І Аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары:
1. Тарихи деректану ұғымы
Тарихи деректер- өткен туралы мәліметтер. Олармен жұмыс істеу тарихи зерттеудің мәнін құрайды. Деректермен жұмыс істей білу – кәсіпқой тарихшының ерекше білгісі. Оларды пайдалана білу тәсілдері мен әдістерін үйрету ерекше тарихи пән- деректанудың мақсаты.
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы орның анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндермен және басқа да тарихи зерттеулермен ара қатанасын қарастыру қажет, мысалы: Қосылқа тарихи пәндерінің келесі пәндерімен тығыз байланысты. Ол, эпиграфика- тастағы, металдағы, сүйектегі, ағаштардағы жазбалар.
- нумазматика- теңгелердегі жазулар;
- сфрагистика- мөрлердегі жазулар;
- геральдика- ел таңбаларындағы жазулар;
- полиграфия-жазу материалдары мен құралдарды және жазу ерекшелігін зерттейтің пән;
- папирология- папирустағы жазулар;
- дипломатика, хронология, метрология т.б.
Деректаны ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректерге салынған мағұлматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндердең әлдеқайда
кең.
Деректанудың өзекті категориясы –дерек. «Дерек» термин ретінде бүгінгі күні екі мағынада қолданып келеді;
1. Дерек- хабар-ошар, мәлімет, мағулмат сөздердің синонимы ретінде. Бұл 1978ж шыққан «Қазақ тілінің түсіндірмен сөздігі» (ҚТТС) берілген
2. Дерек көзі- (шежіре, жылнама т.б) ретінде жие қолданып жүр. Демек, деректану түсінігі нақты оқиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді
( мағулмат, хабар) немесе сол деректерді ( мағулматтарды) жеткізген дерек көздерін ( шежіре, жылнама) зерттеу, талдау мағынасын білдіреді. Деректану пәнінің өздік зерттеу барысында қолданатын теориялық- методологиялық мәселесі бар, ол- деректердің нақты түрлері мен типтерін шолу және сынау; нақты ескерткішке деректанулық талдау жасау болып келеді.Сонымен қатар, деректерден алынған мәліметтерді, нақты тарихи міндеттерді шешуге пайдалану. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: - ғылымның кәзіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және методолгиялық саласына білім береді.
- пайда болған және сақталған деректер кешені таралы ақпарат береді;
- тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіреді.
Сонымен, деректану дегеніміз- тарих ғылымында өзіндік орны бар арнаулы ғылыми пән. Деректанудың міндеттері екі аспектіде қарастырылады. Олар: «дерек және шындық», «дерек және тарихшы».
Біріншісі, деректін пайда болуы мен деректер қорының даму тарихын қоғам дамуымен тығыз байланысыты заңды процесс ретінде талдау.
Екіншісі, деректерде орын алған қоғамдық өмірдің барлық оқиғалары, құбылыстары және процестері туралы ақпараттарды ала білу, оның ақиқаттығын, ғылыми маңыздылығын анықтау, оны пайдалана білу.
Достарыңызбен бөлісу: |