Имам ғазали жүректің сырлары


Сабырлылық, Аллаға ризалық және қанағат



Pdf көрінісі
бет154/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Сабырлылық, Аллаға ризалық және қанағат 
Алланың разылығының ұлылығын баяндаған аяттар төмендегілер: «Алла оларға 
разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына 
тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады».
523
 
523
 
«Байина» сүресі, 8. 
«Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!»
524
 
524
 
«Рахман» сүресі, 60. 
Жақсылықтың жеткен шегі – Алланың пендеден разы болуы. Алланың пендеден 
разы болуы – пенденің Алладан разы болуының сыйы. 
«Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ішінде мәңгі-бақи бақытты ғұмыр кешетін, 
(жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер 
ағып жататын жаннат бақшаларын, әсіресе Адн жаннатынан керемет үйлер беруді 
уәде етті. Ал (аталмыш нығметтердің) бәрінен де зоры – Алланың (оларға деген) 
разылығы. Ең үлкен жетістік – міне, сол».
525
 
525
 
«Тәубе» сүресі, 72. 
Біз куә болғандай, Алланың разылығы Адн пейіштерінен де жоғары тұрады. 
Алла Тағала оны зікір қылуды намаздан да жоғары құрметтеген: «Өйткені намаз – 
адам баласын арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды. Ал 
Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең 
үлкені, ең зоры. Алла сендердің не істеп жүргендеріңді толық біледі».
526
 
526
 
«Анкабут» сүресі, 45. 
Намазда аты аталған Алла Тағаланың Нұр Жамалын көру намаздан да жоғары 
тұрғандай, пейіштердің Иесінің разылығы пейіштерден де жоғары бағаланады. 
Нақтылап айтқанда Алланың Нұр Жамалын көру – пейіштегілердің ақырғы тілегі. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала мүминдерге: «Менен не қаласаңдар, 
сұраңдар», – дегенде, мүминдер: «Сенің разылығыңды», – дейді», – деп айтқан. 
Мүминдер Алла Тағаланың Нұр Жамалын көргеннен кейін оның Разылығын тілеуі – 
Алланың разылығы ең ұлы мақсат екенін білдіреді. 
Пенденің Аллаға разылығы туралы кейінірек баяндаймыз. Алланың пендеге разы 
болуы басқа мағынада. Алланың пендені сүюі тақырыбында айтқандарымызға жақын. 
Жалпы алғанда, пенде басқа уақытта мұны түсіне алмайды. Көреген, көсем кісілер ғана 
түсінеді. 
Қысқасы, Алланың Нұр Жамалын көруден биік дәреже жоқ. 
Жоғарыдағы хадисте де айтылғандай, Алланың «Менен сұраңдар» деген бұйрығына 
пейіштегілердің «Разылығыңды тілейміз» деп жауап беруі, міне, сол себептен Алланың 
разылығы – оның Нұр Жамалын үздіксіз әрдайым көруге себеп болады. Мысалы, олар 
Алланың Нұр Жамалын көрумен ақырғы мақсаттары іске асқанына куә болады. Бірақ 
оларға «Сұраңдар!» – деп айтылғанда «Разылығыңды тілейміз» деп жауап берумен 
«Нұр Жамалыңды көру нығметінің үздіксіз болуын қалаймыз» деген мағынаны 
білдіреді. 


216 
Өйткені Алланың олардан разы болуы перденің әрдайым ашық тұруына себеп екенін 
біледі. 
Алла Тағала: «Онда олардың қалаған нәрселерінің бәрі бар. Сондай-ақ 
құзырымызда одан да көп сый-сияпат бар»
527
 
деп айтқан. 
527
 
«Қаф» сүресі, 35. 
Кейбір тәпсіршілер былай дейді: 
Пейіштегілерге Жаратқан Иесі үш сыйлық береді: 
Біріншісі: Пейіштің көз көрмеген, құлақ естімеген, адамның қиялына да келмеген сый-
тартулары. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Дүниеде істеген игі істері үшін оларды 
(ақиретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый-сияпаттың, нендей 
тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді»
528
 
деген. 
528
 
«Сәжде» сүресі, 17. 
Екіншісі: Жаратқан Иесінің сәлемі. Құранда: 
«Һәм олар ерекше мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады»
529
 
деп айтылады. 
529
 
«Иәсин» сүресі, 58. 
Үшіншісі: Алланың разылығы. Құран Кәрімде: «Ал (аталмыш нығметтердің) бәрінен 
де зоры – Алланың (оларға деген) разылығы. Ең үлкен жетістік – міне, сол»
530
 
деп 
жазылған. 
530
 
«Тәубе» сүресі, 72. 
Аяттың тәпсірі төмендегіше: 
Алланың разылығы пейіштегі нығметтердің бәрінен жоғары тұрады. Бұл – пенденің 
разылығының жемісі. 
Разылықтың ұлылығын көрсеткен хадистер төмендегілер: 
Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалардан: 
– Сендер кімсіңдер? – деп сұрады. 
– Мүминбіз, – деп жауап берді сахабалар. 
– Имандарың неден байқалады? 
– Кесапат-бәлелерге сабыр, нығметтерге шүкір, басымызға не келсе де ризалықпен 
қабыл аламыз. 
– Құдайақы, шынында сендер мүминсіңдер!» 
Тағы мынадай хадистер бар: 
«Кім Алла берген адал ризыққа разы болса, Алла да оның істеріне разы болады». 
«Алла сүйген пендесін бәлелерге душар етеді. Егер сабыр қылса, оны басқалардан 
жоғары қояды. Егер разы болса, оны сыйлайды». 
«Қиямет күні Алла Тағала кейбір пенделеріне қанат жаратады. Олар қабірлерінен 
пейішке ұшады. Ол жерде қалағанындай сайрандайды. Сонда періштелер мен 
олардың ортасында төменгідей әңгіме жүреді: 
– Есеп бердіңдер ме? 
– Біз есеп не екенін білмедік. 
– Сыраттан өттіңдер ме? 
– Біз Сырат деген нәрсені де көрмедік. 
– Тозақты көрдіңдер ме? 
– Біз еш нәрсе көрмедік. 
– Қайсы пайғамбардың үмбетісіңдер? 
– Мұхаммедтің (а.с.). 
– Алла үшін айтып беріңдерші, дүниеде қандай істерді жасаушы едіңдер? 
– Біздің екі сипатымыз бар болды. Бұл мәртебеге Алланың бұйрығымен жеттік. 
– Олар қандай сипаттар еді? 
– Жалғыз жүргенде де Аллаға күнә жасаудан қорқушы едік және Жаратқан Иеміздің 
бізге берген несібесіне разы болушы едік. 


217 
– Олай болса сендер соған лайықтысыңдар». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, кедейлер! Аллаға шын жүректен разы болсаңдар, 
кедейліктің сауабына жетесіңдер, өйтпесеңдер, сауапқа жете алмайсыңдар», – деп 
айтқан. 
Риуаятқа қарағанда Исраилұлдары Мұсаға (а.с.): «Жаратқан Иеңнен сұра, бізге оның 
разылығына жеткізетін істі көрсетсін», – деді. Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! 
Олардың айтқанын естідің», – деп Жаратқанға дұға қылады. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): 
«Уа, Мұса! Оларға айт: Менен разы болса, Мен де олардан разы болам», – деді. 
Сабыр тақырыбына келетін болсақ, Алла Тағала бұл туралы Құран Кәрімнің 
тоқсаннан аса жерінде баяндаған және барлық жақсы істерден өте көп сауапты оған 
ұйғарып, сол жақсы істердің бәрі сабырдың жиынтығы екенін білдірген. Сабырлыларға 
басқа жақсы істерді орындаушылардан да көп қуанышты хабар берген және «... Міне, 
солар – Раббыларының кешірімі мен рақымына бөленгендер. Тура жолға түскендер де 
солар»
531
 
деп айтқан. 
531
 
«Бақара» сүресі, 157. 
Біз көріп тұрғандай, аятта тура жол, рақым және амандық сабырлылар үшін 
жиналған. Сабырлылық туралы аяттардың бәрін тізбектеп айту қиын. Бұл жөнінде 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадистері бар: 
«Сабырлылық пейіш қазыналарынан бір қазына». 
«Иман деген не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.) «Сабырлылық», – деп жауап 
берген. 
Тағы бір хадисте «Істердің ең жақсысы нәпсіге ауыр келген нәрсені жүзеге асыру», – 
деп айтылады. 
Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай деп уахи қылды: «Менің мінезімнен үлгі ал. Менің 
қасиеттерімнің бірі – сабырлымын». 
Ибн Аббастан риуаят етіледі: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) жиналып отырған 
ансарларға келіп: «Сендер мүминсіңдер ме?» – деп сұрады. Олар үн қатпады. Әзірет 
Омар: «Иә, уа, Алланың Елшісі!» – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Имандарыңның белгісі не?» – деді. Ансарлар: «Молшылық болып тұрғанда шүкір 
қыламыз. Бәлелерге сабыр қыламыз. Тағдырға разылық көрсетеміз», – деп жауап 
берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Құдайақы, онда сендер мүминсіңдер!» – деді. 
Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жағымсыз нәрсеге сабыр 
қылғаның өте жақсы. Иса (а.с.): «Сендер өздеріңе жақпаған нәрселерге сабыр қылумен 
ғана сүйіктілеріңді (яғни, Алланы) таба аласыңдар», – деген». 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер сабырлылық бір пенде болғанда, ол өте көп жақсы 
қасиеттерге ие болады», – деген. 
Алла сабырлыларды сүйеді. Бұл туралы айтылған хадистер өте көп. 
Пайғамбарымыз: «Қанағат қылған ұлық болады, сұғанақтық қылған қор болады», – 
деген. 
«Қанағат – сарқылмас қазына». Қанағатшылдық туралы жоғарыда да көп сөздер 
айтылған. 


218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет