7Білім беру негізінің жалпы бұқаралық мақсаттары мен сатылары
(пәндер циклы мен пәндері бойынша мақсаттар)
-
Жоғарғы кәсіби білім Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бакалавр дайындауға лицензиясы бар жоғары оқу орындарында орта немесе орта арнайы білім негізінде алынады.
-
Бакалавр дайындауда мыналар жүзеге асырылуы тиіс:
-
осы мемлекеттік стандарт;
-
оқу-бағдарламалық құжаттар;
-
оқытудың жеке жоспарлары;
-
белгіленген тәртіппен бекітілетін құжаттар.
-
Бұл стандартты қолдану мына мақсаттарды көздейді:
-
оқушылардың дайындық деңгейіне міндетті түрде талаптар қою және жоғары оқу орнының жұмыс тиімділігін бақылау жүйесін құру арқылы оқытудың жоғары сапасына қол жеткізу;
-
жоғары оқу орындарындағы тиісті субъектілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу;
-
бакалавр дайындаудың бағалау жүйесінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыру, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру сапасын арттыру және жоғары оқу орындарын аттестациялау әдістемесін жақсарту;
-
бакалавр білімнің жоғары оқу орындарының түрлері мен бағдарламаларының әр түрлілігі жағдайында пара-парлығын, Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек нарқына кедергісіз қатысуы үшін жоғары білім туралы құжаттарының конвертациялануын қамтамасыз ету.
-
Стандарт бойынша оқуды магистратурада жалғастыруға болады. Онда оқу мамандық ауқымында, келесі профилдік оқу бағдарламалары бойынша жүргізілуі мүмкін:
-
электрондық жүйелер мен технологиялар;
-
байланыс желілері мен коммутациялау жүйелері;
-
көпарналы телекоммуникациялық жүйелер;
-
радиотехника;
-
радиобайланыс, радиохабар және теледидар;
-
жылжымалы байланыс жүйелері мен жабдықтары;
-
радиобайланыс және радионавигация.
Сонымен қатар, мамандық шеңберінде, радиотехника, электроника және телекоммуникациялардың басқа да бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруге болады.
8Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар -
Жалпы білімділікке қойылатын талаптар
Еңбек нарқы мен технологиялардың талаптарының өзгеріп отыруы жағдайына бейімделе алатын, командада жұмыс істей алатын, кең ауқымды іргелі білімі бар, ынталы жаңа буынды маман даярлау.
-
Әлеуметтік-тұлғалық білгірлігіне қойылатын талаптар
Командада жұмыс істей алатын, кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас жасау мәдениеті, азаматтық көзқарасы бар, әр түрлі әлеуметтік-тұлғалық мәселелерді шеше алатын, өздерiнiң белсендi қызмет әрекетiнiң арқасында өз бетiмен бiлiмдерін тереңдету дағдыларын және қажеттiлiктерiн, өзiн-өзi жетiлдiру және өзiн-өзi дамыту қабiлеттерiн қалыптастыра алатын жаңа көзқарасты мамандарды даярлау.
-
Экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару білгірлігіне қойылатын талаптар
Радиотехника, электроника және телекоммуникация салаларының экономикалық сипаттамасын, нарықтық экономика жағдайларындағы басқарудың мәні мен маңызын, басқарудың принциптері мен әдістерін білетін, сала кәсіпорындарының өнімдерінің өзіндік құны мен бағасының құрылу жүйесі туралы, олардың экономикалық мәні туралы, байланыс қызметтерін өндіру мен көрсетудің әр түрлі жағдайларында анықтау прициптері мен әдістері туралы түсінігі бар маман даярлау.
-
Кәсіби білгірлігіне қойылатын талаптар
Даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптар мыналар: радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытының кәсіби оқыту бағдарламасы белгілейтін бакалаврдың теориялық және практикалық дағдылар жиынтығы ретінде анықталатын кәсіби білгірлігі; бір немесе бірнеше қызмет түрлері аясында кәсіби қызметін жүзеге асыра алу қабілеті; радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы теория мен практиканың негізгі даму бағыттарын түсінуі.
-
Арнайы білгірлігіне қойылатын талаптар
050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығын бітірушілердің мына салаларда арнайы білгірлігі болуы тиіс:
-
радиобайланыс, оның ішінде радиорелейлік және жер серіктік жүйелерді жобалау мен пайдалану;
-
радиолокация мен навигация жүйелерін жобалау мен пайдалану;
-
жылжымалы байланыс жүйелерін жобалау мен пайдалану;
-
телекоммуникациялық жүйелерді жобалау мен пайдалану;
-
коммутациялық және байланыс жүйелерін жобалау мен пайдалану;
-
жылжымалы байланыс құралдарын пайдалану;
-
электрондық жүйелерді пайдалану;
-
компьютерлік тораптарды жобалау мен пайдалану;
-
кезеңдік микропроцессорлар мен микроконтроллерлерді пайдалану.
-
Өзгерістер мен белгісіздіктердің өсе түсу жағдайларында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдерді, географиялық және әлеуметтік жылжымалылықты ауыстыруға дайын тұруына қойылатын талаптар.
050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітірушілер осы заманғы нарықтық қоғамда өзгерістер мен белгісіздіктердің өсе түсуі жағдайларында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдерді, географиялық және әлеуметтік жылжымалылықты, жаңа білім деңгейін ауыстыруға дайын тұруы тиіс.
-
Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімдарлығына қойылатын талаптар
Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімдарлығына қойылатын талаптар аралық мемлекеттік бақылау нәтижелері көмегімен және 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша мемлекеттік қорытынды аттестациялаумен бақыланады.
-
Жеке пәндер бойынша білімдарлығына қойылатын талаптар
Жеке пәндер бойынша білімдарлығына қойылатын жалпы талаптар типтік оқу жоспарының міндетті компоненттеріндегі тиісті пәндерден тапсырылған қорытынды емтихандардың нәтижелерімен бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |