Ж ж Бейнеу ауданы «Күш бірлікте» тимбилдинг мақсаты


«Жақсы көңіл- күй жан азығы» Тренинг



бет4/7
Дата21.11.2022
өлшемі78.55 Kb.
#465366
1   2   3   4   5   6   7
МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТРЕНИНГ

«Жақсы көңіл- күй жан азығы» Тренинг


Педагог психолог:
Абитова Камшат Амангелдиевна


2021-2022 ж.ж
Бейнеу ауданы


ҰСТАЗДАРМЕН ТРЕНИНГ
Жақсы көңіл-күй -жан азығы
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, ұжымда сыйластық, достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.
Ұйымдастыру:
Психолог: Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезітмал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау.
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Жақсы көңіл- күй – жан азығы» психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Қажетті құрал-жабдықтар: Музыкалық аппаратты баяу әуенді диск, табиғат көріністерін бейнелейтін сурет, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және слайд.
Амандасу «Ерке есім» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімдер өз есімдерін бір-біріне еркелетіп таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет