1.4 Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Білім алу барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту барысында жалпыға бір әлеуеттік жағдайлар мен жеттістікке жетудің білім алу нормалары, қоғамда қалыптасқан қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларына балалардың мүмкіндіктері сәйкес келмегенде пайда болады. Білім алудағы ерекше қажеттіліктер мәдени-әлеуметтік факторлармен бірге қоса алғанда, балалардың психикалық және дене дамуының ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Баланың білім алудағы ерекше қажеттіліктері мектептен қосымша қызметтер мен қоғам немесе бағдарламалар, материалдар т.с.с. Бұл санатқа тұқым қуалаған, туа біткен, жүре пайда болған не зақымданулардың нәтижесінде туындаған тіршілік етуде шектеулері бар психикалық және дене ауытқулары бар 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар болып табылады. Осы санаттағы жасөспірімдер мен балалар білім беру процесі мен жалпы қоғамдағы орны тұрғысын жайсыз жағдайда болады.
Көп жағдайда дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалар негізгі білім беру жүйесі мен өз құрбылары және педагогтар тарапынан туындайтын қатарға қоспау, өзге балалардан жапа шегу және кемсітушілік. Кейбір балалар арнайы мектептерде, не арнайы сыныптарға барып білім алады. Білім алуға шешім қабылдауға жауапты адамдардың білім беру жүйесі негізінде кедергілерді жою бойынша шараларды асыруды талап етеді.
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жылдам, оңай қабылдау адамдарға қоғамның көзқарасын өзгертуге негізделген. Осы жағдайда мүгедектікті медициналық модель түрінде емес, әлеуметтік модель ретінде түсіну болып табылады.
Әлеуметтік модель мүгедектікті адамның денсаулық жағдайы ғана емес, қоғамда қалыптасқан жағдайлар. Мүгедектікті әлеуметтік тұрғыдан қарау БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясында (2006) былайша бекітілген: Мүгедектік денсаулығында бұзылыстары бар адамдар мен қарым-қатынас және қоршаған ортадағы кедергілер жағдайында болатын өзара әрекеттің нәтижесі болып есептелінеді. Ол мұндай тұлғалардың басқалар мен қатар қоғам өміріне тиімді түрде және толықтай қатысуына кедергі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |