Іv шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясының редакциялық комиссиясының құрамы туралы



Дата26.02.2016
өлшемі62.28 Kb.
#26889
Қарағанды қ. жоба № 588 2011 жылғы 31 қазан
IV шақырылған

LVI сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық

мәслихатының кезектен тыс LVІ

сессиясының редакциялық

комиссиясының құрамы туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс LVІ сессиясының редакциялық комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:



  1. Бадина Юлия Викторовна – № 15 сайлау округінің депутаты.

  2. Полевой Николай Григорьевич – № 19 сайлау округінің депутаты.

  3. Оспанова Мәйра Мажікенқызы – № 30 сайлау округінің депутаты.



IV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессия төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 589 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық

мәслихатының кезектен тыс LVІ

сессиясының күн тәртібі туралы

Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:


  1. Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы лауазымынан босату туралы.

  2. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

  3. Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

  4. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «Нұр Отан» республикалық саяси партиясынан депутаттық тобын тіркеу туралы» №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  5. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының сандық құрамын бекіту туралы» №9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  6. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамдарын бекіту туралы» №10 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 590 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы

лауазымынан босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабы 1 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтанов Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы лауазымынан босатылсын.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 591 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


Депутаттың өкілеттігін

мерзімінен бұрын

тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабы 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

№13 сайлау округінің депутаты Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.




ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 592 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысын

сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабы 1 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

№21 сайлау округінің депутаты Оспанов Қабдығали Нұрғалиұлы IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы ретінде сайлансын.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 593 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «Нұр Отан» республикалық саяси партиясынан депутаттық тобын тіркеу туралы» №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 21-2 бабы 1 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «Нұр Отан» республикалық саяси партиясынан депутаттық тобын тіркеу туралы» №7 шешіміне өзгерістер енгізілсін:

«Нұр Отан» республикалық саяси партиясының депутаттық тобынан Оспанов Қабдығали Нұрғалиұлы шығарылсын.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 594 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының сандық құрамын бекіту туралы» №9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабы 4 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының сандық құрамын бекіту туралы» №9 шешіміне өзгерістер енгізілсін:

2 тармақтағы «7» саны «6» санымен ауыстырылсын.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Қарағанды қ. жоба № 595 2011 жылғы 31 қазан


IV шақырылған

LVI сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамдарын бекіту туралы» №10 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабы 4 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі І сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамдарын бекіту туралы» №10 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

«2.Оспанов Қабдығали Нұрғалиұлы» сөздері – алынып тасталсын.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезектен

тыс LVІ сессиясының төрағасы В.Крючков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет