Интеллектуалды олимпиада Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі
Мақсаты: оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін қорытып, жүйелеу, оларды достыққа шақыра отырып, ауызбіршілікке топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар ойлау қабілеттерін, білімдерін әр түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, жан – жақты дамыту.
Өтілу түрі: сайыс
Барысы: І. Ұйымдастыру
Бүгінгі 10 «а, б» сыныптар арасында өткелі отырған интеллектуалды олимпиадаға қош келдіңіздер.
Мықты болса іргетас Химиясыз өмір жоқ
Құламайды үйлерің Ән мен бүгін көңіл тоқ
Химияға тәжім ет Терең білім алуға
Белді бекем будағы Талпынайық сіз, біз боп!
Жүргізуші: ендеше ортаға қатысушы топтарды ортаға шақырайық.
1. «Атом» тобы 2. «Электрон» тобы
Ойынды бастамас бұрын өздеріңізді таныстырып өтіңіздер. Сонымен сайыскерлер өздерін таныстырып өтті, енді 1 – ші бөлімін бастайық.
І бөлім «Иә - жоқ»
Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Оларға «иә» не «жоқ» деп жауап бересіздер. Әр дұрыс жауапқа 100 ұпай.
Оксидтер тобы дайын болсаңыздар бастаймыз.
-
Атом сөзі грекше «бөлінбейтін» деген сөз (иә)
-
Химиялық заттарды құрайтын, өздері әрі қарай бөлінбейтін, ең ұсақ бөлшектер –молекула деп аталады. (жоқ)
-
SO3 негіздік оксид (жоқ)
-
NaHCO3 қышқылдық формуласы (жоқ)
-
H3PO4 - оттекті, үш негізді қышқыл (иә)
-
Сілтілік металдың металдық қасиеті жоғарыдан төмен қарай кемиді ? (жоқ)
-
Атом құрамындағы ядро заряды теріс таңбалы болады (жоқ)
-
O, S, Se, Te – галогендер (жоқ)
-
Қышқыл катионды беруге немесе анионды қосып алуға қабілетті бөлшектер (иә)
-
Электртерістік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті (иә)
2 – топ сұрақтары
-
І,ІІ, ІІІ периодтар кіші периодтар деп аталады. (иә)
-
Элементтердің нөмірін реттік нөмір деп атайды ? (иә)
-
Молекула – заттың құрамы мен қасиеттерін сақтайтын заттың ең ұсақ бөлшегі. (иә)
-
СаО қышқылдық оксид (жоқ)
-
Ядроның маңындағы электронның болу ықтималдығы жоғары кеңістікті орбиталь деп аталады. (иә)
-
Протон – заряды жоқ, массасы бірге тең бөлшек. (жоқ)
-
Атом құрамындағы электрондардың таңбасы оң болады. (жоқ)
-
Ядрода протон мен нейтронды ұстап тұратын күштерді ядролық күштер деп атайды. (иә)
-
Протон заряды +1, массасы 1 –ге тең бөлшек. (иә)
-
Период нөмірі электрондардың жалпы саны (жоқ)
ІІ бөлім «Керемет алтылық» бөлімінде екі топ кезектесіп ұяшықтарды таңдап, оның ішінде жасырылған кілт сөздері ашады. Сол кілт сөздерді аша отырып әр топ 100 – 500 аралығында өз ұпай санын тігеді. Егер дұрыс жауап берсе, сол тігілген ұпай саны топқа қосылады, ал егер дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ұпай сандарынан шегеріледі, сұраққа жауап беру мүмкіндігі келесі топқа өтеді.
1 – ұяшық кілт сөздері:сабын тәрізді, тері, мата, күйдіреді
Сұрақ: суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан қалай аталады ? (күйдіргіш сілтілер)
2 – ұяшық кілт сөздері: атомдық масса, орналасқан, злементтер
Сұрақ Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары қалай аталады ? (период)
3 – ұяшық кілт сөздері : 1911 жыл, ағылшын ғалымы, атом
Сұрақ: 1911 жылы атом құрлысының «планетарлық» моделін ұсынған ағылшын ғалымы кім ? (Э. Резерфорд)
4 – ұяшық кілт сөздері: бөлшек, зарядталған, ең кіші
Сұрақ : заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған теріс зарядталған ең кіші бөлшек ? (электрон)
5 – ұяшық кілт сөздері: протон , әртүрлі, нейтрон, элемент атомы
Сұрақ : Ядро заряды , яғни протон саны бірдей, бірақ нейтрон саны әртүрлі элемент атомының бір түрі қалай аталады ? (изотоп)
6 – ұяшық кілт сөздері: қышқыл, металл атомдары, тұздар
Сұрақ: Қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған тұздар қандай тұздар? (қышқыл тұздар)
ІІІ бөлім «Артығын тап»
Тапсырма екі топқа да ортақ.
Шарты: әріптердің орнын ауыстырып, элементтің атын және төртінші артық элементті табу керек. Дұрыс шешкен топқа 100 ұпай
Тилий гаминй морб дой
Йитарн лакий тркіүк хрло
Торф ьлакций нелес фотр
Зицей рабий луртел цирстой
ІҮ бөлім «Химиялық эстафета»
Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 500 ұпай.
1 топтың есебі
Массалық үлесі 50 % 30 г күкірт қышқылын бейтараптау үшін қанша грамм натрий гидроксиді керек ? Жауабы: 12,24 г NaOH
2 топ есебі
Массасы 19,7 г барий карбонатын алу үшін барий гидроксидінің ерітіндісінен қанша көлем (қ. ж) көміртегі (ІҮ) оксидін өткізу керек. (2,24 л СО2)
Ү бөлім «Жұмбақ суреттер» бөлімінде ұпай санын тігесіздер 100 – 500
Жасырылған суретті бірден табуға болады немесе сұраққа жауап берсеңіз, жасырылған суретті көре аласыз. Дұрыс жауап бермесеңіз ұпай саны шегеріледі.
-
Валенттік дегеніміз не ?
-
Химиялық элемент дегеніміз не ?
-
Электртерістік ұғымын кім енгізді ?
-
Электронтартқыштық дегеніміз не ?
-
Период бойынша атом радиусы қалай өзгереді ?
-
Период дегеніміз не?
ҮІ бөлім Қорытынды. «Білімнің басы бейнет, түбі зейнет»
Химия ғылымдардың бұл төресі
Оза алмайды жарыста тар өрісі
Қайғырмаңдар қалсаңдар ұтылып,
Жеңесіздер кездесуде келесі – дей отырып әділ – қазы алқасына сөз береміз.
ҮІІ. Марапаттау
Достарыңызбен бөлісу: |