Алгоритм (қатаң емес анықтама) – бұл қандай да бір классқа жататын кез келген есептің нәтижесін қамтамасыз ететін, анықталған қарапайым (элементар) әрекеттер тізбегі.
Алгоритм –бұл кез келген ақырлы алфавитте өзгертілген ақпараттың (берілгендердің) өзгеруінің шектеулі ережелер жүйесі (В.М.Глушковтың анықтамасы).
Алгоритм құрылымыдық болып табылады,егер де ол стандартты функционалды блок ретінде көрсетілген болса.
Алфавит –кезектесу реті тағайындалған белгілер жиыны (лексикографикалық рет).
Анализ – жүйенің жеке компонеттерінің ерекшеленуіне және қасиеттері мен байланыстарын қарастыруға негізделген зерттеу әдісі.