…2…3…4….
|
М.В. Черноруцкий бойынша
|
1…2…3…
|
Богомолец бойынша
|
1…2…..3……
|
№ 2. М.В. Черноруцкий бойынша конституциялық түрлердің сипаттамасы
Астеник
|
Нормостеник
|
Гиперстеник
|
|
|
|
№ 3. М.В. Черноруцкий бойынша конституциялық түрлердің қызметтік ерекшеліктері ( немесе белгілерін қою арқылы көрсеткіштерді сәйкестендіріңіз)
|
Астеник
|
Гиперстеник
|
1.АҚ шамасы
2. гемоглобин мөлшері
3.ӨТС
4.АІЖ сөл бөлуі мен қимылы
5.зат алмасу қарқындылығы
6. қадағы қант мөлшері
7. гипофиздің қызметі
8.бүйрекүсті бездерінің қызметі
9.қалқанша бездері қызметі
10.жыныс бездері қызметі
|
|
|
№ 4.
Конституцияның астениялық түрінің жиі ауыратын аурулары
|
Конституцияның гиперстениялық түрінің жиі ауыратын аурулары
|
|
|
№ 5. Балалар реактивтілігінің ерекшеліктері
ОЖЖ мен эндокрин жүйесінің толық жетілмеуі
|
Иммундық жүйенің толық жетілмеуі
|
Биотосқауылдардың жоғары өткізгіштігі
|
|
|
|
№ 6. Қарттар реактивтілігінің ерекшеліктері
№ 2тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1.
Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.
-
Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?
-
Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?
-
Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.
№ 2
Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..
1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?
2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?
3. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?
№ 3
Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).
-
Бала қандай аурумен ауырады?
-
Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?
-
Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.
-
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.
-
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 57-63 беттер
Қосымша
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 21-23, С. 26-42.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
№ 3 тақырып. ДӘРІЛІК ЕМНІҢ ТИІМДІЛІГІНДЕ РЕАКТИВТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ
Сабақтың мақсаты:
Дәрілік емнің тиімділігінде реактивтіліктің маңызын меңгеру
Оқыту міндеттері:
-
дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің маңызы зерттеу
-
дәрілік заттардың тиімділігінде тұқымқуалаушылықтың маңызы зерттеу
-
дәрілік заттардың тиімділігінде жыныстың маңызы зерттеу
Оқыту әдістері: дискуссия, эссе
Таратылатын материал: Тақырып бойынша мультимедиялық көрсетілім
№ 1 тапсырма
|
Дәрілік заттардың тиімділігінде реактивтіліктің маңызы
|
Дәрілік емнің тиімділігі тұқымқуалаушылықпен, жаспен, жыныспен, конституциямен және асқазан-ішек жолының, қан жүйесі, бауыр, бүйрек қызметтерінің жағдайымен сипатталатын даралық реактивтілікке байланысты.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің маңызы. Дәрілік заттарға сезімталдықтың жас мөлшеріне сәйкес ерекшелігі бар. Дәрілік заттарға ең жоғары сезімталдық ұрықтық даму және ерте постнаталды кезеңде жүйке және эндокрин жүйелерінің, сыртқа шығару жүйесінің (бауыр, бүйрек) құрылымдық және қызметтік жетілмеуінен, биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен, көптеген нәруыздар мен ферменттердің саны аздығы және төмен белсенділігінен дамиды. Қартайған шақта дәрілік заттардың сіңірілуі биологиялық тасымалдануы баяулауы және бүйрекпен шығарылу жылдамдығының төмендеуі болады. Бұған жасқа сәйкес ОЖЖ, эндокрин, орталық және шеткері қанайналымы, асқазан-ішек жолы, биологиялық тосқауылдар, уытсыздандыру жүйесінің, сыртқа шығару жүйесінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері әкеледі.
Дәрілік заттардың тиімділігінде тұқымқуалаушылықтың маңызы. Организмнің тектік қалыптасқан ерекшеліктері дәрілердің сіңірілуіне, организмде (ағзалар мен жасушаларға) таралуына, қабылдағыштарымен әсерлесуіне, организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен шығарылуына заңдылықпен әсер етеді.
Фармакологиялық серпілістердің тұқымқуалайтын өзгерістері
↓ ↓ ↓
Дәрілік заттардың Дәрілік заттардың Дәрі мен организм арасында
баяу метаболизмі тез метаболизмі қалыпты биохимиялық әсерлесудің бұзылуы
↓ ↓ ↓
Фармакологиялық Фармакологиялық Фармакологиялық әсері
әсері өте күшті әсері өте әлсіз әдеттегіден тыс
Тектік ерекшеліктер тотығу, метилдеу, ацетилдеу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады, соның әсерінен организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен оның шығуы баяулайды, оларды қолданғанда жанама әсері мен улылығы даму мүмкіндігінің артуын тудырады.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жыныстың маңызы. әйел мен ерлер организмінің құрылымдық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері дәрілік заттардың организмде тасымалдануына, таралуына және организмнен шығарылуына әсерін көрсетеді.
ЛИТЕРАТУРА:
Основная
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
-
Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 57 -63
Дополнительная
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-4
№4 тақырып: ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Сабақтың мақсаты:
Су, электролит және қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстарының өзара байланыстылығын және даму механизмдерін меңгеру
Оқыту міндеттері:
-
су-электролит алмасуы бұзылыстары мен ҚСҮ бұзылыстарының байланыстылығын зерттеу
-
ацидоздар мен алкалоздардың этиологиясы мен патогенезін зерттеу
-
ҚСҮ бұзылыстарының әртүріндегі зақымдану құбылыстары мен теңгерілу серпілістерін ажыратуды үйрену
-
Ацидоздар мен алкалоздарды диагноздау үшін ҚСҮ көрсеткіштерінің өзгерістерін сараптауды үйрену
Жүргізу түрі: ацидоздар мен алкалоздар патогенезінің сызбанұсқасын зерттеу, ситуациялық есептерді шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
№ 1 тапсырма. Ацидоздар мен алкалоздар патогенезінің сызбанұсқасын зерттеу
-
Түрі Теңгерілген Теңгерілмеген
Э тиологиясы
сыртқы тыныс құрамында СО 2 мөлшері көп
жеткіліксіздігі ауамен демалу
Патогенезі
-
Организмде қөмірқышқылының жиналуы
|
Организмдегі артериялардың ми қан тамырларының кезбе нервтің
бұзылыстар тарылуы кеңеюі қозғыштығының
артуы
АҚ жоғарлау бас сүйектің ішіндегі кеңірдекшелердің
қысымның жоғарлауы тарылуы
несеп түзілуінің брадикардия
төмендеуі
Теңгерілу жолдары
-
Қышқылдар және сілтілердің арасындағы
тепе-тендіктің қалпына келуі.
|
Буферлік жүйелер және қан мен Бүйректер арқылы протондар
тіндер арасында иондармен секрециясының күшеюі және
алмасу нәтижесінде протондар гидрокарбонаттың кері сорылуының
мөлшерінің азаюыжәне сілтілердің жоғарылауы
артуы
-
Түрі Теңгерілген Теңгерілмеген
Этиоло
гиясы- зат алмасуы қышқылдардың негіздердің қышқылдар ор-
кезінде қышқыл жеткіліксіз көп мөлшерде ганизмге артық
өнімдердің шығарылуы жоғалуы енгізілуі
артық түзілуі
Патогенезі
-
Деммен шығарылмайтын қышқылдардың организмде жиналуы
|
Организмдегі Қаның электролиттік Қанда рСО2 азаюы
бұзылыстар құрамының бұзылуы (Na,K, Ca жоғарлауы),
иондардың зәрмен көп шығарылуы
жүрек ырғақсыз- жүйкелік бұлшық еттік үзілістік
дығы қозғыштықтың төмендеуі тыныс
сүйектердің де- қантамырларының
минерализациясы тонусы төмендеуі
Теңгерілу жолдары
-
Қышқылдар және сілтілердің арасындағы тепе-тендіктің қалпына келуі.
|
Буферлік жүйелер және бүйректер арқылы өкпе гипер-
қан мен тіндердің арасында протондар секреция вентиляциясы
иондармен мөлшерінің және гидрокарбонат
азаюы және сілтілер кері сорылуының
мөлшерінің көбеюі күшеюі
-
Түрі Теңгерілген Теңгерілмеген
Этиологиясы Өкпе гипервентиляциясы
Патогенезі
-
Сілтілердің артуы, Н+ азаюы
|
р СО 2 азаюы электролит тепе-теңдігінің бұзылуы
(қанда Са++ азаюы, организмнің
Na,K, жоғалтуы)
қан тамырларының жүйкелік бұлшық еттік сусыздану жүрек қызметінің
тонусының төмендеуі қозғыштықтың бұзылуы
жоғарылауы
Теңгерілу жолдары
-
Қышқылдар және сілтілердің арасындағы тепе-тендіктің қалпына келуі.
|
Буферлік жүйелер және бүйректерде бүйректерде гидро-
қан мен тіндердің арасында протондар карбонаттың кері
иондармен алмасу нәтижесі- секрециясы- сорылуының төмендеуі
нде негіздердің бейтараптан- ның шектелуі
уы және протондар мөлшері-
нің көбеюі
-
Түрі Теңгерілген Теңгерілмеген
Этиологиясы сілтілік заттар асқазан сөлін кортикостероидтар
организмге жоғалту (құсу) секрециясының күшеюі
көп енгізілуі немесе олардың
организмге енгізілуі
Патогенезі
-
Организмдегі қанның электролит тепе-теңдігінің бұзылуы (қанда
бұзылыстар Са азаюы, организмнің Na, К жоғалтуы)
жүйкелік бұлшық еттік сусыздану жүрек қызметінің
қозғыштықтың бұзылуы
жоғарылауы
Теңгерілу жолдары
-
Қышқылдар және сілтілердің арасындағы тепе-тендіктің қалпына келуі.
|
Буферлік жүйелер және бүйректерде бүйректерде гидро- Өкпе
қан мен тіндердің арасында протондар карбонаттың кері гиповен-
иондармен алмасу нәтижесі- секрециясы- сорылуының тиляциясы
нде негіздердің бейтараптан- ның шектелуі төмендеуі
уы және протондар мөлшері-
нің көбеюі
№ 5 тапсырма.
|
Ситуациялық есептер шығару
|
|
ҚСҮ көрсеткіштері, электролиттік құқрам ж.б. қан мен несептің биохимиялық көрсеткіштері
|
Қалыпты жағдай
|
Есептер
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
Артериялық қанның рН
|
7,35-7,45
|
7,27
|
7,28
|
7,30
|
7,29
|
7,48
|
7,42
|
РСО2 (кПА)
|
4,8-6,2
|
3,9
|
4,1
|
7,5
|
3,9
|
3,2
|
6,8
|
Стандартты гидрокарбонат (ммоль/л)
|
21-25
|
18,0
|
18,5
|
26,0
|
17,0
|
20,0
|
28,0
|
Буферлік негіздердің ауытқуы (ммоль/л)
|
-2,4..2,3
|
-5
|
-5
|
1,3
|
-4
|
-3
|
6
|
Қан плазмасындағы натрий (ммоль/л)
|
134-169
|
160
|
140
|
168
|
125
|
130
|
140
|
Қан плазмасындағы калий (ммоль/л)
|
3,8-5,2
|
5,2
|
5,7
|
5,3
|
5,8
|
4,0
|
3,8
|
Қан плазмасындағы хлор (ммоль/л)
|
95-100
|
96
|
100
|
92
|
94
|
115
|
82
|
Қандағы зәрнәсіл (ммоль/л)
|
3,33-8,32
|
4,6
|
2,1
|
5,25
|
22,4
|
4,6
|
6,22
|
Қан плазмасындағы аммиак (ммоль/л)
|
7,14-21,42
|
16,5
|
24
|
14,1
|
25,5
|
15,3
|
16,8
|
Кетондық денелер (ммоль/л)
|
до 5,2
|
7,2
|
5,6
|
4,0
|
5,2
|
4,2
|
3,5
|
Қандағы глюкоза (ммоль/л)
|
4,44-6,66
|
8,8
|
4,45
|
4,3
|
6,1
|
5,8
|
5,24
|
Қандағы сүт қышқылы (ммоль/л)
|
0,33-0,78
|
0,8
|
3,0
|
0,85
|
0,62
|
0,42
|
0,34
|
Плазмадағы жалпы билирубин (ммоль/л)
|
1,7-20,5
|
1,9
|
10,0
|
16,3
|
1,29
|
12,7
|
16,5
|
Диурез (л/тәу)
|
0,6-1,6
|
2,6
|
1,6
|
1,5
|
0,3
|
1,8
|
1,8
|
Несептің рН
|
әлсіз қышқыл
|
4,6
|
5,2
|
5,4
|
7,4
|
7,9
|
8,0
|
Титрлік қышқылдық (мл 0,1 М NaOH/тәу)
|
70-100
|
584
|
547
|
285
|
20
|
44
|
50
|
Несептегі аммиак (г/тәу)
|
0,5-1,0
|
2,4
|
1,1
|
1,0
|
0,03
|
0,22
|
0,25
|
Несептегі ацетон
|
жоқ
|
бар
|
бар
|
жоқ
|
жоқ
|
жоқ
|
жоқ
|
Организм ҚСҮ жағдайлары бойынша есептер шығару АЛГОРИТМІ.
-
Артериялық қанның рН бағаланады.
-
Сарапталады: I. артериялық қанның рСО2; 2. Стандартты гидрокарбонат және буферлік негіздердің ауытқуы.
-
ион алмасу реакциясы сипатталады (қандағы К, Na, CI¯ ж.б. катиондар мен аниондар).
-
ҚСҮ көрсеткіштері және несептегі көрсеткіштер (бүйрек қызметі), оларды қандағы ҚСҮ көрсеткіштерімен салыстырады.
-
организмдегі ҚСҮ жағдайының ауытқуымен қабаттасатын бұзылыстардың қан мен несептің басқа да биохимиялық көрсеткіштері сарапталады
Таратылатын материал:
Тақырыптың мультимедиялық көрсетілімі
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 215-227.
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.
-
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.. 205 -214
Қосымша
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.349-358
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.
№ 5 тақырып. № 1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Бірінші кредитке енген практикалық сабақтың, СОБӨЖ, СӨЖ тақырыптары
Мақсаты:
-
Өтілген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау
-
Теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдану дағдысын бағалау
Бақылау міндеті:
-
Өтілген материалдар бойынша білімін бекіту
-
Патофизиологиялық тәжірибені жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту
-
ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары бойынша білімін бекіту
-
Есептерді шығарғанда ойын жазбаша және ауызша мазмұндауын дамыту
Студенттер білімін бақылау сұрақтары:
-
Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).
-
Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.
-
Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.
-
Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.
-
Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.
-
Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.
-
Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Организмге механикалық факторлардың ауру тудырушы әсері, сипаттамасы (созылу, жаншылу, соққы).
-
Организмге жоғары барометрлік қысымның ауру тудырушы әсері, сипаттамасы. Компрессия, сатурация және гипербариялық оксигенация туралы түсінік.
-
Организмге иондаушы сәлелердің ауру тудырушы әсері, сипаттамасы.
-
Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері.
-
Тұқым қуалайтын патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.
-
Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері (биіктік ауруын мысалға келтір). Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы.
-
Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.
-
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.
-
Адамның жас мөлшері мен жынысының реактивтіліктегі маңызы.
-
Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.
-
Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің, жыныстың және тұқымқуалаушылықтың маңызы.
-
Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары. Жасушаның қорғаныстық-бейімделулік жолдары.
-
Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.
-
Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Жасуша мембранасы зақымдану салдарлары.
-
Субжасушалық құрылымдар зақымдануының этиологиясы мен патогенезі. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі.
-
«Жауаптың жедел кезеңі» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы.
-
Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.
-
Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.
-
Кома, түрлері, даму механизмдері.
-
Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен улану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Шемен туралы түсінік.
-
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.
-
Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.
-
Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
-
Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
-
Гипер- және гипокалиемия, гипер- және гипонатриемия, гипер- және гипокальциемия себептері, салдарлары.
-
Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |