Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі



бет26/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
африка и израйль

Ғасыр соңындағы Алжир 1989 ж. ақпанда бекітілген Негізгі заңда социализм туралы айтылмады. 1988 ж. желтоқсанда үшінші рет сайланған Шадли Бенджедид (1979,1985 жж.) енді сыртқы саясат пен қорғанысқа жауап берді, министрлер кабинетін тағайындады. Конституцияда саяси ұйымдар құруға рұқсат берілді. 1990 ж. аяғына қарай олардың саны 40 жетті. ФНО беделі түсті және одан кейін жүзеге асырылған шаралар оны қайтаруға көмектеспеді.

1990 ж. Алжирдің билік аренасына Исламдық азат ету фронты шықты. Кедей тұрғындардың жағдайын қолданған олар , бірінші сайлауда ең көп дауыс жинады. Азаматтық соғыс қауіпі армияның қайта бас көтеруіне мәжбүр етті. Елді билей алмайтындығын түсінген Бенджедид биліктен өз еркімен бас тартты. Барлық билік Жоғары мемлекеттік кеңеске өтті. Оның М.Будиаф басқарды. Ол фундаменталистердің әректтеріне қарсы қимылдар ға бірден көшті. 1992 ж. маусымда террорлық акт барысында ол қаза болды. Жоғары мемлекеттік кеңестің жаңа басшысы болып Али кафи сайланды. Ол жүргізген респпрессияларға қарамастан исламдық экстремизмді тоқтамады.

1990-1992 жж. сыртқы қарыз 27 млрд. өсті. Алжир Халықаралық валюта қорының нұсқауымен сыртқы нарықты ашты. Халық санының өсуімен жұмыссыздық көбейді. 1994 ж. 20-25 қаңтарда өтпелі кезеңге саяси қимылдар Платформасы қабылданды. 1993 ж. бастап Жоғары мемлекеттік кеңесті басқарған Лиамин Зеруаль алжирдің уақытша президенті болды. 1995 ж. қарашада ол президент болып сайланды. 1996 ж. қарашада қабылданған конституция бойынша ислам мемлекеттік дін болып жарияланды да, араб тілі– мемлекеттік тіл, екі палаталы жүйе онады. Саяси үгіттеуде ислам және араб тілін қолдануға тиым салынды. Бұл исламдық топтар арасында қанды қарсылықты тудырды.

Бебйбіт өмірдің қайтып келуіне сенімді 1999 ж. 15 сәуірдегі президенттік сайлау ұялатты. Онда Абдель Азиз Бутефлика жеңіске жетті. Оның жариялаған азаматтық келісім бағыты алжирліктер тарапынан қолдау тапты. Халықаралық жағдайды нығайту мақатында жүргізілген шараға 1999 ж. шілдеде 35-ші конференцияның өткізілуі дәлел болады. Арабтық Шығыс және Батыс Еуропамен, негізінен Франциямен байланыстың жаңдануы орын алды.



Ораз Айдын И-431 топ Оңтүстік Африка Республикасы

Екінші дүние жүзілік соғыс аяғына таман Оңтүстік Африка Одағының қоғамдық–саяси өмірінде маңызды өзгерістер болды. Өндірістік өнеркәсіптің өсуі соғыс жылдарында байқалған болса, бұл құбылыс соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда да байқалды. ОАО экономикасының дамуы тек соғыс және соғыстан кейінгі әлемдік капиталистік нарықта қалыптасқан жағдаймен ғана анықталмайды, сонымен қатар қара еңбектің арзандауы, оның эксплуатациясының өсуі әсер етті.

ОАО үкіметі жұмысшы–африкандықтарға сұраныс қарым– қатына сына жағдай жасау саясатын тоқтатты, соғыс кезіндегі осындай жағдай ларды жоққа шығаруға тырысты. 1946 жылы тамызда 100 мың горняк – африкандықтар Трансвааляда көтеріліс жариялап, жасаған еңбекке дұрыс жалақы төлеуді талап етті, бұл баскөтеру қатыгездікпен жазаланды.

Соғыстан кейінгі кезеңде елде өз қызметін ұлттық және профашистік және бірінші кезекте «Брудербонд» («Ағайындылар Одағы») ұйымы белаендіре түсті. Ұйым ОАО күресінде шымылдықтың алдында ешқашан көрінбеді, бірақ ұлттық, нәсілдік ұйым және ең алдымен «тазартылған» Ұлттық партия үшін маман дайындайтын дүкен болды. «Бауырластар» үкіметтік аппараттың, мемлекеттік–монополдиялық сектордағы кәсіпорын дардағы, африкалық шіркеу иерархиясының маңызды қызметтерін алды. «Брудербонд» «тазартылған» Ұлттық партияның билікке келуіне барлық жағдайды жасап қойды. «Брудербондтың» жетекшілерінің бірі Франсуа Даниэль Малан 1948 жылы елдің премьер – министрі болды. Осы 1948 жылдан бастап премьер – министр орнына тек «бауырластар» отырды: Малан (1948 – 1954 жж), И. Г. Стрейдом (1954 – 1958 жж), Хендрик Фервурд ( 1958 – 1966 жж), Балтасар Форстер (1966 – 1978 жж), олардың әрқайсысы билікте болған кезде нәсілдік дискриминацияны күшейте түсті және ақтүсті емес тұрғынның ісіне саяси қысым көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет