Қылмыстық саясаттың ТҮсінігі жəне оның мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны



Дата10.12.2022
өлшемі29.11 Kb.
#466975
1 СОЖ


ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Мемлекеттің қылмыстық саясаты жəне оның əлемдік құқықтық кеңістіктің талаптарына сай жүргізілуі, отанымыздың ЕЫҚҰ төрағалығына ұмтылуының тарихи сəтіндегі жəне бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру қарсаңындағы күшті құқық қорғау құрылымдары мен қоғам мүшесін қылмыстан сақтандырудың қалыпты жүйесін жасауымызға негіз болмақ.
Кез-келген әдістемелік зерттеудің негізі болып құбылысты сапалық түсіндіру құрылымы табылады, бұл құрылым сапа мен түсіндірмелерді құрайтын белгілерді ары қарай зерттеуде маңызды рольге ие жəне де зерттеу негізіне алынып отырған құбылыстың қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат екендігі де аз маңызға ие емес. Қылмыстық саясат мүдделер қақтығысынан туындап қана қоймай, сол қақтығыстарды мемлекеттік тұрғыда реттеу үшін де керек. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат біріншіден, адам мен оның заңды құқықтары мен бостандықтары мəселесін шешуге бағытталуы тиіс. Өйткені, «қылмыстық құқықтық бағыттағы ғылыми зерттеулер саласында: ғаламдану, саясат, экономика, терроризм, ұйымдасқан жəне кəсіби қылмыстылық, жоғары инновациялар мен ақпараттық саладағы қылмыстылық, барлық адамзат пен жекелеген елдердің ұлттық қауіпсіздігі, жаппай заңсыз жəне криминалдық миграция сынды əлемдік ауқымдағы əлеуметтік мəселелердің əсері анық байқалады».
Саясат – экономика мен құқықтық реформалардың негізгі қозғаушы күші ретінде экономикалық қатынастардың базистік негізі мен саяси құрылымның дамуының да алғышарты. Ал қылмыстық саясат азаматтарды қылмысқа қарсы күрестегі ортақ идеология талаптарына біріктіруді көздейді. «Саяси жəне идеологиялық əралуандылық - өзара байланысты құбылыс. Идеология саясатқа тікелей сіңісіп кетеді, өйткені соңғысын адамның, топтардың, жұртшылықтың, ұлттар мен басқа да əлеуметтік топтардың санасынан, олардың мүдделерінен, сұраныстарынан, дүниетанымынан бөліп алуға болмайды .
Экономикалық базис саяси жүйені өркендеткенімен де саясат – экономикадан бастап барлық құрылымның бағытын анықтайтын жəне əлеуметтік ортадағы үлкен күштің модераторы ретінде қатынасқа түседі. Түрлі мүдде, бағыт пен саяси қызметтің субъектілерінің саяси жəне саяси қалай жасалады? Бұл үлкен еңбек бөлінісі, өндірістік күшті дамыту, жұмыс берудің жаңа нысандары мен жұмыссыздық факторлары саясаттың күрделі сипатын жасап қана қоймай, оның мəніне өзгеріс енгізеді.
Иə, экономикалық қатынастардың қылмыстық-құқықтық саясаттың пəрменділігіне де өз əсері бар. Танымал стратег - экономист Ли Куан Юдің
«Қытай кереметінің» əкесі Дэн Сяо Пиннің көмекшісі бола жүріп айтқан
«Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қанатты сөзін Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың өз баяндамаларында жиі қайталауы тегін емес.
Саясат - объективті жəне субъективті себептердің жиынтығынан туатын үрдісті құбылыс. Объективті құбылыстарға - қоршаған ортадағы материалды игіліктер жатса, осы игіліктерге деген адам қажеттілігі мен игіліктер иесі болуға деген ұмтылысы, саяси сипаттағы əрекеттердің туындау негізі объективті жəне субъективті қатынастардың диалектикалық бірлігі мен қарама-қайшылығы саясатты жасаушы тараптардың əрекетіне заңдылық, тарихи негізділік кейде күйзелісті құбылыстар деңгейіндегі мəн сапасын береді.
Субъективті қатынастардың қайнар көзі ретіндегі қатынас қауіпті сипат алатын болса, сонымен бір мезетте қылмыстың субъектісі де күрделі сипатты иеленді жəне онымен жұмыс жүргізудің ерекше əдістерін іске қосудың қажеттілігі де туындады дегенді білдіреді. «Адам құқықтарын қамтамасыз ету мен əлеуметтік əділеттілікті қамтамасыз етуге қатысты қылмыстық саясатты қайта бағдарлау қылмыстық құқықтың негізгі сапасын құрайтын қылмыстың субъектісін де теориялық зерттеуді тереңдетуді көздейді» деп көрсетеді - профессор С.С. Молдабаев
Біздің ойымызша, қылмыстың субъектісі - бұл үлкен əлеуметтік зардаптарға əкелетін күш жəне қауіпті сипаттағы жігерлі актінің қайнар көзі. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - қылмыстық құқық бұзушылық субъектісін теориялық талқылау ғана емес, оның əлеуметтік теріс жақтарын толықтай ашу мен оған қарсы күрес шараларын көрсету болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі. Ендеше қылмыстық саясаттың түсінігін былай қоя тұрғанда, саясат пен саяси жүйенің түсінігіне қатысты ғылыми тұжырымдарды қалыптастыру ғалымдар назарынан көп жағдайда тыс қалуда. Қазіргі уақыттағы қылмыстық саяси жүйенің түсінігі əлеуметтік құндылықтар мен қоғам қажеттілігінің бірігуінен де бастау алады.
Адамды əлеуметтік құндылықтарды қастерлеуге бейімдеу кезіндегі ең басты қиындық адам ішкі талабының жоқтығынан туындайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру кезіндегі адамның оң белсенділігі ең шешуші фактор ғана емес, əлеуметтік, құқықтық қиындықтарды шешудің негізгі кілті де. «Бірақ та көптеген азаматтар қылмысқа қарсы күрестегі өз құқықтары мен міндеттерін толық көлемде білмейді» Кемшіліктерді жоюдың құралы болып табылатын мемлекеттік саясат - жалпы сипатқа ие үрдіс болғанымен нағыз саясат салалық саяси əрекеттер мен мүдделер қақтығысында жүзеге асырылады.
Əр саланың реттеу пəні мен өзіндік ерекшеліктері саясатты да жүйелендірудің негізі болып табылады. Осы ерекшеліктер саясаттың төмендегідей түрлерін көрсетеді:
- ішкі, бұл мемлекеттің ішінде, мемлекеттің тиісті құрылымдарының өкілеттіктері шегінде Қазақстан азаматтарының тікелей қатысуымен, солардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, əлеуметтік жағдайына қатысты жүретін саясат;
- сыртқы (халықаралық) - халықаралық саладағы мемлекеттің беделі мен абыройын арттыруға негізделген, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындауға бақылауды жүзеге асыратын жəне тиісті халықаралық шарттар негізінде жүргізілетін саясат (арнаулы субъектісі - Қазақстан Республикасы президенті, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі т.б );
- экономикалық – экономикалық, яғни, өндірістік тұтыну, ұсыну, базиспен қондырма арасын реттейтін жəне кəсіпкерліктің барлық нысандарын іске асыру саласында туындайтын саясат;
- əскери (қорғаныс) – мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі мен əскери құрылысының бағытын айқындайтын саясат;
- ғылыми–техникалық саясат – ғылым мен техниканың дамуын тікелей қамтамасыз ететін жəне өндірістік тəжірбие мен барлық қоғамдық қатынастарды ғылыми негіздеу саясаты;
- əлеуметтік - əлеуметтік саладағы қатынастар мен əлеуметтік мүдделер қақтығысындағы теңдікті қамтамасыз ететін, жəне осыған тікелей ықпал жүргізетін саясат;
- қылмыстық саясат - мемлекеттегі қылмыспен күрестің негізгі бағыттарын айқындап, онымен күрес жүргізудегі мемлекеттік жəне қоғамдық күштердің ынтымақтастығы мен бірігуін идеологиялық, құқықтық, материалдық тұрғыда қамтамасыз ететін саясат - (бұл саясаттың ерекшелігі əлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылуында).
Саясаттың түрлері өте көп, саясаттың нысаны қоғамдық қатынастардың бағыты мен мəселенің мəнінен туындайды. Мемлекеттің қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясатын қалай түсінеміз? Бұл тұрғыда авторлар көзқарасы біржақты емес. Біздің ойымызша, мемлекеттің қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаты - қылмысқа қарсы күресте азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейтін, оларды қылмыстан сақтандыратын, қылмысқа төзбеушілік танытқандарға қатысты көтермелеу шараларын қолданатын мемлекеттің саяси қызметінің бір нысаны. Əлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық сұрақтардың жиынтығы қылмыстық саясаттың да сұрақтарын туындатады.
Назар аударуға лайықты көзқарастарды көрсете кетсек:
а) «Қылмыстылық пен нашақорлық, ұлттық төзбеушіліктің қатал көрінісі, күштеу, пайдақорлық қылмыстардың өрістеуі, өндірістегі апаттардың өсуі міне мұның бəрі - адамдардың мазасыздығын шақырады. Бұл құбылыстармен күрестегі жеңістің кепілі - оларды туындататын себептерді білу»:
ə) «Бəрінен бұрын, қылмыстылық - қоғамдық организмнің қалыпты қызметін бұзатын адамдардың əлеуметтік мінез-құлқының нысаны жəне əлеуметтік-құқықтық құбылыс»
б) Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат -қылмыстылықпен күрестің негізгі бағыттары, құралдарын, жолдарын көрсететін көзқарастар мен танымды ойлардың жиынтығы ғана емес, қылмыс жасауға бел байлаған адамның əрекетін құқықтық тұрғыда басқару мен бағыт беру. Мемлекеттің заңдары мен талаптарына бағынбаған, қоғамға деген аяушылығы мен ізгілігін жоғалтқан «айыпты адамның неғұрлым қауіпті, белсенді, ұзаққа созылған əрекеті едəуір ауыр зардаптарға əкеліп соғуы мүмкін»
в) «Қылмыстық саясаттың мазмұны нақты тарихи жағдай мен қоғамдық дамудың қажеттілігіне тəуелді бола отырып өзгеріске түседі7
Бұл көзқарастардың əрқайсысы қылмыстық саясаттың түрлі қырларына анықтама беруімен маңызды жəне кейбір кемшін тұстары да бар.
Жоғарыдағы көзқарастарды қылмыстық саясат субьектілерінің қызметініңəлеуметтік-құқықтық мəнін, бұл үрдістегі қоғамдық қатынастардыңмаңыздылығын жеткілікті ашпай жəне қылмыстық саясаттың рухани сипатынтолық көрсетуді қамтамасыз етпегендігі үшін қуаттамаймыз.
Біздің ойымызша, қылмыстық саясат - бұл мемлекеттің құқықтық тұрақтылық пен қылмыстық ахуалды оңтайландыруды қамтамасыз етужолындағы тиісті құбылыстарды бақылау мен басқару арқылы адамдықылмыстан сақтандыру мен қылмыстылықты жоюды жүзеге асыру қызметі.
Бұл қызметін мемлекет - азаматтардың, қоғамдық ұйымдармен қозғалыстардың, мемлекеттік арнайы органдардың қызметін қаржыландыру немесе белгілі-бір əрекетке рұқсат беру жолымен пайдаланады. Қылмыстық саясаттың мəні субьектілердің бір жақты əрекетін танудан жеткіліктіашылмайды. Кеңестік кезеңде берілген қылмыстық саясаттың түсінігінің көп түрлері - қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі мазмұнын толыққанды құқықтық тұрғыдан ашып бере алмайды. Құқықтықүрдістер де уақытқа тəуелді болғандықтан - қылмыстық саясаттың негізгітіректері: саяси-құқықтық идеология мен заңдық нормалар, саяси- құқықтық қатынастар мен қылмыстық саясат субъектілерінің де құқықтық мəртебесінің жағдайын анықтау мен талқылаудың кезеңі келді.
Кеңірек қарасақ, қылмыстық саясаттың элементтеріне:
- құқықтық идеология мен құқықтық нормалардың қалыптасуы негізіндежүзеге асырылатын құқықтық саяси үдерістің іргетасы іспетті объективті жəнесубъективті факторлардың болуы;
- қылмыстық саясат субъектілерінің əрекетін құқықтық қамтамасыз ететінжəне оған ресми сипат беретін заңдық негіздің болуы;
- қылмыспен күрес жəне қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстықсаясатты жасаушылар мен оны жүзеге асырушылар арасындағы ортақмемлекеттік мүдденің болуы;
- қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат субъектілерініңмүдделері мен мақсаттарын біріктіретін жəне оны негізгі фактор ретіндеайқындайтын – ортақ əлеуметтік мəннің болуы.
Яғни, осы факторлардың толықтығы мен қылмыстан сақтандыру шараларының дер кезінде орындалуы қылмыстық саясаттың терең түсінігін қалыптастырып қана қоймай, оның нəтижелі болуының да алғышарты болмақ.
Қылмыстық саясат – əлеуметтік қатынастардың саяси мəнге ие болған көрінісі. Сондықтан қылмыстық саясат жүйесінде арнаулы субъектілердің əрекеті мен қызметінің əлеуметтік мəні толымды талқылауды қажет етеді.
Қылмыстық саясаттың əлеуметтік мəні дегеніміз – мемлекет пен қоғамның құқықтары мен міндеттері, мүдделері мен мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметтің көпқырлы сипаты. Кез-келген əлеуметтік-құқықтық қатынас қылмыстық саясаттың пəнін құрамайды, егер де құраса - ол қатынастардың негізінде саяси-құқықтық байланыстар жатуы тиіс. Қылмыстық саясат саласындағы қатынастардың құқықтық табиғаты - заң нормаларынан ғана көрініс табады. Кез-келген қылмыстық заң нормасы құқықтық қызмет өрісіне сай, қылмысқа құқықтық баға берумен қатар, қылмыстан сақтандыру міндетін де атқарады.
Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу – заң нормасын қолданумен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар саяси-құқықтық қатынастар пəнінің шегін белгілеу арқылы жəне құқықтық қатынастардың қозғалтқышы ролін иеленген заң нормасын пайдаланумен байланыстырыла жүргізіледі.
Құқықтық нормалар - саяси-құқықтық қатынастардың сыртқы көрінісін, ішкі ұйымдастырылуын, қатынастардың ресми бекітілуіне жол ашатын тарихи-заңды құрал ғана емес, саяси-құқықтық қатынасқа мəн мен нысан бере отырып, қатынастың барлық түрін реттеудің жалғыз тетігі де. Заң нормасын оңтайландыру жəне оның қатынастарды реттеу кезіндегі ролін дұрыс түсінудің маңызы өте зор.
«Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктерін қайталайтын жəне негізсіз кеңейтетін нормаларды жоюды - нормативті құқықтық базаны жетілдірудің бір шарасы ретінде қарау керек» деген көзқарас ұсынған авторларды қолдаймыз
Құқық нормасы – біріншіден, өз кезегінде құқықтық əрекетке əсер етіп қана қоймай, оның əлеуметтік бағытын да белгілейді. Екіншіден, қылмыстық саясаттың маңызды элементі - құқықтық нормалар мен идеялар, көзқарастарды қолдану мен саралаудың кезінде жүзеге асатын – қызмет. Бұл жердегі қызмет - қылмыспен күрес пен одан сақтандырудағы əрекеттің белсенді бағытын көрсетеді.
Қызмет - əлеуметтік топтар мен олардың өкілдерінің өз мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, əлеуметтік белсенді мінез- құлықтың көрінісі жəне оның жүзеге асуы. Қылмыстан сақтандыру кезіндегі қызмет бұл қылмыстық құқықтың қызметі деген сөз. Бұл жерде «міндет» ұғымы «қызмет» ұғымының құрамдас бір бөлігі екендігін ескерген жөн.
«Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы жəне арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады жəне қылмыстық саясат əлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмұны - қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық қағидаларын қатаң сақтау» - деп, профессор А.Н. Ағыбаев қылмыстық заңның міндетін дұрыс бағалайды [10, 292 б.]. Қылмыстық саясаттағы қызметтің өзіндік мəні бойынша мынадай ерекшеліктері бар: бұл қызмет қылмыстың алдын-алу мен сақтандырудан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Бұл қоғамдық қатынастардың құрамында: конституциялық ққық, қылмыстық құқықтық, əкімшілік, қылмыстық іс жүргізу салаларын қамтитын құқықтық қатынастар кіреді жəне оларға тиісті құқық саласының нормаларымен реттеледі. Қылмыстан сақтандыру - қылмыстық заңның ғана міндеті емес, қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтық шаралар қылмыстылыққа əсер етудің сөз жоқ басты құралы бірақ, жалғыз құралы емес жəне бұл жерде қылмыстық заңның ролін жеткіліксіз бағалауға да жол бермеу керек.
Қылмыстық саясаттың басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандыру қызметі кешенді түрде реттелетін үрдіс. Кешенді реттеуге - қылмыстың жолын кесу үшін барлық əлеуметтік, құқықтық, саяси ресурстарды жұмылдыру жатады.
Бұл жерде қылмыспен күрестің механизімінің қатынастарды реттеу пəрменділігі мемлекеттің құрылымы мен оның даму бағытындағы өзгерістерге ғана емес, қылмыстық ахуалдың өрістеу бағытына да тікелей тəуелді.
Бұл жердегі негізгі мəселе: «күрделі жүйеге ие біздің мемлекетіміз тұрақты түрде дамып қана қоймай, азаматтарға өмір сүрудің қолайлы шарттарын да ұсынуда, сонымен бірге, өкінішке орай, қылмыстылық та дамуда»
Қылмыстық саясаттағы қызмет - материалды жəне процессуалды бағыттағы əрекеттердің жиынтығы ғана емес. Бұл қызметтің негізгі сипаты жоғарыдағы көрсетілген əрекеттердің саяси мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылуында жатыр.
Материалды бағыттағы қызмет қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтық шараларды қолдану мен үнемі жетілдіруден тұрады. Бұл қызмет қылмыстық саяси үрдістердің тəжірибесін де қалыптастырады, яғни мемлекеттің құқық қорғау қызметі мен қылмыстық саясаттың тəжірибесі өзектес ұғымдар. Ұғымдар өзектестігі - қылмыспен күрес пен сақтандырудың бағытын айқындап қана қоймай, Қазақстан халқын жеке қылмыстық қол сұғушылықтан, ұйымдасқан қылмыстық топтың шабуылынан қорғаудың да маңызын ашады. Ең бастысы, «қоғамды аса алаңдататын қылмыстылықтың түрі қылмысқа қатысушылықпен, оның ішінде ұйымдасқан топпен жасалатын əрекеттердің алдын алу болып табылады. Себебі қылмыстылықтың мұндай түрінде өзге адамдарды да қылмыстық əрекеттерге тарту, жалпы адамдардың санасын қылмыстылықпен улау орын алады» [12, 126 б.].
Қылмыстық саясаттың теориялық бағыттағы қызметі - ғылыми доктринальды тұжырымдарды жасау, идеялар мен көзқарастарды қалыптастырудан да тұратын күрделі шаралар кешені. Қылмыстан сақтандырудағы қызмет – ол тек қана қылмыстық саясаттың бір бағыты ғана емес, ол мемлекеттің осы саладағы саяси қызметінің негізгі мазмұнын бейнелеуші қызмет. Өйткені бұл қызметтің тамырында мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік талаптардың негізгі өзегі жатыр. Негізі, қылмыстық саясат жəне оның мемлекет саясатындағы рөлі - үлкен тұжырым өзегі.
Саясат - бұл маңызды үдерістерге мемлекеттің қатысуы, яғни бұл үдерістердегі мемлекеттің бағытын, қызметінің мазмұнын, мəнін, мақсатын, нысанын анықтау. Қылмыстың дамуын тежеу құқықтық мемлекеттегі ең басты міндеттің бірі ретінде бақылау қызметін дұрыс жолға қоюмен нəтиже береді.
«Қылмыстылыққа қатаң əлеуметтік бақылау қою қажет. Ол тек қана күштеудің əдістері мен тəсілдеріне ғана емес, сонымен қатар, интеллектуалды мүмкіндіктерге де негізделуі керек»[13, 141 б.].
Біздің ойымызша, қылмыстылықты бақылау мына бағытта жүруі керек: мемлекеттік шаралар арқылы əлеуметтік бақылау, яғни: құқық қорғау органдарының қылмыстылықтың жайын тиісті міндеттерін жүзеге асыру барысында бақылау; қоғамдық бақылау, яғни: қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өз қызметін атқару барысындағы қылмыстылықтың жағдайына бақылау жасауы.
Парламенттік бақылау, яғни: қылмысқа қарсы күреске қолданылатын тиісті заңдар шығару; (қылмыспен күрестің үдерісі мен негіздерін заңдық базамен қамтамасыз ету). Бұл бақылау түрлері мемлекеттің қылмыстық саясатының жүзеге асыру құралы ғана емес, негізгі нысаны да болып табылады.
Қылмыстық саясат - мемлекеттің қылмыспен күрес жəне оның алдын-алу саласындағы қызметінің нысаны жəне барлық қажетті басым əрекеттерінің жиынтығы деген пікір білдіреміз. Теориялық зерттеу кезінде қылмыстық саясатқа анықтама беруде ғалымдар пікірінің бір бағыттағы тоқайласуын байқамадық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет