НЛ компаниясының емдік шөп шайлары
Лечебные травяные чаи компании НЛ
Мазмұны:
«Вита плюс» ...................................................... 3
«Водолей» .......................................................... 4
«Люкс» ............................................................... 5
«Валери» ............................................................ 6
«Грин голд» ....................................................... 7
«Атланти» .......................................................... 8
«Ливерпуль» ...................................................... 9
«Карделис» ......................................................... 10
«Антитокс» ......................................................... 11
«Донна Белла» ............................................ 12
«Джентельмен» ........................................... 13
«Прана» ........................................................ 14
2
Vita Plus
Vita Plus шайы — ағзаның өмірлік күшін қалпына келтіретін, асқорыту мүшелеріне оң әсер етіп, ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына септесетін емдік шөптердің хош иісті купажы. Бұл сусынды белсенді, шапшаң адамдарға ұсынуға болады. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді.
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Ағзада дәрумендер мөлшерінің жеткілікті болуы — ағзаның жалпы хал-ахуалын анықтайды. Дәрумендер зат алмасу процесінің қалыпты жүруі үшін, жұмыс өнімділігі мен қорғаныш күштерін арттырып, әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін азайту үшін керек. Алайда адам ағзасы дәрумендерді ұзақ уақытқа қор етіп жинап қоя алмайды, сондықтан ағза дәрумендерді әрдайым сырттан алып отыруы керек. Ерте көктемде дені сау адамдардың 80 %-ында жалпы дәрумен жетіспеушілігінің байқалатыны бекер емес. Соның салдарынан адам тез шаршайды, өмір тонусы мен инфекцияларға қарсы төзімділігі төмендейді, ұйқысы бұзылады.
Vita Plus иммунитетті күшейтіп, ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына септеседі. Бұл сусын белсенді өмір салтын ұстанатын жандарға тамаша үйлеседі, оны ересектерге де, балаларға да ішуге болады. Өсімдік тектес дәрумендерден аллергиялық реакциялар сирек туындайды, әрі туындаса да, адам оны жеңіл өткереді. Ағзаңыз денсаулыққа қажетті барлық пайдалы заттарды алып отырады, ал сіз орман жидектерінің дәмінен ләззат аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |