Мемлекеттік тіркеудегі заңды құқы бар адам негізінде әрекеттегі (құжаттың атауы, номері, датасы) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Май ауданы «Көктөбе орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры К.А.Ахметсеитова, бұл аталған әріқарай бір жақты «Жұмыс беруші» және Жарғы негізінде әрекеттегі Май ауданы Көктөбе орта мектебі кәсіподақ комитеті адамы К.Н. Омарова - кәсіподақ комитеті төрайымы, Көктөбе орта мектебінің қазақ тілі оқытушысы, бұл аталған әріқарай «Кәсіби комитет» екінші жақ, екеуі бірге «Екі жақты» аталып, осы төмендегі ұжымдық келісім-шартты бекітті:
I бөлім
1.1. Жалпы ереже
-
Еңбек құқы нормаларын ұстанатын, басқа да актілер мен Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін орындауда екі жақтың өзара жауапкершіліктерін қамтамасыз етуде, сонымен қоса жұмыскерлердің өмір сүру деңгейлерін көтеруге бағытталған, жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында осы ұжымдық келісім-шарт бекітілді.
-
Қазақстан Республикасы аймағында күші бар нормативті актілермен, басқа заңдармен және «Облыстың білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі және облыстық білім Департаменті 2008-2010 жылдарға «ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ Одақтарымен» ЗҚАБ, ҚР білім және ғылым Министрлігі арасындағы салалық келісімдермен және ҚР «Білім туралы», «Кәсіби одақтар туралы» Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен сәйкес ұжымдық келісім-шарты талқыланды.
-
Ұжымдық келісім-шарт бір жағынан жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық сұрақтарын шешу міндеттерін, екінші жағынан әкімшіліктің мүддесі мен құқын қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымы міндеттерін қарастырады
-
Осы ұжымдық келісім-шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында бекітіледі және ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін заңды акті болып табылады.
-
Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпиялы, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңдармен қорғалатын құпия-сыр болатын болса, ұжымдық келісімдерге қатысушылар алынған мәліметтерді жариялауға құқылы емес.
-
Осы ұжымдық келісім-шарт Жұмыс берушінің қайта ұйымдастыру (біріктіру, бөлу, тарату, қайта құру) кезеңіне дейін өзінің күшін сақтайды.
-
Жұмыс берушінің өзінің мүлкін алмастыру кезінде ұжымдық келісім-шарттың күші үш айға дейін сақталады. Бұл аралықта Екі жақ жаңа Ұжымдық келісім-шартты бекіту туралы келіссөз бастауына құқылы немесе өзгертіп толықтырулар енгізіп сақтауына болады.
1.2. Келісім тақырыбы
1.2.1. Салалық келісімдермен және нормативті заңды актілермен, басқа да келісімдермен, бекітілген заңдармен салыстырғанда жақсы жағдайлардың, әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі және ұйымдардың экономикалық мүмкіндігі есебімен жұмыскерлерге жеңілдіктер мен кепілдіктер, екі жақтың арасындағы өзара түсіністік жетістіктері осы ұжымдық келісім-шарттың тақырыбы болып табылады.
1.3. Ұжымдық келісім-шарттың күші
1.3.1. Осы ұжымдық келісім-шарттың күші бекітілген ұжымдық келісім-шарт атынан және оған қосылған Жұмыскерлердің жазбаша өтініші негізінде ұйымдардағы Жұмыс беруші мен Жұмыскерлерге таратылады (ҚР Еңбек Кодексі 3-тарау, 285-бап).
1.4. Екі жақтық жалпы міндеттер
1.4.1. Әкімшілік пен кәсіподақ өзара түсінісушіліктерге қол жеткізе отырып, бір-бірінің мүддесін құрметтеуге, осы ұжымдық келісімнің шарттарын сақтауға міндеттеме алады. Барлық даулы сұрақтарды кеңестер мен келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.
1.4.2. Екі жақ та жұмыскерлердің бар құқы мен жеңілдіктерін алмау керек деп есептейді.
1.4.3. Кез келген екі жақ осы ұжымдық келісім-шартқа қол қоя отырып, қабылданған екі жақты міндеттердің орындалуына кедергі келтірмейтін толықтырулар мен өзгертулер жөніндегі ұсыныстарды осы келісім-шарттың орындау барысын бақылауды жүзеге асыруды комиссияға енгізуге құқылы .
1.4.4.Жұмыс беруші осы ұжымдық келісім-шарт ережелерін орындауға және шарттарын сақтауға, ал Кәсіподақ Жұмыс берушімен қабылданған міндеттердің орындалу жағдайларында осы ұжымдық келісім-шарт күші кезінде ұйымдардан шатақ шығаруды (ереуілді) тоқтатуға міндеттеме алады.
1.4.5. Осы Ұжымдық келісім-шарт қарастырған міндеттердің орындалмауы немесе олардың бұзылуы бойынша ұйымдардағы Жұмыс беруші мен Жұмыскерлер ҚР заңдары бекіткен белгілі тәртіптегі жауапкершілікке тартылады.
1.4.6. Осы келісім-шарт мәтінінің мазмұнын қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде әр Жұмыскерге жеткізу, таныстыру.
1.4.7. Жұмыс беруші ұйымдардағы Жұмыскерлердің еңбек жағдайындағы мүдделерін және соларға байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жалпы жиналыстар мен конференцияларда айтатын жұмыскерлердің жеке өкілі Кәсіподақ комитеті екенін мойындайды.
1.4.8. Жұмыскерлердің өмір сүру деңгейін көтеру, ұйымдардағы жұмыс ырғағы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс беруші мыналарды міндетке алады:
- ұйымның тұрақты қаржы жағдайына қол жеткізу;
- Жұмыскерлердің Заңмен қорғалатын мүддесі мен құқын сақтау;
- Жұмыскерлерді осы ұжымдық келісім-шарт және заңдармен қарастырылған құқылы және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
- Жұмыскерлер сұрағын бір ай ішінде қарастырып, ал егер қосымша қарау мен тексеруді талап етпейтін, рұқсат етілген сұрақтарды күнтізбеліктік 15 күннен асырмай қарастырып, ауызша болса, ауызша, жазбаша болса, жазбаша түрде жауабын беру;
- әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік ұстап қалу(3%) мен міндетті зейнеткерлік ұстап қалу ЗТМО (10%) және еңбек ақы жөнінде қарызды болдырмау;
- еңбек келісім-шартымен алдын ала келісілген жұмысты ұсынуға;
- қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға;
- жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындаулары үшін қажетті бағдарламалармен, оқу жоспарларымен, оқытудың жаңа технологияларымен, кабинеттермен, класс бөлмелерімен, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
- Жұмыскерлердің кәсіби деңгейін көтеруге;
- әлеуметтік-еңбек сұрақтары жөнінде шешім қабылдауда жұмыс беруші Кәсіподақ комитетімен алдын ала келіседі және оны қажетті ақпараттармен, нормативті құжаттармен қамтамасыз етеді.
1.4.9. Жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқы мен кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында осы ұжымдық келісім-шарт шеңберінде Кәсіподақ комитеті мыналарды міндетіне алады:
- конституциялық заң негізінде, күші бар ҚР заңдары және осы ұжымдық келісім-шартпен сәйкес үнемі Кәсіподақ мүшелері – Жұмыскерлердің құқықтық, экономикалық, кәсіби және әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге;
- ұйымдардағы еңбек тәртібі, еңбек және техника қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға ;
- Жұмыс берушінің Еңбек тәртібі ережелерін, еңбек заңы нормаларын ұстанатын басқа да актілер мен ҚР Еңбек Кодексін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
- осы ұжымдық келісім-шарттың орындалуын үнемі бақылауды жүзеге асыруға, сонымен қоса осы ұжымдық келісім шарттарының бұзылуын қалпына келтіру туралы Жұмыс берушіге ұсыныс енгізу;
- осы ұжымдық келісім-шарттың орындалу барысын бақылаудың нәтижесі туралы Кәсіподақ мүшелерін хабардар етуге;
- кәсіби дәрігерлік байқау нәтижесі бойынша санаториялы-курортты емделуге жолдаманы аса қажет ететін жұмыскерлерге демалыс үйлеріне жолдама алуға жағдай жасауға;
- ұйымдарда спорттық және мәдени-көпшілік шаралар өткізу және оларға қатысу;
- ұйымдарда еңбек тәртібін нығайтуға ат салысуға.
II бөлім. Жұмыскерлер дәрежесі
2.1. Мемлекеттік білім мекемелері және қазыналы кәсіпорындардағы педагогтер мен басқа да қызметекерлерге 2007 жылғы қыркүйектің 27-нен №850 ҚР үкіметінің Қаулысымен «азаматтық қызметкер» дәрежесі бекітілді (2007 жылғы қыркүйектің 27-нен №850 ҚР үкіметінің Қаулысы №1 қосымша «Азаматтық қызметкерлер лауазымы тізімдерін бекіту туралы»)
2.2. Азаматтық қызметкерлер еңбегін реттеудің ерекшелігі:
- азаматтық қызметкерлікке түсу конкурс бойынша жүзеге асырылады. ҚР Еңбек Кодексі 229-бап, 1-тарау;
- азаматтық қызметкерлікке қабылдау еңбек келісім-шартын бекіту жолымен және жұмыс берушінің акті шығаруымен жүргізіледі.ҚР Еңбек Кодексі 229-бап, 4-тарау;
- азаматтық қызметкер өзінің жаөбаша өтініші бойынша, ұйымдар арасындағы басшылар келісімімен басқа мемлекеттік мекемелерге (қазыналы кәсіпорын) жұмысқа ауысуы мүмкін. ҚР Еңбек Кодексі 232-бап;
- азаматтық қызметкерлерді қызмет бойынша көтеру жоғары қызметке аудару жолымен жүзеге асырылады. ҚР Еңбек Кодексі 1- тарау, 234-бап;
- біліктілігін көтеруден немесе мамандық бойынша қайта дайындаудан өтетін азаматтық қызметкерлерге төленетін оқу демалысы беріледі. ҚР Еңбек Кодексі 3- тарау, 235-бап;
- азаматтық қызметкерлерге басқа орынға жұмысқа ауысқанда көшу жолының ақшасы төленетініне кепілдік беріледі. ҚР Еңбек Кодексі 237-бап;
- қалалық азаматтық қызметкерлермен салыстырғанда ауылда жұмыс істейтін салалық азаматтық қызметкерлерге жергілікті ұйымдар шешімі бойынша бюджет қаржысы есебінен қызметтік еңбек ақы мөлшері мен белгіленген еңбек ақы мөлшерін 25% - ке көтеріледі ;
- лауазымдық тізімі жергілікті атқару ұйымдарымен белгіленеді. ҚР Еңбек Кодексі 3- тарау, 238-бап;
- азаматтық қызметкерлермен еңбек келісім-шартын тоқтатуда олардың зейнеткерлік жасқа жетуі қосымша негіз болып табылады;
- кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары зейнеткерлік жастағы қызметкермен, оның жұмыс істеу қабілетін есепке ала отырып, еңбек келісім-шарты жыл сайын ұзартылуы мүмкін. ҚР Еңбек Кодексі 2- тарау, 240-бап;
2.3. Педагогикалық қызметке педагогикалық және кәсіби білімі бар мамандар жіберіледі.
2.4. Педагогикалық этика міндеттері мен нормаларын бұзғаны үшін қызметкер заңмен қарастырылған жауапкершіліке тартылуы мүмкін.
2.5. Сот шешімі мен дәрігер қорытындысы бойынша педагогикалық қызметке жіберілмейтіндер және сотқа қатысты ісі аяқталмағандар білім ұйымдарына жұмысқа алынбайды.
III бөлім. Еңбек келісім-шарты мен еңбек қатынастары
3.1. Еңбек келісім-шарты жазбаша түрде, екі данадан кем емес, Екі жақты қол қойылып, бір данасы Жұмыскерде, бір данасы Жұмыс берушіде сақталады. Жұмыскердің еңбек келісім-шартын алуы жазбаша бекітіледі. ҚР Еңбек Кодексі 32-бап, 1-тарау.
3.2. Келісім-шартты белгілі уақытқа бекітуде берілген уақыт бір жылдан кем болмауы керек. ҚР Еңбек Кодексі, 2-тарау 29-бап.
3.3. Жұмыскермен еңбек келісім-шартын қайта бекіткенде, бұрынғы келісім-шарт белгілі уақытқа бекітіліп, соның ішінде еңбек келісім-шартын ұзартқанда ол белгісіз уақытқа бекітілген болып есептеледі. ҚР Еңбек Кодексі, 29-бап.
3.4. Егер еңбек келісім-шартының уақыты өтіп кетіп, бір тәулік ішінде екі жақ та еңбек қатынасын тоқтатуды талап етпесе, онда келісім-шарт белгісіз уақытқа бекітілген болып есептеледі. ҚР Еңбек Кодексі, 29-бап.
3.5. Егер еңбек келісім-шартында оның әрекет ету мерзімі туралы айтылмаса, онда ол белгісіз уақытқа бекітілген болып есептеледі. ҚР Еңбек Кодексі, 3-тарау 29-бап.
3.6. ҚР Еңбек Кодексі 29-бабының 3),4),5), тарауларында еңбек келісім-шартын мына жағдайда бекітуге болады:
- белгілі жұмыстың орындалу уақыты;
- уақытша жоқ жұмыскердің орнын алмастыруда;
- маусымдық жұмыстың орындалу кезінде.
3.7. Ұйымдарды немесе оның құрылымдық бөлімдерін жоюда, басқа да жағдайларда Жұмыскерлер санын босату мүмкіндігі кәсіподақтың алдын ала хабарлауымен жүзеге асырылады. Жұмыскерлерге босатылатыны жөнінде бір ай бұрын жеке-жеке жазбаша түрде ескіртіледі.
3.8. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті жұмыскерлердәің еңбек құқын жүзеге асыру сұрақтарын шешуде кәсіподақ комитеті пікірін есепке ала отырып, өзара кеңестер өткізеді.
3.9. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті оқу үрдісінен бос уақытта түрлі пәндер бойынша оқытушыларды компьютерде жұмыс істей білуге және олардың компьютерді сауатты меңгеруіне мұғалімдерді оқытуды ұйымдастырады.
3.10. Ұжымның жұмыс істеу күн тәртібі Еңбек Ережесі тәртібімен белгіленеді(ұжымдық келісім-шартқа ұсынылады)
- еңбек күн тәртібінің ережесі жұмыскерлер өкілеттігі келісімі бойынша Жұмыс берушімен бекітіледі;
- олар Жұмыс беруші мен Жұмыскерлердің орындауы үшін міндетті болып табылады. ҚР Еңбек Кодексі, 69-бап.
3.11. Оқу жылы барысында оқу жылы соңына дейін педагог қызметкерлердің жұмыстан босауына әсер ететін штаттық-ұйымдастыру шараларына өзгерту енгізуді болдырмау.
3.12. ҚР Еңбек Кодексінің 170-177 баптары талаптарын орындай отырып, жұмыс үрдісінде оның белсенділігі мен күшінің дамуына мүмкіндік туғызады, келісім комиссиясын белгілеу және екі жақ жеке дауларды шешуде қызметін пайдаланады. (ұжымдық шартқа қосымша – ұйымның көрсетуімен сайланған және белгіленген комиссия құрамы мен сандық және сапалық комиссия құрамы).
IV бөлім. Демалыс
4.1. Жұмыс уақыты мен демалыс мезгілі екі жақтың келісімі бойынша еңбек күн тәртібі ережелерімен және заңды актілермен реттеледі.
4.2. Жұмыскерлерге төленетін жылдық еңбек демалысы күнпарақтық 24 күнге беріледі. Одан көп демалыс күнінің саны заңмен қарастырылады:
- азаматтық қызметкерлерге күнпарақтық 30 күннен кем емес ҚР Еңбек Кодексі, 239-бап, 1-тарау;
- жалпы орта, техникалық, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлерге 56 күнпарақтық күн;
-қосымша және мектепке дейінгі білім, оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ететін ұйымдардағы педагог қызметкерлерге 42 күнпарақтық күн. «Білім туралы Заң» 53-бап;
- ҚР Еңбек Кодексінің 3-тарау, 101;102-баптарына сәйкес қызметкерлерге төленетін жылдық еңбек демалысына қосымша күн беріледі (қосымша: демалыс кестесі және кімге қанша күнге берілгендігі көрсетіледі).
4.3. Бала туылуы мен бала асырап алуға байланысты ҚР Еңбек Кодексінің 192-195-баптарына сәйкес демалыс беріледі.
4.4. ҚР Еңбек Кодексінің 3-тарау, 111-бабы негізінде Жұмыс беруші Жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша еңбек ақысын сақтамай 5 күнге дейін демалыс беруге міндетті:
- некеге тіркелуде;
- бала туылғанда;
- жақын туыстары қайтыс болғанда;
- еңбек және ұжымдық келісім-шарты қарастырған басқа да жағдайларда.
4.5. Екі жақтық келісім бойынша жұмыскерге, оны демалыстан шақыртып алған жағдайда, төленетін жылдық еңбек демалысының пайдаланбаған бөлігіне төлем ақы жүргізуі мүмкін.ҚР Еңбек Кодексі, 3- тарау, 109-бап.
4.6. Білім ұйымдарында оқып жатқан қызметкерлерге оқу демалысы беріледі. (Еңбек және ұжымдық келісім-шартта оқу демалысына қай қаржы есебінен төлем жүргізілетіні көрсетіледі);
- еңбек ақы қоры қаржысын үнемдеу есебінен немесе басқа мүмкіндіктерді көрсету.
4.7. Жұмыскерді демалыс күндері жұмысқа шақыру тек оның жазбаша келісімі арқылы жүргізіледі және жұмыскердің өтінішімен оған басқа күні демалыс беріледі немесе екі есе еңбек ақы төленеді ҚР Еңбек кодексі, 97,128- бап.
4.8. Жұмыс беруші жұмыскерге 3 жасқа дейін бала күтіміне қарау үшін еңбек ақысын сақтамай демалыс беруге міндетті. Осы уақыт аралығында жұмыскердің еңбек өтілі мен жұмыс орны, қызметі сақталады. Бұл демалысты жұмыскер жазбаша өтініші негізінде бөліп-бөліп пайдалануына болады. ҚР Еңбек Кодексі, 2,3,4- тарау, 195-бап.
4.9. Егер еңбек келісім-шартының бітуіне бір күн қалғанда әйел адам он екі немесе одан да көп апта екіқабаттығы жөнінде дәрігерлік қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек келісім-шартының мерзімін 3 жасқа дейінгі бала күтімі біткенге дейін ұзартуға міндетті. ҚР Еңбек Кодексі, 2- тарау, 185-бап.
4.10. Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелге баланы тамақтандыруы үшін 3 сағаттан кем емес қосымша үзіліс беріледі. Үзіліс уақытын еңбек ережесі тәртібінде көрсету. ҚР Еңбек Кодексі, 188-бап.
4.11. Жылдық еңбек демалысына шығатын жұмыскерлерге күнпарақтық 3 күннен кешіктірмей еңбек ақысы төленеді. ҚР Еңбек Кодексі, 5- тарау, 105-бап.
4.12. «Семей ядролық полигонын сынау нәтижесінен зардап шеккендерге, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы туралы», «Аралдың экологиялық апатқа ұшырауынан зардап шеккендерге, азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңдарына сәйкес Жұмыскерлерге жылдық қосымша төленетін демалыс және тұратын жеріне байланысты айлық төлем ақы беру.(Қосымшаға жұмыскердің тегі мен аты-жөнін, жеңілдік төлемінің заңдылығын дәлелдейтін құжатының атауын, төлем мөлшері мен қосымша демалыс күнінің санын нақты көрсету).
4.13. Жұмыстың бірінші және кейінгі жылдардағы Жұмыскерге төленетін жылдық еңбек демалысы екі жақтық келісім бойынша жылдың кез келген уақытында беріледі. ҚР Еңбек кодексі, 1-тарау, 105-бап.
V бөлім. Еңбек төлемі
5.1. Жұмыс беруші эксперимент тәртібіндегі жұмысқа, пәндерді тереңдетіп оқытуға, оқу кабинеттерін меңгерушілікке, жазбаша жұмыстар мен дәптер тексеруге, класс жетекшілікке,басқа да жұмыстарға, ауылдық жерде жұмыс істеген жұмыскердің еңбегіне күші бар заңдармен сәйкес, 2002 жылғы қаңтардың 11-нен шыққан № 41 ҚР Үкіметі Қаулысымен сәйкес қосымша еңбек ақы төлеуге міндеттеледі.(Ұжымдық келісім-шартқа қосымша: төлем нормалары мен бағалары).
5.2. Апталық нормативті оқу жүктемесі қосылады:
1) 18 сағат:
- бастауыш білім ұйымдары үшін;
- негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдар үшін;
- қосымша білім ұйымдары үшін;
- арнаулы және арнайы білім ұйымдары үшін.
2) 24 сағат:
- мектеп алды кластары мен мектеп алды топтарында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие және мектепке дейінгі ұйымдар үшін;
- жеткіншек-жас өспірім балалар спорттық ұйымдары үшін.
3) 30 сағат:
- жатақхана, демалыс лагерлері, интернат ұйымдары тәрбиешілері үшін. «Білім туралы» Заң 7-тарау, 52-бап. (Қосымшамен рәсімдеу)
5.3. Мемлекеттік ұйымдардағы педагог қызметкерлерге негізгі жұмыс орны бойынша дипломының бар болуына қарай қосымша төлем бекітіледі:
- мамандық бойынша докторлар мен философия докторы атағына ең төменгі бір айлық еңбек ақы мөлшерінде;
- ғылым кандидатына ең төменгі бір айлық еңбек ақы мөлшерінде;
- ғылым докторына ең төменгі екі айлық еңбек ақы мөлшерінде «Білім туралы» Заң, 6-тарау, 52- бап.(егер мұндай мамандар бар болса,ұжымдық, еңбек келісім-шартында тегі мен аты-жөнін, диплом номерін нақты көрсету).
5.4. Ерекше дәрежесі бар жоғары оқу басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының қызметтік еңбек ақысы көтергіш коэфициент есебімен белгіленеді. «Білім туралы» Заң, 5-тарау, 52-бап.
5.5. Келесі айдың алғашқы он күндігінен кешіктірмей еңбек ақы төлемін ақшалай түрде айына бір рет жүргізіп отыру. ҚР Еңбек Кодексі, 1- тарау, 134- бап.
5.6. Бухгалтерия төлем ақы мөлшерінің жалпы сомасынан міндетті зейнеткерлік жарнамалар мен сақтандырулар үшін ұсталынатын мәліметтерді көрсететін есеп айыру қағазын ай сайын жұмыскерге беріп отыруы керек. ҚР Еңбек Кодексі, 2- тарау, 134- бап.
5.7. Жұмыскерге өзінің негізгі жұмысымен қоса орнында уақытша жоқ адамның жұмысын алып жүргені үшін екі жақтық келісім бойынша орнықтырылған еңбек ақы мөлшерін төлеуді жүргізу. ҚР Еңбек Кодексі, 1- тарау, 131- бап.
5.8. Жұмыскердің кінасынсыз тоқтап қалған күндерге еңбек ақыны толық 100% төлеуді ұжымдық келісім-шартында белгілеу.
ҚР Еңбек Кодексі, 133- бап.
VI бөлім. Денсаулық және еңбек қорғау
6.1. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің V бөлімінде қарастырылған заң нормаларының орындалуын қамтамасыз ету. (Екі жақ)
6.2. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша ішкі бақылау жұмыс берушінің актісімен мекеме мамандарына жүктеледі(еңбек қорғау бойынша мамандардың тегі, аты-жөні, бұйрық көшірмесін ұжымдық келісім-шартқа ұсыну) (Жұмыс беруші)
6.3. Кәсіподақ жиналыстарында қоғамдық инспекторларды сайлау, ҚР Еңбек Кодексінің 341-бабымен келісе отырып олардың құқын жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету. (Кәсіподақ жиналысы шешімінің көшірмесі, қоғамдық инспекторлар тегі, аты-жөнін, куәлік номерін, қызметін көрсету және бұлар ұжымдық келісім-шартқа ұсынылады).
6.4. Жеке қаржы есебінен еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтау сұрақтары бойынша жұмыскерлер білімін тексеру, нұсқаулар беру, оқытулар жүргізу (еңбек ережесі күн тәртібінде мерзімділігі көрсетілуі керек). Оқу-тәрбие үрдісін қауіпсіз жүргізу бойынша Жұмыскерлерді құжаттармен қамтамасыз ету.
(Жұмыс беруші)
6.5. Еңбек қорғау мен жағдайларды жақсартуға жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге қол жеткізу, еңбек қорғауды қамтамасыз етуде шаралар талқылау (еңбек қорғау шараларын ұжымдық келісім-шартқа ұсыну)
(Екі жақ)
6.6. Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік қоғамдық инспекторлардың қатысуымен ішкі бақылау күшімен еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды өткізу. Жұмыс орындарын аттестациялауды өткізу кезінде зиянды жағдайларға қосымша төлемге қол жеткізу. Қосымша төлемдер жүргізу,жұмыскерлерге қосымша демалысты, яғни нормативті-заңды актілермен қарастырылған жеңілдіктерді анықтау.
(Екі жақ)
6.7. Бақытсыз жағдайларды тексеруге қоғамдық инспекторлардың қатысуына бөгет болмау, осы сұрақтар жөнінде олардың Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау мен қауіпсіз жағдайларды тексеруді жүргізуіне бөгетшілікті тудырмау.
(Жұмыс беруші)
6.8. Педагог қызметкерлердің жылдық міндетті тегін дәрігерлік тексерілуін жүргізуді ұйымдастыру. Созылмалы ауруы барларға қажетті көмек көрсету мақсатында жұмыскерлердің денсаулық жағдайы жөніндегі дәрігерлік байқау қорытындысын талқылау.
(Жұмыс беруші)
6.9. Азаматтық қызметкерлерге қызметтік еңбек ақы мөлшерінде сауықтыруға өз уақытында жәрдем ақы төлеуді бақылау. ҚР Еңбек Кодексі, 1- тарау, 239-бап.
(Кәсіподақ комитеті)
6.10. Кәсіподақ мүшелері мен қызметкерлер балаларына жазғы демалысты ұйымдастыру және олардың саноториялы-курортты емделуіне жолдама құнын % кәсіподақ ұйымы бюджеті қаржысынан төлеуді жүргізу.
(Кәсіподақ комитеті)
6.11. Спорттық-сауықтыру және мәдени-көпшілік шараларын өткізуге кәсіподақтың ақшалай қаржысын сметамен келісе отырып бөлу.
(Кәсіподақ комитеті)
6.12. Жұмыс берушінің келісімімен кәсіподақ мүшесі қызметкерлеріне психологиялық жеңілденуге және спортпен айналысу үшін, көпшілік-сауықтыру шараларын өткізуге, кабинеттер, демалыс бөлмелерін тегін ұсыну.
(Екі жақ)
6.13. Саноториялы-курортты емделуіне жолдаманың бар болуына қарай келісім бойынша Жұмыс беруші Жұмыскерге кестеден тыс демалыс бере алады.
VII бөлім. Жұмыскерлерді әлеуметтік кепілдіктермен
қамтамасыз ету
7.1. Жұмыскермен еңбек келісім-шартын тоқтатуды болдырмау:
- уақытша жұмысқа қабілетсіздігі кезінде;
- демалысқа шыққан кезінде;
- іс сапарда жүргенде. ҚР Еңбек Кодексі, 55- бап.
7.2. Жолдама мен өтініш бойынша білім ұйымдарына жұмысқа келгендерге, мамандық бойынша педагогикалық оқу орындарын бітіргендерге жұмыс тауып беру.
Ауылдық жерге келгендерге 50 мың теңге мөлшерінде, жас мамандарға көтерме ақша (қызметке шақырылған адамның жол шығынына төленетін ақша) төлеуге ақшалай қаржыны жергілікті бюджеттерге қосуды қамтамасыз ету.
7.3.Жұмыс беруші Кәсіподақ комитетімен бірлесе, кадрлар құрамын жыл сайын тексере отырып, жұмыс пен оқуды бірге атқарудың жағдайын жасап, оларды кәсіби дайындауға, қайта дайындауға, біліктілігін көтеруге жеке қаржы есебінен 5 жылда бір рет оқуға жіберіп отыруды және іс сапар шығынын төлеуді белгілейді. Осы сұрақтарды шешуде аттестациялау комиссиясының қызметін көтеру, олардың жұмысына қызметкерлер өкілдерін қатыстыру.
7.4. Жұмыскердің еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру мен сақталуын қамтамасыз ету, зейнеткерлікке шығуға құжаттарды рәсімдеу үшін жұмыскердің еңбек ақысы мен еңбек өтілі туралы мәліметтерді дұрыс және өз уақытында дайындау.
7.5. Екі жаққа «Білім туралы» Заңның 2-тарауы, 53-бабымен келісе отырып, жергілікті үкімет ұйымдары шешімімен бюджеттік қаржы есебінен бір уақыттық ақшалай компенсция төлеуге қол жеткізу:
- үй-жай, тұрмыс шаруашылығы жағдайларына;
- отын алуға;
- ауыл шаруашылық кәсіпорны қызметкерлерімен тең болатын мал жайылымы үшін қажет жер бөлігі мен олардың жем-шөбіне .
7.6. 2008 жылдың 1- қаңтарынан «Жоғары оқу орнының таңдаулы оқытушысы» атағына ие болғандарға айлық есеп айыру көрсеткішінен 2000 есе мөлшерінде мемлекеттік грант беру енгізілетінін есепке алу;
- «Таңдаулы педагог» атағына ие болғандарға айлық есеп айыру көрсеткішінен 1000 есе мөлшерінде мемлекеттік грант.
Екі жақ та осы конкурстарға шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қатыстыруды қамтамасыз етуі керек.
VIII бөлім. Кәсіподақ ұйымы қызметінің жағдайын қамтамасыз ету
Жұмыс беруші:
8.1.Жұмыскерлердің экономикалық және әлеуметтік қатынастармен, еңбекпен байланысты сұрақтарын және мүддесі мен құқын қорғайтын жалғыз өкіл Кәсіподақ комитеті екенін мойындайды.
Кәсіподақ комитеті ұсыныстарын қарастырады, ҚР Еңбек Кодексімен бекітілген тәртіпте ұжымдық келісімдер жүргізеді, ұжымдық келісім бекітеді.
8.2. Кәсіподақ комитеті қызметіне жағдай жасау мақсатында оған көлік, байланыс ұйымдастыру техникаларын(компьютер, ксерокс, телефон, интернет ), жабдықталған орындарды тегін пайдалануды ұсынады.(келісілген кесте бойынша).
8.3. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтінішіне қарай Кәсіподақ ұйымдары есебіне кәсіподақ мүшелерінің еңбек ақысынан мүшелік кәсіподақтық жарналарды ай сайын жіберіп отыруға міндетті.
8.4. Орташа еңбек аыларын сақтай отырып, Кәсіподақ ұйымдарының сайлау жұмысына қатысуға, соның ішінде уақытша қысқа мерзімді кәсіподақ оқуларына, еңбек міндеттерін орындаудан уақытша қоғамдық міндеттемелерге тартуда еңбек қорғау бойынша негізгі жұмыстан босатылмаған Кәсіподақтың өкілетін, Кәсіподақ комитеті мүшелерін босатады.
8.5. Кәсіподақ ұйымы келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыру немесе тәртіп жөніндегі жазаға ұшырату, кәсіпорынның толық жойылуынан басқа жағдайларда кәсіподақ ұйымы төрағасы және кәсіподақ мүшелері әкімшіліктің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайтынын мойындайды.
IX бөлім. Ұжымдық келісім-шартың орындалуын бақылау
9.1. Ұжымдық келісім-шарттың орындалуын бақылауды конференцияларда және қызметкерлердің кәсіподақ жиналысында сайланған Екі жақтың тең өкілеттігімен ұжымдық келісім-шарттың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
9.2. Комиссия осы ұжымдық келісім-шартың орындалу жағдайын тоқсан сайын қорытындылайды. Ұжымдық келісім-шарттың орындалу нәтижесі жөнінде Кәсіподақ комитеті мен Жұмыс берушіге анықтамалық материал дайындайды. Жұмыскерлермен 6 айда бір рет кездесуде Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті осы ұжымдық келісім-шарттың орындалу барысы жөнінде хабарлама жасайды.
X бөлім. Қорытынды ережелер
10.1 Осы ұжымдық келісім-шартқа толықтырулар мен өзгертулер екі жақтық бірлескен шешіммен ғана енгізілуі мүмкін. Қабылданған бірлескен шешім ұжымдық келісім-шартың күші бар кезінде оның бір ажырамас бөлігі болып табылады.
10.2 Кәсіподақ жиналысы мен қызметкерлер конференциясында қабылданғаннан кейін Екі жақтық өкілеттер осы келісім-шартқа қол қояды.
10.3. Әр екі жақ үшін бір данадан, осы келісім-шарт екі данадан құрастырылған. Екі дана да тең және бірдей заңды күшке ие.
10.4. Осы келісім-шартты бір жақты бұзуға жол берілмейді.
10.5. Осы келісім-шарт екі жақты өкілдердің қол қоюымен күшіне енеді және жаңаны қабылдағанға дейін қызмет етеді.
10.6. Екі жақтың өкілдері бір ай ішінде Екі жақты қол қойылған ұжымдық келісім-шартты еңбек жөніндегі мониторинг үшін аймақтық құрылымның өкілетті ұйымына ұсынуы тиіс.
Екі жақтық қолдар:
Жұмыс беруші атынан: Жұмыскер атынан:
« » 200 ж. « » 200 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |