Індетке қарсы шаралар



бет1/12
Дата02.03.2023
өлшемі48.21 Kb.
#470277
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
9-ТАҚЫРЫП


Індетке қарсы шаралар

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.


Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.
Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау. Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитариялық талаптар. Кешендердің ішкі және сыртқы санитариялық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар.



1.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.


Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.


Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет