Қызылорда облысында күрішті зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларына қолданылатын пестицидтердің экономикалық тиімділігі
Бекешова Дана Айтбаевна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Алмаханова Назым
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті фин-10-1оқу тобының студенті
Еліміз әлемнің дамыған елдері қатарына қосылуы үшін қойылатын негізгі міндеттердің бірі -өндірілген өнімдеріміздің халық аралық нарықта бәсекелестік қабілетінің жоғары болуы. Осы орайда Қызылорда облысының негізгі өндіріс көзінің бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өһндірісінің орны ерекше.
Алайда соңғы жылдары ауа райының күрт өзгеруі салдарынан, онсыз да мәз емес экологиялық жағдайдың нашарлауы ауылшаруашылығы дақылдарының оның ішінде күріш, жоңышқа секілді дақылдардың аурулары мен зиянкестері зардабының артуына тікелей әсер етіп отырады.
Әлемнің негізгі күріш өсіретін аймағында (Жапония,Индия, Филиппин, Қытай, Россия) күріштің зиянды аурулары мен зиянкестеріне қарсы қорғауда тиімді әдіске химиялық тәсілді жатқызады.
Соңғы жылдары күріш ауруларының эпифитотиясы ауа райының өзгеруіне байланысты және соған сәйкес ауру таратушы инфекцияның жиналуына байланысты көбеюде. Әбілдаева Ж., Бәкірұлы Қ. 2008ж.
Егіншілікте жаңа технологияларды енгізу ауылшаруашылық өнімдерін арттыру, соған сәйкес күріш дақылы Қызылорда облысында негізгі дақыл болғандықтан осы өңір үшін оның маңызы өте зор болып табылады.
Өсімдік қорғау саласында астық дақылдарының, оның ішінде күрішті зиянды организмдерден қорғауда болашағы зор әрі тиімді әдіс тұқымды дәрілеу болып табылады.
Күріш тұқымын пестицидтермен өңдеу үшін димилин 48 % с.к. АҚШ, 0,1 л/т Каратэ 0,50 к.э. Швецария, 0,1 л/т, Колфуго супер 20 % в.с. Венгрия 1.0 л/т, Сұңқар-1 – 3 л/т-10 % в.с. доксиметилмочевина Тоо АПК Сұңкар -4 -1,0 л/т.
Ауылшаруашылығында күріш тұқымын өңдеу әдісі экологиялық қауіпсіз және пркпарат мөлшері, басқа әдістерге қарағанда аз жұмсалады.
Күріш тұқымын өңдеудің экономикалық тиімділігі келесі кестеде көрсетілген. 1-кесте.
1-кесте. Күріш тұқымын зиянкестер мен ауруларға қарсы өңдеудің экономикалық тиімділігі
Тәжірибе нұсқасы
|
өнімділік
цент/га
|
Қосымша өнім ц.
|
1 т. кететін пестицид мөлшері
|
Пестицид
Бағасы
теңғе
|
Қосымша өнім бағасы,
теңге
|
Таза пайда теңге/га
|
Бақылау
өңделмеген
|
61,2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Сұңқар -1
|
83,0
|
21,8
|
3,0
|
9660
|
43600
|
33940
|
Димилин
|
84,4
|
23,2
|
0,1
|
4260
|
46400
|
42140
|
Колфуго супер
|
85,5
|
24,3
|
1,0
|
7160
|
48600
|
41440
|
Каратэ
|
74,3
|
17,1
|
0,1
|
2510
|
4500
|
1990
|
Сунқар -4
|
89,6
|
28,4
|
1,0
|
4660
|
56800
|
52140
|
Кестеде көрсетілгендей күріш тұқымын пестицидтер мен өңделген жерде таза пайда 1,9- 52,1 мың теңгені құрады.
Әдебиеттер.
1. Әбілдаева Ж. Күріштің саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін арттыру жолдары. Ғылым жаршысы Астана 2008 N 1 (48) 142-148 бет.
2. Абилдаева Ж.Совершенствование защиты риса от вредителей, болезней и сорняков в условиях Приаралье с применением малотоксичных пестицидов нового поколения. Международный НПК. Проблемы экологии и охраны окружающей среды. 11 –том Кызылорда, 2008, с.92.
Достарыңызбен бөлісу: |