І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау


Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне кедендік құжат толтыру кезінде төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі317 Kb.
#138624
1   2   3   4

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне кедендік құжат толтыру кезінде төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады.

Салық төлеуші есептеулер әдісін қолданған кезедегі есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасы болып жүктердің кедендік декларацияларында, төлем құжаттарында, жолда жүру билеттерінде, коммуналдық қызметтер құжаттарында, тауарлар қалдығының инвентаризациялық тізімінде көрсетілген немесе қолма-қол айырысумен тауарларды сатып алғандағы қойылған шот-фактура бойынша төленуі тиіс салық сомасы болып табылады.

Төмендегі шарттарды алумен байланысты салық алуға жататын салық есепке алынбайды:

  • тұрғын үй ғимараттарын;

  • негізгі құрал ретінде автокөлікті алу;

  • жалға берілетін тұрғын үй қорын, ғимаратты жөндеуге қолданған тауарлар мен қызметтер, жалға беру келісім-шартына сәйкес жөндеуге кеткен шығындарды жалға беруші өтейтін болса, және жөндеуді жүзеге асырушы жалға берушінің салық салынатын айналымы болып табылған жағдайды қоспағанда;

  • өтеусіз алынған мүлік (тауар, қызмет, жұмыс), Қазақстан республикасынан тыс жерлерден әкелінсе және осы мүлікті алушы қосылған құн салығын төлеген жағдайды қоспағанда.

Егер де салық төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын айналым болса, онда жалпы айналым сомасына салық салынатын айналымның үлес салмағымен анықталған салық сомасы қосылған құн салығы бойынша есепке алынады.

Жоғарыда қосылған құн салығын алу тәртібі туралы айтылған жағдайды декларация мысалында қарастырып көрейік.

Компания қосылған құн салығы салынатын объектісін иеленіп отырған заңды тұлға, яғни қосылған құн салығының төлеушісі болып табылады.

Төртінші тоқсанда салық салынатын айналым: 9675 мың теңге

Қосылған құн салығынан босатылған айналым: 343248мың тг.

Жалпы айналым:352973 мың тг.

Салық төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымды иеленеді, сондықтан үлесімді әдіс бойынша, яғни пайыз қатынасындағы салық салынатын айналымның жалпы айналымға қатысымен анықталған қосылған құн салығы сомасы есепке алынады.

9675/352973‡100%=2,7%

15% ставкамен есептегенде қосылған құн салығының сомасы

9675‡15%=1451,25 мың теңге

Қосылған құн салығы көрсетінлген шот-фактура бойынша Қазақстан республикасы аумағында сатып алынғандықтан, салық төлеуші қосылған құн салығының сомасын есепке алуға құқығы бар.

Қосылған құн салығы жоқ айналым — 4206 мың теңге, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы 4206‡15%=630,9мың теңге.

Декларацияның 10 жолын толтырғанда «Қосымша Дң қолданылады. Бұл қосымшада есептік кезеңдегі барлық өндірілген, сатып алынғандар туралы толық мәліметтер көрсетіледі.

Үлесімдік әдісті қолдануда есепке жатқызылған қосылған құн салығының туындысының салық салынатын айналым үлесіне тең, есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын анықтасық, 630,9‡2,7%=17,03 мың теңге.

Есептік кезеңде төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасын есептелген қосылған құн салығы мен есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының айырмасымен есптейміз: 1451,25-17,03=1431,22 мың теңге.

Халыққа ұсынылатын коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін алғашқы құжаттарды қолдану арқылы банктермен, жолушы тасымалдауда жолда жүру билеттерімен есеп айырысудан басқа халыққа тауарларды өткізу жағдайында бақылау-кассалық машина чегін қолдану, қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар мен қызметтерді ұсынған кездердегі, қолма-қол ақшамен айырысуда қосылған құн салығы төлеушілердің барлығы үшін шот-фактура міндетті құжат болып табылады.

Салық төлеуші тауарды тиеген немесе жұмысты орындаған күні алушы тұлғаға қосылған құн салығы шот-фактурасын ұсынуға міндетті.

2001 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерінен 15%-ті құрайды.

Салық төлеуші салық мерзімі өткен соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысатын салық кезеңі болып күнтізбелік ай саналады. Егер де бюджетке төленуге жатқызылған салықтың орташа айлық сомасы 10000 АЕК-ті құраса, онда салықтық кезең болып тоқсан есептелінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші — салық төлеушілер үшін салықтық кезең болып жыл саналады.

Салық төлеуші салық комитетіне декларация ұсыну үшін белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке төлем жасай алады.

Импортталатын тауарлар үшін салық Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес кедендік баж төлеу үшін анықталған күні төлейді.

Есептік кезеңде салық сомасынан есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы артық болғанда, алдағы уақыттағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне аударылады.

Нөлдік ставкамен салық айналатын айналымнан артық болса, төмендегі шарттар сақталғанда салық төлеушіге қайтарылады: қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді үнемі нөлдік ставкамен өткізсе; нөлдік ставкамен салық салынатын айналым бойынша тоқсан ішінде алдыңғы айға қарату өтінішін өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымнан 70%-ті құраса.

Қандай да болмасын бір сомаға жұмыстар мен қызметтердің өткізу құны өзгерген жағдайда салық салынатын айналым мөлшеріне қосымша шот-фактура және басқа құжаттардың негізінде түзетулер жасалынуы мүмкін.


    1. Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі.

1967 қабылданған заң жиынтық айналымнан алынатын салықтан (өзіндік айналым сабақтас баспалдақтар айналымы) айналымның кезекті кезеңіне салынатын салықтан тазартылған айналым салығына, яғни қосылған құн салығына өтуді білдірді.

Қосылған құн салығы бұйымның бағасының өндірісі, қайта өңдеу және өткізудің әрбір стадиясындағы өсімінен алынады. Қосылған құн өзімен бірге пайдалынған шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, отынның, электр қуатының және келісім бойынша орындалған жұмыстың шегеріп тастағандағы тиеліп жөнетілген құнды ұсынады. Заң салық салу бойынша жеңілдіктер мен жеткізулер сипатын анықтайды. Мысалы, теңіз флоты мен азаматтық авиация үшін экспортқа шығарылатын тауарлар, несиелік операциялар мен бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларға салық салынбайды.

Әдетте, салық ставкасы 16 пайызды құрайды. 7% жеңілдетілген ставка азық-түлік өнімдеріне (ішімдік сусындары мен кафе, мейрамхана айналымдарынан басқа) және өнер туындыларына қолданылады.

Азық-түлікті қоюшы бюджет табысына тапсырыс берушінің төлем жасауы мен қаражат аударуын күтпестен төлемдік талап толтырғаннан соң бірден қосылған құн салығының сомасын аударады. Бұл тәртіп тәжірибеде 1979 жылдың 26 қарашасындағы қосылған құн салығы туралы заңмен бекітілген.

Қосылған құн салығы бюджеттің барлық үш түріне (федералды, жердің және жергілікті) бөлінеді. ГФР-да қосылған құн салығы табысты реттеуші қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Оның көмегімен ағымдық бюджеттерді қалыптастырғанда жерді қаржылық жағдайда тегістеу жүргізіледі. Әрбір 2-3 жыл сайын федералдық үкіметпен жердің қаржылық органдары қосылған құн салығы болуы туралы келіссөздер жүргізеді. 1992 жылы ол былай бөлінді: 60 пайызы — федералды бюджетке, 35 пайызы — жердің бюджетіне, 5 пайзы жергіліктіге.

Германия Федерациясының салық заңдарына сәйкес тұтынуға салынатын салықтар жекелеген тауарлардың тұтыну мен қолданудан алынатын алым ретінде анықталынады.

Әдетте, тауар салық салу өндірісі стадиясында немесе шетелден әкелінген кезде жүзеге асырылады. Тұтыну салығы салынатын тауарлар төрт негізгі топқа бөлінеді:


  1. Аударымдары федералдық бюджетке түсетін тауарлар (мұнай және мұнай өнімдері, қант, шай, спирт-арақ өнімдері, кофе, жарық беретін құралдар, тұз және т.б.). Федералдық бюджетке осы салық түсімінің үлес салмағы орталық өкіметтің барлық салықтар түсімдерінің 20 пайыздан астамын құрайды.

  2. Салықтық түсімдері жерлер бюджетіне бағытталатын тауарлар. Бұл негізінен сыраға салынатын салық.

  3. Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар. Бұл салық елге енгізілетін тауарлардың басым көпшілігіне салынады. Импорттық айналымға салық бір мезгілде қосылған құн салығының нысаны болып табылады.

  4. Жергілікті органдар салығы салынатын тауарлар (кейбір ішімдікті және ішімдіксіз сусындар, құйып сату мен кафе ұстауға лицензиялық төлем, иттерге салық).

Тұтынуға салықтар фискалдық қатынастардағы салық салу нысандарының ішіндегі бірден-бір тиімдісі болып табылады. ГФР-да жасалған зерттеулерге сәйкес, оларды жинауға жұмсалған шығындар осы салықтардан алынатын барлық түсімдер шамасына 0,7% құрайды. Негізінен салық салуға көрсетілген тауарларды шығаратын кәсіпорындар санының аздығы тұтыну салығының жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тұтыну тауарларынан алынатын салықтық аударымдардың дұрыстығына бақылауды негізінен кедендік қызмет, ал жерлер мен жергілікті салықтардың бар болуымен қатар бақылауды қаржылық ведомстваларда жүзеге асырылады.

Көптеген экономистердің айтуынша, ГФР-да тұтыну салығы салуға жатқызылатын таурлардың қатаң сыныпталуы жоқ. Бірінші әлемдік соғыс кезінде әскери-теңіз флотын қаржыландыру үшін енгізілген шарапқа салық қазіргі уақытқа дейін салынады.

Неміс фирмалары шетелге тауар шығаратын кезде қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

ГФР-дағы импортқа кедендік салық салу тауарлардың жекелеген топтары бойынша ерекшелінеді. ГФР өнеркәсібі мүдделі импорттағы көптеген шикізаттық және жартылай фабрикаттар үшін, не кедендік баж белгіленбейді, не олардың мөлшері елеусіз.

Дайын бұйымға кедендік баж жоғары болса да, бірқатар ерекше айырмашылықтары бар. Әлде қайда төменгі баж әлемдік және ішкі нарықта ГФР фирмалары күшті позицияны иеленетін тауарларға белгіленеді.

Германиядағы салық салудың айрықша ерекшелігі болып салық жүйесіндегі қосылған құн салығы бойынша жалпы және жеңілдікті ставкаларының болуы табылады. Бюджеттің табыстарындағы қосылған құн салығының үлесі Қазақстан республикасындағыдай 28 пайызындай құрайды.

1992 жылдан бастап Қазақстан республикасы салық жүйесінде бірден-бір негізгі салық болып қосылған құн салығы табылатындықтан, осы салықтың, отанының салық жүйесі біз үшін үлкен қызығушылық тұғызады. 1949 жылы қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре өңдеп, 1954 жылы Францияда енгізді.

Соңғы 30 жыл ішінде түсімдер сомасы бойынша жанама, оның ішінде қосылған құн салығы басым болып табылады.

Франциядағы салықтарды үш топқа топтастыруға болады, табысты алушыдан оны алу сәтінен бастап алынатын табыс салығы; табыс жұмсалғанда тұтынушыға салынатын салық; меншіктен алынатын, яғни затқа айналдырылған табыстан алынатын капиталға салық. Сондай-ақ, елдің салық жүйесі тұтынуға салық салуға бағытталған. Табыстар мен меншікке салық салу қалыпты болып табылады.

Бюджет жүйесінің жетекші буыны болып қосылған құн салығы табылатындығын бәрімізге мәлім. Елдің аумағында тұтынылатын және қолданылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлығын тұтынуға салық туралы сөз болмақ. Сыртқы нарықпен байланысты операциялар қосылған құн салығынан босатылған. Экспортқа жатқызылатын операциялар жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар оларды қайтарып алу құқығын қолдану мүмкіндігін иеленеді. Импорттық операциялар іштегі құқыққа сәйкес салық салуға жатқызылады.

Қосылған құн салығын төлеу жасалатын мәміленің сипатымен анықталып, саық салушының қаржылық жағдайын есепке алмайды. Тауарлар бағасына тәуелсіз түрде қолданылатын салық ставкасы барлығына бірдей. Салық салу объектісі болып тауарлар мен қызметтердің сату бағасы табылады.

Сондай-ақ, бөлшек сауда бағасы мен қосылған құн салығынан басқа да алымдар мен баждра жатқызылады. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды қоюшылардың төлеген салық мөлшері жалпы сомадан шегеріледі.

1988 жылы Францияда қосылған құн салығы бойынша 4 ставка әрекет етті:

5,5% — бірінші қажеттілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер (ішімдік пен шоколадты қоспағанда азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, көлік);

7,0% — мәдени қолданыстағы тауарларға қысқартылған ставка;

18,6% — барлық тауарлар мен қызметтерге қалыпты тавка;

33,33% — машина, ішімдік және темекіге шекті ставка.

Қосылған құн салығы европалық салыққа айналады. 1977 жылы қосылған құн салығы ставкасына сәйкес ЕЕО мүше-елдер бір-бріне жақын болу үшін қосылған құн салығына Еуропалық директив қабылдады. Францияда қосылған құн салығы бойынша ең жоғарғы ставка болғандықтан, олардың орташа еуропалық деңгейге төмендеу тенденциясы байқалды. Сонымен, 1989 жылы келесідей 3 ставка әрекет етті: 5,5%, 18,6%, 54,8%. Кейін ЕЕО шеңберінде екі: 18,6% — қалыпты және 5,5% — төмендетілген ставкалар әрекет етуде.

Франция заңдарында қосылған құн салығынан екі салықтық — мүлдем және мүмкіндікті босатулар қарастырылған.

Қосылған құн салығынан мүлдем босатуға сатып алу және сату кезінде әртүрлі ставкалар нәтижесінде экспорт пен импорт бойынша қосылған құн салығы компенсацияға жатқызды.

Сондай-ақ, қызметтің 3 түрі салықтан босатылады:



  • Дәрігерлік көмек;

  • Бастауыш, орта, жоғары және кәсіби білім беру;

  • қоғамдық және қайрымдылық сипаттағы қызметтер.

Сонымен қатар, сақтандырудың барлық түрлері, казино, лотереялар босатылады.

Қосылған құн салығынан мүмкін болатын босатулар қарастырылған қызмет түрлері де бар, яғни салық төлеушілердің қосылған құн салығын немесе табыс салығын төлеу үшін таңдауға құқығы ұсыналады.

Осындай қызметтер түрлеріне келесілер жатқызылады:


  • экономикалық қызметтің кез-келген түрлері үшін ғимараттарды жалға беру;

  • қаржылық және банктік іс;

  • әдебиет, спорт, артистік қызметтер, миниципалдық шаруашылық.

Өзінің кәсіпорындарында қосылған құн салығы бойынша есеп айырысу жасалады. Бухгалтерлік есептік оңайтылған схемасы қолданылатын ұсақ кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы салық қызметтері есептейді.

Ұсақ кәсіпорындар (тауар айналымы 3 млн. франк немесе қызмет көрсетуі 0,9 млн. франк) жыл ішінде декларация толтыру мүмкіншілігін иеленеді. Тауар айналымы 500 мың франк немесе қызметі 150 мың франк ұсақ кәсіпорындар декларацияны жылына бір рет толтырады.

Ауыл шаруашылығында қосылған құн салығы бойынша оңайтылған нысаны мен төлем схемасы қолданылады. Декларация жылына бір рет толтырылады, жылдың қортындысы бойынша алдағы жылдағы қосылған құн салығынан 1/5 мөлшерінде тоқсан сайын қайта есептеумен төленеді.

Францияда 3 млн. жуық қосылған құн салығының төлеушілері бар. Әдетте декларация негізінде ай сайын қосылған құн салығы бюджетке енгізіледі. Кәсіпорындар салық орталықтарына декларация мен бірге салықты төлеген чекті ұсынады. Тауар айналымының көлеміне байланысты қосылған құн салығын төлеудің тоқсандық және жылдық мерзімдері қолданылады.

Тауарлар экспорты жағдайында кәсіпорындарға қосылған құн салығы бойынша компенсация ай сайын жасалынады. Ал қалған түрлеріне (мысалы, фермер тракторды 18,6% ҚҚС-пен сатып алса, ауыл шаруашылығы өнімдері 5,5%-пен өткізілген) компенсация тоқсан сайын жүзеге асырылады. Әкімшілік жыл сайын 65 млрд. франк шамаға жуық сомаға немесе жалпы салық сомасынан 12% компенсация жасайды.

Қосылған құн салығын төлеуге бақылау ай сайын жүргізіледі. Егер де қандай да бір себептен қосылған құн салығын төлеуші декларацияны ұсынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде салықты төлеу мерзімі өткендігі туралы ескерту береді.

Францияда салық қызметінің 10 мыңдай адамы қосылған құн салығын есептеу мен жинаумен айналысады.

ҚҚС бойынша жеңілдіктер аз және негізінен ұсақ кәсіпорындарға беріледі.

Егер кәсіпорындарының тауар айналымы 300 мың франктан аз болса, онда ҚҚС төленбейді. Осындай жағжайда есептеу жолымен кәсіпорын бюджетке тұрақты соманы төлейді. Осындай ереже қолданылады, өйткені бұл кәсіпорындар қосылған құн салығы есепетуге қажетті деңгейдегі көлемде бухгалтерлік есеп жүргізбейді.

Егер ҚҚС 1350 франктан аз болса, онда кәсіпорындар оны төлеуден босатылады. 3 млн. қосылған құн салығы төлеушілерден ондай кәсіпорындар саны 54 мың.

Қосылған құн салығығың сомасы 1350 франктан жоғары, бірақ 5400 мыңнан кем емес кәсіпорындар жеңілдікті иеленеді. Сондай-ақ егер қосылған құн салығы 20 мың франктан кем болса, онда ұсақ өнеркәсіпшілерге де жеңілдік ұсынылады.

Инвестицияға бағытталған қосылған құн салығы сомасынан жасалатын шегерімдерге қосылған, инвестиция жасайтын кәсіпорындар ҚҚС бойынша жеңілдікті иеленеді.

Әдетте, қосылған салығы бағалау оң нәтижелелі және тұтыну салықтарының ішіндегі табыстысы. Жақсы қасиеттерінің бірі кәсіпорындарға қатынасының бейтараптылығы, сондай-ақ қаражаттардың бюджетке түсуінің нақтылығы мен тұрақтылығы. Өнімді экспорттауға қолайлы жағдай жасалған.

Қазіргі ауқытта әлемнің 40-тан астам елі, оның ішінде еуропалық елдердің көпшілігінде қосылған құн салығықолданылады. ҚҚС-тық осындай дамуы оның ставкасы санының қысқаруы мен есептеу әдісінің жетілдіріулуімен түсіндіріледі. ҚҚС жерлердің бюджетіне түсетін ГФР-нан ерекшелігі, Францияда ҚҚС орталық бюджетке толығымен түседі. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары мемлекеттен қосылған құн салығы есебінен дотация алады. қосылған құн салығының бөлігі — 1,4% ЕЭА қажеттілігіне жұмсалады.

Францияда қосылған құн салығы, өзімен тұтыну салығын ұсынатын бірқатар жанама баждармен толықтырылады. Олардың кейбірі мемлекет пайдасына алынатын болса, басқалары жергілікті басқару органдары бюджетіне аударылады.

Қосымша салық салынатын тауарлар, оның ішінде бірінші кезекте ішімдік сусындары, темекі бұйымдары, сіріңке, от тұтағыш, қымбат металдардан жасалған бұйымдар, қант және кондитерлік өнімдер, сыра мен минералды су, автокөліктердің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттар. Қосылған құн салығынан басқа, жанама салықтар электр қуатына, теледидар жарнамасына салынады. Туристік немесе табиғи қайнар көздерге жақын орналасқан аудандарда жергілікті органдар туристік алымды енгізіледі.

Тұтынуға салынатын салыққа кедендік бажды да жатқызуға болады. кедендік юаждақ негізгі мақсаты табыс алу емес, ішкі нарықты, сондай-ақ ұлттық өнеркәсіп пен ауыл шарушылығын қорғау. Кедендік баж мелекеттің экономикалық саясаттыңаспабы ретінде қатысады. Олар импортталатын тауарлар ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасын теңдестіру керек.

Әдетте, кедендік баж тауарлардың бағасынан алынады. Кейбір жағдайда, ерекше критерийлер — салмағы, ауданы қолданылады. Осындай кедендік түрлері сусындарға, темекі бұйымдарына, кинофильмдерге қолданылады. Францияның салық жүйесі негізінен тұтынуға салық салуға бағытталғандықтан, қосылған құн салығының үлес салмағы 41%-ті құрайды. Қосылған құн салығын төлеген кезде жасалған операцияларының сипатымен анықталып, салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды. Салық жүйесінде тауардың түріне байланысты әрекет ететін бірнеше салық ставкаларының бар болуы, қазақстандық салық жүйесінің ерекшеленеді.Қазақстандық жанама салық салу жүйесінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Ұлыбританияда жанама салықтарға қосылған құн салығы, кедендік баж, акциздер, гербтік алымдар жатқызылады. Баждар мен акциздер басқармасының жетекшілігіне жанама салық салудың барлық жүйесі берілген (гербтік алымнан басқасы).

Жанама салықтар құрылымында қосылған құн салығы — 39%, кедендік баж — 35%, мұнай өнімдеріне акциз — 13%, темекіге — 6,6%. Ішімдікке акциз — 5,1%, ойындық бизнеске салық — 1,1%, басқа табыстар — 0,2% құрайды.

Бұл салық түрі 1973 жылы 1 көкекте енгізілді. Осы жылы ЕЕО-на мүшелікке енді. Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия және Уэльс, Мэн аралы аумақтарына таратылды.

17,5% мөлшердегі қосылған құн салығы бөлшек сауда кезінде тауарлар мен қызметтердің көпшілігіне салық салынады. Жоғарыда көрсетілгендей, тауардың әрбір кезеңінде өндіру мен өткізуде қосылған құннан алынады. Қосылған құн еңбекақыны, амортизациялық аударымды, несиеге пайызды, пайданы, электр қуатына, жарнамаға, көлік және тағы басқа шығындарды қосады. Қосылған құн салығының сомасы сатылған тауарлардың құнына қосылады. Компаниялар әрбір тоқсан сайын өздерінің тауарларын сатқанда салықтың қандай сомасын алғанын және шикізатты, жартылай фабрикатты сатып алу кезінде осы салықтың қанша сомасын нақты төлегендерін есептейді. Егерде осы сомалардың балансы олардың пайдасына болса, онда осы шама ішкі табыстар басқармасына төленеді. Егерде баланс оларыдың пайдасына болмаса, онда басқарма сатып алу—сату кезінде жоғалтқан соманы төлейді. Еуропа елдері сыртқа тауарлар мен қызметтер экспорталған кезде салық қайтарылады.

Елеулі табыстарды мұнай өнімдеріне, ішімлік және темекіден акциздер, кедендік баж, ойын бизнесінен салық — 8%, жарыстардан алымдар (аттар бәйгесі, иттер жарысы). Акциздік алымдар 10% және 30% аралығында тербеліп тұрады.

Ұлыбританияның салық жүйесі айырықша белгісі болып мемлекттік бюджеттің негізгі табыстарын бірдей үлесте жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығы мен кедендік баж алатындығы табылады. Шағын бизнеске салық салу кезінде азайтылған ставка қолданады.

1988 жылдан бастап Италияда жанама салықтар мемлекеттікбюджет табыстарын шоғырланудың басым нысаны болып табылады.

Италияда қосылған құн салығы 1 қаңтар 1973 жылы Еуропалық экономикалық одақтасушы-елдер өздерінің қаржылық жүйелерін жақындату бойынша қабылданған шешімін жүзеге асыру тәртібімен енгізілді, 3 жылдан кейін бұл басқа да елдерге қолданылды. Қосылған құн салығы бұрын болған айналымға салық пен 20-дан астам акциздерді ауыстырып, жанама салық алуды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта бұл салық жанама салықтардың жалпы сомасынан 67%-ті құрайды.

Қосылған құн слаығы басым көпшілігі соңғы тұтынушыға бағытталған тауарлар мен қызмет сатып алушылардан алынады. Осы кезде тауар бағасына қосылатын салық сомасы оның нарықтық бағасы мен берілген салық ставкасымен анықталады. Бұйымның салықты қосқандағы жалпы құнын сатып алушы төлейді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салығы тауардың бағасына қосылған салық, материалдар мен құрамдас бөлшектерді қойғаны үшін дайындаушылар өтеген салық арасындағы айырманы ұсынады. Сонымен, өңдеудің сәйкесінше стадиясында қосылған құнға пропорционалды есептелінеді.

Қосымша құн салығының аралық төлеушілері болып өнекәсіпшілер, саудагерлер, қол өнершілер, сондай-ақ әртүрлі ұйымдар, оның ішінде қоғамға, оларың қалыпты қызмет етуі барысында тауарлар мен қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдар да табылады. Әрбір кезеңінің заңдық шегі сатып алу — стау актісі, яғни меншік иесінің өзгеруімен анықталады. Бірақ, заң осындай айырбас болмайтын мәселелерді, мысалы ренталық және лизингтік операцияларды салықтан босатпайды.

Қосылған құн салығы алынбайтын жағдайлар ұлттық табыстың өсуіне әкелмейтін, тек оларды қайта бөлуді ұсынатын операцияларға қатысты қолданылады. Оларға әрекеттенуші компаниялардың акцияларын, облигацияларын, жерін алу-сату, несие ұсыну, кәсіпорындарды қосу мәмілелері және басқалар жатқызылады. Қосымша құн салығынан тауарлар мен қызметтер экспорты босатылған (сәйкесінше импортқа салық салынады). Бірақ олар салықтың нөлдік ставкасы қолдалынатын ерекше операциялар түрі ретінде заңды тіркелген. Нәтижесінде экспорттаушылар салық органдарында өз операцияларын жүргізу барысында құжаттық тіркеуден босатылмайды.

Фискалдық органдардың қосылған құн салығын қайта аудару алдағы айдың қортындысы бойынша ай сайын жүргізіледі. Төлем мөлшері өткізілген өнім құннан есептелген салық сомасы мен шикізат, жартылай фабрикаттары қоюшының бұрын төлеген салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады. Теріс нәтиже болғанда, салық төлеуші келесі айда өтеуге мүмкіндігі бар. Осындай күрделі процедурадан мемлекетпен жылына немесе жарты жылда ет есеп айырысуға рұқсат берілген ұсақ кәсіпорындар босатылған.

Сондай-ақ, ұсақ кәсіпорындардан (жылдық айналымы 780 млн. лирадан кем) қосылған құн салығын алу процедурасын жеңілдету үшін 1985 жылы ұсақ кәсіпорындарда және ерікті кәсіп тұлғаларында қалыптасқан қосымша құнды анықтаудың жаңа принципі енгізілді. Қосымша құн сомасының есебі өндірістік шығындар мен алынған табысты нақтылау мақсатында бухгалтерлік кітап негізінде жүргізілмейді (себебі ол ірі кәсіпорындарда жасалатындықтан). Жаңа заң бойынша қосымша құн салығын алу үшін ұсақ есеп айырысулар талап етілмейді. Қосымша құн өндірістік және қызмет көрсету аясындағы қызметтердің алуан түрлері үшін жеке бекітілген (40—97,5%) арнайы коэффициентке (%) кәсіпорындардың жиынтық түсімін азайту жолымен анықталады. Ең жоғары коэффициент (97%) бензинді сататын әртүрлі саудагарлерге белгіленген.

Қосылған құн салығы сараланған ставкалар бойынша алынады. Қазіргі уақытта олардың саны бесеу: жеңілдетілген — 0% және 4%, негізгі — 9%, екі жоғарлатылған — 19% және 38%.

Жоғарыда айтылған нөлдік ставка тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортында қолдалынады.

4%-тік жеңілдікті ставка бірінші қажетті заттарға (нанға, сүтке, тағамның басқа да түрлеріне, газет, журнал) қолданылады.

9%-тік негізгі ставка өнеркәсіптік, оның ішінде тоқыма бұйымдарына қолданылады.

Мейрамханалар арқылы сатылатын азық-түлік және ішімдік сусындары, сондай-ақ бензин мен мұнай өнімдеріне 19% ставкамен салық алынады.

Ең жоғары ставка — 39% тері, зергерлік бұйымдарға, спорттық автокөліктерге қолданылады.

Арнайы акциздер жанама салықтардың арасында шамасы жағынан екінші фискалдык мәнді иеленеді. Олар Италияда тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне (электр қуаты, қант, ішімдік сусындарына) қолдалынады. Әлде қайда елеулі түсімді мұнай мен мұнай өнімдеріне акциздер қамтамасыз етеді. Жанама салық салудың басқа да табысты объектісі болып темекі өнімдері табылады.

Италиядағы жанама салық салудың айырмашылықты сипаты, ол қосымша құн салығы бойынша бірнеше сараланған ставкалардың бекітілуі мен салық алудың оңайлатылған жүйесінде қолданылып. Сонымен бірге қосымша құн салығы жанама салығы жанама салықтардың арасында жетекші орынды иеленеді.

Италияда акциздік алымдар Қазақстан мен салыстарғанда

бюджетке елеулі табыстар әкеледі, біздің елімізде олар азаюда.

Сомымен дамыған елдердің салық жүйелері көптеген түрлі экономикалық саяси және әлеуметтік шарттардың әсерінен қалыптасқан.

Салықты іріктеу оның құрылымын алу ставкалары биліктің әр түрлі деңгейдегі фискалдық өкілеттік, салық базасы, салықтық жүйелер бір-бірінен ерекшелінеді.

Әртүрлі табысқа салыққа жекелеген елдер экономикасының салыстырмалы тәуекелділігі біркелкі емес және тербелмелі.

1975 жылға дейін экономикалық ынтымақтастық даму ұйымының (ОЭСР) көптеген елдерінде тұтынуға салықтық, өзгеріссіз үлесі байқалады.

70 жылдардың екінші жартысында тұтынушыларға салық үлесінің өсу тенденциясы байқала бастады.

Көптеген елдерде тұтынушыға салықтың үлесі, акциз үлесі, кедендік баж бірдей.

Біріншісінің ролі мен үлесі артып отырса, 80 жылдары соңғысы төмендеді. Тікелей (компанияның табыс салығы) жанама (тұтынушы табысына салық, акциз, кедендік баж) салықтардың жалпы көрінісі осындай.

Тікелей салықтар Германияда, АҚШ-та, Жапонияда, жанама салықтар Франция мен Италияда басым болса, тең салмақтандырылған құрылымды Ұлыбритания иеленеді.

Германия мен АҚШ-та тікелей салықтардың рөлі артса, Жапония мен Италияда — жанама салқтардың рөлі артқан.

Осы елдердің салықтар құрылымы өзгерістер салық салудың одан әрі дамуынан экономикалық өсуі мен инфляцияның жанама салықтардың алынатын табыстарға емес, тікелей салықтардан алынатын табыстарға әлдеқайда әсер ететіндігіне негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет