I. Бухглтерлік есеп негіздері



бет1/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#186610
  1   2   3   4   5   6


Мазмұны.

Кіріспе.....................................................................................................................

I.Бухглтерлік есеп негіздері.............................................................................

1.1. Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары...............

1.2. Алынуға тиісті шоттар және басқада дебиторлық берешек........................

1.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі..............................................................

1.4. Негізгі құралдар есебі......................................................................................

1.5. Жал есебі...........................................................................................................

1.6. Материалдық емес активтердің есебі.............................................................

1.7. Инвестиция есебі..............................................................................................

1.8. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.........................

1.9.Міндеттемелер есебі және қарыз бойынша шығын.......................................

1.10. Меншікті капитал есебі.................................................................................

II. Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау.....................

2.1. Экономикалық талдау пәні мен міндеттері..................................................

2.2. Экономикалық талдаудың әдісі,оның ерекшеліктері..................................

2.3. Экономикалық талдауды ақпараттарымен қамтамасыз ету........................

2.4. Экономикалық талдау түрлері.......................................................................

2.5. Өндрістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізі...................

2.6. Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау..............................................

III.Аудит.............................................................................................................

3.1. Аудит мәні,мазмұны және даму тенденциялары........................................

3.2. Аудит мазмұны, функциялары және халықаралық тәжірибелері..............

3.3. Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері...............................................

3.4. Аудиторлық істің этникалыққұқықтық механизмдері..............................

3.5.Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары

3.6.

Қорытынды........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................


Кіріспе
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.

Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.

Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды.

I. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары.
Бухгалтерлік есеп стандарттарьша тұжырымдамалык негізіне сәйкес акі жатады, бұлар - муяік, субъектінің кұндық бағасы бар мүліктік жэне мүліктік игіліктері мен кұқықтары. Активке айналган болашақ экономикалық паі субъектінің ақшалай қаражат тусіміне тікелей немесе жанама, болуы ыктимал сал

Болашақ экономикалық пайда егер актив:

ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) ендірісінде активтермен қосыльш немесе жеке қолдаяылса басқа активтерге айырбасталса міндеттемелерді өтеу уідін пайдаланылса ұйымнын меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.

«Қаржылық есеп беруді ұсыну» 30 бухгалтсрлік есеп стандарттарьгада акт былайша жіктеледі

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.
Қысқа мерзімді активтер - қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен басқа да елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер — құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік (бір жылдан астам кезең бойына өндірістік үдеріске пайдаланылатын нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат).
Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді.Кәсіпорындардың, фирмалардың ұзақ мерзімдік активтерінің ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық, емес активтерге материалды нысанға ие емес, заттық касиеттері жоқ бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар бойы немесе тұрақты түрде табыстар әкелуге мүмкіндік беретін нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны, фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады.

1-кесте


2012жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ЕСЕП


Баптың атауы

Ескерту*

Есепті кезең соңында

Алдыңғы кезең соңында

АКТИВТЕР










Ағымдағы активтер




 

 

Ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары

1

324,191

16,598

Табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер

2

38,701

6,771

Сату үшін қолда бар қаржылық активтер

3

59,101

20,980

«Кері РЕПО» келіімі бойынша алынған қаржылық актвтер

4




112,935

Дебиторлық берешек

5

12,224

7,012

Басқа да активтер

6

3,336

6,404

Жалпы ағымдағы активтер




437,553

170,700

Ұзақ мерзімді активтер




 

 

Негізгі құралдар

7

24,681

35,757

Материалды емес активтер

8

4,939

2,297

Кейінге шегерілген табыс салығы бойынша активтер

11

559




Жалпы ұзақ мерзімді активтер




30,179

38,054

Жалпы активтер




467,732

208,754

КАПИТАЛ МЕН МІНДЕТТІЛІКТЕР




 

 

Ағымдағы міндеттіліктер




 

 

Кредиторлық берешек

9

2,852

3,446

Басқа да міндеттемелер

10

92,693

19,182

Жалпы ағымдағы міндеттіліктер




95,545

22,628

Ұзақ мерзімді міндеттіліктер










Кейінге шегерілген салық міндеттіліктері

11




104

Жалпы ұзақ мерзімді міндеттіліктер







104

Жалпы міндеттіліктер




95,545

22,732

Капитал




 

 

Жарғылық капитал

12

508,586

309,135

Бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын)




(136,399)

(123,113)

Жалпы капитал




372,187

186,022

Жалпы капитал мен міндеттіліктер




467,732

208,754


1.2. Алынуға тиісті шоттар және басқада дебиторлық берешек
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

1) алынуға тиісті шоттар;

2) алынған вексельдер;

3) басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:


  • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

  • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;

  • Басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

Дт: 6030 баға шегерімі – шоты

Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты

Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.

Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:

Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;

Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

1620 «Алдағы кезең шығындары».

1630 «Берілген аванстар».

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

1210 «Алынуға тиісті шоттар»

1210«Алынған вексельдер»

1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»

Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау шараларын жүргізілулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).

Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

Вексель дегеніміз – ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:



ВЕКСЕЛЬ

100000 (жүз мың) теңге 25.03.2004 жыл

Төленуге тиісті сома мөлшері Вексельдің берілген уақыты

«ККК» фирмасы

Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты

13.12.2004 жыл

Төлену серзімі

«НҰР» акционерлік қоғамы

Вексель беруші ұйымның аты

Нұрхан_______________________________МО

Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы

Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельдер пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:



  • Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;

  • Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;

  • Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;

  • Айналымға жіберу мүмкіндігі.

Бухгалтерлік есепте весельдер сатлыған, вексельге айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы вексель айналымы мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып табылады. Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қфысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:

Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;

Дт:7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг

Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг



  • Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

  • Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 80000 тг

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар 80000 тг

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.

Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:



  • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);

  • Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға

2150

1010




2

Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері

2150

3010




3

Жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне

1010

2150




4

Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берліген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды

3430

2150







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет