Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. А. Сариннің 2014 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі



Дата25.02.2016
өлшемі36.1 Kb.
#24531
Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.А.Сариннің 2014 жылғы

атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі

Ауылдық округке 4 елді мекен жатады. Олар Ырғыз ауылы, Ақши, Қалыбай және Қалалыкөл ауылдары. Округ бойынша жалпы халық саны - 6974. Аула саны - 1349. Жалпы активті халық – 4194 адамды құрайды.


Округте 7 мектеп, мектеп жасына дейінгі 4 нысан, 4 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет ошағы, электр желілерін тарату, су шаруашылығы кәсіпорны, сондай-ақ байланыс жүйелері тұрақты халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылшаруашылығы саласында 72 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары дерекқорына толық енгізілді.Мал дәрігерлік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді.

Есепті жылы мал тұқымын асылдандыру мақсатында Ырғыз кредиттік серіктестігі арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Айтбай» шаруа қожалығы 4 бас бұқа және 60 аналық сиыр, «Қасымхан» ЖШС-і 2 бас бұқа және 47 аналық сиыр, «Наубек» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 25 аналық сиыр, «Ердәулет» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 18 аналық сиыр сатып алып кірістеді.

Жеке табындардағы аналық сиырларды асылдандыру мақсатында «АқтөбеАгроСервис» арқылы лизингке 21 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас бұқасы алынып жайылымда бағылатын аналық сиырларға қосылды.

«Нұр-Айназ» шаруа қожалығы, «Елшіхан», «Наурыз-СИМ»,өз қаражаттары есебінен 117 бас асыл тұқымды құнажын қашарын сатып алды.

Мал қыстату науқанына 37711 тн мал азығы дайындалды. Арзандатылған бағамен ұнтақ жем тасымалдау ұйымдастырылуда.

Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында жеке қаржысы есебінен «Мантай» ШҚ-ы лезингі негізінде 3 млн. 221 мың тегенің МТЗ-80 маркалы тракторын, «Елшіхан» ЖШС-і лезингі негізінде 3 млн. 996,0 мың теңгенің МТЗ-82 тракторын, 1 млн. 222 мың теңгенің трактор тіркемесін, «Нұреке» ШҚ-ы лезингі негізінде 3 млн. 221, мың теңгенің МТЗ-80 тракторын сатып алды.



Шағын кәсіпкерліктің дамуы. Кәсіпкерлік субъектілер саны - 173. компьютерлік орталықтар, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, моншалар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері 34 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Ауыз-су. Ырғыз, Ақши елді мекендерінде орталықтандырылған су құбыры тұрақты жұмыс жасап тұр. Үстіміздегі жылы Қалыбай ауылында су құбырының құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Қалалыкөл ауылында ауыз су құдығы пайдаланылады. Құдыққа көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құдықтар ақылы қоғамдық жұмыс негізінде күтімге алынған.

Құрлыс. Ырғыз селосында коммуналдық-арендалық 1 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қалыбай ауылынан авариялық құтқару пункті мен Қалыбай ауылы тұрғындары және демеушілердің көмегімен мектеп жанынан спорт алаңы салынып, аудандық ауыл жастарының ХІІІ – ші спартакиадасы өткізілді. Спартакиадада Ырғыз ауылдық округінің командасы жүлделі бірінші орынды иеленді.



Салық базасы. Округ дамуының көресткіштерінің бірі - салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы. Жыл басынан бері салық жиналымы 120 пайызға орындалды.

Кедейшілікті азайту. Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 223 отбасының 639 баласына 11165,7 мың теңге балалар жәрдемақысы төленген.

Жұмыссыздықпен күрес. Жыл басынан бері 164 адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы арқылы тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 308 жұмыссыз тартылды. Жергілікті бюджет есебінен 21 жас маман жастар практикасынан өткізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасына облыстық трансферттен қаражат бөлініп жұмыссыз жүрген 40 жастар өкілі жұмыспен қамтылды. Бағдарлама екі кезеңге бөлініп екі ай бойы жүргізілді.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы. Бағдарлама бойынша жыл басынан бері кәсіптік оқуға 3 адам, қайта даярлауға 2 адам. Қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген адамдарға ережеге сәйкес, оқудың шәкіртақысын және жол шығынын өтеу мақсатында республикалық бюджеттен 1 340 000 теңге бөлінсе оның 1 339 380 теңгесі игерілді.

Округ бойынша әлеуметтік жұмысқа 38 адам жіберілді. Жастар іс-тәжірибесінен республикалық бюджет есебінен 34 жас түлек тәжірибеден өтті. Бағдарлама арқылы 18 адамға несие беріліп, 11 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін оқуға жіберілді. 2 адамға жетіспейтін инженерлік-инфрақұрылым қызметі көрсету жоспарлануда.

Қалыбай негізгі мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті жерден 9 жұмыссыз тартылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкер Р.Керекова наубайхана бизнесін жандандыру мақсатында 3,0 млн.теңге мемлекеттік грантын жеңіп алса, «Қарақұдық» шаруашылық құрылымына мемлекет тарапынан электр желісі тартылды.

Бірқатар көшелерге жаңадан белгі тақталар орнатылды. Қ.Сәрсенбаев көшесі тұрғындары тұрғын үйлері мен аулаларына көркейту жұмыстарын жүргізді. «Үлгілі үй», «Үлгілі аула» байқаулары өткізілді. Көшедегі түрлі деңгейдегі танымдық, саяси, экономикалық тақырыптардағы бильбордтар уақытында жаңартылып отырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Ырғыз селосының Әбілқайырхан және Қойыртбаев көшелері жарықтандырылды.



2013 жылдың қортынды есебі бойынша тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің 4 орындалып 1 бақылауға алынды.

2014 жылы округ әкімі атына 246 арыз түсті, оның 27 заңды тұлға, 219 жеке тұлға. Оның ішінде 38 қанағаттандырылып, 208 заңға сәйкес түсіндірілді.



Ырғыз ауылдық

округінің әкімі А.А.Сарин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет