Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет41/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Сырлытам кесенесі

-Сырдария бойындағы VII-VIII ғасырларда салынған.
-Кесене терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ. МҮСІН ӨНЕРІ

Құйрықтөбе қамалы

- Отырар маңында.Салтанатты жиын өткізетін залдың аркалары мен төбе тақтайларында бедерлеп салынған құдай суреттері болған. Суреттердің сюжеттері діни және мифтік сипатта болған. Ағашты оймыштап өрнектеген.

Жартастағы суреттер

«Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді. Біріншісі-салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер. Екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі-түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнелеген. Тасқа қашалған жауынгерлер бейнесі олардың тартыс пен ерлікке толы ғасырлар тереңіндегі өлмес рухын бейнелейді».



Мүсін өнері

-Қазақстанда түрік дәуірінде мүсін өнері ерекше дамыған.Кедер мен Жамукент сарайлары(VІІ-ІХ ғғ.) айқын мысалы. Мүсін өнері-Еуропалық елдерге қарағанда Қазақстанда әлдеқайда ерте пайда болған өнер түрі.
-Көне түрік жазуында тас мүсіндерді «блбл», орхон жазуында «балбық» деп жазған.
-Балбал таснемесе бәдіз–қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас. Оны жасаушы шебер бәдізші деп аталады.Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі.
-«Күлтегін» жазуының авторы Йолығ-тегін әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда«Әкем қағанға балбық тіктім» деп жазған.
-Ислам дінінің таралуына байланысты адамды бейнелеу дәстүрі жойылды.Шебер бәдізші емес, тасшы, тас безеуші деп аталды. Ислам біршама кейінірек енген өңірлерде, Дешті Қыпшақта ХІІ-ХІІІ ғасырларға дейін балбалдар орнатылып келді.




- Қолданбалы өнерБұл өнерден көзге түсетіні терракота, көркем керамика, ұсақ паластика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет