Информатиканы оқыту әдістемесі


Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы



Pdf көрінісі
бет39/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125
pdf24 converted 3

Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы:
1) ұйымдастырушылық кезең;
2) берілген 
материалдың, тақырыптың мәнін көрсететін 
мұғалімнің кіріспе сөзі және де сабақтың мақсаты мен жоспарын 
оқушыларға жеткізу;
3) құбылыс 
пен фактілерді жалпылау негізінде жалпы 
білімдерді қалыптастыру және жүйелі түрдегі түрлі ауызша немесе 
жазбаша ұжымдық және жеке жаттығуларды орындау;
4) жұмыстың орындалуын тексеру және керек болған жағдайда 
түзету;
5) өтілген материал бойынша қорытындыларды қалыптастыру; 
6) сабақтың нәтижесін бағалау;
7) нәтижені қорытындылау
8) үйге тапсырма (күнделікті емес). 
Білім, біліктілікті және дағдыларды қолдану сабағының 
құрылымы:
1) сабақтың 
басталуын 
ұйымдастыру 
(оқушылардың 
психикалық дайындығы);
2) сабақ тақырыбы мен оның мақсатын хабарлау; 
3) біліктіліктерді қалыптастыру үшін жаңа білімді игеру;
4) бастапқы ептілікті қалыптастыру, бекіту және оларды
стандартты жағдайда ұқсастық бойынша қолдану;
5) білім мен біліктіліктерді өзгертілген жағдайларда қолдану 
және жаттығу;
6) білім мен біліктіліктерді шығармашылық түрде қолдану; 
7) дағдыларды өндеу жаттығулары
8) үй жұмысы; 
9) оқушылар 
атқарған 
жұмыс 
бағаланатын 
сабақты 
қорытындылау.
Аралас сабақтың құрылымы:
(бұл сабақ екі немесе бірнеше дидактикалық мақсатты 
қамтиды): 
1) сабақтың басын ұйымдастыру (оқушылардың психикалық 
дайындығы);
2) сабақтың мақсатын хабарлау және үй жұмысын тексеру;
3) жаңа материалды меңгеру үшін оқушыларды дайындау, яғни 
білімнің, практикалық және ойлау қабілеттерінің өзектілігі; 
4) жаңа материалды оқыту және түсіндіру; 
5) сабақта өтілген жаңа тақырыпты және онымен байланысқан 
өтілген материалды бекіту; 


64 
6) білім мен біліктіліктерді жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ 
жаңа материалдың қалыптасқан, меңгерілген білімімен байланысы; 
7) сабақтың нәтижесін қорытындылау; 
8) үйге тапсырма беру;
9) мына жаңа тақырыпты оқыту үшін оқушыларды дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет