Іс қАҒаздарын жүргізу



бет3/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#178187
1   2   3   4

С.Торайғыров атындағы


Павлодар мемлекеттік

университетінің

кітапхана меңгерушісі

С.А.Қасымға


Сұраныс хат

Филология факультетінің қазақ тілі кафедрасы сізден 2004-2005 оқу жылында кітапхана қорына келіп түскен тіл және әдебиет сериясының тізімін жіберуіңізді сұрайды.

Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі қолы Б.К. Омар


00.00.0000.
4.10 Ұсыныс хат

Ұсыныс хат – қызметкердi белгiлi бiр орынға, қызметке ұсыну

жөнiнде басшыға ұсыныс жасау, аталған қызметкердiң сол орынға лайық екендiгiне кепiлдеме беру мақсатында жазылатын хат.
Үлгі

С.Торайғыров атындағы


Павлодар мемлекеттік

университетінің ректоры,

проф. С.Т.Жексенге

Ұсыныс хат

Филология факультетінің деканаты қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Мақпал Ақанқызы Жұмағұлды факультет деканының орынбасары қызметіне лайық деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды.


Филология факультетінің

деканы қолы С.Т. Досжан


00.00. 0000.
4.11 Ресми хат

Ресми хат – белгiлi бiр ортаның атқаратын жұмыстарына

байланысты мәселелердің жазбаша хабарланатын, ресми түрде мекеменiң атынан жазылатын хат.
Үлгі

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Жоғары және орта кәсіптік

білім департаменті

473000, Астана қ. Республика даңғылы, 1

тел./3172/ 00-00-00, тел.факс 00-00-00

№ 05-4/5754

«__» _______0000 ж.

Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті _____ жылы болатын ғылыми конференциялардың өткізілуін ретке келтіру мақсатында және ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік жасау үшін сіздердің оқу орындарыңызда жоспарланған халықаралық және республикалық шаралардың атауы мен мерзімі көрсетілген тізімді жіберулеріңізді сұрайды.


Директор қолы Т.М.Ескендір

Орынд. С. А. Нұрахмет

Тел.: 00-00-00


4.12 Жолдама хат

Жолдама хат – құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе

қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат берілген хат.
Үлгі
Қазақ мемлекеттiк

ғылыми-техникалық

зерттеу институтының

директоры А.Б.Сүлейменге


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетiндегi техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесiн алу үшiн диссертация қорғайтын ДР 00.00.00 диссертациялық кеңес 00.00.00 – машина жасау мамандығы бойынша Қайрат Бәкірұлы Ысқақтың “Іштен жанатын қозғалтқыш” атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефератының 2 данасын мемлекеттiк тiркеу мен микрофильмнен өткiзу үшiн жiберiп отыр.

Диссертацияның қорғалған күнi 22 ақпан 2006 жыл.


Диссертация кеңесінің төрағасы,

техника ғылымының докторы, профессор қолы Ж.Қ.Баймұрат

 

00.00.0000.


5 ұйымдастыру-басқару құжаттары
5.1 Өкім

Өкім – мекеме, ұйым, кәсіпорын бөлімшелерінің күнделікті

өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасарлары шығаратын құжат.
Үлгі

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті
Филология, журналистика

және өнер факультеті


№ 05-4/5754 ӨКІМ

«___» __________0000 ж.

Ғылыми жұмыстарының есептері 2007 жылғы желтоқсанның 20-сына дейін факультетке тапсырылсын. Кафедраның ғылым жұмыстарына жауапты адамдар (С.Т.Ахмет, Б.М.Омар, Ж.Г.Есен) осы жұмыстың орындалуын қадағаласын.
Факультеттің ғылыми жұмыс

жөніндегі орынбасары қолы /тегі/


5.2 Хаттама

Хаттама – мекеменiң, ұйымның, кәсiпорынның жиналысы мен мәжiлiстерiнде қаралған, талқыланған, қорытындыланған істерді тiркейтiн ресми құжат.

Қоғамдық тәртiптiң бұзылғаны туралы факт тiркелетiн ресми құжат. Хаттамада қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушiлер сөздерiнiң қысқаша мазмұнынан және алынған нақты қаулылардан тұрады. Хаттамаға мекеме басшысы, фактiнi тiркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.

Деректемелері:

- мекеменiң, ұйымның, кәсiпорынның атауы;

- құжаттың номері, атауы;

- мекеменің орналасқан жері (қаланың атауы)

- күнi;


- төраға мен хатшының аты-жөні;

- қатысқандар туралы мәлiмет (саны, аты-жөнi, лауазымы);

- күн тәртiбi;

- негізгі мәтіні;

- қабылдаған қаулы;

- төраға мен хатшының қолдары


Тапсырмалар:

1) Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз;

2) Күн тәртібінде қарастырылған отырыстың хаттамасын жазыңыз;

3) Күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз;

4) Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз;

5) Хаттама көшірмесін жазыңыз.


Үлгі
Мекеменің атауы

№ Хаттамасы

мекеменің орналасқан жері (қаланың атауы)

00.00.0000

Төраға – А.Ахмет

Хатшы – Н.Омар

Қатысқандар: 15 адам /тізім қоса берілді/


Күн тәртібінде:

1. 2007 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылау туралы.

2. 2007 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту туралы.
1.ТЫҢДАЛДЫ: ______________________________________________

(баяндаманың мәтіні ІІІ жақтан жазылады)


СӨЙЛЕГЕНДЕР: _____________________________________________

(баяндаманың мәтіні ІІІ жақтан жазылады)

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: ____________________________________
2. ТЫҢДАЛДЫ: _____________________________________________
СӨЙЛЕГЕНДЕР: _____________________________________________
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: ____________________________________
Төраға қолы /тегі/

Хатшы қолы /тегі/




5.3 Қаулы

Қаулы – алқалылық негiзiнде жұмыс iстейтiн мекемелерде шешiмдердi, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжiлiстерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады. Онда көрсетiлген шаралардың орындалуы мiндеттеледi.

Iрi мекемелерде, министрлiктер мен ведомстволарда ең маңыздымәселелер бойынша алдын-ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешiмнiң жобасы әзiрленедi. Қаулы мен шешiм тiлдiк құрылымы жағынан ұқсас болып келеді.

5.4 Жарғы

Жарғы – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді.

  Деректемелері:

- мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;

- құжаттың түрі;

- индексі, күні, жасалған грифі;

- мәтіні;

- кәсіпорын басшысының қолы.

  Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:

- жалпы ережелер;

- негізгі міндеттер;

- атқаратын қызметі;

- құқықтары мен міндеттері;

- басшылық;

- қарым-қатынас, байланыс;

- өндірістік-шаруашылық қызмет;

- мүлік және құралдар;

- қызметті бақылау, тексеру жүргізу;

- қайта құру және жою.

  Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы,

қажетті деректемелері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

6 Бақылау тапсырмалары
1-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз )

3. Қолхат

(Жолдасыңыздан бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жұмыскеріңіздің жұмыс орнын растайтын анықтама жазып беріңіз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскеріңіздің жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жұмысқа кешігіп келгеніңізге байланысты түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Жұмыскерлерге жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Кәсіпорын басшысының атына өтініш хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

2-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңіздің басқа лауазымдық қызметке ауысуына байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жұмыскеріңіздің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазылған анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскеріңіздің берілген тапсырманы орындамағаны туралы баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жұмысқа келмей қалуыңыздың себебін көрсетіп түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Мерекелік шараға байланысты хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Кәсіпорын басшысының атына жауап хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
3-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Почтадан хат-хабарларыңызды алып тұруға байланысты жақын адамыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Жұмыс барысында өткізілген жиналыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өткенін растап анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Мәжілістің болу туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Конференция өткізілуіне байланысты ақпараттық хат мәтінін құрастырыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

4-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Қарызға ақша алу туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Қызметке жоғарылату мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Өткізілетін шараға байланысты шақырылатын құрметті тұлғаға шақыру хат жіберіңіз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

5-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

( Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Материалдық көмек сұрау туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Оқуға түсу мақсатында жазылған мінездеме мәтінін құрастырыңыз)

8. Хаттама

(Хаттама көшірмесін жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Еңбекақы туралы мәліметті растайтын анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Жалпы жиналыстың болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Берілген тапсырманы уақытында орындамаған мекемеге немесе жеке тұлғаға ескертіп ескерту хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз.
6-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз )

3. Қолхат

(Танысыңыздан қомақты ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Өз еркіңізбен жұмыстан босатуға байланысты өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Марапаттау туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жұмыс орныңыздан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат

(Студенттің сабақ үлгерімінің төмендігін баяндап, факультет басшысына баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жоғарыда жазылған баяндау хатқа байланысты түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Жобаларға байқау жариялау туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Тапсырма беру мақсатында бөлім қызметкерлеріне өкім хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

7-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Жұмыстағы кемшіліктерге байланысты сөгіс жариялап бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Күн тәртібінде қарастырылған отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жұмыс орнынан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде басшы атына баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жұмыс тәртібін не себептен бұзғаныңыз жөнінде түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Үйірменің кезекті мәжілісі болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Лауазымдық бос орынға ұсыну мақсатында мекеме басшысының атына ұсыныс хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

8-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Жолдасыңыздың карточкасын пайдалануға байланысты сенімхат мәтінін құрасытырыңыз)

5. Өтініш

(Материалдық көмек сұрап басшыңыздың атына өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Дәрігердің ауырғаныңыз туралы мәліметі бар анықтамасын жазыңыз)

11. Баяндау хат

(Сабаққа қатыспай жүрген студент туралы факультет деканының атына баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Не себептен сабаққа қатыспағаныңызды баяндап түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Театрдағы қойылым туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Мекемеге қажет құжаттарды сұрау мақсатында басқа бір мекеме басшысының атына сұраныс хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
9-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Кадрлар бөлімінен керекті құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Қызметке жоғарылату мақсатында жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Өз мәселеңізге байланысты мекеме басшысының атына жеке хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз

10-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

2. Түйіндеме

(Үлгі бойынша құрастырыңыз)

3. Қолхат

(Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат

(Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш

(Отбасы жағдайына байланысты жұмыстан уақытша сұранып өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық

(Басқа оқу орнына ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме

(Практикадан өткен студентке мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама

(Хаттама көшірмесін жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама

(Практикадан өткен студентке анықтама қағазын беріңіз)

11. Баяндау хат

(Жұмыскерлердің жұмыс орнына үнемі кешігіп жүретіні туралы баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме

(Жұмысқа кешіккеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру

(Мерекелік шара болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат

(Іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында басқа бір мекеме, кәсіпорын басшыларының атына ресми хат жолдаңыз)



15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
7 Іс жүргізуге қатысты қысқаша түсіндірме сөздік
АББРЕВИАТУРА 1) сөздердiң жа­зуда шартты түрде қысқартылуы 2) eкi немесе бiрнеше сөздердiң бiрiншi буындарының қысқартылуы арқылы жасaлған сөз, және eкi не­месе бiрнеше сөздердiң алғашқы әрiптерiнiң қысқартылуы, мысалы: АҚ (акционерлiк қoғaм).

АДРЕС, МЕКЕНЖАЙ – 1) хатта немесе сәлемдемеде алушы мен оның мекенжайы көрсетiлген жазу; 2) бiреу­дiң, бiрдененiң орналасқан, тұратын жерi және орналасқан, тұратын жердiң белгiсi, атауы.

Айлықақы – жұмыскерге бір айда белгілі бір жұмыс көлемі үшін төленетін еңбекақының көлемі.

АЙЫППҰЛ – жалпыға ортақ нормаларды, ережелерді, заңдарды бұзған үшін тұлғаларды ақша төлету арқылы жазалау.

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ – ҚР азаматтық кодексі бойынша, жарғылық капиталы акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам.

АҚПАРАТ – қандай да бір саладағы істің жағдайы, қандай да бір оқиғалар туралы хабар.

АҢДАТПА – кiтаптың, мақаланың т. б. қысқаша баяндалған мазмұны.

АТАҚ – қызметтің бір саласында біреудің сіңірген еңбегінің көлемін, қызмет дәрежесін, біліктілік деңгейін танытатын ресми түрде берілетін атау.

АХАЖ – азаматтық хал актілерінің жазбасы тіркесінің қысқарған түрі.

ӘКІМШІЛІК – 1) мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның басқарушы органы; 2) мекемені, ұйымды, кәсіпорынды басқарушы лауазым иелері.

БАСШЫ – мекемені, кәсіпорынды, ұйымды басқарушы тұлға.

БАЯНДАМА – қызмет жағдайы туралы бастыққа жазбаша немесе ауызша жасалатын хабар.

БЛАНК – негiзiнен А4 немесе А5 форматты, құжатты құрастырушы заңды тұлғаның аты, алдын-ала жа­зылған қағаздың таза бетi. Кәсiпо­рынның бланкiсi типографиялық жолымен немесе компьютердiң көмегімен дайындалады. Кәсiпо­рының бланкiсi eкi түрлi болады: кәсiпорының өз iшiнде қозғалатын құжаттарға арнaлған бланкi (жалпы бланкi); кәсiпорынан шығатын құжаттарға арналған бланкi (хат, факстерге ар­налған). Реквизиттердiң бланкiде орналасуының негiзгi eкi түpi қолданылады; opтaғa және бұрышқа орналастыру.

БІЛІКТІЛІК – 1. еңбектің бір түріне жарамдылық дәрежесі, дайындық деңгейі; 2. қызмет саласы.

ГРИФ – 1. Қолдың белгісі бар мөрқалып, осындай мөрқалыптың белгісі. 2. Кітаптар мен құжаттардағы арнайы жазу.

ДАТА – 1. Қандай да бір оқиғаның күнтізбелік мерзімі. 2. Бірдеңенің жазылған уақытын (жыл, ай, күн) көрсетуші белгі.

дәйексөз – бір мәтіннен алынған дәл, нақты сөздер.

ДЕРЕКТЕМЕ – құжаттың түрін анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық бөлігі.

ДЕРЕКТЕР – белгілі бір шешімге, қорытындыға қажетті мәліметтер.

ЕҢБЕКАҚЫ – жұмыс берушінің жұмыскерге жұмысы үшін беретін ақысы, уақытқа немесе тапсырмаға сәйкес төлейтін ақшалай сыйақысы.

Есеп – лауазым иесінің өзінің атқарған жұмыстары немесе басқа әрекеттері туралы хабарламасы немесе баяндамасы.

ЖАЛАҚЫ – қызметі, жұмысы үшін ақшалай берілетін ақы.

Жауапкершілік – тұлғаға, ұжымға, қоғамға артылған талаптардың жүзеге асуындағы нақты тарихи, объективті сипаттама.

Жәрдемақы көбіне ақшалай берілетін көмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет