Іскер адам имиджі



Дата27.10.2023
өлшемі63.5 Kb.
#481631
Іскер адам имиджі


Іскер адам имиджі
Әлемде ақпараттың рөлі үнемі өсуде, сондықтан имиджі сияқты ақпараттық құрылым теоретиктер мен практиктерге барынша көбірек көңіл бөле түседі. Нарықтық қатынастар, өмірдің барлық салаларында бәсекелестіктің дамуы бұл ұғымның адам санасында жеке тұсаукесердің әсері ретінде бейнені әдейі жасау ретіндегі өзектілігіне алып келді. Имиджді құру бойынша жұмыс іскер адамның жеке және кәсіби мінездемесіне оң әсер етеді, онымен және ол ұсынатын фирмамен ынтымақтасуға ниет пайда болады. Демек, тартымды имидж іскерлік табысты анықтайтын факторлардың бірі болып табылады.Барлық қолданыстағы теріс фактілер имидждің мәнін және оның іскерлік саладағы рөлін жеткіліксіз түсінуге байланысты туындады, осыдан оның негізгі компоненттерін білу емес:
— манера киіну;
— қарым-қатынас тактикасы;
— іскерлік этикет және хаттама;
— іскерлік қарым-қатынас этикасы.
1. «Имидж»ұғымының дамуы және мәні.
«Имидж» термині бүкіл әлемде кеңінен таралып, барлық тілдік мәдениеттерге айналды. Имидждің этимологиялық түсінігіПсихологияда имидж деп «көпшілік санада қалыптасқан және стереотип сипаты бар біреуді немесе бірдеңені эмоционалды боялған бейнені; имиджді қалыптастыру стихиялы болып табылады, бірақ көбінесе ол мамандардың жұмыс нәтижесі болып табылады; имидж белгілі бір топтың әлеуметтік үміттерін көрсетеді» түсінеді . «Имидж» ұғымы Батыста 50-ші жылдары пайда болды және бастапқыда жарнамалық тәжірибеде қолданылды. Одан әрі, 60-шы жылдары бұл термин кәсіпкерлік саласында тұтынушыға психологиялық әсер етудің негізгі құралы ретінде қайта пайда болады. Кейінірек Имидж ұғымы паблик рилейшнз теориясы мен тәжірибесінің негізгі элементі болды, саяси және қоғамдық өмірге берік кірді. «Кәсіби дағды сізге жұмыс істеуге немесе қызмет бойынша жоғарылауға мүмкіндік бермейді. Ол үшін жұмыс істейтін адамдарды өзіне орналастыру қажет, яғни қажетті имидж жасау қажет. Адамдар сөйлесудің алғашқы бес секундында шығаратын сыртқы әсерге біз туралы айтады деп саналады. Жеке тұлғаның сыртқы келбеті, дауыс, диалог жүргізе білу сияқты қасиеттері сіздің мансабыңызда да, бүкіл өмірде де шешуші рөл атқара алады».Ресейде «имидж» ұғымы салыстырмалы түрде жақында пайда болды,бұл ретте осы мәселені шешудің Батыс алгоритмдерін соқыр көшіру болды. «Имидж» ұғымын отандық әдебиетке енгізгендердің бірі О. Феофанов болды. 1974 жылы пайда болған «АҚШ: жарнама және қоғам» өз жұмысында ол имиджді жарнама берушінің тұтынушыға психологиялық әсер етуінің негізгі құралы ретінде қарастырады. Осы тақырыпқа арналған жұмыстары басқа авторлардың имиджі де бұқаралық сананы айла-шарғы жасау құралы ретінде қаралды. Кейін отандық ғылымда мұндай бағыт жаңа сала – имиджелогия ретінде қалыптасады.Имиджді адам мінез-құлқын әлеуметтік реттеу және өзін-өзі реттеу нысандарының бірі ретінде түсіндіруге болады : жеке және топтық. Адамның мінез-құлқы тек әлеуметтік ғана емес, биологиялық және психологиялық тетіктермен реттеледі; олардың барлығы өзара әрекеттеседі және бір-біріне енеді. Әлеуметтік реттеу тетіктеріне әлеуметтік нормалар, құндылықтар, институттар, ұйымдар жатады, онда имиджді де осындай тетіктердің біріне жатқызуға болады.Әлеуметтік реттеуші ретінде имидждің ерекшеліктерін жақсы көрсету үшін «шындықтың ішкі, Елеулі қатынастарын көрсететін белгілі бір құрылымды білдіретін имидждің теориялық моделін құру қажет».. Іскер адамның имиджі.Іскери адамның имиджі деп, әдетте, айналасындағыларға белгілі бір әсер ететін құндылықтық сипаттамалар мен қасиеттерді білдіретін қалыптасқан бейнені түсінеді. Имидж адамның жеке байланыстары барысында, ол туралы қоршаған адамдар айтқан пікірлер негізінде қалыптасады.
Имидж деген сөзді ағылшын тілінен (image) тікелей аударсақ «кейіп», «мінез» деген түсінікті білдіреді. Олай болса адамның имиджі туралы сөз қозғағанда ол жөнінде басқа адамдардарда қалыптасқан пікірі деп түсіну керек. Және имидж тек оның түрі-тұлғасын ғана елестету емес, сонымен бірге оның ойлау, іс-қимыл, қылықтарын да бірге қамтып отырады. Басқаша айтқанда имидж кең мағынаны білдіретін түсінік.
Имидж түсінігі тек адамдарға ғана қатысты түсінік емес, оны ұжымдарға, фирмаларға, мемелекеттерге де қатысты пайдаланады. Егер сіз фирма басшысы болсаңыз, фирманың имиджі сіздің имиджіңіз бойынша анықталады.
Адамның кәсіби имиджі де болады, мысалы ол туралы: «Керемет педагог», «Білгір юрист», не болмаса «Әйтеуір бір жүрген маман», «Қолынан келетіні тек ақша алу» сияқты мінездемелер берілуі мүмкін. Кейде адамның имиджі оның адамгершілік қасиеттері арқылы да сипатталады: мысалы «Ол әділ, дұрыс адам», не «Нағыз оңбағанның өзі», «Өзін көрсету үшін ол кезкелген қитырқұлыққа барады», т.с.с.
Имиджді қалыптастыру өте нәзік дүние. Оны адамның маңыңдағыларды таңғалдыра алу қасиеті деуге де болады. Кейбір адамдарға ондай қасиеттер табиғатынан беріледі (Мысалы- қазақтың билері).
1. Психологтардың айтуынша танымайтын адам туралы пікір 10 жағдайдың 8-інде оның сырт тұрпатынан қалыптасады.Сондықтан сырт көзге тартымды көріну үшін саясаткерлер, бизнессмендер, кәсіпкерлер жеке басының жағдайынан гөрі өз ісінің оң шешілуін қамтамасыз ету үшін мамандардыңкөмегіне жүгінуге мәжбүр болады.Ресей ғалымы Виктор Максимович Шепельдің пікірінше мына қасиеттерді ерекше ескерген жөн:
1.Сыртқы тартымдылық
2. Қарым-қатынасқа, шеберлік көрсетуге ұмтылу
3. Жаңа жағдайга жеңіл бейімделетініңді көрсету
4. Бейтаныс ортада сенімділік таныта білу
5. Шыдамдылық көрсету, басқаша ойлай алатыныңды көрсету.
Имидж тек сырт пішіннен тұрмайды, оны жағымды ету үшін қажетті деңгейде косметика да керек. Сонымен қатар ол сөйлеуіңнен, қозғалысыңнан, жүріс-тұрысыңнан, бойыңды түзу ұстай білуіңнен де көрініс табады.Бұлардың бәрі адамаға өзін күту, тұрақты түрде жүргізілетін жаттығулармен келеді.







Имиджге сенің жалпы ден саулығыңның, жаттығуларыңның, тым ерекше қиналыс та, қатты жинақылық пен жинақысыздық та әсер етеді.Жылдың 365 күніндеде сергек болу үшін күнделікті ертеңгілік жаттығулар, жаяу қыдырыс, салқын душ, ылғал сүлгімен сүртіну, күні бойы бірнеше рет жаттығулар орындап, бой жазу, бет, қол терілеріне, шашқа күтім, т. б. қажет етеді.
Бүгінгі күні еліміз егемендік алғалы басқа елдермен ашық қарым-қатынас жасаудамыз.Іскерлік кездесулерде өз елің туралы жағымсыз пікір тудырмау үшін іскер азаматтар имидж мәселесін меңгергені дұрыс.Іскер адам дегеніміз – көпсалалы байланыстармен ерекшелінетін азамат.Қазіргі іскер азаматтар арасындағы байланыс көп мәселоеге мұрындық болып, қарым-қатынастар көлемі артуда. Олай болса іскер адамның имиджін не анықтайды деген сұраққа келсек:
1. Сырт пішіні (шашының қиылуы, прическасы, костюмі, аяқ киімі, акцессуарлары)
2. Сөзі, сөйлеу мәнері, қимыл-қылықтары
4. Басшылармен, коллегаларымен, бағыныштыларымен қарым-қатынасы.
Имидждің басқалардың көңілін, тіпті қызығушылығын өзіңе аудару формасы екенін есте сақтаған жөн. Ал ұжымның имиджі – бұл абырой, силастық, сенімділік, қызмет көрсету мәдениеті, тауарды сайлау, оны клиентке сапалы түрде жеткізу, әлсіз топтарға несиеге беру, т.б. Сондықтан фирманың имиджі, фирмада қызмет жасаушы ер адамдар мен әйел адамдардың іскерлігіне байланысты.
Өзің туралы жағымсыз имидж қалыптастыруға әкелетін факторларды біліп, оларды ескеріп жүрген дұрыс. Олар:
- Жұмысқа кешігу,
- Жұмыс столыңда тамақтану;
- Жұмыс орныңда кітап не газет оқу;
- Жеке бас мәселесі бойынша телефонмен әңгімелер;
- Жиі қоңырау шалу;
- Сағыз шайнау;
- Жиі арыз түсіріп, келіспеушілік білдіру;
- Өсек айту;
- Айқайлау, дауыс көтеру;
- Шаршағаныңды білдіру, және ол жөнінде жиі еске салу;
- Томсырап, реніш кейпін көрсету;
- Жұмыс столыңның ластығы;
- Жұмыс столыңдағы лас ыдыстар;
- Өте артық әшекейлеу;
- Жарға ескі суреттер мен открыткаларды ілу, не столда ұстау;
- Күлдіру үшін мағынасыз, ретсіз лозунгілерді ілу;
- Сыртқы түріңнің олпы-солпылығы;
- Жұмыс кезінде бос отыру;
Өзің туралы жағымды имидж қалыптастыру үшін ескеретін қасиеттер:
- Жинақы жұмыс столы;
- Қызметкерлермен жағымды мінез көрсетіп, көңілді сөйлесу;







- Сөйлесу кезінде көзіне тіке қарауға әдеттену;
- Қызығушылық таныту;
- Сыпайылық таныту;
- Тыңдай білу және түсіне білу;
- Қызметкерлермен ертеңгіде жылы амандасып, жұмыстан кетерде жылы қоштасу;
- Іскерлік стильдегі сумканы пайдалану;
- Үстіңдегі киімнің қызметтік лауазымыңа сай болуы;
Ұжымдастарыңның жаратпаушылығын туындатпау үшін қашық болатын қылықтар:
- Жұмысқа кешіккенде кешірім сұрауды ұмыту;
- Басқаның телефонмен әңгімесін бұзу;
- Басқа стол маңында дауыстап сөйлесу;
- Басқаның жеке шекарасын бұзып, онда ұзаққа қалу;
- Сізден қоңырау күтіп отырғанда қоңырау шалмау;
- Іскерлік әңгімені жеке бас әңгімеге бұру;
- Басқаның затын алып, уақытында қайтиармау;
- Копировальный аппаратта бүктетілген қағаз қалдыру;
- Басқа пассажир үшін лифттің есігін ұстап тұра—тұрмау;
- Хатшыны өзіңді табатын жерді ескертпеу;
- Жолодастарыңа офистің бір шетінен екінші шетінде ьұрып айқайлап сөйлеу;
- Тез сұрақтарға тез жауап қайыруға дайын болмау
Сіз жөнінде өсек тарағанда сіздің қылығыңыздың сипаты қандай болу керек?
Көңіл бөлмеңіз!Түсініктеме беру, жоққа шығару, ақталу ешқашан оң нәтиже берген емес, керісінше сізді қорғаныс жағдайына түсіреді. Өсек оған мән бермесең өзінен-өзі, өздігінен табиғи жолмен ақ жойылады. Бірақ, сынға, кеңестерге әркез мән беріп, оларды ескеріп, қорытынды шығаруға тырысқан жөн. Қарсы уәж айтып қарсыласпа! Кім болса да ол өз өмірінде бірнеше рет өзшнің атына бағытталған сыни ескертпелермен кездеседі. Сыни ескертпелерді қабылдаудың ерекше ережелері бар.Олар келесі ұстанымдар:
- Пайдасыз сын болмайды деген пікірде болу;
- Кім қалай сынағанына қарамай, сынды іскерлікпен қабылдаған дұрыс деп түсіну;
- Сынды қабылдау принципі: «Менің қолымнан келгені әзірге осы, бірақ мен одан да жақсы істей аламын, сондықтан кезкелген сын, ескертулер мен үшін пайдалы»
- Құнды, дұрыс сыни көзқарас деп өз ойыңнан шыққанды одан әрі жетілдіруге бағытталған сыни көзқарас екенін білу.
- Сынның болмағаны маған деген немқұрайдылық, немесе менің сыннан дұрыс қорытынды шығаратыныма сенбегендік деп түсінемін.
- Сынаушы қате пікір айтса да оны қолдап, оның сізді дұрыс түсінуіне көмектесу керек деген ережені басшылыққа алу!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет