«Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен
3 курс, «Фельдшер» мамандығына арналған,
520 емтихан тест сұрақтары
~ Науқасты сұрастыру үлгісін ұсынған, осы әдісті өнер деңгейіне дейін жеткізген терапевт – ғалым …
| Г. А. Захарьин.+
| Л. Ауэнбруггер.
| Р. Лаеннек.
| Куссмауль.
| Эйнтховен.
~ Перкуссия әдісін ұсынған ...
| Л. Ауэнбруггер.+
| Г.А. Захарьин.
| Р. Лаеннек.
| Куссмауль.
| Эйнтховен.
~ Аускультация әдісін ұсынған ...
| Р. Лаэннек.+
| Л. Ауэнбруггер.
| Г.А. Захарьин.
| Куссмауль.
| Эйнтховен.
~ Асқазанды зондтау әдісін ұсынған ғалым ...
| Куссмауль.+
| Г.А. Захарьин.
| Р. Лаэннек.
| Л. Ауэнбруггер.
| Эйнтховен.
~ ЭКГ құралын ұсынған ғалым – физиолог ...
| Эйнтховен.+
| Г.А. Захарьин.
| Р. Лаеннек.
| Куссмауль.
| Л. Ауэнбруггер.
~ Россияда алғашқы рет ауру тарихын кеңінен енгізген атақты орыс терапевті ...
| М.Я. Мудров.+
| Г.А. Захарьин.
| С.П. Боткин.
| С.С. Зимницкий.
| Василенко.
~ Науқасты тексерудің субъективті әдісі:
| сұрастыру+
| қарау
| пальпация
| перкуссия
| аускультация
~ Науқастың өмір анамнезіндегі ең маңызы төмен мәлімет:
| ауа райы+
| жанұялық жағдайы
| ауырған аурулары
| зиянды әдеттері
| еңбек және тұрмыс жағдайы.
~ Науқастың ауру тарихы ... құжат болып табылады.
| медициналық, заңдылық+
| экологиялық, заңдылық
| фармацевтикалық, статистикалық
| қаржылық, ақпараттық
| статистикалық, демографиялық
~ Науқасты тексерудің объективті әдісіне ... жатпайды.
| сұрастыру+
| пальпация
| перкуссия
| аускультация
| қарау
~ Туа біткен ауруларды анықтауда ... маңызы зор.
| жанұялық-тұқым қуалаушылық анамнезін жинаудың+
| эпидемиологиялық анамнезін жинаудың
| аллергологиялық анамнезін жинаудың
| тұрмыстық жағдайларын анықтаудың
| зиянды еңбек жағдайын анықтаудың
~ Жіті жұқпалы ауруларды анықтауда ... маңызы зор.
| эпидемиологиялық анамнезін жинаудың+
| аллергологиялық анамнезін жинаудың
| жанұялық-тұқым қуалаушылық анамнезін жинаудың
| тұрмыстық жағдайларын анықтаудың
| зиянды еңбек жағдайын анықтаудың
~ ... асқазан, ұлтабардың ауруларын анықтауда мәні жоғары анамнездік дерек.
| Тамақтану сипатын және тәртібін, тамақтану жағдайларын анықтау+
| Аллергологиялық және эпидемиологиялық анамнезін жинау
| Эпидемиологиялық анамнез жинау және жұмыс жағдайын анықтау
| Зиянды әдеттерін, жұмыс жағдайын анықтау
| Басынан кешкен ауруларды және жұқпалы ауруларды анықтау
~ ... сананың бұзылуына жатпайтын белгі.
| Ұйқысыздық+
| Ступор
| Сопор
| Қозу
| Кома
~ ... жалпы қарау ережесіне жатпайды.
| Науқасты толық шешіндіріп 2-3 метр қашықтықтан қарау+
| Жарық науқастың алдынан не қырынан түсуі
| Бөгде шудың болмауы
| Мүмкіндігінше науқасты күндіз қарау
| Науқасты белгілі бір ретпен қарау
~ ... науқасты жалпы қарауда анықталмайтын дерек.
| Жүрек аймағындағы өзгерістер+
| Дене бітімі
| Төсектегі қалпы
| Санасы
| Тері және көрінетін кілегей қабаттары
~ ... сананың комалық деңгейге дейінгі бұзылуына тән.
| Тыныс жетіспеушілігінің соңғы сатысы+
| Жіті бронхит
| Өкпе абсцессі
| Спонтанды пневмоторакс
| Крупозды пневмония
~ ... науқас алға қарай еңкейіп, қолдарын кереуетке тіреп отыруға мәжбүр.
| Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында+
| Бүйрек шаншуында
| Жүрек демікпесінде
| Перикардитте
| Миокард инфарктісінде
~ ... кезінде науқас төсектен аяғын төмен түсіріп, қолдарымен керуетке тірей шалқая отыруға мәжбүр.
| Жүрек демікпесі+
| Тыныс демікпесі
| Перикардит
| Бүйрек шаншуы
| Стенокардия
~ ... экссудативті перикардиті бар науқастың мәжбүрлі қалпы.
| Алға қарай еңкейе отыру+
| Басын жоғары салып жату
| Төсекте шалқая отыру
| Оң қырымен жату
| Шалқасынан жату
~ ... крупозды пневмониясы бар науқастың мәжбүрлі қалпы.
| Ауыратын жағына жату+
| Сау жағына жату
| Шалқасынан жату
| Етпетінен жату
| Еңкейіп отыру
~ «Митральды бет» ... байқалады.
| митральды стенозда+
| үш жармалы қақпақтың жеткіліксіздігінде
| Иценко-Кушинг синдромында
| перикардитте
| қолқа ақауында
~ Жүрек декомпенсациясындағы науқас (Корвизар) беті:
| сарғыш- қуқыл тартқан, көкшіл реңді, ісіңкі, көз жанары күңгірттенген+
| мұрны, еріндері, қабақ доғасы өскен
| қуқыл тартқан, ісіңкі (әсіресе көз айналасында), мимикасы кедейленген
| қызарған, мұрын, бет ұшы веналары кеңіген
| ай тәрізді, жылтыр, қызарған
~ Септикалық эндокардитке тән беттің түсі:
| «сүт қатқан кофе» түстес+
| сарғыш
| көкшіл
| қызарған
| қуқыл
~ Тері түсінің көкшілдігі – ... дамиды.
| қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан+
| қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен
| ағзада газ алмасуы тездегеннен
| шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
| шеткі тамырлар түйілгеннен
~ Тері түсінің плеторалдылығы … дамиды.
| қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен+
| қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан
| ағзада газ алмасуы тездегеннен
| шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
| шеткі тамырлар түйілгеннен
~ Тері түсінің қуқылдығы ... дамиды.
| шеткі тамырлар түйілгеннен+
| қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан
| ағзада газ алмасуы тездегеннен
| шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
| қанды эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен
~ Сананың кома деңгейіне дейін бұзылуы дегеніміз ...
| науқас терең ұйықтап жатқандай+
| тежеу үдерісінің басымдылығы
| науқас терең ұйықтап жатқандай, бірақ оятуға болады
| ұйқысыздық
| қозу үдерісінің басымдылығы
~ «Садақа сұрау кейпі» ... тән.
| ревматоидты артритке+
| ревматизмге
| Бехтерев ауруына
| құяңға
| Педжет ауруына
~ Ортопноэ қалпы ... тән.
| жүрек жетіспеушілігіне+
| құяң ауруының жіті ұстамасына
| жіті тамыр жетіспеушілігіне
| гипертониялық кризге
| жіті миокард инфарктісіне
~ Физикалық жүктеме кезінде адамды қимылдамай тұрып қалуға мәжбүр ететін ұстамасы:
| стенокардия+
| тыныс демікпесі
| жүрек демікпесі
| өт шаншуы
| бүйрек шаншуы
~ Терінің қола түстілігі ... тән .
| бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне+
| тыныс жеткіліксіздігіне
| бүйрек жеткіліксіздігіне
| ішекте ас қорыту жеткіліксіздігіне
| жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігіне
~ Саусақтардың «дабыл таяқшасы», «тырнақтардың «сағат әйнегі» тәрізденіп өзгеруі ... тән.
| бронхоэктаз ауруына+
| инфекциялы эндокардитке
| іштен туа біткен ақаулардың «көкшіл» түрінде
| билиарлы бауыр циррозына
| ұзаққа созылған іріңді үдерістерге
~ Тырнақта сызықтар пайда болуы, оның «қасық» тәрізді боп өзгеруі ... тән.
| теміржетіспеушілік анемияға+
| витамин В12 жетіспеушілік анемияға
| гемолитикалық анемияға
| гипопластикалық анемияға
| лейкозда
~ Пальпация ... негізделеді.
| ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне+
| көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға
| тіндер тербелісінен пайда болған дыбыстарды аңғаруға
| ағзаның қатты, жұмсақтылығына
| ағзада пайда болған дыбыстарды аңғаруға
~ Перкуссия ... негізделеді.
| тіндер тербелісінен пайда болған дыбыстарды аңғаруға+
| ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне
| көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға
| ағзаның қатты, жұмсақтылығына
| ағзада пайда болған дыбыстарды аңғаруға
~ Пальпация әдісін айтарлықтай жетілдірген:
| В. П. Образцов, Н. Д. Стражеско+
| Г. А. Захарьин
| С. П. Боткин
| Гиппократ
| М. Я. Мудров
~ Пальпация кезінде дәрігердің ең дұрыс қалпы:
| өзіне ыңғайлы қалыпты таңдайды+
| отырады
| қалпын өзгертіп тұрады
| түрегеп тұрады
| дәрігер қалпының мәні жоқ
~ Беткейлі пальпациямен анықталмайтын деректер:
| іш қуысы ағзалары жәйі+
| лимфа түйіндері жәйі
| бұлшық ет, сүйектер
| буындар жәйі
| тері және тері асты шелдің жағдайы
~ Перкуторлы дыбыстың негізгі параметрлері:
| тіндер терендiгi+
| дыбыс ұзақтығы
| тіндер тербелісі амплитудасы
| дыбыс күші
| ағза көлемi
~ Перкуторлы дыбыс қаттылығы ... байланысты.
| перкуссия күшіне+
| дыбыс ұзақтығына
| тіндер тербелісі амплитудасына
| тіндер терендiгiне
| ағза көлемi
~ Перкуторлы дыбыс ... қатты шығады.
| ауалы мүшелерден+
| сұйыққа толған қуысты мүшелерден
| тығыз мүшелерден
| мүшелер қабынғанда
| калыпты жагдайда
~ Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеседі.
| сұйыққа толған қуысты мүшелерде+
| тығыз мүшені перкуссиялағанға
| кеуде айтарлықтай қалыңдаса
| перкуторлы дыбыс амплитудасы төмендегенде
| ауалы мүшені перкуссиялағанда
~ Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеспейдi.
| ауалы мүшені перкуссиялағанда+
| тығыз мүшені перкуссиялағанда
| кеуде айтарлықтай қалыңдаса
| сұйыққа толған қуысты мүшелер
| перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болғанда
~ Перкуторлы дыбысты төмендететін негізгі әсер:
| қабыну әсерінен мүшенің тығыздалуы+
| дыбыс толқындары амплитудасы төмендеуі
| мүше тығыздығы
| кеуденің айтарлықтай қалыңдауы
| кеуденiн жұқаруы
~ Перкуторлы дыбысты күшейтетін негізгі әсер:
| мүше ауалылығы өсуі+
| дыбыс толқындары амплитудасы өсуі
| кеуденің жұқаруы
| мүшеде ауалы қуыстың пайда болуы
| кеуденiң жұқаруы
~ Ашық өкпелік перкуторлы дыбыс деген тұжырымның мәні:
| дыбыс қаттылығында+
| дыбыс ұзақтылығында
| дыбыс төмендеуінде
| дыбыс күшеюінде
| ауалы мүше
~ Тұйық перкуторлы дыбыс:
| дыбыстың әлсіреуі+
| дыбыстың қысқаруы
| дыбыстың биіктеуі
| дыбыстың төмендеуi
| дыбыс күшеюі
~ Тимпанды перкуторлы дыбыс деген тұжырымның мәні:
| дыбыстың қатаюы+
| дыбыс ұзаруы
| дыбыстың биіктеуі
| дыбыстың төмендеуi
| дыбыс күшеюі
~ Перкуссия әдісін ұсынған Л. Ауэнбруггер перкуссиялағанда ... пайдаланды.
| біріктірілген саусақтарды+
| плессиметр- саусақты
| плессиметрді
| балғашаны
| алақанды
~ Перкуссиялау шарттарының ішінен қатесі:
| бөлме температурасы+ 20 0С+
| бөлмедегі тыныштық
| дәрігердің ыңғайлы қалпы
| бөлме температурасы+ 12 0С
| науқастың шалқасынан жатуы
~ Кеудені перкуссиялағандағы дұрыс емес жағдай:
| бөлме температурасы+ 12 0С, науқас қырынан жату+
| бөлме температурасы+ 20 0С, науқас отырған қалыпта
| бөлме іші тыныш, науқас шалқасынан жатыр
| науқас түргеп тұр
| бөлме температурасы+ 20 0С 0, телевизор экранында тор көрінеді
~ Ең кең тараған перкуссия түрі:
| саусақпен-саусақ перкуссиясы+
| аспапты перкуссия
| тікелей перкуссия
| құрамалы перкуссия
| жанамалы перкуссия
~ Перкуссия техникасындағы қате:
| соққы күші кеуде деңгейіне байланысты+
| плессиметр-саусақ денеге тығыз орналасады
| соққы қысқа және серпімді
| перкуторлы соққы тіке перпендикулярлы бағытта беріледі
| перкуссия оң қолмен жүргізіледі
~ Өте жәй перкуссия ... қолданылады.
| жүректің нағыз тынық шектерін анықтауға+
| бауыр шектерін анықтауға
| өкпе шектерін анықтауға
| жүректің шала тынық шектерін анықтауға
| қабыну ошағын анықтауға
~ Жәй перкуссия ... қолданылады.
| мүше шектерін анықтауға+
| қабыну ошағын анықтауға
| салыстыру үшін
| терең орналасқан қуысты анықтауға
| жүректің нағыз тынық шектерін анықтауға
~ Күшті, қатты перкуссия салдарынан тербеліске түсетін тіндер тереңдігі:
| 8 см-ге дейін+
| 2-5 см
| 3-5 см
| 10-12 см
| 12 см-ден терең
~ Жәй, әлсіз перкуссия салдарынан тербеліске түсетін тіндер тереңдігі:
| 2-4 см+
| 5-7 см
| 10 см-ге дейін
| 10-12 см
| 12 см-ден терең
~ Топографиялық перкуссия ... анықтауға қолданылады.
| мүше шектерін+
| мүше көлемін
| мүше пішінін
| мүше тығыздығын
| мүшедегі патологиялық өзгерісті анықтау үшін
~ Салыстырмалы перкуссия ... анықтауға қолданылады.
| мүшедегі патологиялық өзгерісті+
| мүше көлемін
| мүше пішінін
| мүше тығыздығын
| мүше шектерін
~ Топографиялық перкуссия жүргізгендегі қате пікір ...
| анықталатын шекке плессиметр-саусақ перпендикулярлы орналасады.+
| перкуссия ашық дыбыстан тынық дыбысқа қарай өткізіледі.
| перкуссия анықталатын шекке перпендикулярлы бағытта жүргізіледі.
| жәй перкуссия қолданылады.
| перкуссиялық соққы дистальды фаланга аралық буынға беріледі.
~ Салыстырмалы перкуссияда ...
| перкуторлы соққы күші бірдей болуы шарт.+
| жәй перкуссия қолданылады
| перкуссиялық соққы ортаңғы фалангаға беріледі.
| перкуторлы соққы күші патологиялық өзгеріске байланысты болады.
| симметриялы бөліктер перкуссияланады.
~ Салыстырмалы перкуссия өткізудегі қате пікір ...
| перкуторлы соққы күші әлсіз не күшті бола алады.+
| перкуторлы соққы күші бірдей болуы шарт.
| симметриялы бөліктер перкуссияланады.
| жәй перкуссия қолданылады.
| перкуторлы соққы 3 –і саусақтың дистальды фаланга аралық буынына беріледі.
~ Тікелей аускультацияның басты артықшылығы ...
| дыбыс шынайы өзгеріссіз естіледі.+
| басқа аускультациялық әдістермен естілмейтін дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.
| дыбыс салыстырмалы кiшi аймақтан тыңдалады.
| дыбыс салыстырмалы үлкен аймақтан тыңдалады.
| дыбыс өзгеріп естіледі.
~ Тікелей аускультацияның басты кемшілігі ...
| кіші көлемді аймақты тыңдау мүмкін емес.+
| ыңғайсыз болуы.
| гигиена ережелеріне қайшы.
| этикалық ыңғайсыздық.
| дыбыс өзгеріп естіледі.
~ Жанама аускультацияның басты артықшылығы:
| шектелген аймақ дыбысын бөлек тыңдау мүмкіндігі+
| ыңғайлы болуы
| гигиена ережесіне сай
| ыңғайсыз болуы
| гигиена ережелеріне қайшы
~ Жанама аускультацияның кемшілігі:
| ыңғайсыз болуы+
| кейбір дыбыстардың естілмеуі
| кеуде тербелісінің сезілмеуі
| дыбыстардың өзгеріп естілуі
| гигиена ережесіне сай
~ Аускультация өткізудегі қате шарт ... .
| бөлмеде тыныштық, температурасы+12 0С+
| науқас орындықта отырған қалпында
| дәрігер өзіне ыңғайлы қалыпта
| бөлмеде тыныштық , температурасы+20 0С
| тыңдалатын жер қосымша дыбыс бермеуі тиіс
~ Адамның қолтық асты қалыпты дене қызуы деңгейі:
| 36,0 – 36,8 0С+
| 37,0 – 37,9 0С
| 38,0 – 38,9 0С
| 39,0 – 39,9 0С
| 40,0 – 40,9 0С
~ Тұрақты қызбаның /febris continua/ сипаттамасы:
| қызу ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде, тәуліктік ауытқуы 10С-тан аспайды+
| қызу тәулік бойы көтерілген, ертеңгі және кешкі қызу айырмасы 10С-тан жоғары
| жоғары деңгейлі қызу тәулік бойы қалыпты деңгейге, не одан да төмен деңгейге жетеді
| қызу тәулік бойы бірнеше рет көтеріледі не төмендейді,көтерілген кезде қалтыратады, тоңдырады, төмендегенде – малшынып терлетеді
| қызу бірнеше тәулік бойы сакталады
~ Әлсіретуші /реметтикалық – febris remittens/ қызбаның сипаттамасы :
| қызу ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде, тәуліктік ауытқуы 10 С-тан жоғары+
| қызу тәулік бойы көтерілген, ертеңгі және кешкі қызу айырмасы 10 С-тан аспайды
| жоғары деңгейлі қызу тәулік бойы қалыпты деңгейге, не одан да төмен деңгейге жетеді
| қызу тәулік бойы бірнеше рет көтеріледі не төмендейді: көтерілген кез қалтыратады, тоңдырады, төмендеуі – малшынып терлетеді
| қызу бірнеше тәулік бойы сакталады
~ Жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
| жүрек соғуы жиілеуі+
| төс астының ауруы
| ентігу
| ісіктер;
| оң қабырға доға тұсы ауырлауы
~ Кіші қан айналым шеңбері бойынша жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
| ентігу+
| жүрек соғуының жиілеуі
| тұншығу
| қан қақыру
| ісіктер
~ Үлкен қан айналым шеңбері бойынша жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
| қан қақыру+
| он қабырға доға тұсы ауырлауы
| диспепсиялық бұзылыстар
| жүрек соғуының жиілеуі
| ісіктер
~ ЖИА /жүректің ишемиялық/ ауруында ауру орны көбіне:
| төс астында+
| жүрек ұшы тұсында
| жүрек аймағында
| кеуденің сол бөлігінде, сол қолға тарамайды
| кеуденің сол бөлігінде, сол қолға тарайды
~ «Кеуде құрбақасы» - angina pectoris – деп аталатын науқастың аталуы ...
| стенокардия ұстамасы.+
| тұншығу ұстамасы.
| жүрек соғу ұстамасы.
| жөтел ұстамасы.
| іштің ұстама ауруы.
~ Миокард инфарктісіндегі ауру сезімінің стенокардиядан айырмашылығы:
| ұзақтығында және қаттылығында+
| орналасуында және таралуында
| сипатында және көлемінде
| механизмінде және орналасуында
| тарауында /иррадиациясында/, сипатында
~ Нитроглицеринмен басылатын ауру:
| стенокардия ұстамасы+
| миокард инфарктісі
| кардионевроз
| перикардит
| миокардит
~ Коллапспен /қан қысымының түсуі, пульс жиілеуі, салқын жабысқақ терге шомумен/ асқынатын ауру синдромы бар ауру:
| миокард инфарктісі+
| стенокардия ұстамасы
| перикардит
| кардионевроз
| миокардит
~ Миокард инфарктісінде ауырғанда басу үшін қолданылатын дәрі:
| наркотикалық анальгетиктер+
| аналгин
| нитроглицерин
| қабынуға қарсы қолданатын
| стероидсыз дәрілер
~ Стенокардияға ... тән емес.
| шаншып ауру+
| зілдей басып ауру
| күйдіріп ауру
| сығып ауру
| пышақ сұққандай ауырсыну
~ Жүрек демікпесі дегеніміз ...
| сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі бар адамдағы аралас сипаты тұншығу ұстамасы.+
| ларингоспазмға /түйіліуіне/ байланысты инспираторлы тұншығу ұстамасы.
| туа біткен жүрек ақауы бар науқастағы жөтел ұстамасы және қан қақыру.
| бронхообструктивті синдромы бар аурудағы экспираторлы тұншығу ұстамасы.
| жүрек жетіспеушілігі бар ауырдағы физикалық жүктеме кезіндегі аралас сипатты ентігу.
~ Жүрегі ауыратын науқас ісінуінің басты механизмі ... болады.
| венозды қан қысымы жоғарылауынан+
| тамыр қабырғасы өткізгіштігі жоғарылауынан
| үлкен қан шеңберіндегі гидростатикалық қысым жоғарылауынан
| онкотикалық қысым төмендегеннен
| кан iркiлiсiнен
~ Жүрек соғуының жиілеуінсіз өтетін физиологиялық жағдай:
| ұйықтап жатқанда+
| қою шәйді, кофені көп ішкеннен соң
| шылым шеккен соң
| психоэмоционалды жүктемеден соң
| физикалық жүктемеден соң
~ Жүректің шалыс соғуы ... кездеседі.
| экстрасистолияда+
| брадикардияда
| тахикардияда
| пароксизмальды тахикардияда
| синоаурикулярлы тежелуде
~ Жүрек жетіспеушілігіндегі диспепсиялық бұзылыстардың болуы ... түсіндіріледі.
| бауырда және асқазан-ішек жүйесіндегі айтарлықтай венозды қан іркілісімен+
| асқазан сөлі қышқылдығы төмендеуімен
| асқазанның моторлы-эвакуаторлы қызметі бұзылуымен
| ұйқы безінің сыртқа сөл бөлу қызметі жетіспеуімен
~ Төсекке басын жоғарырақ салуға не аяқтан төмен түсіріп отыруға мәжбүрлік қалып ... кездеседі.
| сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде+
| коллапста
| стенокардия ұстамасында
| кеуденің сол бүйірі ауырғанда
| жөтел ұстамасында
~ Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігіндегі науқастың мәжбүрлі қалпы:
| төсекте басын жоғарырақ салып, аяқтарын төмен түсіріп отыру+
| алдындағы отырғыш арқасына екі қолмен сүйеніп отыру
| аяқтарын көтеріңкіреп жату
| жатқан «таз ит» қалпы
| тізе – шынтаққа тірей жату
~ Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігіндегі науқастың мәжбүрлі қалпының аты:
| ортопноэ+
| Фовлер қалпы
| Тренделенбург қалпы
| тізе-шынтақ қалпы
| «үрген ит» қалпы
~ Жүрек демікпесінде науқас ортопноэлық қалыпты таңдауға мәжбүрлігі:
| қан аяқтарға жиналғаннан ентігу азаяды+
| ауру сезімін азайту үшін
| жүрек соғуының жиілігін
| бронх түйілуін азайту үшін
| дем алуды женiлдету үшін
~ Тоқырамалы жүрек жетіспеушілігі бар науқас бетінің аты:
| Корвизар беті+
| Гипократ беті
| митральды бет
| нефритикалық беті
| Базедтік бет
~ Жүрек-қантамыры жүйе ауруларындағы цианоз аталуы:
| шеткі+
| орталық
| ар аралас
| жергілікті
| жалпы
~ Жүрек-қантамыр жүйе ауруларындағы цианоз себебі:
| қан айналымы баяулағаннан және айналадағы перифериялық аймақ тіндерінде оттегі көбірек берілгеннен+
| өкпедегі қанның артерия қанына айналуы бұзылғаннан
| тамыр жүйесінің қанға толы төмендегеннен
| перифериядағы қанда эритроциттер саны азайғаннан
| перифериядағы қандағы гемоглобин деңгейі төмендегеннен
~ Науқаста «митральды бет» ... қалыптасады.
| жүректің митральды ақауларында+
| жүректің қолқалық ақауларында
| ЖИА-да
| жүрек жетіспеушілігінде
| іштен туа біткен жүрек ақауларында
~ Тері жамылғысының қуқылдағы көбіне кездеседi …
| жүректің қолқалық ақауларында.+
| жүректің митральды ақауларында.
| іштен туа біткен жүрек ақауларында.
| ЖИА-да.
| қолқа аневризмасында.
~ Аралас цианоз тән жүрек ақаулары (көкшіл жүрек ақаулары):
| іштен туа біткен жүрек ақауларына+
| жүректің митральды ақауларына
| жүректің қолқалық ақауларына
| ЖИА
| жүрек аневризмасына
~ Жүректің оң жақтағы салыстырмалы тынық шегін ... түзейді.
| оң жүрекше+
| оң қарынша
| сол жүрекше
| сол қарынша
| оң жүрекше және қарынша
~ Жүректің сол жақтағы салыстырмалы тынық шегін ... түзейді.
| сол қарынша+
| оң қарынша
| оң жүрекше
| сол жүрекше
| оң жүрекше және қарынша
~ Жүректің жоғарғы шегін ... түзейді.
| сол жүрекше+
| оң қарынша
| оң жүрекше
| сол қарынша
| оң жүрекше және қарынша
~ Жүректің анық тынық шегін … түзейді.
| сол жүрекше+
Достарыңызбен бөлісу: |