Дәріс 1 «Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе
«Стандарт» ұғымы латын сөзінен аударғанда (standard) «үлгі» (обаразец), «норма» (өлшем) деген мағынан береді. Білім стандарты мемлекеттік білім нормаларының сапасын, қоғамдық иедеалдар көрнісі және оған жетудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін айқындайтын негізгі параметрлер жүйесі деп түсіндіріледі. «Білім беру стандарты», «образовательныйстандарт» ұғымыхалықаралық мәртебеге ие болған, себебі ол әлемдік білім кеңістігінде жиі қолданылады. Кейбір елдерде ол басқаша аталуы кездеседі. Атап айтқанда: Ұлыбританияда «ұлттық оқу жоспары» деп аталады. Бiлім беру стандарты-деп ғылыми тұрғыдан алғанда, мемлекеттiк бiлiм нормасы ретiнде қабылданатын, жеке тұлғаның мүмкiндiктерiн қоғамдық мүддеге сай танытатын негiзгi параметрлер жүйесiн айтады. Стандарт терминiн бiлiм жүйесiнде тұңғыш рет америкалық математик мұғалiмдердiң ұттық кеңесiнiң ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастаған. 80-жылдардың соңында АҚШ-та, Ұлыбританияда, Нидерландияда алғашқы бiлiм стандараттары жасалды. ТМД елдерiнде бiлiм стандарттары туралы әңгiме 90-жылдардың басында қозғалд. Ресейде бiлiм стандаттарын жасау 1992 жылдары В.С.Ледневтiң ғылыми жетекшiлiгiмен қолға алынды. Бұл стандарттардың негiзiн жасауда М.Н.Скаткин, С.Г.Шаповаленко, А.М.Арсеньев, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, В.В.Краевский, В.Г.Онушкин сияқты белгiлi ғалымдардың ғылыми-теориялық тұжырымдары тiрек етiлдi. Жалпы алғанда, әлемдiк тежiрибеде бiлiм стандарты: бiлiм берудiң мақсатын; оқытудың мазмұнын; түлектерге қойылатын негiзгi талаптарды (критерийлердi) қамтиды және білім мазмұнын анықтайды.Ресей ғалымы Н.Гуткина: «мектепке дейінгі білім беру стандарты-білім беру бағдарламаларының мазмұнын жас ерекшелігіне сәйкес меңгеру нәтижесін, балабақшалардағы білім беру сапасының белгіленген талаптарға сәйкес балалардың дамуына бақылау мен басшылық жасаудың формасы ретінде қарастырады.
Стандарт техникалық нормативтік-құқықтықакт, ол белгілі деңгейлерге сәйкес білім беруді, мемлекеттік білім беруді қамтамасыз ететін тек мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей қатысты деп қарастырады».
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта бала меңгеруге тиісті білім, іскерлік дағдылардың көлемі, баланың дайындығына қойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттыңнегізгі қызметі –басқару. Ол «Білім туралы» Заңға сәйкес жасалады.ҚазақстанРеспубликасы Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. 2001оқужылынан бастап тәжірибеге енгізіле бастады. Аталған стандартқа сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламалар, оқу–әдістемелік кешендері жарық көрді. Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында білім мазмұнын анықтайтын пәндер базистік оқу жоспарында белгіленді. Базистік оқу жоспарларының салыстырмалы көрсеткіштерінен білім мазмұнын беруде сағат сандарындағы өзгерістер мен білім мазмұнын тақырыптық принципте жинақтап ұсынылуыжағынан өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Жалпы орта бiлiм департаментiмектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартын әзiрлеуге арналған конкурс жариялап, оған «1 жастан 5 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы» (2004 ж)жобасының жетiлдiрiлген нұсқасы ұсынылды. Конкурс барысында iрiктелген жобалардың бiрi ретiнде бұл нұсқа Алматы қаласында Республикалық бiлiм беру жүйесiнiң басшы және педагог мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру институтында өткiзiлген семинар-кеңесте талқыланып, толықтырылып, өңделiп республика көлемiнде жаппай тәжірибеге енгізілді. Аталаған стандартты дайындауға атсалысқан ғалымдар: М.С.Сәтімбекова, С.Г.Бәтібаева, Ф.Н.Жұмабекова, Н.Л.Татаурова, И.А.Тирская, Т.М.Калашникова т.б.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартының
жетiлдiрiлген нұсқасы мынадай жаңашылдық сипаттарға ие болды:
1. Адам тұлғасының қалыптасуындағы мектепке дейiнгi балалық шақтың мәндiлiгi мен жас ерекшелiк мүмкiндiктерi жаңа құндылықтар тұрғысынан айқындалды, оны баланың жеке ерекшелiктерiмен үйлестiрiлу талаптары белгiлендi.
2. Педагог пен баланың өзара қарым-қатынасындатең құқықтылық принципiн сақтау, балалармен педагогикалық жұмысты тұлғалық- бағдарлы тұрғыда ұйымдастыру негiз етiп алынды. Сөйтiп мұнда оқу- пәндiк модельден баланыңжеке тұлғасын қалыптастыруға бағдарланған ынтымақтастық модельге басымдық берiлдi.
З. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға психологиялық қолайлылық тудыратын сипатта анықталды.
4. Стандартта мектепке дейiнгi баланың тұлғалық мәдениетiнiң базисi ретiнде бүкіл адамзттық құндылықтар алынды. Бүкiл адамзаттық құндылықтармен баланы табыстыру тәрбие мәнiн қарайды, бұл құндылықтар өмiрге, ақиқатқа бала қатынасын қалыптастыруға қызмет етедi.
5. Стандартта бiлiм, бiлiк, дағдыларға үйретуден, оларды меңгеру жолдары мен мүмкiндiктерiне үйрету, сөйтiп өмiрде қолдана бiлуге баулу көзделдi.
6. Стандарттың бiлiм мазмұны мен балалар дайындығына қойылатын талаптар олардың тұлғалық дамуын (өмірге әрекеттік-практикалық қатынасынқалыптастыру, сезiм мәдениетiн дамыту, ерiк мәдениетi мен күш-жiгерiн қалыптастыру) қамтамасыз етудi көздейдi. Нәтижесiнде бар қиындықтарды жеңуге, өзiнiң жұмыс әрекетiн, мiнезiн бақылауға, нәтижелерiн бағалай бiлуге үйренетiн болады.
7. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланыңмеңгеретiн таным мәдениетi екi үлкенәлеуметтiк институт балабақша мен отбасы арасындағы үйлесiмдiлiкпен сабақтастыққа қолайлылық туғызуды көздейдi. Мемлекеттік стандарттардың тұжырымдамалық негіздеріне ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі Ережелері, ҚР жалпы білім беруді дамыту тұжырымдамасы, жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасы басшылыққа алынды. Нормативтік құжаттарда:
мемлекеттік базистік оқу жоспары, базалық білім беру аймағы, әдістемелік қамтамасызетілуіне сәйкес: бағдарламалар, («Балбөбек», «Тәй-тәй», «Жеке тұлға», «Қарлығаш», «Қайнар» т.б) оқу-әдістемелік құралдар, мектепалды тобына арналғаноқу әдістемелік кешендері (83аталымда қазақ,орыстілдерінде)дайындалды. 2001жылы жарияланған мемлекеттік стандартта балалардың оқу қызметініңтүрлеріересектер тобында Инварианттық бөлімдеапталық жүктеме 14,5 болса, вариаттивтік бөлікте 1,5,барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі16,0болды. Дайындық тобына Инварианттық бөлімде апталық жүктеме 20,5болса, вариаттивтік бөлікте1,5,барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі22,5 болды. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы 3-5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты (Астана. Ресми басылым. 2007ж) дайындалып, ол ҚРМЖМБС 1.001-2009жылы қайта өңделген нұсқасында мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылатыноқу іс- әрекетініңапталық сағат көлемі ересектер мен даярлық топтарында -15 сағатқа қысқартылған. Білім мазмұны:
«Денсаулық»
«Қатынас»
«Таным»
«Шығармашылық»
«Әлеуметтік орта» тақырыптарына топтастырылып ұсынылған. Мемлекеттік білім беру стандарты білім мазмұнын қалыптастыруды келесі құжаттар арқылы іске асырылады: оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік құралдары мен кешендері. Оқу жоспары теориялық түсіну деңгейінде; оқу бағдарламасы оқу пәнінің деңгейіне; оқу-әдістемелік құралдар деңгейіне сәйкес болады. Бұл құжаттар өкінішке орай орыс тілінде дайындалып, мемлекеттік тілге аударылып ұсынылды,әсіресе «Алғашқы қадам», «Зеререк бала», «Біз мектепке барамыз» аттыбағдарламалардың аударма негізде дайындалып, осы уақытқа дейін оқу-әдістемелік кешендерінің жарыққа шықпауы мектепке дейінгі ұйымдарда оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыруда қиындықтарға кездестіріп отыр. Бұл стандарт бүгінгі таңда қайта өңделу үстінде. Стандарттаудың негізгі обьектісі білім берудегі оның құрылымы, мазмұны, оқу жүктемесінің мөлшері және балалардың мектепке дайындық деңгейі болып табылады. Стандарттағы белгіленген өлшемдер мен талаптар білім сапасын бағалаудағы эталон ретінде қабылданады.Мемлекеттік стандарт барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға (балалар, оқушылар, тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар мен жұмыс берушілер т.б) қызмет етеді және оны реттеудің құралы: білім беру үдерісі; мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің өзін-өзідамыту; білім беру жүйесінің ұлттық деңгейін дамыту көзделген. Осыған орай, оның қызметі мен базалық білім мазмұнының көлемі, балалардың білім мазмұнын меңгеру деңгейі мен көлемі және оқу жүктемесі қамтылған. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекттiк стандартының жобасын жетiлдiру жұмыстарында төмендегідей мәселелер қарастырылды:-балалар өмiрiн сақтау және денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмiр салтының құндылықтарына баулу;-баланың жеке басын үйлесiмдi дамыту, жалпыадамзттық және ұттық құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерiн қанағаттандыру мен қабiлеттерiн дамыту;-баланың қоғамдық-әлеуметтiк, табиғи ортада өмiр сүруi мен жемiстi әрекеттенуiне мүмкіндiк беретiн жеке тұлғаның әлеумттiк рухани қасиеттерiн қалыптастыру;-баланың дамуындағы ауытқушылықтарғақажеттi түзетулердi жүзеге асыру;коммуниткативтiк, танымдык, ойындық және басқа да белсендiлiктердi ынталандыру, бiлiм алудағы қажеттiлiктi қалыптастыру; -педагог пен баланың өзара тұлға дамытушылық қарым-қатынастың негiздерiн айқындау. Ғылыми-зеттеу жұмыстарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандарты баланы жас және жеке ерекшелiгiне сай психологиялық, физиологиялық жағынан мектепке дайындауға көмектесетiн және бастауыш сыныпта қабылдауға дейiнгi дайындығын анықтауға қойылатын талаптарды белгiлейтiн құжат болуы тиiс екендiгi ескерiлдi.
Сөйтiп мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi стандарттаудың негiзгi
нысандары: оның құрылымы, мазмұны, бiлiм беру жүктемесiнiң көлемi және балалардың мектепке дайындық деңгейiнiң өлшемдеріанықталды. Жалпы бiлiм беру стандарттарын даярлауға қатысты ережелердiң негiзiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартын жасауда және жетiлдiруде басшылыққа алынатын басты талаптар белгiлендi. Яғни:
бiлiм беру жүйесiнiң барлықсатыларына, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм беру және бастауыш мектеп сатыларына арналған стандарттарда өзара сабақтастық пен үндестiктiң сақталынуы тиiс;
станадарттың құрылымы мен мазмұны мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм берудiң негiзгi мақсаттарына сай жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуы қажет;
мектепке дейінгi тәрбиелеу мен оқытудың күтiлетiн нәтижесi, балада
Қалыптастырылатын бiлiм, бiлiк, дағдылар көлемi белгiленедi;
6
-мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекттiк стандартын мектепке дейiнгi ұйымдарда тәжiрибе жүзiнде тексеруден өткiзiлген нормалар ғана енгiзiлуi тиiс. Мектеп жасына дейiнгi балалардың әрбiр жас кезеңiндегi дамуына сәйкес осындай психологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, баланы дамыту, тәрбиелеу және бiлiм беру бағытында мектепке дейiнгi бiлiм берудiң базалық мазмұны жасалды және соған сәйкес әрбiр жас топтарындағы балалардың дайындығының мiндттi (минимум) деңгейiне қойылатын талаптар анықталды.
Мектеп жасына дейiнгi балаларға берiлетiн бiлiм мазмұны мен олардың бiлiм деңгейiне қойылатын талаптар баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамытатын, ақыл-ойын, шығармашылығын кеңейтетiн мазмұнмен толықтырылып, олардың мектепке дайындығының қажеттілiгiн арттыруды қамтамасызету көзделдi.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекттік стандарты балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне қойылатын талаптар жүйесінен тұрады Мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартын құру мен енгізудің объективтік қажеттілігі келесі факторлармен анықталады:
-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамытудағы,
балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша толық қамтудағы, балалары үйжағдайында тәрбиеленіп жатқан отбасыларына көмек көрсетудегі қажеттілік;
-мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іріктеуде бірізділікті талап ететін мектепке дейінгі білім беру формаларының вариативтілігі;
-балалардың негізгі құзыреттіліктерін жас және жеке мүмкіндіктерін
ескере отырып қалыптастырудың қажеттілігі;
-баланы толыққанды тәрбиемен қамтамасыз ету үшін, ата-аналарды
мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісіне тартудың жолдарын анықтау және серіктестік механизмдерін іздестіруде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын жетілдіру; Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұданәрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі сәйкес Заңына әзірленді.Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының сәйкес терминдер пайдаланылады.
Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
индикатор – бала дамуының көрсеткіші.
Индикатор білім деңгейін үш тоқсанға бөліп, бес саланың кіші салаларының білімдерін анықтап, әр баланың білім деңгейін анықтап отырады. Мысалы төмендегідей көрсетілген график бойынша толтырылады. Индикаторда үш түс алынады,: қызыл: 3;
жасыл: 5 сары: 4 әр түс белгілі бағаны көрсетеді, соңынан жалпы көрсеткіш анықталады, ал жылдық көрсеткіш үш тоқсанның көрсеткіші қосылып, анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |