6. Қатерлі ісіктер кезінде қолданылатын гормондық дәрілер мен олардың антагонистері. Олар ісік торшаларының көбеюін тоқтатып, толық емделуіне жағдай жасайды.
Медротестрон пропионаты (дростанолон және т.б.) - 5% - 1 мл майлы ерітіндісі. Бұны күн сайын 0,1 г бұлшық етке, ремиссия кезінде күніне 0,05 г-нан ұзақ уақытқа беріледі.
Медротестеронды сүт безінің қатерлі ісігінің асқыну сатысының өте күрделі кезінде қолданады. Жанама әсерлері: гиперкальциемия, жедел гепатит (паренхиматоздық сарғаю), жүрек жұмысының бұзылуы. Жүрек-тамыр жүйесі, бауыр және бүйрек ауруларында, гиперкальциемияда қолдануға болмайды.
Фосфэстрол (хонван және т.б.) - 6% - 5 мл ампуласы және 0,1 және 0,2 г № 30 түймедағы. Бұны қуық түбі безі ісігіне қан тамыр арқылы 0,5 -1,5 г-нан тамшылатып (5% глюкозамен) 10-15 күндей беріледі, содан соң 0,25 г 10-20 күнге дейін қолданылады. Қан тамыр арқылы бере алмаған жағдайда түймедағы 0,2 г-нан күніне 3 реттен беріледі. Кейбір жанама әсерлері болуы мүмкін, ал қанның ұюы күшейгенде, бауыр ауруында, сүт безігінің ісігінде, тромбофлебитте және тромбоэмболияда қолдануға болмайды.
Эстрамустин (эстрацит және т.б.) - қаптамасы 0,14 г №100 және флакондағы ұнтақ 0,3 г егуге арналған. Бұны да қуық түбі безінің ісігіне, гормондық емнің әсері болмағанда қолданады. Күніне 4-5 қаптамадан 2 рет береді. Лейкопения, тромбоцитопения, анемия, лоқсу, құсу, ұйқы қашу, ісіну, аллергиялық және т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Бауыр, жүрек, асқазан ауруларында қолдануға болмайды.
Гестонорон капронаты (депостат және т.б.) - 10% - 2 мл майлы ерітінді. Бұны бұлшық етке 0,2 - 0,4 г аптасына 1 рет 2-3 ай ерлерге, оданда көп уақытқа әйелдерге береді. Бұл да қуық түбі безінің ісігіне, жатыр карциномасына және сүт безінің ісігіне падаланылады. Бауыр ісігіне және жүкті әйелдерге қолданбайды.
Фенастерид (проскар және т.б.) - 0,005 г түймедағын күніне 1 рет бірнеше ай бойы аденомаға (қатерсіз ісікке) қарсы қолданады, сол кезде оның ісігі азая бастайды. Ал бұны қуық түбі безінің қатерлі ісігіне, жүкті әйелдерге және балаларға пайдалануға болмайды.
Флутамид (флутакан және т.б.) - 0,25 г түймедағы. Бұны асқынған қуық түбі безінің ісігінде және дертті асқындырмау үшін 1 түймедақтан күніне 3 рет береді, аурудың жағдайына байланысты емі ұзаққа созылады. Бұның көптеген қатерлі жанама әсерлері болып тұрады. Бауыр, бүйрек және қалқанша без ауруларында қолданылмайды.
Тамоксифен (нолвадекс және т.б.) түймедағы- 0,01 және 0,02 г-нан №30, №60 және №100; 0,03 және 0,04 г-нан № 10 және №30. Бұны сүт безінің ісігіне, меланомаға, жатыр ісігіне, қуық түбі безінің ісігіне, бүйректің, ұрық безінің ісіктеріне, гипофиздің және жұмсақ ұлпалардың саркомасына қарсы қолданады. Бұның әртүрлі қатерлі әсерлері байқалып түрады, ал лейкопенияда, тромбоцитопенияда және жүкті әйелдерге берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |