1. Иә, Син. 2. Хикметке толы Құранға серт! 3. Сен, әлбетте, (ақиқатты жар салу міндетімен жіберілген) елші пайғамбардың бірі һәм бірегейісің! 4. Тұп-тура жолдасың. 5. Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді) Алланың бірте-бірте түсірген Кітабы. 6. (Оны саған) ата-бабалары еш ескертілмеген, сол себепті (ақиқаттан) мүлдем ғапыл қалған қауымды ескертуің үшін (түсірді). 7. Адамдардың басым көпшілігіне қатысты Алланың («жаһаннамды адамдармен және жындармен толтырамын» деген) сөзінің хақ екендігі айқындалды. Бұл көпшілік иман етпеуде және етпейді де. 8. Өйткені, Біз олардың мойынына иектеріне дейін жетіп, бастарын игізбей тіреп тұратын темір ажырғылар кигіздік, сол себепті олардың бастары кекжиіп, мұрындары көкке көтеріліп қалған. 9. Сондай-ақ олардың алдына бір бөгет, артына бір бөгет қойып, алды-артын көлегейлеп тастадық, сондықтан олар (ақиқатты) көре алмауда»
101
деген
мағынадағы аяттарын оқыды да, көздеген жағына жүріп кетті. Сол сәтте аңдып
тұрғандардың жанына біреу келіп: «Бұл жерде кімді күтіп тұрсыңдар?» – деп сұрады.
Олар: «Мұхаммедті күтіп тұрмыз», – деп сыбырласты. Сонда әлгі кісі: «Құдай сендердің
тілектеріңді қаптырды. Мұхаммед сендердің алдарыңнан жаңа ғана өтіп кетті. Өтіп
бара жатып әрбірлеріңнің бастарыңа топырақ шашып кетті. Сенбесеңдер, бастарыңа
қараңдаршы», – деді. Ол жердегілердің бәрі тегіс бастарына топырақ шашылып
қалғанын байқады.
101
«Иәсин» сүресі, 1-9.
Жасырынған жерлерінен шығып Алла Елшісінің (с.а.с.) үйіне баса көктеп кірді.
Пайғамбарымыздың орнында жатқан әзірет Алиді (р.а.) көріп: «Міне, Мұхаммед
шекпеніне оранып ұйықтап жатыр», – деп үндемей қалды. Сонымен олар тағы таң
атқанша күтіп тұрды. Таң атқан кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) орнынан әзірет Али
түрегелді. Міне, сонда ғана мүшріктер:
– Түндегі бейтаныс дұрыс айтқан ба? – деп бармағын тістеп қалды.
102
102
Ахмад ибн Ханбал, 3241; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 6/51.
Кейін бұл жағдай туралы төменгі аят түсірілген: «(Уа, Мұхаммед!) Кезінде