И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқуды анықтаудың кӛпжақтылығы



Pdf көрінісі
бет50/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Оқуды анықтаудың кӛпжақтылығы
 
И.И. Ильясовтың [79, 5-27 б.] оқудың қҧрылымдық ҧйымдастыры-
луының ерекшеліктерін және оның әртҥрлі тҧжырымдамалардағы 
айырмашылықтарын анықтау ҥшін жҥйелі, сатылы тҥрде ӛткізген 
талдауы сонымен бірге осы процесті тҥсіндірудің саналуандылығын 
ашты, ол ең алдымен жалпы психологиялық тәсілдер мен авторлық 
тҧжырымдамалардың айырмашылықтарымен шартталынады. И.И. 
Ильясовқа сәйкес, оқу: 1) әртҥрлі тапсырамаларды шешуде білім мен 
икемділікті меңгеру (Я.А. Коменский); 2) білім, икемділік пен даму – 
жалпы танымдық процестерді жетілдіру (И. Гербарт); 3) белгілі бір 
пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру (А. 
Дистервег), бҧл жерде А. Дистервег оқу мен дамытуды ажыратқан; 4) 
қиыншылықтарды жеңумен байланысты белсенді ойлау процесі (Дж. 
Дьюи); 5) сыртық қимылдардың қажетті қатысуымен сезімдік және 
ойлы мазмҧнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер 
қҧрудың белсенді процесі (В. Лай) [79, 9 б.]; 6) білім алу және 
проблемалар шешу (К.Д. Ушинский); 7) педагогикалық процестің ішкі 
жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі 
(П.Ф. Каптерев); 8) мінез-қҧлықтың ӛзгеруі, «стимул-реакция» схемасы 
(Дж. Уотсон) және міндетті тҥрде нығайтылуымен «стимул-жауап 
беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк, Б. Скиннер, К. Халл)
ӛзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың ӛзгеруі; «стимул –аралық 
ауыспалы (бейне, карта, жоспар) – реакция» (Э. Толмен) формуласы 
бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-қҧлықтың 
когнитивтік картасын меңгеру; 9) мағынасын меңгеру, яғни кейбір 
тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сӛйлеу белгілерімен) объект-
тітіркендіргіші 
жағдайындағы 
туатын 
реакцияларды 
туғызу 
қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды 
меңгеру (Ч. Осгуд) [79, 14 б.]; 10) тәжірибенің бҧрынғы қҧрылымын 
қайтадан қҧрылымдау, онда екі фаза бар – білім беру әрекетінің 
(алғашқы рет) жаңа формаларын қҧру (табыс) және әрекеттің жаңадан 
пайда болған формаларын қайтадан қҧру және сақтау (ес) (К. Коффка) 
[79, 14 б.]; 11) ҥш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың әртҥрлері: 
біртіндеу - секіріс; саналы тҥрде ҧғыну - аңғармаушылық; нақты 
кӛрінетін – сырт кӛзге кӛрінбейтін байланыстарды ҧғыну (Ж. Пиаже) 
[79, 16 б.]; 12) адам бойындағы қоршаған ӛмір объектілерінің бейнелеу 
мазмҧнының ӛзгеруі: сыртқы – қозғалтушы, сезімдік-бейнелік және 
символикалық (Д. Брунер); 13) ақпарат алу процесін кодтау, сақтау 
және пайдалану (Р. Гэгни); 14) әрекет тҥрі, мҧндай әрекет тҥрінде 


92 
субъект берілген жағдаятта сырттық шарттардың әсер етуінен және 
ӛзінің жеке әрекетінің нәтижесіне байланысты ӛзгереді, ол ӛз мінез-
қҧлығын және ӛзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен ӛз - 
ӛзіне сенімсізділік дәрежесін тӛмендетіп, ӛзін-ӛзі ҧстаудың адекватты 
ережесін немесе дҧрыс жауап табу мақсатында қҧрады (Й. Лингарт) [79, 
22 б.].
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің 
еңбектерінде оқу - білім, икемділік, дағдыны меңгеру ретінде 
қарастырылады (ал дамыту – қабілеттілік, жаңа сапа меңгеру болып 
табылады). П.Я. Гальперин оқуды субъекттің жасаған әрекеттерінің 
негізінде білім меңгеру ретінде анықтайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. 
Давыдов бойынша, оқу дегеніміз оқу әрекетінің ерекші тҥрі, ал А.Н. 
Леонтьевтің теориясы бойынша оқу (ойын және еңбекпен қатар) – 
жетекші әрекет типі, ол уақыттың ҥлкен кезеңін алып қана қоймайды 
(кӛп жағдайда 15-16 жасқа дейін), сол уақыттың ішінде оқушы 
тҧлғасының ӛзі, оның интеллекті, әрекетінің жеке тҥрлері қалыптасады. 
Оқу кӛп мотивтендірілген және кӛп әрекет ретінде қарастырылады [205, 
140-152 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет