Ыбырай Алтынсарин мектебі –заманауи мектептің бастамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Иганова Г.К.
ШҚО Білім Басқармасы Өскемен қаласы бойынша Білім бөлімінің “М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі” КММ.
Мақалада Ы.Алтынсарин мектебі мен заманауи мектеп салыстырылады
В статье сравнивают современную школу со школой Ы.Алтинсарина
The article compares the Ybyrai Altynsarin school and the modern school
Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстар білім беру жұмысын түбегейлі өзгертіп, оның мазмұнын қайта құруды талап етеді. Өйткені, ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірге дайын, бейімділігіне, қоғамды басқара білу қабілетіне тікелей байланысты. Бұл жаңа көзқарас тек оқу-тәрбие жүйесіне ғана емес, білім жүйесінің жаңа парадигмасын айқындауда өзіндік маңызы бар.Осы орайда қазақ даласының бір туар азаматы, ұлы ағартушы- педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің берері мол. Себебі, осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Ы.Алтынсариннің көксеген арманы жалғасын тауып, ұлт тағдырының, ұрпақ тағдырының болашағын меңзейтін мәселелердің бірі - білім жүйесінің ұлттық негізде болып, ал қазақ халқының дамыған елу ел қатарына қосылуы.Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектебінің заманауи мектептің негізі екенініе қысқаша салыстырмалы түрде тоқталып өтсем деген ойдамын.
Ыбырай Алтынсарин метебінің ерекшелігі
|
Заманауи мектеп ерекшелігі
|
Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды.Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», - деп жоғары бағалады.
2.Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бүрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалады.Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Ы.Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Ол орыс-қазақ қыздар мектебіндегі оқу үшін ана тілінің өмірлік мәнді екендігіне сенді. Орыс-қазақ мектептерінде оқу тілінің проблемасын шешуде ол бастауыш мектеп пен екі класты училищелер қос тілді болуға тиіс, яғни орыс тілі де қазақ тілімен бірге оқытылуы керек деп тапты. Ыбырай қос тілді оқытудың жүйесін қүрды, оны сәтті түрде іске асырды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |