I. Бөлім. Логикалық есептер 1 -сыныпқа арналған логикалық есептер


III. бөлім. Бастауыш сынып оқушылары үшін математикадан логикалық ойлауға арналған тапсырмалар



бет13/14
Дата18.04.2024
өлшемі3.13 Mb.
#499179
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Логикалық есептер

III. бөлім. Бастауыш сынып оқушылары үшін математикадан логикалық ойлауға арналған тапсырмалар
1-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар


  1. Жолға 2 бала шығып, 2 теңге тауып алды. Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады?

  2. Отбасында 6 ұл бар. Әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Отбасында қанша бала бар?

  3. Мұнда қандай сан қалдырылған?

5+3<5+

  1. Қосарлы ат 8км шауып өтті. Олардың әрқайсысы қанша км шауып өтті?

  1. Қиынды жасау үшін Әлия 3 қағаз парағын жұмсады. Оның енді 6 парағы қалды. Әлияда қанша парақ болған еді?

  2. Үстелдің бетінде 4 бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастады. Үстел бетінде неше бұрыш қалды?

  1. Айгүлдің 6 маркісі бар, ал Сәуленікі одан 3-ке артық. Сәуленің маркісі қанша?

2-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар

  1. Бейнелеу сабағына арналған екі жәшік түрлі түсі қарындаштар жатыр. Әрқайсысында 20 қорап бар. Сабақтың алдында мұғалім бір жәшіктен бірнеше қорабын алды. Содан кейін бірінші жәшікте қанша қорап қарындаш қалса, екіншісінен де сонша қорап алды. Екі жәшікте қанша қораптан қалды?

  2. Әлішер екі балық ұстаған кезде Нұрлан 1балық ұстайды. Егер олар барлығы 12 балық аулаған болса, қайсысы қанша балық аулады?

  1. Мал қорада қаздар мен шошқалар қыдырып жүр. Егер 32 бас және 88 аяқ болса, қорада неше қазбен шошқа бар?

  2. Нұрлан мен Асхаттың 16 дәптері бар. Нұрн Асхатқа 4дәптер бергенде олардың дәптер саны бірдей болды. Бұған ейін олардың қайсысында анша дәптер болған еді?

  3. Суретте қанша үшбұрыш бар?



  1. Егер Диас Алмасқа 300 теңге берсе, екеуінің ақшасы теңеседі. Диастың ақшасы Алмастікінен қаншаға көп?

  2. Сыныпта 8ұл бар. Олардан қыздардың саны 7-ге артық. Сыныпта барлығы қанша оқушы бар?



  1. Апта күндерінің қайсысы «ма» буынымен аяқталады? Ондай күндер нешеу? Реттік санмен санағанда олар нешінші күндер?

  2. Екі әке мен екі бала таңғы астарын ішіп отыр. Оларға 4 жұмыртқа берілді. Бәрі бір бірден жұмыртқа жегенде 1 жұмыртқа қалып қойды. Сонда бұл қалай болғаны?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет