Инклюзивті білім беру ортасы


Дәріс 10. Мінез-құлық және эмоционалды проблемалары бар білім алушыларды оқытудың қиындықтары



бет36/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
ИББО дәрістер

Дәріс 10. Мінез-құлық және эмоционалды проблемалары бар білім алушыларды оқытудың қиындықтары.
Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (Difficulties)
Пәндерді меңгеруде өзгеше қиындықтары бар оқушылар

Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігі бар балалар


Эмоционалды-еріктік саласы бұзылған балалар

Эмоционалды-еріктік саласы бұзылған балаларды инклюзивті ортаға енгізу ерекшеліктері. Эмоционалды-еріктік саласы бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Балалық шақтағы эмоционалды даму мәселелері.


Мұндай мінез-құлықтың психопатының әртүрлі формалары бар балалар: жалпы сипаттамасы, педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Назар жетіспеушілігінің бұзылуы (гиперактивті балалар): бұзылыстың негізгі көріністері. Балалардың агрессивтілігінің көріністері: механизмдері, түрлері.
Баланың агрессивті мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Балада агрессияның жағымсыз көріністерінің алдын алу.

Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігі бар балалар


Көп жағдайда ата-аналар баласының бір жерде отырмай, көп қозғалып, асығып-үсігіп жүретіндігін, айналып жүретіндігін және басқа балалар мен ересектерге кедергі келтіре отырып, қатты сөйлейтіндігін көріп жатады. Бұндай балалар өз қозғалыстарында икемсіз болады және қозғалыс координациясы мен бұлшықеттік бақылау әлсіз болғандықтан барлығын түсіріп, сындырып, жиі сүрініп, құлай беретін болады. Бұндай балалар әдетте бір нәрсеге ойларын жинақтай алмайды, не болса соған алаңдап, сұрақты өте көп қойып, жауабын тыңдамастан, кейіннен тағы да тез жалығатын басқа істерді бастап кетеді.. Осылардың барлығы қысқа уақыт аралығында болып жатады. Кейде осындай баланың энергиясы бірнеше адамға жететін секілді көрінеді. Сондықтан оларды гипербелсенді деп атайды. 


ГЗЖБ көптеген балаларда кездеседі (әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша шамамен осы белгіден сәбилердің 10 % зардап шегеді) және бұл белгі олардың әлеуметтік бейімделуіне кедергі етеді . Осы белгі қыздарға қарағанда ұлдарда 4-5 есеге жиі кездеседі.


ГЗЖБ бастапқы пайда болуын кейде бала өмірінің бірінші жылында-ақ байқауға болады. Бұндай балалар әр түрлі қоздырғыштарға (мысалы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, баланың күтіміне байланысты анасының әр түрлі әрекеттеріне т.с.с) аса сезімтал болады, олар қатты жылаумен, ұйқысының жиі бұзылуымен (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, сергектігі басым) айрықшаланады, қимыл-қозғалыстық әрекеттерінде аздап қалыс қалушылық байқалуы, (1-2 ай кейін аунап, еңбектеп, жүре бастауы мүмкін), сондай-ақ кеш сөйлеуі мүмкін, олар инертті, пассивті және айтарлықтай эмоционалды болмайды.
Сәбидің бірінші жылында ата-аналар үшін баланың аса көп қозғалуы, олардың бейберекеттігі (қозғалыстық тынышсыздығы) уайым болады. Осындай балаларды бақылаған кезде дәрігерлер олардың сөйлеу мәнерінің дамуында кідірісті байқайды (балалар кеш сөйлай бастайды) , балаларда моторлық икемсіздік (ебедейсіздік) байқалады және олар күрделі қозғалыстарды (секіруді) кеш жасайды.
Бір қалыпты даму жағдайында үш жас - бала үшін ерекше жас болып табылады. Бір жағынан осы жаста баланың зейінділігі мен есте сақтау қабілеті қарқынды дамыса, , екінші жағынан дамудың бірінші дағдарысы байқалады. Осы кезеңдегі негізгі проблемалар баланың өз -өзімен және белсенді болғаннан басқа теріс қылықтың (негативизм), қырсықтық пен асаулықтың артуы болады. Осы жаста бала жеке адам ретінде өзінің ықпал ету шекарасын белсенді түрде қорғап, өзінің «Менін» көрсетеді.
Сондықтан 3-4 жастағы балалардың ата-аналары бұндай мінез-қылықты бірқалыптыға жатқызып, дәрігерге көрінбей жүре береді де кейіннен бала-бақшаға барған кезде тәрбиеші баланың тәрбиеге бағынбайтынын айтқан кезде немесе мұғалімі баланың гипербелсенділігіне және сабақ кезінде бір жерде тыныш отырып, тапсырманы орындай алмайтынына шағымданған кезде олар үшін қолайсыз жайт болады. Осы барлық «күтпеген» мінез-құлықтар гипербелсенді баланың жүйке жүйесіне түскен физикалық және психикалық жүктемелердің ауыр болуына байланысты және оның өзіне қойылған жаңа талаптарды еңсере алмауына байланысты орын алып жатады.
Бұндай бала кейіннен өз қылықтарының неге апаратынын білгісі келмей, жасөспірім кезінде кейде агрессиямен ұштасатын импульсивтілігімен қоғамға қайшы келетін қылықтарды көрсетіп, беделді адамдарды мойындамайтын болады.
Қандай жаста болмасын өз балаларынан осындай бұзушылықтарды байқаған ата-аналар баланы невропатологке немесе психиатрға апарып , тексертіп алуы тиіс. Себебі, кейде ГЗЖБ бетпердесінің астында одан да күрделі басқа аурулар жасырынып жатуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет