Капиталдан түскен табыс оның ставкасы немесе нормасы бойынша анықталады:
i = R / C x 100%
Пайыз ставкасы ақша нарығында анықталады және ақша сұранымының (инвестицияның) ақша ұсынымына (қор жинауға) қатынасынан тәуелді болады. Пайыз ставкасы инвестиция шамасына әсер етеді, нақты капиталдың бөлінуін анықтайды (көбіне, одан өндіріс көлемі мен құрылымы тәуелді).
Номинальды пайыз ставкасы (і) – бұл ақшалай пайыздық ставка.
Нақты пайыз ставкасы (r) – бұл инфляцияның, яғни өзгерген бағаға қатысты пайыздық ставка (π – инфляция пайызы): r = i – π.
Дисконтталған құн - келісілген пайыз нормасы бойынша белгіленген уақыттан кейін алынатын капиталдың бүгінгі аналогы (құны):
PV = FV : (1 + r)ⁿ
PV – инвестицияланған капиталдың болашақтағы табысының ағымдық құны
FV – инвестицияланған капиталдан түсетін табыс
r – пайыз нормасы
Достарыңызбен бөлісу: |