Үй-ұлттық иттерін (тазы мен төбет) бағалау бойынша нұсқаулық



Дата09.06.2016
өлшемі144 Kb.
#124660

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы «10» қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

13-қосымша



Үй-ұлттық иттерін (тазы мен төбет) бағалау бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Үй иттерінің тұқымдарын бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіпүй иттерінің тұқымдарын бағалауды нақтылай түседі.

2. Үй иттерінің тұқымдарын бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.

3 Ұлттық ит тұқымдарын селекциялық-асылдандыру жұмысының басты мақсаты мен міндеті оларды сақтау, асыл тұқымды иттердің санын көбейту, олардың тұқымдық және жұмыс қасиеттерін жақсарту.

Ит өсіруде тұқымдық асылдандыру жұмысы ит тұқымының сапасын жақсартуға, олардың өсірілу аймақтарының жағдайларына жақсы бейімделуіне, тәуір пайдаланылуына бағытталуға тиіс. Тұтастай алғанда, тұқымдық жұмыстың деңгейі мен міндеттері, тұқымдық ресурстарды жасау мен пайдалану, ішкі тұқымдық құрылымды есепке ала отырып, өсірудің неғұрлым ақылға қонымды әдістерін қолдану бойынша клубтардың, питомниктер мен басқа да бөлімшелердің ара-жігінің ажыратылуымен ірі ауқымды селекция қағидалары тұқымды асылдандыруды ұйымдастыру жұмысының негізіне алынуға тиіс.

4. Қызметтік және аңшылық ит өсіру клубтарындағы тұқымдық жұмыстың мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары арасында тұқымдық иттерді көбейту, экстерьері мен конституциясын, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) тұрпатын, басқа да иттердің қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін сол немесе өзге тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде түбегейлі жоя отырып дене төзімділігін үзбей жетілдіру болып табылады.

5. Иттердің кез келген тұқымымен жұмыс істеу осы тұқымның ішкі тұқымдық үлгілерін және басқа да өзіне тән белгілер мен биологиялық ерекшеліктерді, сол немесе өзге тұқымда неғұрлым жиі кезігетін жетіспеушіліктерді білу негізінде жүргізіледі.

6. Иттердің өсімін молайту біртекті, сол сияқты әртекті іріктеу шығармашылықпен қолданыла отырып тазатұқымдық (таза) өсімін молайту әдісімен жүргізіледі.

7. Клубтар мен питомниктерде тұқымдық желілерді жүргізу үшін жағдайлар жасайтын тұқымдық сапалары жоғары иттер саны жеткілікті болған кезде желілер бойынша өсіруді қолданылады.

8. Клу­бтарда немесе питомниктерде есепте тұрған барлық ересек иттер саны:

1) асыл тұқымды иттер;

2) пайланылатын иттер болып екі санатқа бөлінеді.

9. Бағалау сыныбына ие болған иттер тұқымдық санатқа жатады. Қалған иттер пайдаланылатын иттер санатына жатады.

10. Клубтар мен питомниктерде иттерді өсіру жоспарлы сипатта жүргізілуге және:

1) осы Нұсқаулыққа;

2) клубтың бес жылға әр тұқым бойынша жасайтын тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Перспективалық жоспардың бір данасы аккредитацияланған аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі –Қауымдастық) беріледі;

3) осы жылғы перспективалық жоспарда көзделген жыл сайынғы жеке міндеттер есепке алына отырып жасалатын өсіру жоспарына сәйкес жүргізіледі. Өсіру жоспарын клуб немесе питомник (өсіру секциясымен) - өткізілген селекциялық іс-шаралар: көрмелер, күшіктер шығарымдары мен сынақтары, бағалау және тұқымдық ит иелерінің тілектерін ескере отырып жасайды.


2. Асыл тұқымды иттерді іріктеп алу және іріктеу. Өсіру жоспары
11. Конституциясы мен экстерьері, шығу тегі, қызметтік тұқым иттеріне арналған қызметтік сапалары және аңшы ит тұқымдарына арналған аңшылық қасиеттер, ал күшіктеген қаншықтар күшіктерінің сапасы бойынша іріктеп алынады.

12. Асыл тұқымды иттер мынадай жасында ұйығуға жіберіледі; қаншықтар бір жас алты айдан, қаншықтар екі жастан бастап. Асыл тұқымды қаншықтарды ұйығуға жіберу, әдетте, жылына бір рет жүргізіледі. Қаншықтарды шамалы (бес күшіктен кем) күшіктегеннен кейін жылына екі рет ұйығуға жіберуге болады.

13. Қаншықтар айрықша қатаң іріктеп алынады. Олардың саны мен құрамы осы жылғы өсіру жоспарына енгізілген қаншықтардың құрамына байланысты, олардан алынған күшіктердің сапасы ескеріле отырып анықталады.

14. Өсіру жоспарына тіс жүйесі дұрыс емес (байқалу деңгейіне қарамастан қалыпты тістелімінің барлық ауытқулары), сондай-ақ анық қорқақ және он жастан асқан иттер енгізілмейді.

15. Жұптарды іріктеу екі серіктестің барлық жетістіктері мен кемістіктері ескеріле отырып, қатаң жекеше түрде жүргізілуге тиіс. Бұл оң белгілер мен өзіндік қасиеттердің бекітілуі мен жетілдірілуін, жетіспеушіліктердің жойылуын және жалпы асыл тұқымдылықтың көтерілуін қамтамасыз етеді.

16. Бірдей кемістіктері бар иттерді жұптастыруға болмайды. Қаншықтың экстерьерінде немесе мінез-құлқында жекелеген ақаулары бар болған кезде онымен жұптасуға осы кемістіктерден ада, экстерьері дұрыс арлан іріктеп алынады.

17. Осының алдында жақсы күшіктер берген қаншықтарды нақ сол арландармен немесе егер соңғылары өсіру талаптарына және осы қаншықтарға сай келсе, ал осы клубтардағы иттер саны осындай комбинациялар нәтижесінде алынған иттерден асып кетпесе, осы арландардың ұяластарымен ұйықтыру ұсынылады.

18. Жұптарды іріктеу кезінде серіктестердің жас шамасын ескеру қажет. Дене бітімі әбден толысқан арландарды жұптасуға жіберу мейлінше қисынды болмақ. Жас иттерді (тұқымдық пайдаланудың бірінші жылы бойынша) ұйықтыруға жұптастырудың жөні жоқ. Екі кәрі итті де жұптастыру жөн емес: жасы есейе келе олардың күшіктері әлжуаз болуы ықтимал.

19. Өсіру жоспары түсіндірме жазбадан және белгіленген үлгідегі толтырылған кестеден тұрады. Өсіру жоспарының құжаттары мынадай тәртіппен іріктеледі: арланға жасалған іріктеу кестесіне онымен ұйықтыруға бекітілген қаншыққа жасалған барлық іріктеу кестелері іріктеп алынады. Нақ осындай іріктеу кестелері қосалқы ретінде ғана пайдаланылатын арландарға да толтырылады.

20. Түсіндірме жазба өсіру жоспарына енгізілген иттердің саны, олардың конституциясы мен экстерьері бойынша бағалануы (көрмелердегі бағалары), қызметтік сапалары (сынақтар мен жарыстардағы дипломдары), күшіктерінің шығу тегі мен сапасы, сондай-ақ жоспардың негізіне алынған қағидалар мен пайымдамалардың баяндалуы бойынша егжей-тегжейлі шолуды қамтылады.

21. Өсіру жоспары екі данада жасалады. Клуб немесе питомник кеңесі Қауымдастықтың қатысуымен жоспарды бекітеді. Жоспардың бір данасы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей Қауымдастыққа жіберіледі. Екінші дана клубта жұмыста басшылыққа алу үшін қалдырады. Өсіру жоспары асыл тұқымды иттер иелерінің назарына жеткізіледі.

22. Қауымдастығы клубтардан алынған өсіру жоспарын бір ай мерзімде тексеріп, әр клубқа өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.

23. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) «Қансонар» қауымдастығының ескертпелері мен ұсыныстарын алғаннан кейін оларды талқылайды және өсіру жоспарына өздерінің қажетті өзгерістерін енгізеді.

24. Егер жоспарға енгізілген арланды ұйығуға пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ жаңадан келген асыл тұқымды иттер болған кезде Клу­б немесе питомник кеңесі бекіткен өсіру жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Аталған ұйықтырулар да жоспарлы болып есептеледі.


3. Ұйығуларды, туылған күшіктерді тіркеу мен

есепке алу, тұқымдық тегі құжаттарын беру


25. Өсіру жоспары негізінде клуб ұйығуға жолдама береді. Бұл ретте қаншықты міндетті түрде мал дәрігері қарайды, бұл туралы оның иесіне тиісінше анықтама беріледі.

26. Қайта (бақылау) ұйығуларын алғашқы ұйығудан кейін 24 - 48 сағат өткеннен кейін өткізу ұсынылады.

27. Арлан иттің жай-күйіне байланысты қайта ұйығу болмаған және қаншық күшік әкелмеген жағдайда, оның иесіне нақ сол еркек итпен келесі жолы тегін ұйығу құқығы беріледі.

28. Ұйығу құны мен есеп айырысу тәртібін клуб немесе питомник кеңесі арланның сыныптылығына және жергілікті жағдайларға қарай белгілейді.

29. Жоспарлы ұйығуларды, күшіктеулерді және күшіктердің санын есепке алу әр клубта немесе питомникте белгіленген нысан бойынша ұйығуларды тіркеу журналы жүргізіледі.

30. Ұйығулар кітабында тек қана клубтың немесе питомниктің жолдамасы бойынша өткізілген ұйығулар тіркеледі.

31. Қоғамдық нұсқаушылар мен таңдаулы ит өсірушілер арасынан өсіру секциясы отыз күндік ұялас күшіктерді зерттеу, нұсқау беру және қоғамдық бақылау жасау үшін адамдарды бөледі.

32. Әрбір ұялас күшіктер екі рет зерттеледі: туылғаннан кейін 8-12-і күнінде және 29-30-ы күнінде. Зерттеуші қаншықтың иесіне күшіктердің қосымша азықтандырылуы, азықтандырушы қаншықтың бағым-күтімі және зерттеу барысында туындайтын басқа да мәселелер туралы түсіндірме беруге міндетті. Күшіктер әрбір зерттеу кезінде өлшенеді. Күшіктердің жалпы жай-күйі, олардың отыз күннен кейінгі салмағы, бағым-күтімінің сипаты және азықтандырушы қаншықтың жай-күйі негізінде ұядағы күшіктерге баға беріледі.

33. Қаншықтың жай-күйі нашар болған және күшіктер антисанитарлық жағдайда ұсталған жағдайда ұялас күшіктердің бағалануын бір балға төмендетуге болады.

34. Күшіктердің ататегі құжаттары және ұйығуларды тіркеу кітабындағы жазбалар негізінде әрбір жоспарлы туылатын ұялас күшіктерге жалпы ұялас күшіктер туылуы карточкасы жүргізіледі.


4. Күшіктердің шығарымдары

35. Күшіктердің шығарымдарын қызметтік және аңшылық ит өсірушілер клубтары мен питомниктері жылына екі рет (көктемде және күзде):

1) күшіктерді асыл тұқымдылығын және өсіру сапасын бағалау;

2) өсіру және мінез-құлқын қалыптастыру мәселелері бойынша жас иттердің иелеріне нұсқамалар мен кеңестер беру;

3) өндірушілерді (арландар мен қаншықтарды) олардың күшіктері мен ұйығулардың нәтижелерін бағалау бойынша зерделеу мақсатында ұйымдастырады.

36. Күшіктердің шығарымдары ашық алаңда көрме түрінде өткізіледі және тұқымдары бойынша бөлек әрі бір өндірушіден алынатын барлық күшіктер бір мезгілде және міндетті түрде ұялас күшіктер бойынша көрінетіндей болып өткізіледі.

37. Клубтың және питомниктің өсіру секциясы 4 айдан бастап 10 айға дейінгі күшіктер, сондай-ақ осы күшіктер ататегінің бәрінің толық ұсынылуы үшін шаралар қолданады.

38. Күшіктерді байқау мен бағалау, сондай-ақ өсіру жоспары бойынша жұптарды іріктеу нәтижелерін анықтау үшін сарапшылар, қоғамдық нұсқаушылар және өсіру жоспарын жасауға қатысатын және осы тұқыммен асылдандыру жұмысын жүргізетін өсіру секциясының неғұлым жақсы даярланған белсенділері тартылады.

39. Күшіктердің шығарымдарына ұсынылған әрбір күшікке анкета толтырылады. Анкетада күшіктердің өсуі, дене дамуы, арық-семіздігі, тістері мен құлақтарының жай-күйі, рахит ауруының бар-жоқтығы атап өтіледі. Алты айдан асқан жас иттер үшін экстерьердің сипаттамасы беріледі. Мүмкіндігіне қарай барлық күшіктерді таразылау және өлшеу қажет.

40. Шығарымдарда байқаудан өткен күшіктер асыл тұқымдылығы мен сапасы бойынша мынадай бағалар ала алады; асыл тұқымды, үлгілі өсірілген; асыл тұқымды, дұрыс өсірілген; асыл тұқымды, орташа өсірілген; асыл тұқымды, нашар өсірілген; біртекті, үлгілі өсірілген; біртекті, дұрыс өсірілген; біртекті, орташа өсірілген; біртекті, нашар өсірілген.

41. Тұқымға сай келмейтін күшіктерге баға берілмейді. Тістелімі дұрыс емес күшіктер өздері ие болған бағаны алады, алайда олардың иелеріне берілген анықтамада тіс жүйесінде атап өтілген ауытқушылықтар міндетті түрде көрсетіледі. Мұндай күшіктерге марапат жасалмайды.

42. «Асыл тұқымды» бағасы асыл тұқымдық белгілері айқын көрінетін күшіктерге (жас ерекшеліктері ескеріле отырып) беріледі.

43. «Біртекті» бағасы экстерьері асыл тұқымдық белгілеріне сай келетін күшіктерге (жас ерекшеліктері ескеріле отырып) беріледі.

44. «Үлгілі өсірілген» бағасы өзінің жасына қарай жақсы бойы, қалыпты дамыған қаңқасы, жақсы дене дамуы мен қоңы бар күшіктерге экстерьері мен мінез-құлқында кемістіктері болмаған кезде беріледі.

45. «Дұрыс өсірілген» өзінің жасына қарай қалыпты дамыған бойы, мықты қаңқасы, жеткілікті дене дамуы мен қоңы бар және қорқақтықтың айқын байқалған белгілерін көрсетпейтін күшіктерге беріледі.

46. «Орташа өсірілген» бағасы мынадай:

бойы жеткілікті емес,

қаңқасы жеңіл,

кеудесі нашар дамыған,

рахитпен ауырған немесе оның зардаптары бар,

арқасы салбыраңқы,

дене мүшелері нашар дамыған кемістіктері бар күшіктерге беріледі.

47. «Нашар өсірілген» бағасы бойы мен дене дамуы тым қалыс қалған, рахиттың ауыр түрімен ауыратын немесе одан кейін оның ауыр зардаптарынан айықпаған, қорқақтық белгілерін анық көрсететін күшіктерге беріледі.

48. Әрбір күшікті жеке байқау мен бағалау аяқталғаннан кейін олардан алынған бүкіл ұялас күшіктер және ататегі қаралады. Содан кейін ұялас күшіктерге тұтастай баға беріледі және жұптардың іріктелу дұрыстығы анықталады.

49. Шығарымдарда «асыл тұқымды, үлгілі өсірілген» деген баға алған таңдаулы күшіктер, сондай-ақ таңдаулы ұялас күшіктер ататегімен бірге шығарымдарға келушілерге арнайы рингте тиісті түсіндірмелер беріле отырып көрсетіледі.

50. Шығарымдардағы байқаудан өткен күшіктердің иелеріне анықтамалар беріледі; «асыл тұқымды, үлгілі өсірілген» деген баға алған күшіктердің иелерін грамотамалармен және жүлделермен марапаттауға болады.


5. Асыл тұқымды иттерді іріктеу мен бағалау

(бонитировкалау)


51. Асыл тұқымды қызметтік иттерді іріктеу мен бағалау (бонитировкалау) тұқымды асылдандыру жұмысының негізгі іс-шараларының бірі болып табылады, иттерді конституциясы мен экстерьері, қызметтік сапалары, шығу тегі мен күшіктері бойынша кешенді бағалауды білдіреді.

52. Бағалау бір-бірімен байланысты мынадай іс-шараларға:

1) көрмелерге (шығарымдарға), сынақтар мен бәсекелерге;

2) иттер тұқымын асылдандыру және олардың күшіктерінің сапасын бағалау туралы материалдарды зерделеуге;

3) ататегі кестелері бойынша иттердің шығу тегін бағалауға негізделеді.

Бағалау ды Клуб немесе питомник кеңесі өсіру секциясының мүшелері арасынан тағайындайтын комиссия Қауымдастықтың қатысуымен клубтарда немесе питомниктерде бүкіл жыл бойы жүргізеді.

53. Бағалау ды клубтарда өткізу үшін негізгі құжат итті есепке алу құжаты болып табылады, оған тұқымдық тегі кар­точкасы, көрмелер, шығарымдар, сынақтар мен бәсекелер негізінде барлық қажетті деректер енгізіледі.

54. Көрмелер мен шығарымдарда мынадай баға алған иттер: арландар «өте жақсы»; қаншықтар «жақсы» бағадан кем емес баға алғанда бонитировкалауға тартылады. Осындай иттерге клуб немесе питомник көрмелерден кейін бір ай ішінде есеп карточкаларын жүргізеді.

55. Бағалау бойынша сыныптылық алу үшін қажетті көрсеткіштерді алған иттерге комиссия есеп карточкаларынан барлық деректерді түпнұсқалық ататегі карточкаларына ауыстырады және бағалау тізімін жасайды. Бағалау нәтижелері Клуб немесе питомник кеңесі бағалау тізімімен бірге тұқымтегі карточкаларын қызметтік немесе аңшылық ит өсірушілердің орталық клубына немесе питомнигіне иттердің асыл тұқымдық кітабына енгізу және асыл тұқымдық аттестаттарын беру үшін Қоғамдыққа жібереді.

56. Бағалау кезінде иттердің сыныптылығын анықтауды комиссия мынадай төрт көрсеткіш:

1) экстерьері мен конституциясын бағалау;

2) қызметтік иттерді бағалау;

3) шығу тегін бағалау;

4) күшіктерін бағалау бойынша жүргізеді.

57. Қызметтік-спорттық тұқымдарының балдардың ең төменгі мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен беріледі.

Конституциясы, экстерьері: «үлгілі» — 40 бал: «өте жақсы» — 30 бал; «жақсы» — 20 бал. «Шығу тегі»: ататегінің 1-і қатары — бар: арлан — 2 бал, қаншық — 2 бал; экстерьері «үлгілі»: арлан — 3 бал, қаншық — 3 бал; «өте жақсы»: арлан — 2 бал, қаншық — 3 бал; «жақсы»: арлан — 1 бал; қаншық — 2 бал. ататегінің 2-қатары — бар: 1 бал. ататегінің 3-і қатары — бар: 1/2 бал. ататегінің 4-і қатары — бар: 1/8 бал. Күшіктері: көрмелік баға берілген әрбір күшік үшін: «үлгілі»: арлан — 4 бал, қаншық— 6 бал; «өте жақсы»: арлан — 2 бал, қаншық — 4 бал; «жақсы»: арлан — 1 бал, қаншық — 2 балла. Жұмыс сапалары: арлан: 1-і дәрежелі диплом — 20 бал, 2-і дәрежелі— 10 бал, 3-і дәрежелі — 5 бал. Қаншықтар: 1-і дәрежелі диплом— 20 бал, 2-і дәрежелі — 15 бал, 3-і дәрежелі — 10 бал. «Элита» және 1-і асыл тұқымдық сыныптарын беру үшін ашық сыныпта (ересек жас тобында) алынған көрмелік бағалар ғана есепке алынады. «Чемпион» атағын беру үшін өндіруші «үлгілі» көрмелік баға алған күшіктердің 30%-ын иеленуге тиіс.

58. Аңшылық тұқымдарының баллдардың ең төменгі мөлшері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасымен беріледі.

Конституциясы, экстерьері: «үлгілі» — 40 бал; «өте жақсы» — 30 бал; «жақсы» — 20 бал. Шығу тегі: ататегінің 1-і қатары — бар: арлан — 2 бал, қаншық — 2 бал; экстерьері «өте тәуір»: арлан — 3 бал, қаншық — 3 бал; «бек жақсы»: арлан— 2 бал, қаншық — 3 бал; «жақсы»: арлан — 1 бал; қаншық— 2 бал; ататегінің 2-і қатары — бар: 1 балл. ататегінің 3-і қатары — бар: 1/2 бал. ататегінің 4-і қатары — бар: 1/8 бал. Күшіктері: көрмелік баға алған әрбір күшік үшін: «үлгілі»: арлан — 4 бал, қаншық— 6 бал; «үлгілі»: арлан— 2 бал, қаншық — 4 бал; «жақсы»: арлан— 1 бал, қаншық — 2 бал. Жұмыс сапалары: жеке-дара сынақтар — 1-і дәрежелі диплом — 40 бал, 2-і дәрежелі диплом — 35 бал, 3-і дәрежелі диплом — 30 бал. Жұптық сынақтар — 1-і дәрежелі диплом — 20 бал, 2-і дәрежелі диплом — 18 бал, 3-і дәрежелі диплом— 15 бал).


6. Қызметтік және аңшылық иттерді республикалық

асылтұқымдық есепке алу


59. Қауымдаста тіркелген иттерді қызметтік және аңшылық иттерді асылтұқымдық есепке алуды асылтұқымдық кітап және иттердің анықтамалық картотекасының көмегімен жүргізеді. Есепке алу мен тіркеу иттердің конституциясы мен экстерьері ерекшеліктерін, жұмыс сапаларын, шығу тегі мен сапасын зерделеп-зерттеу және анықтау мақсатында жүргізіледі. Алынған деректер бұдан кейін қызметтік және аңшылық ит өсірушілердің клубтары мен питомниктерінде тұқымды асылдандыру жұмысында пайдаланылады.

60. Иттердің асыл тұқымдық кітабы ит өсірушілердің клубтары немесе питомниктері жіберетін түпнұсқалық шығу тегі карточкалары мен бонитировкалау тізімдері негізінде жүргізіледі.

61. Анықтамалық картотекаға көрмеге қатыстырылған «жақсы» деген бағадан төмен баға алмаған иттер енгізіледі. Оған сондай-ақ шығу тегі, сынақтардың, жарыстардың және бонитировкалаудың нәтижелері енгізіледі.

62. Иттердің асыл тұқымдық кітабы тұқымдары бойынша бөлімдерге бөлінеді. Кітапқа бонитировкалау кезінде екінші сыныптан төмен емес баға алған барлық иттер енгізіледі.

63. Бонитировкалау кезінде үшінші және төртінші сыныптар алған иттерге берілген түпнұсқалық тұқымдық тегі карточкалары Ит өсірушілердің орталық клубына немесе питомнигіне тексеру үшін жіберіледі.

64. Асылтұқымдық кітапқа енгізуге жататын иттердің тұқымдық тегі карточкалары мұқият тексерілгеннен кейін иттердің асылтұқымдық кітабының тиісті бөлігіне енгізіледі.

65. Егер итке клуб немесе питомник жіберген деректер енгізілмесе, клубқа немесе питомникке бас тартудың себептері көрсетіліп, хабарлама жіберіледі және тұқымдық тегі карточкасы қайтарылады.

66. Иттердің асылтұқымдық кітабына жазылған әрбір итке нөмір беріледі. Иттерді нөмірлеу әрбір тұқым бойынша бөлек жүргізіледі.

67. Бұрынғы нөмірленуінің ара-жігін ажырату үшін Иттердің республикалық тұқымдық тегі картотекасында иттердің асыл тұқымдық кітабында әрбір реттік нөмірдің алдынан:

арландар үшін «А» әрпі;

қаншықтар үшін — «Қ» әрпі қойылады.

68. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерге клуб немесе питомник иесіне тапсыру үшін жіберетін аттестат толтырылады.

69. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған итті беру немесе сату кезінде аттестат жаңа иесіне беріледі.

70. Жыл ішінде анықталған асыл тұқымды иттерге олардың сыныптылығына немесе алған балының өзгеруіне (көрмелер мен жарыстарда неғұрлым жоғары көрсеткіштер) әсер ететін жаңа деректер, сондай-ақ сынақтарда экстерьерлік бағалар немесе дипломдар алған олардың күшіктеріне берілген қосалқы деректер Орталық клубқа немесе питомникке жіберіледі.

71. Ат­тестаттары жоқ иттердің сыныптылығын арттыру кезінде клубтар немесе питомниктер түпнұсқалық тұқымдық тегі карточкаларын Орталық клубқа немесе питомникке оларды асылтұқымдық аттестаттарға ауыстыру үшін жібереді.

72. Егер бонитировкалау кезінде элита сыныбы және бірінші сынып берілген иттің иесі басқа қалаға қоныс аударса немесе итті сатып жіберсе, онда клуб немесе питомник осы иттің есеп карточкасында тиісінше белгілер жасайды және өзгерістер туралы Орталық клубқа немесе питомникке хабарлайды. Нақ осының аталған сыныптағы иттердің өлім-жітімі жағдайларына да қатысы бар.


7. Иттерді таңбалау және асылтұқымдық есепке алуды жүргізу
73. Негізгі мәселелер:

1) Әрбір итке міндетті түрде жеке нөмір беріледі, ол татуировкалау (таңба) әдісімен иттің денесіне түсіріледі. Таңбаның иттің оң жақ шабына немесе оң жақ құлағына түсірілуі мүмкін.

2) Таңбалаудың басты мақсаты итті идентификациялау болып табылады.
8. Жеке нөмірлерді (таңбаларды) беру тәртібі
74. Бастапқы есепке алу және нөмірлерді беру Қауымдастығының жауапты адамдарына жүктеледі. Тіркеу арнайы журналда жүргізіледі, соған сәйкес берілетін нөмірлерді бастапқы есепке алу жүзеге асырылады. Одан әрі итке тұқымдық тегін алу кезінде оның жеке нөмірі бірыңғай компьютерлік деректер банкіне енгізіледі.

75. Нөмірді алу үшін Қауымдастықпен байланыс жасау және ұялая күшіктер туралы мынадай деректерді:

1) тұқымын;

2) өсірушісі (иеленушісі) мүшесі болып табылатын клубтың немесе питомниктің толық атауын;

3) өсірушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) пошталық мекенжайын, телефоны мен электронды поштасын;

4) питомниктің атауын (зауыттық қосалқы жабдығын);

5) иттің ататегінің әрқайсысының толық деректерін;

6) иттің қалай аталатынын, жынысын, түр түсін оған хабарлауы қажет.

Осы Нұсқаулықтың 76 тармағына көрсетілген субъектілерден басқа жоғарыда аталған мәліметтердің кез келгені болмаған кезде жеке нөмір берілмейді.

76. Қаладан тысқары клубтардың төрағалары мен питомник иелері хатшыға тек қана: тұқымын, клубтың толық атауын, нақты ұялая күшіктердің санына нөмір алатын адамның тегі, аты, әкесінің аты мен телефонын, хабарлауға құқылы. Жеке нөмір әлі туылмаған ұялая күшікке берілмейді.


9. Есептілік
77. Таңбалау фактісі бойынша ұялая күшікті таңбалаған адам белгіленген үлгідегі нысанды («Ұялас күшікті таңбалау картасын») толтырады, оның бір данасы өсірушіде қалады және жалпы ұялая күшіктер карточкасымен бірге клубқа немесе питомникке тапсырылады, екінші данасы ұялас күшікті таңбалаған адамда сақталады және ұялас күшіктер таңбаланған кезден бастап 10 күннен кешіктірілмей клубқа немесе питомникке тапсырылады.

78. Ұялас күшіктерді таңбалаған адам жеке нөмірлерді жалпы ұялас кішіктер карточкасына енгізіп жазады және онда ұялас күшіктердің таңбаланғаны туралы белгі соғады.

79. Клубтардың немесе питомниктердің төрағалары «Ұялас күшіктерді таңбалау карточкаларының» екінші даналарын тоқсан сайын ең кемі 1 рет Қауымдастыққа тапсырып отырады. Жалпы ұялас күшіктер карточкасына қоса берілген даналарды төрағалар міндетті түрде барлық бағандарды толтыра отырып Қауымдастыққа береді.

80. Ұялас күшіктерді зерттеу актісіне комиссия барлық күшіктер таңбалаудан өткен жағдайда қол қояды.

81. Күшіктерді таңбалауға жергілікті кинологиялық орталықтарда тіркелген, таңбаның ұзақ сақталатыны үшін жауапты адамдар жіберіледі.

82. Шағын чиптеу өсірушінің арызы бойынша жүргізіледі.


10. Белгі соғу регламенті
83. Таңбалау регламентациясы аумақтық кинология ұйымдары арқылы жүргізіледі .

84. Нөмірлеу жүйесі, түрі, таңбалау жүргізілетін дене бөлігі (құлағы, қарны немесе сауырының ішкі жағы), таңбалау үшін жауапты адамды анықтау, оларды міндетті түрде оқыту, таңбалауды ұйымдастыру және уақытын белгілеу, сондай-ақ таңба нөмірлерін тұқымдық тегі кітаптарына хабарлау ерекше ескеріледі.

85. Шағынчипирлеуді маман жүргізеді.
11. Шығу тегі туралы құжатты ресімдеу және беру тәртібі
86. Шығу тегі туралы бастапқы құжат күшік карточкасы болып табылады, оны ұялас күшіктерді зерттеу актісі бойынша инспектор ұялас күшіктер зерттеу актісі негізінде толтырады және қол қояды.

87. Күшік карточкасы мынадай деректерді: күшіктің тұқымын, толық аталуын, жынысын, боямасын, толық туған датасын, таңба №-ін, күшікті өсіруші мен иесінің тегін және мекенжайын, шығу тегі туралы мәліметтерді (арланын, қаншығын, олардың шығу тегі нөмірлерін және олардың боямаларын) қамтиды.

88. Бірұялас күшіктердің атаулары бір әріптен басталуға тиіс, питомниктің атауы (зауыттық приставкалар) питомникте туылған барлық күшіктердің атауларына енгізіледі және атаудың алдынан қойылады, ал егер атаулар «дан», «ден» «тан», «тен» сияқты септеулік жалғаулардан басталса, атаудың алдынан қойылады.

Питомниктің аталымымен үйлесімді нақ сол және бір атаудың қайталануына тек 20 жыл өткеннен кейін ғана жол беріледі. Атаудағы белгілердің (питомниктің/зауыттық приставка аталымы мен арасындағы босаралықтарды қоса алғанда) ең көп саны – 40 белгі.

89. Күшік карточкасы тұқымдық пайдалануға құқық бермейді және ит көрмелерге қатыстырылғаннан немесе күшік шығарымдарында болғаннан кейін жасы он бес айға жеткенде тұқымдық тегі міндетті түрде айырбастауға жатады.

90. Бірыңғай үлгідегі шығу тегі эмблеманы қамтиды және иттің шығу тегін куаландырады.

91. Шығу тегі ресімдеуді Қаудастықта тіркелген асыл тұқымды өндірушілер аттестатталған аумақтық кинология орталықтары Қауымдастықта тіркелген нөмірлермен белгіленген үлгідегі бланкілерде күшік карталары негізінде жүргізеді.

92. Шығу тегінің мынадай нұсқаларының берілуі мүмкін:

шығу тегінің экспорттық нұсқасы ішкі нұсқа негізінде беріледі, латын әріптерімен толтырылады, нақ сол нөмірді иеленеді және орындау үшін міндетті болып табылады;

Қазақстаннан тысқары және Халықаралық іс-шараларда пайдалану үшін;

шығу тегі Қазақстан Республикасының ішінде пайдаланылу үшін;

тіркелімдік шығу тегі шығу тегі туралы деректері толық емес иттер үшін.

Үй-ұлттық иттерінің тұқымдарын бағалау бойынша нұсқаулыққа

1-қосымша

Қызметтік-спорттық тұқымдары балдардың ең төменгі мөлшері


Сыныбы

Жынысы

Экстерьері

Шығу тегі

Жұмыс сапалары

Күшіктері

Барлық балдары

элита

арлан

40

20

20

20

100

қаншық

30

20

10

20

80

бірінші

асыл тұқымды



арлан

40

18

10

20

88

қаншық

30

18

10

20

78

екінші

асыл тұқымды



арлан

30

16

10

20

76

қаншық

20

16

10

22

68

Үй-ұлттық иттерінің тұқымдарын

бағалау бойынша нұсқаулыққа

2-қосымша

2. Аңшылық тұқымдары баллдардың ең төменгі мөлшері


Сыныбы

Жынысы

Экстерьері

Шығу тегі

Жұмыс сапа-лары

Күшікте-рі

Барлық

балдары


элита

арлан

40

20

40

20

120

қаншық

30

20

30

20

100

бірінші

асыл тұқымды



арлан

40

18

35

20

113

қаншық

30

18

30

20

98

екінші

асыл


тұқымды

арлан

30

16

30

20

96

қаншық

20

16

30

20

86





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет