Ii. Зерттеу конкурсын ұйымдастыру және ӛткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата25.11.2022
өлшемі0.69 Mb.
#465781
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Облыс-ереже





ІV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік 
маршруттар» - секциялар: тарих; ӛлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және 
қоғам; әдебиет. 
4. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар: 
1) ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және 
жекелеген, бұрын белгісіз жаңалықтарды және эксперименттерді жариялау; 
2) мектеп эксперименттерін жетілдіруге және ӛндірістік процестерді 
рационализациялауға жәрдемдесетін практикалық міндеттерді шешуге жаңа 
енгізетін аппараттардың, модельдер мен аспаптардың конструкцияларын 
құрастыру; 
3) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге 
бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен 
жобалар әзірлеу; 
4) зерттеу жобасының дайын ӛнімін (макет, ӛнім, модель, бағдарлама, буклет) 
ұсыну. 
5. Облыстық ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту 
министрлігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы және ұсынылған 
жобаларды бағалаудың бекітілген критерийлері (Қосымша 2-4) негізінде 
сарапшылар мен қазылар алқасы мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады. 
Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес қазылар алқасы 
мүшелерінің және конкурстың қорытынды облыстық кезеңіне қатысушылардың 
тізімін облыстық білім басқармасымен бекітіледі. 
 
II. Зерттеу конкурсын ұйымдастыру және ӛткізу тәртібі 
2. Зерттеу конкурсы тӛрт кезеңде ӛткізіледі: 
1) аудандық/қалалық кезең – білім бӛлімдері оқушылардың ғылыми 
қоғамының немесе ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша 9-11 сынып оқушылары 
қатысады. Командалық жұмысты екіден кӛп емес оқушы орындайды. 
2) облыстық кезең – екі кезеңнен тұрады, оны білім басқармасы және 
«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырып ӛткізеді.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады, олар 
ғылыми жетекшінің пікірімен және ілеспе құжаттарымен (ӛтінім, зерттеу жұмысы, 
зерттеу күнделігі) жұмыстарды ұсынады. 
Облыстық кезеңнің бірінші туры - жобаларды қорғау. Жұмысты қорғау 
кезінде жобаның авторына (бірлескен авторына) баяндама үшін 7-10 минут 
беріледі. 
Облыстық кезеңнің екінші туры – 16 секцияда 4 бағыт бойынша пәндер 
тізбесіне сәйкес қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес бейіндік пәндер 
бойынша тестілеу жүргізіледі. 
Тестілеу 60 тест тапсырмасынан (120 балл) тұрады, оларды орындау үшін 2 
астрономиялық сағат беріледі. 
Тестілеу - бір мезгілде республиканың барлық облыстарында ӛткізіледі. 
Зерттеу байқауының ережелеріне сәйкес тестілеу нәтижелерінің апелляциясы 
қарастырылмаған. 
Тестілеу кезінде қатаң тыйым салынады: 


● тест тапсырмаларын ұжымдық орындау, бӛгде адамның кӛмегін пайдалану (ата-
аналар, мұғалімдер, интернет желісі және т. б.); 
● ішкі жадтан немесе Интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және/немесе 
аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез келген байланыс құрылғыларын, 
смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе кез келген басқа гаджеттерді 
пайдалануға; 
● кез-келген электронды немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа 
әдебиеттерді, 
конспектілерді 
және 
басқа 
дайындалған 
жазбаларды, 
калькуляторларды қолдану; 
● жұмыс орнынан кету. 
Физика және химия пәндерінен калькуляторларды қолдануға рұқсат етіледі. 
Облыстық кезеңнің қорытындыларын шығару кезінде тестілеу бойынша 
балдар және жобаны қорғау кезінде алынған балдар Қағиданың 5-тармағына сәйкес 
жинақталады. 
Үшінші кезеңге тестілеу балдарының жалпы санынан кемінде 50% балл 
жинаған іріктеу кезеңінің екінші турына қатысушылар жіберіледі. Командалық 
жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін жұмыс авторлары жинаған балдардың 
орташа арифметикалық саны ӛту балы болып табылады
3) облыстық зерттеу жұмыстарын сараптау - жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы пәндер бойынша – «Дарын» РҒПО, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 
пәндер бойынша - облыстық білім басқармалары (Дарын ОҚББО) алдын ала 
сараптама жүргізеді. 
Байқаудың республикалық кезеңіне ең кӛп балл жинаған, зерттеу 
жұмыстарының сараптамасынан ӛткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері жіберіледі. 
4) республикалық кезең - осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес 
ресімделген стендтік материалды ұсынып, зерттеу жұмысын қорғайды. Жұмысты 
қорғау кезінде авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 7-10 минут беріледі. 
Зерттеу конкурсының аудандық/қалалық және облыстық кезеңдерін ӛткізу 
мерзімі облыстық білім басқармасының бұйрығымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет