Имам ғазали жүректің сырлары


Тәкаппарлық және менменсінудің жамандығы



Pdf көрінісі
бет147/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Тәкаппарлық және менменсінудің жамандығы 
Алла бізді бұл дүние және ақыреттің жақсылығына жеткізсін! Бас көтеру және 
менменсіну жақсы қасиеттерден айырады. Ол насихат тыңдауға және тәрбиеге 
тосқауыл болады. Міне, сондықтан ойшылдар: «Ілім – тартыну мен бой көтеру бар 


200 
жерге жоламайды. Сел биік ғимараттарға дұшпан болғандай, ілім де бас көтергендерге 
дұшпан», – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүрегінде кішкентай тәкаппарлығы бар кісі пейішке кіре 
алмайды», – деген. 
Тағы бір хадисте: «Тәкаппарлық жасап, киімін жерге сүйреткеннің жүзіне Алла 
қарамайды», – деп айтылады. 
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ал сонау ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне келсек, 
оны жер бетінде (молшылықты көтере алмай) асып-тасуды һәм бүліншілік шығаруды 
қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік – Алланы лайықты түрде ұлықтайтын 
әрі азабынан сақтанатын тақуа жандарға тиесілі (Алланы лайықты түрде ұлықтайтын 
әрі азабынан сақтанатын тақуа жандардың ақыры қайырлы болады)»
493

493
 
«Қасас» сүресі, 83. 
«Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт 
айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне 
алмайтындай етемін). Олар жолымыздың хақ екенін көрсететін қанша дәлел, қаншама 
мұғжиза көрсе де, бәрібір оған иланбайды»
494
деп айтқан. 
494
 
«Ағраф» сүресі, 146. 
Ибн Ауана тәкаппар кісі еді. Риуаят бойынша, ол бір күні қызметшісінен су сұраса, ол 
«Иә», – деп жауап береді. ибн Ауана: «Жоқ», – деп айта алатындар ғана «иә» дей 
алады» деп қызметшісіне ашуланып, жасауылдарына сабатады. Тағы бір мәрте ол бір 
диқанды шақырып, онымен сөйлесіп, сөзі біткен соң су алдырып, онымен сөйлескеніне 
жиіркеніп, ауызын шайқайды. 
Бұл туралы «Пәленше өзін өте жоғары көтеріп еді, құласа быт-шыты шығады», – деп 
айтылады. 
Белгілі әдебиетші Жахиз айтады: «Құрайыш руынан тәкаппарлығымен танылғандар 
Бану Махзум және Бану Умайя рулары, арабтардың арасында Бану Жағфар ибн Куаб, 
Бану Зурарат ибн Ади рулары еді. Парсы патшалары болса өздерін құдай, елді құл 
ретінде көрді». 
Тәкаппарлығымен танылған біреуден: «Неге халифаны көргелі келмейсің?» – деп 
сұраса, ол: «Көпір менің дәулетімді көтере алмай қалады деп шошимын», – деп 
менменсінеді. 
Хажжаж ибн Артатқа: «Неге жамағатпен оқылған намазға келмейсің?» – деп сұраса, 
«Диқан, малшылардың арасына қысылғым келмейді», – деп жауап береді. 
Риуаятқа қарағанда Йемен елінің атқамінерлерінен Уаил ибн Хажар 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған егін даласынан бір үлес 
жер бөліп беріп, Муғауияға: «Мен бөліп берген жерді оған көрсетіп, оның атына жаз», 
– деп оған қосып жібереді. 
Ми қайнатқан ыстықта екеуі жолға шығады. Муғауия Уаил мінген түйенің артынан 
жүріп бара жатып қатты қиналады. Бір кезде ол Уаилге: «Мені түйеңе мінгестіріп 
алшы», – деп сұранады. Уаил оған: «Сен патшамен бір көлікке мінетіндерден емессің», 
– деп болмай қояды. Муғауия: «Онда аяқкиімдеріңді маған берші», – дейді. Уаил бұл 
сұранысты да қабыл алмай: «Е, Әбу Суфиян ұлы, сенен аяқкиімімді аяйтындай сараң 
емеспін, бірақ менің аяқкиімімді кигенің туралы Йемен руларының арасында сөз 
жайылуын жақсы көрмеймін. Сен түйенің көлеңкесінде жүр, сол саған даңқ ретінде 
жеткілікті», – деп жауап береді. 
Риуаятқа қарағанда сол Уаил әзірет Муғауияның халифалық дәуіріне шейін өмір 
сүреді. Бір күні ол халифаны зиярат қылып барып қалады. Әзірет Муғауия оны 
жанындағы орындыққа отырғызып, әңгімелеседі. 


201 
Масрур ибн Хинд бір кісіден: «Мені танисың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», – деп 
жауап береді. Масрур: «Мен Масрур ибн Хиндпін», – деп өзін таныстырады. Әлгі кісі 
қайтадан: «Сені танымайды екенмін», – дейді. Сонда Масрур оған: «Айды да 
танымағандарды Алла жазаласын!» – деп қаһарланады. 
«Тәкаппарлық – кішкентай кісілердің, кішіпейілдік – ұлылардың сипаты», – деп 
айтылады. 
Абдулла ибн Амрдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Нұх (а.с.) өлер 
алдында екі ұлын жанына шақырып, былай деп өсиет қылады: «Сендерді екі нәрсеге 
бұйырамын және екі нәрседен аулақ болуға шақырамын. Аллаға серік қосудан және 
менменсінуден сақтаныңдар. «Лә илаһа иллаллаһ (Алладан басқа құдай жоқ)» деген 
сөзді ауыздарыңнан түсірмеңдер. Өйткені аспан мен жер және ондағы нәрселердің 
бәрі таразының бір жағына «Лә илаһа иллаллаһ» сөзі арғы жағына қойылса, екінші 
жағы ауыр басады. 
Аспан-жер бірігіп бір шеңберше болса және ол шеңбершенің үстіне «Лә илаһа 
иллаллаһ» деген кәлима қойылса, үстіндегі салмақтан шеңберше сынады. Екіншісі 
«Субханаллаһи уәлхамду лиллаһ» деңдер. Өйткені бұл сөз – жанды, жансыздың 
бәрінің дұғасы. Жандылардың ризығы сол дұғада». 
Иса (а.с.): «Алланың Кітабын оқыған және біреуге зұлымдық жасамай дүниеден өткен 
пенде қандай бақытты!» – деп айтқан. 
Риуаятқа қарағанда Абдулла ибн Сәлам (р.а.) бір күні отын көтеріп көшеде бара 
жатып: «Неге бұлай істеп жатырсың, соған сен мұқтаж емессің ғой?» – дегендерге, 
«Нәпсімнен тәкаппарлықты қуғым келеді», – деп жауап береді. 
Құртубидің тәпсірінде: 
«Жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын 
аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармасын»
495
 
деген аят туралы 
былай деп айтылады: «Әйелдер еркектерге мақтану мақсатында сол іс-әрекетті 
жасаса, бұл ісі харам болады. Сондай-ақ еркектердің де мақтаныш ретінде солай 
жасауы харам. Өйткені менменсінуі үлкен күнә». 
495
 
«Нұр» сүресі, 31. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет