3.1.21. Стандарт «Таза жамбаспен жатудағы Цовьянов тәсілі»
Мақсат: нәрестенің дұрыс жатуын сақтау.
Көрсеткіштер: таза жамбаспен жатудағы босандыру әдісі.
Іс-әрекет алгоритмі.
Аталған тәсілді нәресте жамбасы туыла бастағанда жасауды бастайды. Екі қолдың үлкен саусақтарын нәресте санына, ал қалған төрт саусақтарды нәрестенің сегізкөзіне орналастырыңыз.
Нәрестенің туылуына байланысты қолдарыңызды да сәйкесінше жылжытып отырыңыз.
Тәсіл оңтайлы тиімді деп есептеледі егер нәресте денесі жауырынның төменгі бұрышына дейін туылса.
Стандарт «Аяқпен жатудағы Цовьянов тәсілі»
Мақсат: аяқпен жатуды аралас жамбаспен жатуға айналдыру. Осылайша босану жлдарын кеңейту.
Көрсеткіштер: аяқпен жатуда босандыруды жүргізу.
Іс-әрекет алгоритмі.
1. Нәресте аяқтары қынапқа шыққанда, қолыңызға стерильді пеленканы жауып, жыныс саңылауын жауып аяқтардың туылуына кедергі жасаңыз.
Әр толғақта осы әдісті жасаңыз. Бұл тәсіл арқылы жатыр мойнының толық ашылуына және босану жолдарының кеңеюіне жағдай жасайды. Басқаша айтқанда нәресте жамбасымен ансының жамбасына жүресінен отырған тәріздес түседі.
Ары қарай бала туылуын уақытша тоқтату тәсілін доғарыңыз, бұған себеп нәресте аяқтары сіз жауып тұрған қолыңызды итеріп шыға бастайды.
3.1.23. Стандарт «Жамбаспен жатудағы классикалық қол тәсілі»
Мақсат: нәресте қолдарын және басын босату.
Көрсеткіштер: жамбаспен жатуда нәресте қолының артқа ығысуы.
Іс-әрекет алгоритмі.
Нәресте аяқтарынан ұстап, оның позициясына байланысты анасының сәйкес шат бүкпесіне бұрыңыз, екінші қолыңыбен нәретенің шынтақ-буын бүкпесін басып, нәрестенің қолын босатыңыз.
Ары қарай нәресте денесін 180° -қа бұрыңыз, осы тұста алдыңғы қолдары артқы қолдарға айналады.
Нәресте басы Морисо-Левре-Ляшапелъ әдісі бойынша шығарылады. Ол үшін оң қолыңызды акушер ретінде бүгіп қынапқа еніңіз. .
Нәрестені ішкен енген қолдға бекітіңіз.
Еніп тұрған қолдың сұқ саусағын нәрестенің аузына енгізіңіз және басын осылайша бүгілген күйде ұстаңыз.
Сыртта тұрған қолыңызбен нәрестенің иық белдеуін ұстаңыз.
Сырттағы қолмен нәрестені алдымен төмен тартып аздап басыңыз, осы кезде шүйдеасты шұңқыры қасаға сүйекке бекініп, бекіну нүктесі пайда болады. Ары қарай нәресте аузы, беті, маңдайы, төбесі және шүйдесі туылады.
Ескерту. Аталған манипулцияларды өте мұқият және сақтықпен жасау керек себебі нәрестеге өте үлкен зиян келуі мүмкі.
Достарыңызбен бөлісу: |