Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері



бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі289.5 Kb.
#60
  1   2   3
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыстың 2015 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттері Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспарында анықталды. Бұл жоспар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауына сәйкес қабылданған.

Іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары ретінде әлеуметтік даму, соның ішінде, тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердіуақтылы орындау мен жаңа жұмыс орындарын құру, өңір экономикасын әртараптандыру, тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етужәне жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мендеттері белгіленді.

Іс-қимыл жоспарына кірген 151 шараның 90 пайызы толық орындалды. Алжүзеге асуы ұзақ мерзімді сипатқа ие іс-шаралар Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы Іс-қимыл жоспары аясында жалғасын табады.

Жаһандық дағдарыстың кері әсеріне қарамастан, жалпы алғанда өңірэкономикасы мен әлеуметтік саласы дамуының оң динамикасы сақталды.

2014 жылдың ортасынан байқалған облыстағы өңдеуші секторда өсімі жалғасып келеді. 2015 жылы өңдеуші секторға тартылған инвестиция көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсті. Соның арқасында, қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, аталған саладағы өнім шығару қарқынын2014 жылмен салыстырғанда 100,2%деңгейіндегі өсімін сақтап қалдық.

Нәтижесінде соңғы үш жылдаөнеркәсіп өндірісіндегі өңдеуші сектор үлесі 3 есеге артып, 2015 жылы 14% құрады. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5% еді.

Өткен жылы Сыр елі күріштен рекордтық өнім жинады. Өңірдегімал басының өсу үрдісі жалғасты. Ауыл шаруашылығына салынғанинвестиция көлемі11 есеартты.

Шағынжәне орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі бойынша облыс республикада ең жоғары көрсеткіштің біріне ие.

Жыл ішінде экономикасалаларында жалпы саны 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш бойынша да 2014 жылғы нәтиже еңсерілді. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға дейін, соның ішінде жастар жұмыссыздығын 4,1%-ға дейін төмендеді.

Тұрғындар алдындаәлеуметтік міндеттемелер бойынша қарызжоқ.

Пайдалануғаберілген тұрғын үй көлемі466 мың шаршыметр құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 158,5%.

Облыс аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Облыс орталығын жер астынан шығатын таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.



Көлік саласының барлық көрсеткіштерінде өсу байқалды.

Өңірдегі бөлшек сауда көлемі артты.

Азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі109,9% құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен (110,9 %) төмен.

45 әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жүргізілді, соның ішінде апатты жағдайдағы 10 мектеп пен денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше ден қойылды берілді.

3 пен 6 жас аралығындағы балалардың100% мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі мерзімінен ерте шешілді.



Облыс халқының саны өсуде. Туукөрсеткіші мен табиғи өсімі бойыншаөңірімізреспубликадағыалдыңғы қатарлы бесоблыстың қатарында. Бұл дааймақтағы өмірсапасы мен деңгейінің артуын айғақтайды.
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жыл ішінде экономиканың салаларында 12 мыңнан астам жұмыс орнықұрылды (2014 жылмен салыстырғанда 680 орынға артық), оның ішінде тұрақты жұмыс орны жоспарланған көлемнен 335-ке асып, жалпы саны 9835-ке жетті.

84 рет өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 1183 жұмыс беруші қатысып, 3422жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде, 32 арнайы жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді: олардың 16-сы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, 8-і оқу орындарының түлектеріне, 8-і жазасын өтеп шыққан азаматтарға арналды. Жәрмеңкелер нәтижесінде 2386 адам жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді түріне жолдама алды, оның 643-і аталған мақсатты топтарға жатады.

Экономикалыққиындықтар мен жұмыс көлемінің азаюы салдарынан мекемелерде жұмысшыларды жаппай қысқартуды болдырмау мақсатында облыстағы барлық ірі және орта кәсіпорындармен жұмыс орындарын сақтау,жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету туралы Меморандумдарға қол қойылды. Осы жұмыстың нәтижесіндежыл көлемінде883 адам жұмыстан босатылып,олардың 200-і қайта жұмысқа орналастырылды, қалған жұмысшыларды жұмыспен қамту бойынша тиісті шаралар жалғасуда.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралына айналды. Бағдарлама аясында39 мыңға жуық облыс тұрғыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. 2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып, бағдарламаға 6534 адам қатысты, оның 2 950-і – жастар.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойыншаинфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды жөндеу шеңберінде16 жоба жүзеге асты. 208 жұмыс орны ашылды.

Екінші бағыт бойынша жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын 516 шағын несие беріліп, 319 адам өз ісін бастауға мүмкіндік алды.

Үшінші бағыт бойынша кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан 2 105 адам өтіп,олардың 1 044-іжұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары шеңберінде,жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу үшін облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарға617 жасжолдама алды, олардың 236-сы тәжірибе мерзімі аяқталысымен тұрақты жұмысқа орналасты.



380 әлеуметтік жұмыс орнықұрылды, оған жолдама алғандардың 80%-ы жұмыс мерзімі аяқталысымен тұрақты қызметкеқабылданды.

7761 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Аймақтар арасындағы жұмыс қолы алмасуын арттырушаралары шеңберінде2014 жылдың 30 қазанында Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері«Халықты жұмыспен қамтудағы әріптестік туралы меморандумға» қол қойған. Меморандум негізінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына 7 отбасы қоныс аударып, жұмыспен қамтылса, 2015 жылы тағы 2 отбасы жаңа жерге орнықты.

Жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша ауылдық елді мекендергекелген 448 жас маманға 189,3 млн. теңге көтерме ақы, 377 маманға 1 067,3 млн. теңгеге жеңілдетілген несие берілді.

Осы шаралардың негізінде, экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыссыздық деңгейі5%-дан 4,9%-ға төмендеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық2014 жылғы 5,1%-дан 4,1%-ға азайды.

2015 жылы колледждерді бітірген 7884 түлектің 5361-і тұрақты жұмыспен қамтылды,633-і жоғары оқу орындарына түсті.

Табысы аз адамдарды жұмысқа орналастыру бағытталған шаралардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатары 1000-нан аса адамға қысқарды. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алатындарарасындағыеңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 3,1пайызға азайды (2014 жылы 32,3% болса, 2015 жылы 29,2%-ға төмендеді).

Сол секілді, 2015 жылы тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 347 млн. теңге бағытталды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әлеуметтік жағынан осалтопқа жататын 33 мың адамға1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру мақсатында 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында «Шартты ақшалай көмек» пилоттық жобасы енгізілді. 168 адам (31 отбасы)қатысқаносы жобаға жергілікті бюджеттен 5,7 млн. теңге бөлінді.

Мемлекет тарапынан қарастырылған барлық әлеуметтік міндеттемелерөз мерзімінде және толық көлемде төленді.

Сонымен қатар, көмекке мұқтаж 900 адамды (мүгедектер, жалғызбасты зейнеткерлер, көмекке мұқтаж басқа да тұлғалар және т.б.) жыл бойы ыстық тамақпен қамтамасыз ететін «Сыр мейрімі» әлеуметтік жобасы (үкіметтік емес ұйымға берілген мемлекеттік тапсырыс негізінде) жалғасын тапты.

«Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасы да жалғасын тапты. Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы Жалағаш, Сырдария және Қармақшы аудандарының көмекке мұқтаж 99 тұрғыны 800 мың теңгеден қайтарымсыз граттар алды. Бұл гранттар шағын және орта кәсіпкерлікжобаларын іске асыруға арналған.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында облыста тұратын 17 соғыс ардагері Астана қаласында өткен мерекелік шараларға қатысты. 2015 жылы 3 соғыс ардагері баспанамен қамтылды. Осылайша, бүгінгі таңда облыстағы барлық соғыс ардагерлері толықтай баспанамен қамтылған. 73 соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 92 ардагердіңүйінде оқыс жағдайда жедел жәрдем мен басқа да көмекшақыратын дабыл құрылғысы орнатылды.

Орталықтандырылған мәліметтер қорының 2016 жылғы 1 қаңтардағы дерегіне сәйкесоблыста 27999 мүгедек тұрады, оның 2573-і – I топ, 11315-і – II топ, 9667-сі – III топ мүгедегі, 4444 адам - мүгедек балалар.

«Мүгедектердің өмір сапасын арттыру және құқықтарын қамтамасыз етудің жол картасы»шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.

Өткен жылы 8806 мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы жасалса, алдыңғы жылдан қалған көлемді қоса есептегенде барлығы12909 мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары орындалды (100%).

Мүгедектерді оңалту мақсатында 998 санаторлық-курорттық жолдама бөлінді.

Мүгедектерді тифло және сурдоқұралдармен, кресло-арбалармен, таяқ және балдақтармен, протездік-ортопедиялық және сурдокөмекпен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы облыстық бюджеттен 256,4 млн. теңге бөлінді.

2015 жылыалғаш рет кохлеарлық имплантты 14 мүгедек баланың сөйлеу процессорларын ауыстыру мен орнатуға бюджеттен 30,7 млн. теңге, осындай дертке шалдыққан тағы 12 мүгедек балаға MED-EL сөйлеу процессорларын ауыстыру мен орнатуға 26,3 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 2015 жылытұңғыш рет Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды оңалтудың күндізгі орталықтарының желісі ашылды. Бұған дейін мұндай орталықтар Қызылорда қаласы, Шиелі, Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарында жұмыс істеп келді. Нәтижесінде, балаларды оңалтудың күндізгі орталықтарында ем алушылар саны 126-дан 196-ға дейін артты. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі 2 есеге ұлғайды.

Бұл жұмыстарды 5 ҮЕҰ («Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығы, «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры, «Жан-Үміті» балаларға арналған емдеу және тәрбиелеу қайырымдылық үйі, «Ұмай» балаларға арналған емдеу және тәрбиелеу қайырымдылық үйі және «Нұрлы сенім»қоғамдық қоры) жүзеге асырады.

Жыл бойында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында арбаға таңылған 417 мүгедекке«Инватакси» қызметі көрсетілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 18,9 млн. теңге бөлінді. Аталған қызмет Қызылорда қаласы мен барлық аудандарды қамтиды.

Жалпы алғанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.



16 рет ұйымдастырылған мамандандырылғанжұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде 311 мүмкіндігі шектеулі адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен бірге, 12 мүгедекке әлеуметтік жұмыс орны ұсынылды, 19-ы жастар тәжірибесіне жолданып, 239-ы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 33 мүгедек шағын несие алып өз кәсібін ашуға қол жеткізді.

2014 жылы «Мейірімділік үйіне» күрделі жөндеу жасалса, 2015 жылы ғимаратқа газтартылды.


Білім беру.

2015 жылы білім беру саласына бөлінген қаражат облыс бюджетінің 36%-ын құрап, бұл бағытқа 65 млрд. теңге бөлінді.



Жыл бойында 23 білім нысанының құрылысы (740 орындық 5 балабақша, 6710 орындық 18 мектеп) жүргізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие

2016 жылдың 1 қаңтарына облыста 693 мектепке дейінгі білім беру ұйымыбар, оның 400-ден астамы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізіндежұмыс істейді. Бұл мекемелерде жалпы саны 44 939 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 2014 жылмен салыстырғанда59 бірлікке артты. Оның ішінде, Қармақшы ауданындағы Ақай, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр және Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин ауылдарында жалпы саны 460 орындық 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысыесебінен және56 жекебалабақшалар мен шағын орталықтарды қоса санағанда 5650 жаңа орын ашылды.

Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданындағы Жалаңтөс елді мекенінде 280 орындық екі балабақшаның құрылысы басталды, олар 2016 жылы пайдалануға беріледі.

Соңғы жылдардағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен100%қамтылды.Бұл межеге Сыр өңірі мерзімінен ерте жетті. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту көрсеткіші 45,4%-дан 54%-ға өсті. Мектепалды даярлықпен 100%балалар қамтылған.

Инклюзивті білім беруді дамыту жалғасты. 2014-2015 оқу жылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналғанмамандандырылған топтар тағы 3 балабақшада ашылды. Бүгінгі күні облыс аумағындағы5 балабақшада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған топтар жұмыс жасайды. Олар:Қызылорда қаласындағы №5 «Шаттық»балабақшасындағы 12 көру қабілеті бұзылған балаға арналған топ,Қызылорда қаласындағы №50 «Жұлдыз» балабақшасындағы сөйлеу қабілеті бұзылған12балаға арналған топ,Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасындағы есту қабілеті бұзылғанбалаларға арналған топ,Қызылорда қаласындағы «Шағбан»балабақшасындағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға және Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентіндегі «Нұрлы сенім» балабақшасындағы арнайы топтар.
Орта білім беру

2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 137 мың оқушыны қамтыған жалпы білім беретін 298 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.

Жыл ішінде 5910 орындық 14 жаңа мектепсалынып тапсырылды (Арал ауданындағы Тоқабай, Жаңақұрылыс, Қосаман және Ақеспеелді мекендерінде, Қазалы ауданындағы Сарбұлақ және Аранды елді мекендерінде, Жалағаш ауданындағы Жалағаш кентінде, Шиелі ауданындағы 21 разъезде және Бала би елді мекенінде, Қармақшы ауданындағы Ақай, Сырдария ауданындағы Шаған және Шіркейлі елді мекендерінде, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата және Ипподром шағын аудандарында). Олардың 7-уі апаттық мектептердің орнына салынды.

2016 жылы пайдалануға берілетін 800 орындық 4 мектептің құрылысы басталды(Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Жаңақорған ауданындағы Талап, Шиелі ауданындағы Тәжібаев елді мекендері мен Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентінде). Олардың 3-і апаттық мектептердің орнына салынады.

Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №246 мектепті қайта құру жұмыстары аяқталды.

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі №4 мектеп-интернатқа электр желісін тарту жобасы іске асты.

Байқоңыр қаласындағы6 қазақ тілінде оқытатынмектеп пен балабақшаны Ресейден Қазақстанның қарамағына алу мәселесі шешімін тапты.

Өткен оқу жылында 6452 Сыр елінің түлегі мектепбітіріп, оның 4303-і Ұлттық бірыңғай тестке(ҰБТ)қатысуға өтініш білдірді.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа баллы81,7 (2014 жылы 74,2)құрады. Осылайша 2015 жылы Қызылорда облысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең үздік5 облыстың қатарына енді.

2015 жылы «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысының 1787түлегі білім беру грантының иегері атанды. Бұл2014 жылға қарағанда 988 адамға артық.

«Алтын белгіге» үміткер 231 түлектің139-ы, яғни60,2% өз білімдерін дәлелдеді.

Қосымша білім жүйесі де қарқынды дамыды. Оқушылар демалысын жүйелі ұйымдастыру мақсатында Арал ауданында «Қамбаш»қосымша білім беру және сауықтыру орталығы ашылды. Аталған орталық ең алдымен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, табысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен мүгедек балалардықамтиды.

Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында жаңа өнер мектебі ашылды. Мектептегі домбыра, қолданбалы өнер, би және ән үйірмелерінде 145 бала қамтылған.

Облыс орталығындағы оқушылар сарайының ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Онда спорттың техникалық түрлерін және қосымша білімнің жаңа бағыттарын дамытуға жағдай жасалған. Атап айтқанда, «картинг» үйірмесінің автоайлағы кеңейтіліп, шеберханасы салынды, мобилді планетарий алынды, робототехника және кодинг (программалау) үйірмелері ашылды.

Сырдария ауданындағы Шаған елді мекенінде №37 «Шаған» орта мектебінде домбыра, жас техник және анимациялық сурет (құмға сурет салу) салу үйірмелері ашылды. Шіркейлі ауылындағы №129 мектеп негізінде балаларды тоқу және қолданбалы өнерге баулитын үйірмелер құрылды. Шиелі ауданы Балаби ауылындағы №50 мектепте 8 спорт үйірмесі тұрақты жұмыс жасайды.

Педагог мамандардың біліктілігін арттыруға дааса мән берілді. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ң педагогикалық шеберлік орталығында білктілігін арттырған 3000-нан аса мұғалімнің жалақысына үстеме төлеу мақсатында бюджеттен 1288 млн. теңге бөлінді.

2015 жылы 3788 педагог біліктілігін арттыру курстарына жіберілді («НЗМ» ДББҰ-ңбіліктілікті арттырудың деңгейлік курстары бойынша – 919, қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан – 2869 педагог өтті).

Ұстаздардың жалпы санынан жоғары және бірінші санатты педагог мамандардың үлесі 45,6%-ға жетті.



Кәсіптік техникалық білім

Қазіргі уақытта облыста 97 мамандық,160 біліктілік бойынша 22527 студентті оқытатын 31 колледж бар. Бұл оқу орындарында 2097 оқытушы мен инженер-оқытушылар жұмыс істейді. Олардың 415-і өндірістік оқыту шеберлері.

Кәсіби және техникалық білім алған түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 68% құрайды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкессоңғы екі жылда23 жаңа мамандық ашылды, оның 13-і 2015 жылдың үлесіне тиесілі.

Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқу процесіне дуалды оқыту технологиясының элементтерін енгізужұмыстары белсенді жүргізілуде. Оның ғылыми-әдістемелік негіздемесі әзірленуде. Мәселен, 2014 жылдан бастап 17 мамандықты оқытуда дуалды білім беру жүйесін тәжірибе ретінде енгізген 8 колледж жұмыс жасайды. Бұл тәжірибе 2015-2016 оқу жылында тағы 8 колледжге енгзілуде.
Жоғарғы білім мен ғылымды дамыту

2015 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің негізінде халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті кадрларды дайындайтын өңірлік жоғары оқу орнын құру жалғасын тапты.

Сапа менеджменті жүйесін инспекциялық тексеру нәтижесінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-і білім беру саласындағы сапа менеджментінің ГОСТ ISO 9001-2011 (ISO 9001: 2008) талаптарына сәйкестігін растайтын қорытынды алды.

ҚР БҒМ-ң Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-і 54 бакалавриат, 29 магистратура және 9 докторантураның мамандықтары бойынша аттестациядан өтті.

Сонымен бірге, ҚР Білім және ғылым министрлігімен университетте тау-кен металлургия бағытындағы мамандықтар мен кафедра ашу мәселесі зерделенді. 2015 жылғы 24 тамызда университетке төмендегі тау-кен металлургиясы мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензия берілді: пайдалы қазбалар кенішін барлау мен геология, тау-кен ісі, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, пайдалы қазбаларды байыту мен ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.

Университет ғалымдары өзекті ғылыми-зерттеу және аймақтық маңызы бартәжірибелік-конструкторлық жұмыстаржүргізуде.

Сонымен қатар, халықаралық байланыс аясын кеңейту мақсатында 2015 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-і 22 шетелдік(РФ, Түркия, Қытай, Индия, Корей, АҚШ, Әзірбайжан және Польша)университетпентөмендегі бағыттар бойыншаәріптестік Келісімдер мен Меморандумдарға қол қойды: оқытушылар және студенттермен тәжірибе алмасу, оқытушыларды тағылымдама мен біліктілік артыру курстарынан өткізу, академиялық мобильділік бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Облыс әкімшілігі аймақ мектептерінің түлектерін РФ үкіметі гранты есебінен Ресейдің маңдайалды ЖОО-на(Мәскеу болат және қорытпа институты,Санкт-Петербург технологиялық университеті, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ универсиеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті)оқуғажіберу тәжірибесін жалғастыруда. Облыс экономикасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша соңғы екі жылда Ресей ЖОО-на 325 түлек оқуға түссе, оның 200-і2015 жылы қабылданды.

Тұрмысытөмен отбасынан шыққан365 баланыңсұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша жетекші қазақстандық ЖОО-да білім алуына мүмкіндік беретін облыс әкімінің грантын қаржыландыру жалғасын тапты (ол оқу орындарының қатарында Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-і бар).
Жастар саясаты және спорт.

«Қызылорда облысында 2014-2015 жылдары жастар саясатын дамытудың жол картасы» шеңберінде жастардың түрлі санаттарыменарнайы жұмыс жүргізуге бағытталған 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 65,6 млн.теңге қаралды.

Жыл көлемінде 60 мың жас қатысқан 700-ден асатүрлі шара ұйымдастырылды.

Өткен жылы «Жасыл ел» сарбаздары қатарына 1000, құрылыс отрядтарына 252, ал, педагогикалық жасаққа 40 жас тартылды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 1,5 мыңнан аса бұқаралық спорт шаралары өткізіліп, оған 500 мыңға тарта жас қатысты.

66 спортшыға, оның ішінде 10 мүгедек спортшыға стипендия төлеу үшін облыстық бюджеттен 69,5 млн. теңге бөлінді.

2015 жылы Қазалы ауданындағы Әйтеке би, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде спорттық-сауықтыру кешендері мен Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов елді мекеніндегі стадион пайдалануға берілді.

Жоғарғы шеберлік деңгейіндегі спортшыларды дайындау мақсатында 227 оқу-спорттық жиындар өткізіліп, оған 2417 спортшы қатысты. 278 халықаралық, республикалық жарыстарға облыстың 2468 спортшысы қатысты.

Нәтижесінде республика чемпионаттарында облыс спортшылары 165 алтын, 138 күміс және 221 қола медальдарды иеленсе, Азия және әлем чемпионаттарында 23 алтын,11 күміс,19 қола медальды иеленді.

ҚР құрама командаларына облыстың 306 спортшысыкірді.

Жыл бойы жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде спортпен тұрақты түрде шұғылданатындар үлесі 25,3% құрады.


Мәдениет.

2015 жылы облыста жалпы саны біржарым миллионнан асатын көрерменді қамтыған 8 мыңға жуық мәдени-бұқаралықшара өткізілді. Соның ішінде2015 жылы аталғанмаңызды тарихи даталарға (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясы мен халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығы) орай ұйымдастырылған шараларда бар.

Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театр сахнасында «Мұстафа Шоқай», «Нартай», «Абай»қойылымдарының премьералары өтті. Сонымен қатар, Т.Ахтановтың «Ант» спектаклі көрермен назарына алғаш ұсынылды.

Облыстың шығармашылық ұжымдары Сыр елінің өнерлерін шетелдерде көрсетуге мүмкіндік алды. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында музыкалық-драма театр ұжымыҰлабританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері шеңберінде британдық көрерменге Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» спектаклін Лондондағы патша театрында қазақ тілінде қойды.

Облыстық филармония ұжымы Түркия, Татарстан және Өзбекстан елінің қалаларында гастрольдік сапарларда болды. 2016 жылы Грузия Республикасымен және Ресей Федерациясының Орынбор облысымен мәдени әріптестік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Халық ақыны, әншісі және композиторы Нартай Бекежановтың125 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына, Бекарыстан биАмалдықұлының 250 жылдығына арналған және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдық мерейтойына орай Арал ауданында Ә.Нұрпейісовтің әдебиүйі ашылып, «Соңғы парыз» романының кеіпкерлеріне арналған ескерткішорнатылды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында көрнекті жазушы-драматургҚ.Мұхамеджановтың бюсті қойылып, жеке кітапханасы ашылды.

Қармақшы ауданының Жосалы кентінде кітапхана (мұражайымен бірге), сондай-ақ Арал ауданының Қамыстыбас, Сексеуіл, Қазалы ауданының Абай, Сырдария ауданының Іңкәрдария, С.Сейфуллин, Айдарлы, Шиелі ауданының Төңкеріс және Сұлутөбе елді мекендерінде8 ауылдық клубтардың құрылысы аяқталды.

Жаңақорған ауданындағы Талап елді мекенінде ауылдық клубтың құрылысы басталды.

Облыстық өлкетану мұражайында көлемді қайта құру және реэкспозициялау жұмыстары жүргізілді, Шиелі ауданындағы Н.Бекежановтың мемориалдық мұражайы жаңартылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет