Инновациялық қызмет негіздері және патенттану



Дата13.06.2016
өлшемі368.04 Kb.
#131923


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Курмангалиев Т.Б.


Инновациялық қызмет негіздері және ПАТЕНТТАНУ

Тәжiрибелiк сабақтарға қатысты әдiстемелiк нұсқаулар









Өскемен


2012






ОДК 681.5
Курмангалиев Т.Б. Инновациялық қызмет негіздері және патенттану: Тәжiрибелiк сабақтарға қатысты әдiстемелiк нұсқаулар /ШҚМТУ.– Өскемен, 2012. - 25 б.

Тәжiрибелiк сабақтарға қатысты әдiстемелiк нұсқаулар «Инновациялық қызмет негіздері және патенттану» пәні бойынша сабақтардлы өткізуде қолданылады., сондай-ақ университеттің оқытушылық–профессорлық құрамы қызметкерлеріне және инженерлік- педапгогикалық қызметкуерлеріне пайдасын келтіретіні сөзсіз.



© Д. Серікбаев атындағыШҚМТУ,

2012






КІРІСПЕ

«Авторлық және патенттік құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді:

- өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы халықаралық заңдарымен;

- Қазақстан Республикасының және шет елдердің патенттік заңымен;

- өнертабысқа, пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелерімен;

- өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беруге лицензиялық келісімдерді жасау тәртібімен таныстыру.


Курс бойынша студенттер:

-интеллектуалдық (зияткерлік) меншік, өнеркәсіптік меншік, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар белгісі (таңбасы), қызмет көрсету белгісі (таңбасы), тауардың шығу орнының атауы, ноу-хау, аналог, прототип, лицензиялық шарт туралы түсініктерді;

- өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім беру тәртібің;

- тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеуге өтінім беру тәртібін;

- лицензиялық келісімді жасау тәртібін білуі керек.

Пәнді игерудің негізі жалпы білім беру және ғылыми теориялық пәндерді оқу кезінде меңгерген білімдері болып саналады .

Әдістемелік нұсқау үш тараудан тұрады:

1 Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік, интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңдары. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

2. Патенттік құжаттама және оны пайдалану.

3. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды ресімдеу және өнеркәсіптік меншіктің экономикасы.


.

1 Тарау



Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңдары. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
1 тақырып. Меншік жүйесіндегі интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің орны. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншік объектілері (негізгі терминдер мен түсініктердің анықтамалары, интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің маңызын түсіндіру. Өнеркәсіптік меншік интеллектуалдық меншіктің құрамдас бөлігі ретінде, құқықтық қорғауға жататын адамның интеллектуалдық қызмет объектілері. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болуының негіздері).
Мақсаты: адамның интеллектуалдық қызмет нәтижесі болатын объектілердің және жекелендіру құралдарының жіктелуін зерделеу (авторлық құқықтарды қорғау туралы заңдарға және патенттік заңға сәйкес қорғауға жататын объектілер, қорғалмайтын объектілер).
Интеллектуалды меншіктің құқық объектілеріне:

1. интеллектуалдық қызмет нәтижелері;

2. азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдары жатады.
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне:

- ғылым, әдебиет және өнер шығармалары;

- фонограмманы орындау және хабарлауды ұйымдастыру шараларын жеткізу;

- өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

- селекциялық жетістіктер;

- интегралды микросұлбалар топологиялары;

- ЭЕМ арналған бағдарламалар және деректер базалары;

- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау) жатады.


Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына төмендегілер жатады:

- фирмалық атаулар;

- тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілер);

- тауардың шығу орындарының (шығу тегін көрсету) атауы.


Тәжірибелік тапсырма

1 Интеллектуалдық және өнеркәсіптік меншікке анықтама беру.

2 Интеллектуалдық меншікке адамның интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына айрықша құқық ретінде сипаттама беріңіз.

3 Интеллектуалдық меншіктің құқық объектілеріне жататын интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін атап өтіңіз.

4 Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарының адамның күнделікті өміріндегі мәні.
Бақылау сұрақтар


  1. Қандай Халықаралық конвенцияда интеллектуалдық меншікке анықтама берілген?

  2. Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясында аталған өнеркәсіптік меншік объектілерінің санына неге «ноу-хау» деген объект кірмейді?

  3. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болу негіздері қандай?

  4. «Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық» деген не?

  5. Өнертабысқа берілетін қорғау құжаттың екі түрі (патент және авторлық куәлік) арасыңдағы принципиалды айырмашылық қандай?


2 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары (Авторлық және патенттік құқық. Заң құжаттары: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы).
Мақсаты: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдармен танысу.

Қазақстан Республикасында инттелектуалдық меншік саласында пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін құқық көздері болып төмендегілер табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын әртүрлі Халықаралық конвенциялар (келісім шарттар) және басқадай заң құжаттары.


Тәжірибелік тапсырма

1 Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды меншік объектілерін қорғауға құқық көздерін келтіріңіз.

2 ҚР Патенттік Заңы және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді? Өнертабыстар, тауар белгілерінің құқық иеленушілер және нарықтық экономика жағдайында шаруашылық ететін субъектілер үшін осы заңдардың маңызын түсіндіріңіз.

3 Жаңа жасаулар мен технологияларды қорғау үшін қоғамда патенттік жүйенің пайда болу себептерін түсіндіріңіз.

4 Авторлық құқық және патенттік құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілерін атап өтіңіз.
Бақылау сұрақтар

1 Қай жылы Қазақстан Республикасында бірінші Патенттік Заң қабылданды?

2 Қазақстан Республикасының Патенттік Заңына сәйкес өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент кімнің атына беріледі?

3 Авторлық құқық субъектілеріне кімдер жатады?

4. Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың күшін сақтау мерзімі?
3 тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі Мемлекеттік органдар. Патенттік ведомство (ведомство – мемлекеттік бір сала бойынша басқару органы). (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитетінің мемлекеттік патенттік құрылымындағы орны. Патенттік ведомствоның қызметтері. Өтінім құжаттарын беру тәртібі).
Міндеті: Патенттік ведомствоның ұлттық патенттік жүйедегі рөлі мен маңызын оқып үйрену.
Қазақстанда ұлттық патенттік жүйені жасау (1992 жылғы) - өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, құқықтық қорғау және пайдалануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реформалау, ғылыми жобалар авторлары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастарын қайта қарастырудың бастауы. Бұл өзгертулердің барлығында ең маңызды болатыны - өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне құқықты кәсіпорынның материалдық емес активтер ретінде пайдалану және осыда ақша нақты табу, нарықтық экономика жағдайларында экономикалық есептерді шешуге бағытталған жеке меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасауға мүмкіншілік пайда болды.

Қазақстан Республикасы комитеті 2001 жылы 29 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің мәселелері» атты № 411 Үкімет қаулысымен күші жойылған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің авторлық құқықтар жөніндегі Комитеті және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің «Казпатент» деп аталатын патенттер және тауар белгілері жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын орнына жасалды.


Тәжірибелік тапсырма

1 ҚР Патенттік Заңында, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңында, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңында өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілер, интегралдық микросұлбалар топологияларын қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз етуде ҚР мемлекеттік патенттік ұйым болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері мен функцияларын анықтайтын тиісті нормаларын табыныз.

2 Мемлекеттік патенттік жүйесінде патенттік ведомствоның мемлекеттік орган ретінде маңызын түсіндірініз.

3 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің және оның құрылымдық бөлімінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның веб-сайтарымен танысыныздар: http://www.intellkaz.kz, http://www.kazpatent.kz

4 «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның функцияларын атап өтініз.

5 Зияткерлік меншік, патенттер және тауар белгілері жөніндегі Федералдық қызметінің (Роспатент) веб-сайтымен (http://www.rupto.ru) және Роспатенттің өнеркәсіптік меншіктің Федералдық институтының веб-сайтымен (http://www.fips.ru) танысыныздар.


Бақылау сұрақтар

1 «Казпатент» деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомствосы қай жылы жасалды?

2 Елдегі өнертабушылық істерін басқару жөніндегі және өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын (авторлық күәліктер, патенттер) беруі мен тауар белгілерін тіркеуін жүзеге асыратын ССРО-дағы мемлекеттік орган қалай аталатын?

3 Өнертабыстарды қорғау мәселелерін реттейтін арнайы заң ССРО-да болды ма?

4 1973 жылы ССРО-да қабылданған өнертабыстарға қорғау құжаттарын алуға өтінім беру тәртібін анықтайтын нормативтік құжат қалай аталатын?

5 Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу мақсатымен АҚШ-тың өтініш білдірушісі өтінімді тікелей «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына бере алама?

6 Ресей Федерациясының өтінім білдірушісі Қазақстанда өнертабысты патенттеуге өтінімді Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкіліне бармай тікелей бере ала ма?
4-тақырып. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер (Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) қызметі. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. Еуразиялық патенттік конвенция. Интелектуалды және патенттік меншікті қорғау саласындағы заңдарды үйлесімдеу үшін халықаралық келісімдердің маңызы. Еуразиялық патенттік қоғам).
Міндеті: интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін оқып үйрену (зерделеу), әр елдегі патенттік заңды үйлесімдеу себебін түсіну.
Қазақстан Республикасымен төмендегі келісім-шарттар бекітілген (ратификацияланған):

- әдебиет және көркем шығармаларын қорғау туралы Берн Конвенциясы (24 шілде 1971 жылы, ИМБҰ, Париж Акті);

- Москва қаласында 1993 жылы 24 қыркүйекте қол қойылған авторлық құқық және сабақтас құқықтар қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім;

- өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы (1883 жылы, 20 наурыз);

- интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция (1967 жыл, 14 шілде);

- белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (1891 жыл, 14 сәуір);

- 1970 жылы 19 маусымда қабылданған Патенттік кооперация туралы Келісім-шарт (РСТ);

- 1994 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Еуразиялық патенттік конвенция.


Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы өз қызметінде төмендегі мақсаттарға жетілуге ұмтылады (интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция, 3 бап) :

- бүкіл әлемде интелектуалды меншікті қорғауға мемлекеттердің ынтымақтастық және тиісті жағдайларда басқа халықаралық ұйыммен өзараәрекеттесу жолымен қолғабыс ету (жәрдемдесу);

- Одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Тәжірибелік тапсырма

1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенцияны (1883 жылы, 20 наурыз), интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенцияны (1967 жыл, 14 шілде) зерделеу. Осы халықаралық келісімдерге жалпы сипаттама беріңіз.

2 Төмендегі өнеркәсіптік меншік объектілері үшін конвенциялық басымдылық (приоритет) мерзімдерін келтіріңіз:

- өнертабыс;

- өнеркәсіптік үлгі;

-тауар белгісі;

- пайдалы модель

3 Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) веб-сайтымен (http://www.wipo.org) және Еуразиялық патенттік қоғамының веб-сайтымен (http://www.eapo.org.) танысу.


Бақылау сұрақтары

1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясында бекітілген ұлттық режим принципі неде?

2. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы (ИМБҰ) қандай функцияларды атқарады?

3. Қай жылы Еуразиялық Конвенция қабылданды?

4. Еуразиялық патенттің қандай аймақтарда күші бар?

5. Еуразиялық патенттік ұйымның штаб-пәтері қайда орналасқан?

6. РСТ рәсімі бойынша халықаралық өтінімді және еуразиялық патент алуға өтінімді беру өтінім білдірушіге қандай артықшылықтар береді?

2 Тарау

патенттік құжаттама және оны пайдалану


5-тақырып. Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктері (айырмашылықтары) (Өнертабыс сипаттауының құрылымы, өнертабыс сипаттауындағы библиографиялық деректерді идентификациялау үшін қолданылатын INID кодтар, авторлық күәліктер мен патенттердегі өнертабыс сипаттауларында мәтінді құру ерекшеліктері. Патенттік ведомствомен жариялайтын ресми бюллетеньдер).

Міндетті: Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктерін (айырмашылықтарың) түсіну. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін қолданылатын INID кодтарды оқып білу, ресми бюллетеньдер және басқадай өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары туралы мәліметтерді жариялайтың патенттік құжаттарымен танысу.

Өнертабыстарға патентерге сипаттауларда үш негізгі құрылымдық компоненті бөлуге болады: титул парағы (Title- page), сипаттаудың мәтіндік бөлігі (Description) және сызбалар (Drawings) (егер өнертабыс объектісі құрылғы болса).



Өнертабыстарға патентерге сипаттаулардың маңызды бөлігі болып өнертабыс формуласы (патенттік формуласы) табылады.

Заңдылық көзқарастаң патентік формула – өнертабысты мазмұны бойынша белгілі өнертабыстардаң ерекшелендіретін осы өнертабыстың жаңалығының барлық белгілері берілетін патенттің маңызды бөлігі. Патентік формула патентке сипаттаудың мәтіндік бөлігінің жалғасы болса да, бұл патенттің өздік бөлігі болып табылады. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін INID Халықаралық кодтары қолданылады.



Тәжірибелік тапсырма

1 Қазақстан Республикасының алдын ала немесе патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.

2 Шет елдердің (АҚШ, Ресей және т.б.) патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.

3 Өнертабыс сипаттауларындағы библиографиялық бөлігін талдау. Келесі мәліметтерді табыңыз:

- қорғау құжаттың нөмірі;

- ХПЖ (ӨХЖ) рубрика индексын;

- өтінішті беру күнін, басымдылығы күні;

- өтініш нөмірі;

- автордың атауы;

- патентиеленушінің атауы

Өтінім берушінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігін табыныз.
Бақылау сұрақтары

1 Өтінім берішінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігі қалай аталады?

2 INID Халықаралық кодтары не үшін қолданылады?

3 Қазақстан Республикасының Заң Министрлігінің Зияткерлік меншігі құқығы бойынша Комитетімен шығарылатын ресми бюллетень қалай аталады?

4 Өнертабыс сипаттауының библиолграфиялық бөлігінде берілген 11, 19, 54, 57 кодтар нені белгілейді?

5 Өнертабыс сипаттауына өтініш нөмірі, өтініш беру күні, автордың аты, ХПЖ рубрикасының коды, қорғау құжат нөмірі сияқты бибиографиялық элементтер не мақсапен енгізіледі?

6 Өнертабыс сипаттауының титул парағында не себепті реферат (Abstract) басылады?
6-тақырып. Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы) (Өнертабыстардың ұлттық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеудін иерархиялық құрылымы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктеулері )
Мақсаты: техника объектілері үшін сәйкес рубрикаларын анықтау үшін Халықаралық патенттік жіктеуіштердің (ХПЖ) көрсеткіштерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларына ие болу
1975 жылы 7 қазанда күшіне енген Халықаралық патенттік жіктеуіш өнертабыстарға сипаттаулар, жарияланған патенттік өтініштер, авторлық күәліктер, пайдалы модельдер және пайдалығы туралы күәлектерді (бұдан әрі «патенттік құжаттар» деген жалпы терминмен аталатын) қамтитын бірыңғай жіктеу жүйесін жасауын көздейді.

1971 жылы 24 наурызда қол қойылған халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған функционалды-салалық принципі бойынша құрылған Халықаралық патенттік жіктеу халықаралық масштабта өнертабыстар туралы мәліметтерді біркелкі жіктеу және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады.


ХПЖ объектілері қорғау құжаттармен қорғауға жататын білімнің барлық салаларын қамтиды.

ХПЖ - шарты атауларға ие болатын және А-дан Н-ға дейін латын алфавитінің басты әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген.

2001 жылы күшке енген тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8 редакциясы 45 класстан құралады.

1-34-ші классқа дейін – тауарлар. Мысалы, 12 класс-жер, су және ауамен жылжитын көлік құралдары мен аппаратарын жіктеу үшін қолданылады.

35-ші кластан 45-ші класска дейінгі – қызметтер. Мысалы, 43 класс тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жіктеу үшін қолданылады.
Тәжірибелік тапсырма


  1. Төмендегі объектілер үшін тиісті ХПЖ рубрикасын табыныз:

Вариант 1 – Тренировочные устройства для обучения плаванию в бассейнах

Вариант 2 - Убирающиеся, складывающиеся шасси самолета.

Вариант 3 - Аэробная биологическая обработка воды, промышленных или бытовых сточных вод.

Вариант 4 - Изготовление сетей путем вязания крученых нитей из текстильных натуральных или синтетических волокон машинным способом.

Вариант 5 - Стеклянные строительные элементы в виде блоков или иной формы для сооружения отдельных частей зданий.

Вариант 6 - Сушка твердых материалов или предметов с применением тепла путем конвенции с циркуляцией газа или пара над поверхностью или вокруг просушиваемых предметов.

Вариант 7 - Пружинный приводной механизм часов.

Вариант 8 - Обмотка трансформаторов.
Вариант 9 - Масляное охлаждение трансформаторов.

Вариант 10 - Устройства для формования выпеченных вафель.

Вариант 11 - Производство мороженого.

Вариант 12 - Дисковые мельницы для зерна.

Вариант 13 - Изготовление полых стеклянных изделий с ножкой, например рюмок, вручную.

Вариант 14 - Изготовление бумаги способом ручного отлива.

Вариант 15 - Бронированные корпуса висячих замков.

Вариант 16 - Двигатели со сжатием горючей смеси с принудительным зажиганием.

Вариант 17 - Сигнализация о краже, взломе, срабатывающая при открывании дверей или окон здания.

Вариант 18 - Способы и устройства для прокладки силовых кабелей и линий электропередачи в воде или под водой.

Вариант 19 - Посадочные площадки для вертолетов на зданиях.

Вариант 20 - Смеси одного или нескольких удобрений, содержащие пестициды.

Вариант 21 - Загрузка плавильных печей в сочетании с предварительным нагревом, плавлением стеклообразующих ингредиентов.




  1. Халықарарлық патенттік жіктеу рубрикасының жіктеу индексінің құрылуының жалпы сұлбасын көрсетіңіз.


Бақылау сұрақтар

  1. Халықарарлық патенттік жіктеу редакциясының қайта қарастыру мерзімі?

  2. Халықарарлық патенттік жіктеудің белгіленуі?

  3. Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеуін құру кезінде қандай принцип қолданылады?

  4. Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымы неше тараудан тұрады?

  5. Тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8-редакциясына неше класс енгізілген?


7-тақырып. Патенттік-ақпараттық зерттеулер (Патентік зерттеулер тауардың (өнімнің) бәсекелестік қабілеттілігін және оған патенттік құқықтарды анықтау кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың құрамдас бөлігі ретінде, өнімнің техникалық денгейін бағалау; өнімнің патенттік тазалығы).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу әдістемесін игеру, патенттік зерттеулер нәтижелері көмегімен міндеттерді анықтауды үйрену.
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ МСТ Р 15.011-2005 сәйкес патенттік зерттеулер деп шаруашылық қызмет объектілерінін техникалық денгейін және даму тенденцияларын, патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестік қабілеттілігін (белгіленуі бойынша пайдалану тиімділігі) патенттік және басқадай ақпарат негізінде зерттеуді түсінеді.

Патенттік зерттеулер ғылыми есептерді шешу және жана техника объектілерін жасау кезінде шығармашылық үрдіс негізі болып табылады. Патенттік зерттеулер – патенттік және басқадай ғылми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және оны ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және жобалық-техноогиялық жұмыстарды жүргізудің барлық кезеңдерінде пайдалану.


Тәжірибелік тапсырма

  1. «Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 таныстыру.

  2. Оқытушымен берілген тапсырмалар бойынша патенттік зерттеуді жүргізуге тапсырма және регламент құрастыру. Іздеу тереңдігін анықтау, патенттік және патенттік емес құжаттама бойынша аналогтарды іздеу жүргізуі тиімді болатын елдерді тандап алу. Қарастыру үшін қажетті құжаттама тізімін құрастыру.


Бақылау сұрақтары

1 Патенттік зерттеулер деген не?

2 «Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 патенттік зерттеулер туралы есепті құру, баяндау және рәсімдеуге қандай талаптар қойады?

3 Патенттік зерттеулерді жүргізу кезінде патенттік емес құжаттама қолданылады ма?

4 Қазақстан Республикасынды өндіріске қоюмен байланысты жасалатын техника объекті үшін патенттік тазалығың белгілеу мақсатымен патенттік зерттеулерді жүргізу барысында патенттелген техникалық шешімдерді (өнертабыстарды) іздеу ретроспективасы (терендігі) неше жыл?

5 Жасаланатын техника объектінің жетілген техникалық деңгейін анықтау мақсатымен патенттік зерттеулерді қандай елдерге қатысты жүргізуі ұсынылады?


8-тақырып. Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану (жасалатын техника объектінің аналогтарын табу, техниканың және ғылыми бағыттың даму тенденцияларын зерттеу кезінде патенттік құжаттаманың рөлі).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу үшін патенттік және патенттік емес құжаттаманы пайдалануды және олар бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес талдау жүргізуді үйрену.
Іздеу тақырыбын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттері, объектінің категориясына (құрылғы, әдіс, зат) және оның қандай элементтерін, параметрлерін, қассиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттелетініне тәуелді анықтайды.

Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап), мысалы, куттер, шұжық өнімдерін пісіру үшін арналған термоагрегат, компрессор, пісірілген шұжық өнімдерді өндіру линиясы, іздеу тақырыбы (объектісі) болып төмендегідей болуы мүмкін:

- құрылғы тұтасымен (жалпы құрастыруы.принципиалды сұлбасы);

- құрылғының жұмыс істеу принципі (әдісі);

- тораптары мен детальдары;

- құрылғының жеке элементтерін жасау үшін пайдаланатын материалдар (заттар), құрылғыны жасау технологиясы;

- өзара қолдану салалары.

Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса, іздеу тақырыбы:

- технологиялық үрдіс тұтасымен, оның кезеңдері егер олар тәуелсіз (өзіндік) қорғауға қабілетті объекті болса;

- бастапқы өнімдер;

- аралық өнімдер және оларды алу әдістері;

- ақырғы өнімдер;

- негізінде осы әдіс жүзеге асырылатын құрал-жабдықтар болуы мүмкін.

Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса, онда іздеу тақырыбы:

- заттың өзі (оның сапалық және сандық құрамы);

- затты алу әдісі;

- бастапқы материалдар;

- қолдануы мүмкін салалар.

Егер жоба машиналар жүйесін (мысалы, субөнімдерді өндеу линиясы) жасаумен байланысты болса, онда оны құрамдас бөліктерге бөледі, іздеу тақырыбы болып машина жүйесінің құрамдас бөлігі табылады.
Тәжірибелік тапсырма

1 Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап) іздеу тақырыбы (объектісі) не болатынын нақты мысалда көрсетініз.

2 Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетініз.

3 Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетіңіз.

4 Оқытушы берген тапсырма бойынша тиісті есеп құрастыруымен патенттік іздеуді жүргізіңіз.
Бақылау сұрақтар

1 Патенттік зерттеулерді жүргізу немен аяқталады?

2 Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қандай кезендерінде патенттік зерттеулер жүргізіледі?

3 Маркетингті зерттеулер жүргізу кезінде патенттік құжаттаманы зерделеу қажет пе?

4 Техника объектілерінің дамуын болжау үшін ақпараттық негізі болып неге патенттік құжаттама саналады?

5 «Бәсекеге қабілетті өнім» дегенді қалай түсінесіз?



3 Тарау.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды ресімдеу және өнеркәсіптік меншіктің экономикасы

9-тақырып

Жасалатын ғылыми-техникалық құжаттамада өнертабыстарды табу (Техникалық ұсынысты талдау, оның патенттік қабілеттілігін анықтау, маңызды белгілерді табу).

Міндеті: Техникалық ұсынысты оның патенттік қабілеттілігін анықтау және оның маңызды белгілерін табу мақсатымен талдау тәсілдерін игеру.

Өнертабысқа өтінім құрастыру кезінде бастанқыда ұсынылатын өнертабыс көмегімен шешілетін өнертабыстық міндет анықталу керек және осы өнертабыс арқасында жетілетін техникалық нәтиже табылу қажет.

Өнертабыстық міндет – белгілі құралдар көмегімен қанағатандырылуы мүмкін болмайтын қоғамдық қажеттілік.

Өнертабыс деп ойлап шығарылған объектісі емес, техникалық шешім аталады. Ал ойлап шығарылған объект техникалық шешімді жүзеге асыру дың мүмкін болатын формаларының (нысандарының) бірі болып табылады.

Объект – нақты немесе қағазда сипаттама түрінде болатын нақты құрылғы, әдіс немесе зат. Объект оның маңызды белгілер жиынтығымен сипатталады. Белгілердің маңыздылығының критерийі болып әрбіреуінің қажеттілігі және басқа белгілермен бірге берілген объектіні осы текті басқа объектілерінен айыру (өзгешелеу) үшін жеткіліктілігі саналады.
Тәжірибелік тапсырма

1. Оқытушы ұсынған өнертабыстар мысалдары бойынша берілген өнертабыстар көмегімен жетілетін техникалық нәтижені анықтау керек.

2. Өнертабыстық міндеттердің мысалын келтіріп, оларды шешу барысында объект ретінде не болғанын көрсету.

3. Төмендегі өнертабыс объектілерінің сипаттамаларын талдау керек:

- құрылғы;

- әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда);

- зат (химиялық, емдікті қоса алғанда);

- микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штамдары;

Бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штамды жаңа белгілену бойынша қолдану.
Бақылау сұрақтар

1. Берілген техникалық шешім үшін маңызды болып қандай белгілер саналады?

2. Өнертабыстың патенттік қабілеттілігінің белгілерін атаңыз.

3. Құрылғы, әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда), зат (химиялық, емдікті қоса алғанда), микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штаммдары, бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штаммды жаңа белгілену бойынша қолдану сияқты объектілерге не жатады?



10-тақырып

Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы; өтінімдік құжаттаманы ресімдеу. (өнертабыс объектісіне тәуелді өнертабыс сипаттауы және формуласыны ресімдеу ерекшеліктері. Прототипті таңдап алу)

Мақсаты: Өнертабыс сипаттауын, формуласын, рефератты құрастыруын үйрену; өнертабыстың әртүрлі объектілеріне (құрылғы, әдіс, зат, белгілі құрылғыны, әдісті, затты жаңа белгіленуі бойынша қолдану) бірбуынды және көпбуынды формуланы құрастыру ерекшеліктерін түсіну.
Жасалған өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына өтінім жіберу керек.

ҚР Патент Заңының 10 бабының 4 пунктіне сай өнертабысқа өтінім беру құқығына өнертабыс авторы, жұмыс беруші, олардың құқық мұрагерлері немесе арасында келісімдік болған жағдайда жоғары айтылған тұлғалар білесіп ие болады (бұдан әрі - өтінім білдіруші).

Өтінім беруге құқықты қандай болса да құжатпен растауы талап етілмейді.

Өнертабысты патенттеуге жіберілетін өтінім құрамына:



  • өнертабыс авторының және атына патент сұранылатын тұлғаларды, олардың мекенжайы көрсетілуімен инновациялық патент және патент беру туралы өтінім;

  • өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті толық ашатын сипаттауы;

  • оның маңыздылығын көрсететін және толығымен сипаттауда негізделетін өнертабыс формуласы;

  • өнертабыс маңызын түсіну үшін қажет болса сызба және басқадай материалдар;

  • реферат;

  • іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілетін жағдайда сенімхат;

  • патенттік баж төлеуін растайтын құжат.

Қазақстан Республикасында патенттелетін өнертабысқа өтінім материалдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
Тәжірибелік тапсырма

  1. Өнертабысқа инновациялық патент пен патент беруге өтінімді және пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру, қарастыру жайлы Нұсқаулықпен (бұдан әрі - Нұсқаулық) танысу.

  2. Өнертабыстың төмендегі объектілеріне тәуелді өнертабыс сипаттау және формуласын ресімдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз: құрылғы, әдіс, зат

  3. Жариялаған өнертабыс (электростатикалық тозаңдатқыш) туралы төменде келтірілген мәліметтерді пайдаланып электростатикалық тозаңдатқышқа өнертабыс сипаттауың реферат және өнертабыс формуласын құрастырыныз. Тапсырма үшін ССРО-ның № 1789293 авторлық куәлігінде (ӨХЖ В05В5/043, 1993) сипатталған Свинцов В.Я., Бегалин К.М., Абраменко А.П. өнертабыс авторларының еңбегі қолданылған.


Қолдану саласы. Өнертабыс сұйықтарды электростатикалық әдіспен тозаңдатуға арналған құрал жабдықтарға жатады және лак-бояу материалдарды, сұйық тамақ өнімдерін тозаңдату кезіндегі.

1 аналог [ССРО-ның № 1098576 авторлық куәлігі, ХПК В05В5/00, 1982] – тегеріш айналу арқасында сұйық электр өрісінде тозаңдатылатың сұйық тозаңдытқышы. Бұл құрылғының конструкциясы тозаңдатқыштан қуыс цилиндрдің ұзындығы өзгеру арқылы шығатын тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік береді.



1 аналогтың кемшілігі – жұмысының тиімділігінің төмендегі, тозаңдатуда көп энергетикалық шығындардың көптігі және қолданудың шектелген диапазоны.

Прототип ретінде алынған № 2 аналог [ССРО-ның № 521936, ХПК В05В5/00, 1974] –индукциялық электродпен байланысқан тоқ өткізетін сым орналасқан корпус, сұйық және ауаны жеткізетін штуцерлері бар өзара электрод және тозаңдатқыш қуыстармен байланысқан каналдардан тұратын электрстатикалық тозандатқыш.

Прототип кемшілігі. Белгілі техникалық шешім сұйық қасиеттерін, сұйықты тозаңдатуда жетілетін және тозаңдату факелін монодисперсті болуын қамтамасыз ететін тамшылардың мөлшерін тозаңдату шарттарынан тәуелді реттеуге мүмкіншілік бермейді. Пневматикалық форсункада форсункадан тарайтын сұйық тамшыларының мөлшерінің өзгеруі ауа ағынының жылдамдылығы өзгеру арқылы болуы мүмкін. Бірақ бұл жұмыста ыңғайсыздық туғызады, себебі ауа қысымының (арынының) әр түрлі көздерін пайдалануды талап етеді. Бұл өз кезегінде құрал-жабдықтың толық іске қосылмауына, тозаңдату факелінің өзгеруіне, материалдың диспергирлеу сапасын төмендетуге әкеледі. Белгілі тозаңдатқышта сұйық ағысы ауа ағынымен кетуі диспергирлеу сапасының төмендеуіне және қуат шығындарының жоғарлауына себепкер болуы мүмкін.

Өнертабыстық міндет - кептіргіш мұнараларда қолдану кезінде құрамы бойынша монодисперсті өнім алуын қамтамасыз ететін және тозаңдатылатың сұйықтың құрамына тәуелді тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік беретін сұйық тозаңдатқышты жасау.

Өнертабыстың техникалық нәтижесі - функционалды мүмкіншіліктерін кеңейту, тозаңдату сапасын және өнімділігін жоғарлату.

Өнертабыстың маңызы. Сұйықты жеткізу үшін каналы бар корпусы және жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына қосылған тесіктерінде тозаңдатқыш каналдар орналасқан электроды құрамына кіретін белгілі электростатикалық тозаңдатқышты шығысында тозаңдатқыш каналдар алдында ораластырылған электрод арасындағы саңылау реттелетін тесіктері электродтың тесіктерімен біліктес қуат көзі блогінің басқа полюсына қосылған пластинамен қамтуы ұсынылады. Тесіктері бар пластина корпусқа реттеуіш винт арқылы бекітілген. Бұл екінші электродтың рөлін орындайтын пластина және электрод арасындағы саңылауды оларға берілген мәні тозаңдатылатын сұйықтың қасиеттеріне тәуелді таңдап алынатын кернеуге тәуелді реттеуге мүмкіншілік береді. Корпусты жеке бөлікке ажыратылатындай орындау ұсынылады, бұл оның ішінде орналастырылған каналдарды тозаңдатылатын сұйыққа тәуелді ауыстыруға мүмкіншілік береді.

Фигуралар тізімі. Электростатикалық сұйық тозаңдатқышы тілікте көрсетілген сызба (1 сурет).

Өнертабысты пайдалану мүмкіншілігін растайтын мәліметтер. Электростатикалық сұйық тозаңдатқыштың құрамына екі бөліктен құралған цилиндрлік диэлектрикалық негізден (1) және қақпақтан (2) ажыратылатын корпус, сыммен (4) жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына (5) қосылған электрод кіреді. Электродта (3) ішінде саңылаумен тозаңдатқыш каналдар (7) орналастырылған тесіктер (6) орындалған. Тозаңдатқыш каналдар (7) канал (8) арқылы штуцерға (9) қосылған және сұйықты жіберу торабын түзейді. Тозаңдатқыш каналдар (7) бір- біріне қатысты осы каналдардан шығатын сұйық ағыстарын тозаңдатудан алынатын тозаңдату факелдарінін бөгеуін қамтамасыз ететіндей орналастырылады. Негіздің (1) саңылаударында (10) реттеуіш винттар (11) көмегімен электродтың (3) тесіктерімен (6) біліктес тесіктерге (13) ие металдық пластина (12) орнатылған. Металдық пластина (12) сім (14) көмегімен қуат көзінің жоғары вольттық блоктың полюсына қосылған, қарсы жақтағы полюсқа электрод (3) қосылған. Электрод (3) және металдық пластина (12) арасыңдағы саңылау винттер (11) көмегімен реттеледі. Электродтың (3) каналымен электрлік матастыруын болдырмау үшін диэлектрикалық пластина (15) орналастырылған.

Құрылғы төмендегідей жұмыс істейді:

Сұйық штуцерге (9) жіберіледі және канал (8) бойынша каналдарға (7) жіберіледі. Каналдан (7) шығатын сұйық тесіктерден (6) өтіп электрод қосылған жоғары вольттық қуат көзінің блок (5) полюсының зарядына сәйкес келетін зарядымен электродпен (3) зарядталады. Бұдан әрі сұйық ағысы (5) электрод (3) және пластина (12) арасында пайда болатын электр өрісіне жіберіледі. Зарядталған ағыс жеке тамшыларға ыдырамай металдық пластинаның (12) тесіктерінен (13) өтеді. Тесіктерден (13) шыққанда ағыстың жекеленген тамшыларға ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тесіктен (13) біршама қашықтықта тозаңдату факелі пайда болады. Кернеудің шамасы неғұрлым үлкен болса тозаңдату бұрышы да соғұрлым үлкен болады.

Әрбір ағыстан пайда болатын тозаңдату факелдердің қабатасуы арқылы тозаңдатылатын материалдың монодисперстык бөлшектерінен тұратың тозаңдатудың бір үлкен факелі пайда болады.

Ұсынылатын электростатикалық тозаңдатқыштың конструкциясын кептіру мұнарасында тамақ өнімдерді тозаңдату үшін қолдану - мұнараның пайдалы көлемін өнімді пайдалануға және осымен тамақ өнімдерін кептіру кезінде дисперлігі мен сапасын төмендетпей өнімділігің жоғарлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өлшемі бойынша біртекті бөлшектерден құралатын құрғақ дайын өнім алуы қамтамасыз етіледі.


1 сурет

Бақылау сұрақтар



  1. Қазақстан Республикасында патенттеуге жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына қандай құжаттар кіреді?

  2. Ресей Федерациясына патенттеуге қазақстандық өтінім білдірушімен Конвенциялық басымдылық (алғашқылық) сұрауымен жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына кіретін құжаттар құрамы Қазақстан Республикасына патенттеу кезінде берілген алғашқы (бастапқы) өтінім құжаттарының құрамынан айырмашылығы бар ма?

  3. Басымдылық (алғашқылық) дегеніміз не?

  4. Басымдылық (алғашқылық) қалай белгіленеді?

  5. «Конвенциялық басымдылық» дегеніміз нені білдіреді ?



11 тақырып. Өтінімдік құжаттардың сараптамасы; өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу; инновациялық патенттер, патенттер және куәліктерді беру туралы мәліметтерді жариялау. (Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу және сараптама жүргізу жүйелерінің түрлері. Қазақстанда қабылданған қабылдау-тексеру жүйесі. Сараптама жүргізу және мәліметтерді жариялау мерзімдері. Патенттік баждарды төлеу).

Міндеті: Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу кезінде жіберілетін өтінім материалдарының сараптамасың жүргізу жүйелерін оқып үйрену.

Әлемде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеудің бірнеше жүйесі бар: қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру. Қазақстанда қабылдау және тексеру (зерттеу) жүйелерінің элементтерін кіргізетін жүйе қабылданған.



Өнертабысқа өтінім материалдары бойынша зияткерлік меншіктің ұлттық институтында (ЗМҰИ) екі сараптама жүргізеді: өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптамасы және маңызы бойынша.

  • өтінімде болатын немесе оған қосылатын құжаттардың бар болуын;

  • өнертабыстың маңызын талдаусыз өтінім құжаттарына өнертабысқа өтінім құрастыру бойынша Нұсқаулықпен белгіленген талаптардың сақталуы;

  • өтінім беру күнін белгілеу.

Маңызы бойынша сараптама жүргізу кезінде:

  • формулада сипатталған өтінім білдірілген өнертабыстың патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкес болуын тексеруі;

  • өнертабыстың басымдылық күнін белгілеу.

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу үшін зияткерлік меншіктің ұлттық институтына (ЗМҰИ) жіберілетін өтінім белгіленген ережелерге сәйкес ресімделеді. Тауар белгісіне өтінім сараптамадан өту керек. Сараптама нәтижесі бойынша тауар белгісін тіркеу және куәлік беру туралы шешім қабылданады.
Тәжірибелік тапсырма

  1. ҚР Патент Заңын талдап онда сараптама сұранысына өтінім білдірушінің жауабын ұсыну үшін белгіленген мерзімдерді табыңыз.

  2. Әлемдегі бар патенттеу жүйелерін (қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру) өзара салыстырыңыз. Қай елдер үшін патенттеудің қандай жүйесі тән екенін белгілеңіз.

  3. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде ҚР өнертабысқа инновациялық патент және патент беру, олардың күштерінің жойылуы туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.

  4. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде ҚР тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу және оларға куәліктерді беру туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.


Бақылау сұрақтар

  1. Патенттік құжаттаманың озық жариялау, әсіресе кейінге қалдырылған сараптамен патенттеу жүйесін пайдаланған кезде, неге себепші болады?

  2. Тексеру (зерттеу) жүйенің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар?

  3. Өнертабысқа өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптама жүргізу рәсімі неде?

  4. Өнертабысқа өтінім материалдарының маңызы бойынша сараптама жүргізу рәсімі неде?


12 тақырып. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру. (Өнеркәсіп меншік объектілерін шаруашылық айналымға енгізу. Лицензиялық келісім шарттар; лицензиялар түрлері; патентті беру; ноу-хау беру туралы келісім шарт. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды заңды түрде беруін растау).

Міндеті: Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттың негізгі ережелерін, лицензиялық келісім шарттардың әр түрлеріндегі тараптардың міндеттерін оқып үйрену.

Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша пайдалану бойынша айрықша құқыққа патент иеленуші ие.

Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану деп өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі кіретін өнімді өндіру, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, азаматтық айналымға басқадай енгізу және қорғалатын әдісті қолдануды түсінеді.

Патент иеленуші болмайтын қандай болсын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін тек қана лицензиялық келісім шарт негізінде патент иеленушінің рұқсаты бойынша пайдалануға құқығы бар.

Берілетін құқық көлемі бойынша лицензиялар жай, айырықша және толық деп бөлінеді. Сондайақ ашық және мәжбүрлеу лицензиялар болады. Патенттік Заңымен патентке құқықтарың қайта беруі қарастырылған.

Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек.


Тәжірибелік тапсырма

  1. Патенттелген өнертабыстарды пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттардың типтік келісімдерін зерделеу. Олардың негізгі ережелерін талдау.

  2. Лицензиялық келісім бойынша лицензиат және лицензиардың негізгі міндеттерің сипаттау.

  3. Патенттелген өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі немесе пайдалы модельге құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарт жасауға ниеттенетін тараптар үшін таңдаулы (опциондық) келісімнің белгіленуін түсіндіру.

  4. «Паушалды» және «роялти ставкасы» (есеп беру периодында алынған пайдадан периодты болып шығару, мысалы, жылдық) бойынша төлемді өткізуде лицензиялық келісімнің екі тараптары үшін оң және теріс сәттерін талдап өту.


Бақылау сұрақтар

  1. Лицензиялық келісім шарт дегеніміз не?

  2. Лицензиялық келісім шарт тараптарының қайсысы «лицензиар», қайсысы «лицензиат» деп аталады?

  3. «Ноу-хау» беру туралы келісім шарттың ғылыми-техникалық жетістіктерді беруге басқа келісімдерден айырмашылығы неде?

  4. Өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензия сату/ сатып алу туралы келісімді Қазақстан Республикасында қандай құзыретті мемлекеттік органында тіркеу талап етіледі?

  5. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ноу-хау» беру туралы келісім шарттың міндетті түрде құзыретті мемлекеттік органында тіркеуі талап етіледі ме?



13 тақырып. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу; патенттік құқықтарды бұзу үшін жауаптылық. (Патенттік құқықтарды бұзу түрлері. Сотқа талап арыздарды беру. Патент иеленушілердің айрықша құқықтарын бұзған тұлғаларды жауапткершілікке жауапқа тарту. Шығарылатын өнімнің патенттік тазалыққа зерттеулерін жүргізу қажеттілігі. Контрафактылық тауарлар, жалған жасалған өнім)

Міндеті: патенттік құқықтарды бұзу түрлері, бұзушыларды жауаптылыққы тарту мақсатымен сөтқа талап арыздарды беру туралы жалпы түсінік беру.

Бұзушылықты болдырмау және бұзылған құқықтар және мүдделерін қалпына келтіру үшін құқық иеленушіге жеткілікті құралдар бергенде ғана кез келген құқықты нақты деп санауға болады. Бұл міндеттерді орындау әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырылады.Бұзылған құқықты қорғауына құқық иеленуші өзі жүгінеді.

Қандай құқықтық қатынастар саласына жататынына тәуелді қорғау әдістері азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық деп бөлінеді.

Азаматтық құқықтарды қорғау:



  • құқықты тану;

  • құқықты бұзуға дейінгі жағдайың қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе бұзу қауіпін тұғызатын әрекеттерді болдырмау;

  • даулы мәлімені жалған деп тану және оның жалғандылық салдарын табу, таязды мәліменің жалғандылығының салдарын айқындау;

  • залалдарды (зияңдарды) өтеу;

  • айып ақы төлету;

  • моральдық зиянның орнын толтыру;

  • құқық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту жолымен және заңдарда көзделген басқадай әдістермен жүзеге асырылады.

Айрықша құқықтарды жоғарыда көрсетілген қорғау әдістерінің көптілігі қорғаудың юрисдикциялық (соттың қарауына жататындық) түріне жатады. Яғни, оларды жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдарда жүгінуімен байланысты болады. Ол органдар – қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері үшін сот органдары.
Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Қазақстан Республикасының Патент Заңын оқып, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге патент иесінің айрықша құқықтарың бұзу деп бағаланатын әрекеттерді анықтау.

  2. «Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқып, тауар таңба иесінің айрықша құқығын бұзу деп қандай әрекеттер танылатынын анықтау.

  3. Өнеркәсіптік меншік объектісіне оның айрықша құқықтарын бұзу туралы талап арызында патент иеленуші ұсынылатын талаптардың мысалдарын келтіру.


Бақылау сұрақтар

  1. Өнертабысты пайдалануға мәжбүрлеу лицензиясы қандай жағдайда беріледі?

  2. ҚР Патент Заңына сәйкес не патент иеленушінің айрықша құқықтарын бұзу деп танылмайды?

  3. «Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар белгісіне куәліктің иесіне не үшін тауар белгісінің жанында R латын әріп немесе «тауар таңбасы», «тіркелген тауар таңбасы» деген жазба белгілеу түрінде ескерту таңба қоюға құқық беріледі?

  4. Қандай өнім контрафактылық өнім деп аталады?


14 тақырып. Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру (Фирманың, кәсіпорынның патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешу).

Міндеті: Фирма, кәсіпорын үшін жеке-меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету қажеттілігінің, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешудің маңызы туралы түсінік алу.

Кәсіпорындар қызметінің тиімділігі тек өндірісті оңтайлы басқаруынан ғана емес, сондай-ақ, осы кәсіпорынның өкімінде болатын зияткерлік меншікті басқарудан, кәсіпорын өкімінде бар болатын өнертабыстар, тауар белгілеріне құқықтарды қорғауы қалай қамтамасыз етілетініне, оларға алынған айрықша құқықтарды қалай өкім ететініне тәуелді болады. Нарықтық экономика жағдайларында зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілердің және оларды жасаушылардың (авторлардың) мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету керек. Инновациялық жобаларды жасау бір адамның немесе шығармашылық ұжымның ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында алынған және автордың немесе жасалған жаңа ғылыми жобалар мен техникалық шешімдерге құқық берілген жұмыс берушіні қоса алғанда басқа тұлғалардың зияткерлік меншігінің құрамдас бөлімі болып табылатын шығармашылық қызмет нәтижелерінде негізделеді.



Интеллектуалды ресурстарды интеллектуалды меншікке және кәсіпорынның материалды емес активтеріне ауыстыру тиімділігін анықтау, оларды бағалау, құқықтық қорғаудың тиімді формаларын таңдап алу, интеллектуалды меншікпен басқарудың басқадай рәсімдерін пайдалану - менеджер квалификациясының (әсіресе инновациялық кәсіпорында) маңызды құрамдас бөлімі болып табылады. Кәсіпорында шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды білікті ресімдеуін қамтамасыз ету үшін барлық ішкі техникалық және технологиялық құжаттаманы білікті ресімделуі қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындарда құпиялы (конфиденциалды) ақпараттың таралуын толықтай болдырмауды қамтамасыз етуі мүмкін (мысалы, потенциалды (әлеуетті) серіктеспен келіссөздер жүргізу барысында). Серіктес келіссөздер объектісін (технология, техника, дизайн объектілері) өз атына патентеу, ал нақты иесіне оны қолдануға лицензия алуға ұсыныс жасау ықтималдылығы бар. Сондықтан инновациялық жобаны жасау және әзірлеу кезінде осының бәріне назар аудару керек.
Тәжірибелік тапсырма

  1. Жұмыс беруші және қызметтік өнертабыс авторы-қызметкер арасында жасалатын келісім шартта міндетті түрде енгізілетін негізгі шарттарды дәйектеу.

  2. «Ноу-хау» - ға жататын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорында жүзеге асырылатын іс-шараларды ұсыну.

  3. Гипотезалық (болжамдық) кәсіпорын немесе ұйым үшін патенттік-лицензиялық жұмыс және кәсіпорынның өнертабыстық қызметі бойынша жұмыс берушінің және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстардың авторлары болатын қызметкерлердің мүдделері есепке алынатын іс-шаралар жоспарын жасау.


Бақылау сұрақтар

  1. Жасалған зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектінің авторы?

  2. Қызметтік тапсырма немесе қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты жасалған өнертабыстың авторы болатын қызметкер жұмыс берушіні онымен жасалған өнертабыс туралы хабарлау керек пе?

  3. Прогрессивті бәсекелестік қабілетті өнімді жоғары денгейде ұйымдастыру немесе қызметтің жаңа түрлерін (коммерциялық, қаржылық, әкімшілік) тиімді жүзеге асыру үшін қажетті уақыттың берілген сәтіне құпиялы (конфиденциалды) патенттелмеген өнертабыстар, білімдер және тәжірибе түрінде мәліметтер жиынтығы қалай аталады?

  4. Автор-қызметкермен жасалған қызметтік өнертабыс туралы ескерту күнінен бастап ҚР Патент Заңына сәйкес қандай мерзім бойы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетіне өтінім беру немесе өтінім беруге құқықты басқа тұлғаға беру, немесе авторды тиісті объектіні құпияда сақтау туралы хабарлау керек және бұл мерзім өткеннен кейін авторға осы қызметтік өнертабысқа (өнеркәсіптік ұлгіге, пайдалы модельге) патент алу құқығы ауысады?



Ұсынылатың әдебиет тізімі
Негізгі:

  1. Каудыров.Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. Алматы: Жет жарғы, 1999.

  2. Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан: - Алматы: Жети жарғы, 2000.

  3. Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан: Учебное пососбие/Ответ. редактор Т.Е. Каудыров. - Алмат: Жети жарғы, 2003.

  4. Абраменко А.П. Основы патентоведения: Учебно-методическое пособие. – Павлодар: Павлодарский университет, 2004.

  5. Бромберг Г.В. Основы патентного дела: Учебное пособие: М.:Экзамен.-2002


Қосымша:

  1. Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы (16 шілде 1999 ж., 2007 жылғы еңгізілген өзгертулерімен);

  2. Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» Заңы (26 шілде 1999 ж.);

  3. Қазақстан Республикасының «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңы (29 маусым 2001 ж.);

  4. Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңы (13 шілде 1999 ж.);

  5. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы» Заңы (10 маусым 1996 ж.);

  6. ҚР МСТ Р 15-011-2005. Өнімді жасау және өңдіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі.

  7. Тауар таңбасын тіркеуге өтінім құрастыру және беру ережелері (30 сәуір 1997 ж.);

  8. Өнертабысқа инновациялық патент және патент, пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру және қарастыру жөнінде Нұсқау;

  9. Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелері;

  10. Медицина, биология және ауыл шаруашылық саласында өнертабыстарға инновациялық патент және патент беруге өтінімдерді құрастыру бойынша ұсыныстар..- Алматы., КИПЭ, 2002.

  11. Патенттік құқық: Заңды актілер жинағы //Құрастырушы Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жеты жарғы. 1996.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет