- Бір адамньң қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А — агглютиноген α — агглютининмен, В — агглютиноген β— агглютининмен) болмайды.
- Белгілі 4 заттан (А, В және α, β ) кездеспейтін етіп тек 4 комплекс кұруға болады Осы ойға келген Ян Янский адам канын 4 топқа бөлді. Егер қаң плазмасында α мен β агглютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек. Сондықтан А, В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «О» плазмада α, β агглютининдері бар кан 1 топқа жатады, ал «А» агглютиногені бар қанда β агглютинині болады, мұндай қан II топ болып белгі-ленед. III топтағы канда В — агглютиноген, α агглютинин болады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса, ондай қанда агглютининдер болмайды. (о), Ол қан IV топқа жатады. Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілерде оның агглютиногені жазылады да, содан соң агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы жақшада керсетіледі.
(
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу. - Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония,жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |