Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша оның конкурсқа қатысуға өтінімінің конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
5. Егер әлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарудың негіздемелері көрсетіледі.
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) оларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұрса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап - екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда шешiм қабылданған күнi қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не оны осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуетті өнім берушілердiң мекенжайына жiберу;
2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етуге мiндеттi.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурстық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
8. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру (конкурс)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада уақыты мен орны белгіленген күні, бірақ осы Заңның 25-бабы 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген тәсілдермен мүдделі тұлғалар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте өткізілмейді.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатысуға құқылы.
2. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.
Конкурсқа қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.
3. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамай тастайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы өлшемдер мәнін қолдану арқылы оларды бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.
Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта жүргізеді.
2. Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруге тиіс.
3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі.
4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алу қағидаларында анықталады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайда;
3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен жағдайда.
5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы критерийлер мәнін қолдану арқылы автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгі шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық беруші жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жеңiмпаз деп танылады.
27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізуді қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталады (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде жасалады және барлық конкурстық комиссия мүшелеріне және конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы хабарлама бере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп танудың салдары
1. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.
2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші онымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.
3. Осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейін қабылданбаудан тысқары бір ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мұндай конкурсқа қатысушымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтінімінде көзделген талаптарға сүйеніп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
29-бап. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекшеліктері
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізілуі мүмкін.
2. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңын қара (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
тапсырыс берушінің интернет-ресурсын айқындау;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялау;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі;
әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі;
сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктерін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |